Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:03, дипломная работа
Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік және ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері экономика және қаржы несие мәселелері бойынша арнайы құжаттар. Қаржы Министрлігінің, ұлттық банктің банк қызметін реттеу және валютаны түгел реттеу жөніндегі мерзімді баспасөзде жарияланған статистикалық және арнайы материялдар қолданылды. Ізденіс барысында экономикалық талдаудың мынадай тәсілдері қолданылады: теориялық концепцияларды жалпылау, салыстырмалы және аналетикалық.
КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
2) несие беру:
- жеке тұлғаларға;
- заңды тұлғаларға:
3) банкаралық нарыққа несиелер тарату.
1 кесте
(млрд тенге)
Көрсеткіштер |
Кезең соңындағы көрсеткіштер % үлес салмағы: | |||
12.03 |
03.04 |
12.03 |
03.04 | |
Барлық депозиттер |
731,2 |
808,5 |
100 |
100 |
Ұлттық валютадағы |
386,7 |
440,9 |
52,9 |
54,5 |
Шетелдік валютадағы |
344,4 |
367,6 |
47,1 |
45,5 |
Заңды тұлғалар |
395,8 |
457,1 |
54,1 |
56,5 |
Жеке тұлғалар |
335,4 |
351,4 |
45,9 |
43,5 |
1 кестеде 2003 басына
дейін валютамен салымдар (ол
кезде АҚШ долларымен) мемлекет
тұрғындары үшін қорланудың
2003 жылдың қаңтарынан бастап теңге нығая бастағаннан кейін доллармен салым Қазақстан азаматтарының мазасын кетірді. 2003 жылда долларлық депозиттерді немесе жинақтарын АҚШ долларымен сақтайтын салымшылар жылына сәйкесті 1,0 және8,0 % кері табыстылыққа қол жеткізді. Тұтыну бағаларының өсуін есепке ала отырып шығындар жоғарлай түсті және сәйкесті 8 – 15 %-ға дейін құрады.
Өз ақшаларын банкке салған 12 айға салымшылар сол жылы қалыптасқан курс динамикасын есепке ала отырып жедел салым бойынша наминалдық табыс жылына 18,6 % алды. Бірақ депозиттердің евромен үлесі аса көп болған жоқ. Жедел теңге депозиттері бойынша табыстылығы 11 %-ды құрады. Яғни, евро және теңге бойынша депозиттер бойынша табыстылық 2003 жылы инфляция деңгейінен көп жоғары болды, бұл оның иеленушілеріне өз жинақ ақшаларын көбейтуге жағдай туғызды.
2004 жылдың бірінші
жартысы шетел валютасымен
Евро мен АҚШ доллары салымдарының нақты теңге табыстылығы шамалы болып қалыптасты. Алғашқы 6 айда валюталық салымдар бойынша курс айырмашылықтары есебінен шығынға ұшырады. Мысалы, жыл басындағы 1000 доллар салым биржалық курс бойынша 143 330 теңгемен бағаланды. Маусымның аяғында банк есептеген пайыздарды есепке ала отырып салым көлемі 140 140 теңгеге дейін төмендеді ал қолдағы жинақ 1,36060 теңге деңгейіне дейін жетті. Егер бұған инфляциядан шығынды қосатын болсақ, онда америка валютасымен салым бойынша нақты табыстылық алу белгісімен екі мәнді санмен өлшенеді.
Өткен жылы аса табысты болған евромен салымдар осы жылдың бірінші жартысында олардың аналогтарымен салыстырғанда доллармен көп шығынға ұшырады. Себебі біріншіден теңге доллармен салыстырғанда евроға көп нығайды. Екіншіден, евро депозиттері бойынша банктердің сыйақы қойылымдары 0,5 % - 1 %-ға төмен болды. Валюталық депозиттер көп залал тигізді. Бұған теңгенің екі негізгі әлемдік валюталарға бағдарының көп күшеюі әсер етті.
2004 жылы валюталық
нарықтағы жағдай күрт өзгерді.
2003 жылы валюталық
салымдар бойынша шығын
Өткен жылы жеке тұлғлардың банк салымдарының көлемі 257,4-тен 343,2 млрд. теңгеге немесе дәл үш есеге өсті. Сонымен қатар теңгемен салымдар 1,9 есеге өсті, ол кезде валюталық салымдар 13 %-ға ғана көбейді. Нәтижесінде валюталық салымдардың үлесі жылына 73,7-ден 62,5 %-ға азайды.
2004 жылдың қорытындысы
бойынша ұлттық валютадағы (84,6 %)
депозиттердің өсу қарқыны
Жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі бәсеңдеген белгісі байқалды. Тұрғындардың еңбекақысы мен кірістерінің өсуінің динамикасына қарамастан олардың өсу қарқыны біршама төмендеді. Мүмкін осы тұрғындардың валюталық және теңгелік депозиттер бойынша табыстылықтың аяқастынан түсуіне жауапты реакциясы болған шығар. Егер бұл беталыс болашақта сақталса онда банктерге депозиттер бойынша қойылымдар саясатын және ең бірінші кезекте валюталық салымдар бойынша қойылымдарды өзгерту қажеттігі туралы ойлануға тура келеді.
Депозиттердің валюталық құрылымын өзгертудің бағдарлы беталысы экономиканың долларизациялану үрдісінде бейнеленді. Өткен жылдың басына дейін монетарлық үкіметтер әртүрлі тәсілдермен экономиканың долларизациясымен күресуге тырысты, бірақ ол нәтижесіз болды. 2002 жылдың аяғында ақша массасының долларизациясы 50 %-ға жетті, әлемдік өлшеу бойынша одан да жоғары болып бағаланады. Тек теңгенің АҚШ долларына көп нығаюы мұнымен күресте біршама табысқа жетуге жағдай жасады. Валюталардың түрлері бойынша депозиттер мен несиелердің құрылымында бағдарлы бетбұрыстар өткен жылдың қаңтар айынан байқалды. Патриотизмге қандай да бір шараларды қолдануды талап
етпейтін ұлттық ақша бірлігінің пайдасына ең басты себеп теңгенің имиджін нығайту болды.
Экономиканың долларизациясы 2003 жылдың басында 9,7-ден жылдың аяғында 7,3 %-ға төмендеді, ақша массасының долларизациясы 47,3 %-дан 35,5 %-ға дейін, ал осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша - 35,2 %. Үрдістің бәсеңдеуі заңды тұлғалар валюталық депозиттерінің өсуінің жоғары қарқынымен салыстырмалы сипатталды. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстан жоғары долларизация деңгейімен елдер қатарына жатады. Әдеттегі деңгеймен елдер қатарына өту үшін ақша массасының долларизациясын 15 % - 20 %-ға дейін төмендеуіне қол жеткізу қажет. Бұл тек күшті ұлттық валюта жағдайында болуы мүмкін. Қазіргі уақытта валюталық нарықтағы қалыптасқан сақтау кезінде бұған қол жеткізу 1-2 жыл ішінде мүмкін болып табылады.
Жақын болашақта валюталық салымдардың табыстылығына келетін болсақ ол төмен түседі. Шынында соңғы кезде мұнайдың және түсті металдардың кейбір түрлерінің бағасы түсті, бірақ олар өткен жылдың деңгейінен жоғары болып қала береді. Бұл шетел валютасының көп түсуін қамтиды және теңгенің күшеюімен түсіндіріледі. Жекелеген болжаулар бойынша екінші жартыжылдықта мұнайдың бағасы баррельге 26 доллар деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Сондықтан валюталық салымдардың болашақта құнсыздануы тек бәсеңдеп қоймай, тоқтауы да мүмкін.
Теңгенің игілігі ең бастысы мұнайдың бағасына байланысты екені бәріне аян. Сонымен қоса мұнайдың бағасын болжау көбіне қате болып шығады. Валюталық нарықтағы беталысы құбылмалы, жыл аяғына дейін көп нәрсе ішкі және әлемдік валюталық нарықта біржағына өзгеруі мүмкін. Өз жинақ ақшаларын бір валютадан келесі түріне ауыстыру бойынша конверсиялық операциялар барынша тәуекелді. /12./
Қазақстан Республикасының
резиденттерінің валюталық
2- кесте
Банк несиелері |
2001 |
2002 |
2003 | |||
Млрд. тнг. |
% |
Млрд. тнг. |
% |
Млрд. тнг. |
% | |
Барлық несие |
489,8 |
100 |
672,5 |
100 |
978,1 |
100 |
Теңгемен |
141,3 |
28,8 |
211,8 |
31,5 |
435,4 |
44,5 |
СКВ-мен |
348,5 |
71,2 |
460,7 |
68,5 |
452,7 |
55,4 |
Қысқа мерзімді |
241,1 |
49,2 |
289,0 |
43 |
369,8 |
37,8 |
Орта және ұзақ мерзімді |
248,7 |
50,8 |
383,5 |
57 |
608,4 |
52,3 |
Көп уақытқа дейін Қазақстан несие нарығының маңызды проблеммасы долларизациясы болды. Әлемдік өлшем бойынша долларизация деңгейі ақша массасынан 50 %-дан астам өте жоғары болып, 30-50 %-жоғары, 15-20 %- әдеттегідей саналады. 2000 жылдың ортасында ақша массасының елдегі долларизациясы
39,6 %-ға жетті, экономиканың
долларлану деңгейі 6,1 %-ға жетті.
Сонымен қазіргі уақытта
Егер «долларизация» термині бұрын кейбір тұлғалар үшін теориялық қызығушылық болса, қазір біздің ел тұрғындары үшін кең мағыналы құбылыс болды. Он жылдай бұрын «долларизация» сөзі бізге нарықтық түрлендірулердің атрибуттарымен байланысты нәрседей көрінді, ал қазір біз күнделікті өмірде үнемі оның көріністеріне тап боламыз. Бұлар жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді сату туралы газеттердегі хабарландырулар, дүкендердегі ұзақ қолданылатын тауарларға, сәндік бұйымдарға, жарнамалық қызметтерге және көптеген басқа нәрселерге бағалар, олар «шартты бірлікпен» - ш.б. көрсетіледі.
Тіпті кейбір коммуналдық қызметтерге тарифтер валютамен байланысты. Шетел валютасы жинақтау құралының қызметін, баға және төлем құралының шамасының қызметін атқарады. Тұрмыстық деңгейде тұрғындардың валютаны қолдануының үш негізгі бағытын бөліп айтуға болады: жинақ ақшаларды қалыптастыру, ел ішінде тауар айналымына қызмет көрсету және ұйымдаспаған импортты қаржыландыру.
Валюта айналысының ауқымы туралы Ұлттық Бантің статистикалық бюллетенінің көрсеткіштері бойынша жобалауға болады. Осы көрсеткіштерге сәйкес соңғы 5,5 жылда елге 12 млрд. доллардан көп әкелінді немесе орта есеппен айына 180 млн. доллардан аса жеткізілді. Мамандардың бағалауы бойынша тұрғындарда 1,5 млрд. доллар сақтаулы, ал егер бұған қолма-қол валютаны қоссақ елдегі қолма-қол доллардың жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайды. Теңгеге айналдырғанда бұл сома қолданыстағы қолма-қол ұлттық валютаның сомасынан бірнеше есе көп.
06.2000 жылғы шетел валютасымен
несие үлесінің төмендеуі
Экономиканың долларлануын сипаттайтын тағы да бірнеше көрсеткіштерді алып қарайық. 1999 жылдың сәуірінен кейін бұрыннан кең таралған шетел валютасымен клиенттерге несие беру практикасы кеңінен таралды. Бұған қоса банктерде теңгемен несие беру де белсенді қолданылуда. Сөйтіп банктер несие бағасына теңгенің құнсыздану көлемін кіргізеді және оны тек теңгелей түсіммен алатын қарыз алушыға салады. Сонымен қоса сол кезеңде шетел валютасының үлесі көп өсті.
Информация о работе Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері