Акша және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ
4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

6
Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі
6
1.2 Инфляцияның типтері
9
1.3 Инфляция мәні және түрлері
10
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
12
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
12
2.2 Ақша жүйесінің түрлері
13
2.3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

19
3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат
19
3.2 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.docx

— 95.65 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында  қолма-қол ақша шығарумен, оны айналысқа  түсірумен және айналыстан кері шығарумен  тек Ұлттық Банк шұғылданады.Ұлттық банк басқа банктерге банкнотта  және тиындарды қолма-қол ақшасыз  есептеу арқылы олардың эквивалентін алумен сатады.

Орталық банктер бүкіл  елдің кредит жүйесін бақылаушы  әрі реттеуші бас органның  рөлін  атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың  мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген  үлкен өкілеттіліктермен  анықталады.

Ұлттық банк- ақша резервтерінен, алтын-валюта резервтерінін, басқа  да материалдық құндылықтардан тұратын  жекеше мүлкі бар заңды тұлға.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің негізгі міндеті- Қазақстан  Республикасының  ұлттық валютасының  ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкісіне  мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

-қазақстанның экономикалық  дамуы және оның дүниежүзілік  экономикаға интеграциялануы мақсаттарына  жетуге көмектесетін ақша айналысы, кредит, банктік есептеулерді және  валюталық қатынастар саласындағы  мемлекеттік  саясатты жасау  және жүзеге асыру;

-ақша-кредит және банк  жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз  етуге көмектесу;

-банктік және басқа  кредиттік мекемелердің  қызметін  реттейтін  ережелерді жасау  негізінде банк кредит берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банкі жұмысының  негізгі бағыттары:

  • елдегі кредиттік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекмелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халықшаруашылығындағы кредиттік , есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша  ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-кредиттік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б

Ұлттық банк- заңды төлем  құралын, яғни банкнотталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз  мемлекеттік орган.Олар Ұлттық банкінің эмиссияға шығаруы арқылы және банктерге  сатып, қолма-қолсыз балама алу формасында болады.

Ұлттық банк банкноталар  монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол  ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Валютаны өзгертуге тек  қана Қазақстан Республикасының  Парламентінің құқы бар.Ұлттық валютаның  қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы ҚР-ның Президентіне жүктеледі [30].

Сонымен, Қазақстан Республикасының  ақша жүйесін реттейтін негізгі  орган- Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қысқаша қорытындылар мен  ұсыныстар:

Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында ақша-несие саясаты мен  жалпы экономикалық саясат саласында инфляцияны төмендету мәселесі бірінші орынға қойылды. Баға белгілеу көп жағдайда «шығын + пайда» қағидасына негізделеді. Шығындағы басым үлесті еңбекақы серпіні елеулі дәрежеде баға серпінін анықтайды. Өйткені атаулы еңбекақының өзгеру қарқынымен тығыз байланысты, демек жұмыссыздық атаулы еңбекақының өзгеру қарқыны(яғни, инфляция) мен жұмыссыздықтың арақатынасы етіп қайта құруға болады.

Қазақстандағы инфляциялық  үдерістің негізгі ерекшелігі оның тек қана ақшалық немесе өндірістік фактор ретінде ұсынылмауы болып саналады. Инфляцияның бір жағынан ақша көлемінің өсуін шектеу, ал екінші жағынан өндірістік белсенділіктің жандануы жағдайында өмір сүру фактісі бұның айқын дәлелі. Ақша саласымен қатар өндірістің ерекшелігі де инфляцияның туындауына себепкер болды.

Қазақстан үшін әлемдік валюта тербелістерінің әсеріне теңге  бағамының төмендеуі арқылы туындайтын импортталушы инфляция ерекше қауіпті.

Тұтыну тауарлары импортының елде шығарылатын тауарлардан асып кетуі осы тауарлар бағасы өзгерістерінің серпінін бақылауға мүмкіндік бермейді және елдің экономикалық әрі ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан, Қазақстандағы осы заманғы инфляциялық  үдеріс көп факторлы сипатқа ие.

Монетарлық фактормен бірге оған сыртқы факторлар, атап айтқанда теңге бағамының түсуі немесе көтерілуі, елге әкелінетін тауарлар бағасының өсуі, экономиканың «долларизация» деңгейінің жоғарылығы және тағы басқа үлкен әсерін тигізуде.

Инфляция көздерін анықтау  және олардың серпініне бақылау  жүргізуі үшін экономиканың мұнайлы  және мұнайлы емес секторларынан  түсетін валютаны бөлу арқылы төлем  балансының ағымдағы есебін ұсыну, ал мемлекеттік бюджетті мұнай кешендері  мен мұнайлы емес салалардан түсетін  табыстарды жеке – жеке бөліп қарау  арқылы құру алға қойылады.

Инфляцияға қарсы саясаттың  стратегиялық мақсаты – қысқа  мерзімді жоспарда ақша массасының өсу  қарқынын тауар массасының өсу қарқынына, ал ұзақ мерзімді жоспарда жиынтық  ұсыныстың көлемі мен құрылымын  жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымына сәйкес келтіру. Ашық инфляциямен күресу әдістері инфляцияның сипатына, яғни оның пайда болу себептері мен  бағаның өсу қарқынына байланысты жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы инфляцияға қарсы бағдарламасында Қазақстан  экономикасының ашықтығы жағдайында рөлі өскен сыртқы факторларына үлкен  назар аудару қажет. Өйткені тұтыну нарығының жартысы импорт есебінен қалыптасып, шетел валютасына қарағанда  теңге бағамының төмендеуіне  бағалар өте сезімтал  бола бастады.

Қойылған міндетті шешудің  толық бағасы. Қорытылай келе келесі тұжырымға келеміз ақша сұранымы ол оте қиын және күрделі экономикалық процесс.

Ақша – кең қолданылатын төлем құралы. Қазіргі экономиканы  ақшасыз көзге елестету қиын. Экономикада  ақша жоқ жағдайда әрбір келісім  екі жақты келісушілік бойынша  тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Ал қазіргі кездегі экономика  айырбас құралынсыз дәрменсіз деуге  де болады.

Сонымен ақшаның келісімділік және сақтық сұраныстары ақшаның  айырбас құралы екенін көрсетеді. екеуінде де төлем жасау үшін ақшаның қолда  болуы қажетті.

Ақша сұранысы – нақты  балансқа сұраныс, оның саны емес, сатып  алу қабілеті бар, оның негізгі анықтамасы төлем құралы болып табылуы.

Ақша сұранысы нақты табыс  өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз  мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

Ақша сұранысын айқындайтын  негізгі үш себеп бар. Табыстағы  өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі  өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.

Неоклассикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше  пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады.

Ақша айналасының жылдамдығы экономиканың монетралық деңгейіне  байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы  ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейі жоғарылайды.

Бірақта қай бір теорияға қарамастан әлемдік экономикада  ақша сұранысы бола береді. Өйткені  бұл қажетті экономикалық шарт.

Валютаны өзгертуге тек  қана Қазақстан Республикасының  Парламентінің құқы бар.Ұлттық валютаның  қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы ҚР-ның Президентіне жүктеледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасының  ақша жүйесін реттейтін негізгі  орган- Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Жаналинов Б.Н. Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға     қарсы саясат.– Алматы: Экономика, 2007.– 222б.
  2. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. - Алматы: Аркаим, 2003. – 115 б.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму стратегиясы. – Алматы: 1997.
  4. Нарғозиев І.Ж. Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы. – Алматы., 2008. – 22 б.
  5. Омарбаева А.К Қазақстан төлем баланс жағдайына  әлемдік ақша дағдарысының әсері. – Алматы: Экономика, 2002. - № 5.
  6. Шелекбай Ә.Д. Инфляцияны ырықтандыру мен экономиканы тұрақтандырудағы әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы. –Алматы: Экономика, 2009. – 207 б.
  7. Экономикалық саясат: Лекциялар. – Алматы: Экономика, 2002. – 169 б.
  8. Ақышев Д. Инфляция өзін мұнайға деген жоғары бағаның сценарийі бойынша ұстайды.- // Егемен Қазақстан. – 2007.– 6 қазан. – 6б.
  9. Абдуллаұлы М. Рыноктардағы ақша бағамы және инфляция. - // Қазақ елі. – 2004. – 21 сәуір. – 4 б.
  10. Алдаберген Ә. Мақсат – инфляцияның төменгі деңгейін қамтамассыз ету. - // Егемен Қазақстан. – 2007. – 26 шілде. – 6 б.
  11. Айманбетов Г. Инфляциялық таргеттеу: Өтпелі кезеңнің проблемалары және жүзеге асыру перспективалары. - // Егемен Қазақстан . – 2004. – 19 мамыр. – 6 б.
  12. Әли С. Инфляция икемге келе ме? - // Ақша рыногы. – 2006. – 29 сәуір. – 7 б.
  13. Еспаев С. Инфляция себептері мен тежеу жолдары. - // Егемен Қазақстан. – 2006. – 29 қараша. – 4 б.
  14. Жоламанов Р.К Қазақстандағы инфляцияның факторлы анализі. – 1995.
  15. Даулетбаев Б.Ө. Инфляция мәселелері және оның қоғамдық қатынастардағы әсері. - // Статистика, есеп және аудит. - 2003. - № 4. - 31-32 б.
  16. Қамбаров И. Инфляция деңгейі қандай? – Экономика. – 2008. – 11 қаңтар. – 2 б.
  17. Олжаев А. Инфляцияны өзіміз реттейміз. - //Айқын. – 2009. – 15 сәуір. – 1-4 б.
  18. Селбиев М. Инфляцияны тежеп тұрмыз. - //Айқын. -2009. – 19 мамыр. – 4 б.
  19. Шарақымбайұлы Ж.Ш. Қазақстан экономикасындағы инфляциялық процестерге әсер ететін ішкі факторлар. // Жаршы, 2008. - № 11. 3-6 б.
  20. Шарақымбайұлы Ж.Ш. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары және оны жеңу жолдары. // Жаршы, 2008. - № 12. 3-6 б.
  21. Ақша /Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев - А.: 2005.- 552 бет
  22. Ақшалық бақылау /Д.О.Абленов – А.: 2002. - 385 бет
  23. Менеджмент  негіздері /Қ.Б.Тәмішева, Б.Қ.Жакенова - А.: 2004. - 422 бет
  24. Кәсіпорын экономикасы / К.Ж.Оразалин- А.: ТОО издательство LEM. 2008.- 296 бет
  25. Экономика /Ғ.С.Сейтқасымов,-А.: 2005.- 416 бет

[26] Есенбаев М. Залог  благополучия страны: (Налоги: территория  и практика) // Финансы Казахстана  – 1996-№4 – с.39-42

[27] Кадырбеков Б., Грисюк С. Учитывая особенности Республики: (Об основных принципах формирования налоговой системы) // Казахстан: экономика и жизнь – 1995 - №3-4 с.17-21.

[28] Бахытжанова З.С. Налогообложение  иностранных юридических и физических  лиц Алматы, 1997. С 328

[29] Позняков Б. Налоги в Казахстане // Эко-1995 №1-с. 179-186.

[30] «Салықтар» Д.Г.Чернина – Москва «Ақша және статистика» – 1997 жыл 399 бет.

 

 

 


Информация о работе Акша және инфляция