Акша және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ
4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

6
Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі
6
1.2 Инфляцияның типтері
9
1.3 Инфляция мәні және түрлері
10
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
12
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
12
2.2 Ақша жүйесінің түрлері
13
2.3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

19
3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат
19
3.2 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.docx

— 95.65 Кб (Скачать)

Алтын монеталы стандарт еркін  бәсекелестік кезеңнің талаптарына  көп сәйкестіп, өндірістің, несие  жүйесінің, әлемдік сауда – саттықтың  дамуына және капиталдың шетке шығарылуына  ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне  мыналар жатады: толық бағалы алтын  монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады:

  • жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін шақалуы ұйғарылады;
  • толыққұнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетілуі құны бойынша еркін әрі шектеусіз айырбасталады;
  • алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін алтын нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.

Алтын монетаны стандарттың  жұмыс істеуі үшін орталық банкте монета айналымының резерві ретінде  қызмет ететін, банкноттың алтынға  айырбасталуын қамтамасыз ететін, әлемдік  ақшаның резерві болып табылатын  алтын қорының болуын қажет етеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс ақша жүйесінің дамуына өз түзетуін енгізді. Бұл кезеңде бюджет тапшылығы  барлық елдерде байқалады. Олар бюджет тапшылығы несие ақшасын айналымға  шығарумен және қарыз есебінен жапты. Бұл алтынның несие ақшаға айырбасталуына жол берген күмәнді айналымдағы  ақша массасының шамасы мен орталық  банктердегі алтын қорларының арасындағы сәйкессіздікке әкеп соқтырды. Соғыс  аяқталғаннан кейін барлық елдер  алтын монетаны стандарттан бас  тартты және монометаллизмнің қиынды үлгісі енгізілді: алтын құйма стандарты  және алтын девиз стандартты [13].

Алтын девиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды, банкноттар мен толыққұнды ақшалар  алтынға тең шетелдік валюталарға  айырбасталады, олардың айырбасталуы шетелдік валюта арқылы жүзеге асырылады. әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929 – 1933 жылдары алтын монометаллизмнің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын  банкноттық айналым дәуірі басталды. Барлық елде банкноттың алтынға айырбасталуы тоқтатылды. Баламаның жалпыға бірдей рөлі – несиелік қағаз ақша белгілері – бірден – бір төлем құралына айналды.

1944 жылы құрылған әлемдік  Берттон валюта жүйесі мәні  бойынша еркін айырбасталымды  валюталы елдер үшін алтын  долларлық стандарт болып табылатын  мемлекетаралық алтын девиздік  стандарт жүйесін білдіреді. алтын  долларлық стандарттың ерекшелігі  мынада: ол орталық банктерге  ғана белгіленеді, мұнда тек  бір ғана валюта – АҚШ доллары  – алтынмен байланысын сақтайды. Алтын қорының кемуіне байланысты  АҚШ үкіметі 1971 жылдан бастап  алтын құймаларын долларға сатуды  ресми түрде тоқтатты, осылайша  алтын долларлық стандарт жойылды. 1976 жылдан бастап Бреттондық ақша  жүйесінің орнын Ямайкалық ақша  жүйесі басты. Осы жүйе орнағанда  алтын айналыстан толық шықты.  Ол өз қызметін түбегейлі жоғалтты. Алайда, алтын мемлекеттің қаржылық  резерв түрлерінің бірімен еркін  айырбасталымды валюталардың қатарында  қалды. 

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) халықаралық өтімділік мәселелерін  оңайлату мақсатында халықаралық есептік  ақша бірліктерін құру үшін ХВҚ-ға мүше елдердің және есеп айырысуларды толықтыруға, сондай – ақ ұлттық валюталаларды  өлшемдеуге арналған жаңа резерв әрі  төлем құралы – арнаулы алыс-беріс  құқығы (ААБҚ) енгізілді.

Еуропалық валюта жүйесіне (ЕВЖ) қатысушы елдер үшін 1979 жылдың наурыз айынан бастап аймақтық халықаралық  есеп бірлігі – ЭКЮ (European Currency Unit – ECU) енгізілді. ЭКЮ-дің құны СДР  секілді мүше – елдердің орташа бейнеленген валюта бағдарымен анықталды. Бүгінгі таңда ЭКЮ-дің орнын  басқа валюта – ЕВРО – құрамына Батыс және Шығыс Еуропаның 24 елі  кіретін Еуропалық Одақ елдеріне ортақ валюта басты [14].

Осы заманғы ақша жүйесіне мыналар тән:

  • үкімет ақша өлшемінің құрамындағы алтынды белгілемейді (алтынның ақша міндетін атқаруынан қалуы);
  • алтынға айырбасталмайтын несие ақшаға көшу аяқталды.
  • қағаз және несие ақшалары арасындағы айырмашылық жойылды;
  • ақша айналымында қолма – қол ақшасыз айналым пайда болды;
  • ақша айналымы мемлекеттік тұрғыдан реттелді;
  • мемлекеттің қажеттілігін өтеу үшін әрі мемлекеттің алтын – валюта резервінің өсімі аясында шаруашылықтарды несиелеу тәртібінен айналымға ақша шығару.

Басқа елдердің ақша жүйесінен  көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық  стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы әлемдік ақша жүйесінің  жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 науырызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер  мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы»  заңына сәйкес жұмыс істейді. Оны  осы заңға сәйкес былайша сипаттауға болады:

  • ресми ақша өлшеміне 100 тиыннан тұратын теңге жатады;
  • теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;
  • қолма – қол ақшаны шығарудың айырықша құқығына Ұлттық банк ие, Қазақстан аумағында олардың айналымын ұйымдастыру және айналымнан оларды алу да Ұлттық банктің мойнында. Ұлттық банк бұларды қолма – қол ақшасыз балама алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге асырады;
  • теңге мен суррогаттардан басқа ақша бірліктерінің шығарылуына тыйым салынған;
  • заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі ҚР Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады.

Мынаны айта кету керек, 2008 – 201 жылдары теңге көп құнсызданды, осының нәтижесінде ұсақ монеталар  айналымнан мүлдем шығып қалады әрі  олар айналымда жоқ. ҚР Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен монеталардың аталмыш  сипаттамалары баспасөзде жарияланды. Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем түрлері  бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың  көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде  қабылданды, сондай – ақ банк шоттарына  оларды аудару үшін және ақша аударылымдары  үшін олардың көрсетулі құны бойынша  міндетті түрде қабылданады, шектеусіз  айырбасталады және ҚР барлық банктерінде  айырбасталады. Ұлттық банк банктер  мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша  негізгі талаптарды, сондай – ақ банктердің қолма – қол ақшаның  есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымалдау талаптарын белгілейді [15].

 

 

2.3 Экономикасы дамыған  елдердің ақша жүйесі

 

Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын  – қағаз және несие ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың  әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса  да, олар көп жағынан бір –  біріне ұқсас. Сонымен қатар, әрбір  дамыған елдің осы заманғы  ақша жүйесінің мәнін толық ашуға  мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар. Олар [16]:

- АҚШ-тың ақша жүйесі

- Ұлыбританияның ақша  массасы

- «Евро» еуропалық валюта  зонасы 

- Ресейдің ақша жүесі

АҚШ-тың ақша бірлігіне  айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары  жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста  болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі-$. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар  мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма – қол ақша эмиттенттеріне Қаржы Министрлігі және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай – ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма – қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай – ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ-тағы қолма – қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымғачектер, вексельде, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма – қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ-та ақша массасы классикалық ақша – несие саясатының аспаптарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемеерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен несие жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі [17].

Ақша бірлігі – фунт стерлинг. Бұл ақша бірлігі мұндай атаумен ХІІ ғасырдан бастап айналымға  енген. 1964 жылы айналымға алғашқы  қағаз банкноттар шығарылады. ХІV ғасырда  пайда болып ХVІІІ ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымында  болды, яғни елде биметаллизм жүйесі орнықты. Ақша жүйесі 1971 жылға дейін  он екі еселік принцип бойынша  құрылған болатын. Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда –  Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік  құны бар банкноттар, монометалдан – 0,5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50 пенстер, 1 фунт стерлинг 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар  сақталған. Қолма – қол ақша эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі  ие. Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, парламент бекітеді. Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма –  қол ақшасыз айналым ақшаларын  шығарады. Англия Банкі айналымдағы  ақша массасын ашық нарықтағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелеріә, міндетті резервтік талаптар секілді  ақша – несие саясатының аспаптарымен басқарып, реттейді.

Бүгінгі таңда Еуропалық  Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық  ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. ЕО-ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі  алдымен қолма – қол ақшасыз  айналымының есеп айырысу бірлігі  ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма  – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз  ақшалар шығарылды [18].

1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған  «РФ Орталық банкі туралы»  РФ заңына сәйкес жұмыс істейді.  Ресейдің ресми ақша бірлігіне  рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке  тең. «Рубль» атауы Киев Русь  тұсында пайда болған. Ол кезде  ақша бірліктері гривна деп,  ал, екіге тең бөлінгені рубль  деп аталатын. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығарылуына тыйым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі. Ресей Банкі мыналарға да жауапты: өндірісті болжауға және ұйымдастыруға, банкноттар мен монеталарды тасымалдауға және сақтауға, олардың резервтік қорын құруға; коммерциялық банктер үшін қолма – қол ақшаны инкассациялаудың, тасымалдаудың және сақтаудың ережелерін белгілеуге; несие ұйымдары үшін кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін анықтауға; қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың талаптары мен бірыңғай ережесін белгілеуге [19].

Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан 1000/1 арақатынасында ақшаны ірілендіру жүргізіліп келеді. РФ-да жүргізілген реформалардың  нәтижесінде айналымға Ресей  Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль  енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат

 

Құнсызданудың жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

Бір екіұшты мәселе әртүрлі  елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа  бірталай инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады.

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп  айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады.Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейту мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады [20].

Екінші әдістемені жаңа классикалық  бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика  жағдайына жанама түрде икемді ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Информация о работе Акша және инфляция