Акша және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ
4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

6
Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі
6
1.2 Инфляцияның типтері
9
1.3 Инфляция мәні және түрлері
10
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
12
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
12
2.2 Ақша жүйесінің түрлері
13
2.3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

19
3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат
19
3.2 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.docx

— 95.65 Кб (Скачать)

Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен өзі жіне алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою мүмкін емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған [21].

Батыс елдерінде жинақталған  тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы  ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар  саясатын қолдану қажет. Бұл шаралар  жиынтығын келесі схема түрінде  сипаттауға болады.Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауына қамтамассыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк ақшаландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын  реттеу іс-шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек  қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртінішіден, сыртқы факторларының  әсерін әлсіретеді. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын ақшаландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендеуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі  меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша  өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі  жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылыинфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның  өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті сұранымды  қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы  әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға  болады. Сонда қор сақтау нормасы  артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары  туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы  күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс  көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың  есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%-ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда жалпы ұлттық өнімнің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен қалыптасады [22].

Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтері 60-шы жылдардан  бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен  табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік  әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген. АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде,  ұзақ мерзімді тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде сақталған болатын. Ал 80-жылдардың басында президент Р. Рейган әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жібереді.

Инфляция көп факторлы оқиға болғандықтан, басқа белгілерімен қатар өзі қалыптасысқан жердің экономикалық қыртысының ерекшеліктерін де кез келген уақытта көрсетеді. Бұл оның факторларын жандандыратын  комбинацияларға, оның дамуының тетіктеріне, әр түрлі экономикалық агенттердің оған тигізетін әсеріне және нақты елдің шаруашылық жүйелерінің секторына қатысты.

Нарықтық реформаның басынан  бастап Қазақстандағы макроэкономикалық  саясат макротұрақтандырудың ақшалық түріне бағытталған еді, яғни өзінің тұрақтылығына жету мақсатында монетарлық әдіске басымдық берді. Биліктегілерге қазақстандық инфляцияның табиғаты монетарлық болып көргендіктен инфляцияға қарсы саясат бірінші кезекте ақша шығару көлемі мен қорытынды сұранысты шектеуге негізделді. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, 1992-1996 жылдардағы инфляция қоғамдық құрылысқа өзгерістер әкелген әлеуметтік-экономикалық көріністің бірден-бір анықтаушы элементтері ретінде көрінеді. Бұндайда экономикалық қайта құрудың жүйелі жолындағы үш кезеңді бөліп қарауға болады [23].

Оның бірінші 1992-1993 жылдары, яғни экономиканы реформалау бастаған кезден өз валютамызды енгізге дейінгі  аралықты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық  саясат Ресейге қарап анықталады. Сонымен бірге республика экономикасының түгелдей дерлігі көрші елде қабылданған  шешімдермен тікелей байланысты болатын.

Бірінші қадам тұтынушылық тауар бағасын либеризациялау болды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 2 қаңтардағы қаулысымен деңгейі 2-ден 10 есеге өскен жаңа бағалар енгізілді. Сонымен бірге шикізат, жанармай, өндіріс қүралдарының бағалары бекітілген күйінде қалды.

Қазақстан экономикасы Ресейден келетін ақша көлемінің түсуіне  байланысты болғандықтан, ол инфляциямен  қатар халықтың төлем қабілетінің  қысқаруына, ішкі нарықтағы өтілімнің  тарылуына және соған сәйкес өндіріс  көлемінің қысқаруына алып келеді.

Сөйтіп, нәтижесінде кәсіпкерлік  белсенділікті өсіру көзделген  бағаны еріне жіберу инфляцияның  елеулі қарқынмен дамуын тудырып, өндіріс  құлдыруының кезекті кезеңін  алып келеді. Бағалар сұраныс ппен ұсыныс нәтижелеріне сәйкес емес «жаңа  бағаларды хабарлаудың» директивті негізінде тағайындалды: 1992 жылы тұтыну бағасының индексі 3060%, 1993 жылы - 2265% болса, бұған инфляциялық күтілімі түрткі ретінде қызмет етті.Өндірістің құлдыруы бұл жылы 13%-ға дейін жетті.

Қазақстанның экономикалық жағдайының қиындауы сом аймағында  қалып қойғандықтан, ол өз алдына қатаң  талаптардың қойылуымен де байланысты еді. Сондықтан таңдау біреу ғана болды, ол-ұлттық валютаны жедел енгізу.

ҚР Үкіметінің монетарлық саясаты экономиканы өткір ақша тапшылығына әкеледі. Ақша агрегатының  өсуі ағымдағы баға серпінінен шамамен 10%-ға кейін қалды. Бұл инвестициялауды айтпағанның өзінде, трансакциялық мақсаттарға жұмсалатын ақша қорының тапшылығын тудырды. Банктік пайыз мөлшері экономианың нақты секторындағы пайдалылық көрсеткіштерінен асып түсіп, инвестициялық ақшалар ағынынан бөлінуге мәжбүр болды.

Мұны басқа елдердің деректері де растайды. Коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу үшін банктер өтімділігінің деңгейі мен ақша көлемі аз міндетті резервтер саясатын пайдаланды. Ең аз резервтік талаптар 1993 жылы 20%-дық деңгейде белгіленді. Ашық нарықтағы операциялар мен интервенциялар валюталық нарықта жүргізілген жоқ. Бұл жағдайда ақша көлемінің көбеюі мен инфляцияны ұстаудың мүмкін болмауы табиғи жағдай еді.

Теңгені енгізу кезінде Ұлттық банк күрделі әрі қарама-қайшылықты жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын-валюта қорын құруға қол жеткізді. Алтын-валюта қорының бұл деңгейі енгізген ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп танылды.

Нарықтық қайта құрудың  екінші кезеңі елде 1993 жылы 15 қарашада қазақстандық валюта – теңгені енгізу мен өзіміздің макроэкономикалық  саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ол салық  салымдары, бюджет пен банк салалар және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қатынастарды реттеуші нормативтік-құқықтық базаларды құру, сонымен бірге шетел капиталын тарту, кеден ісін ұйымдастыру, нарықтық инфрақұрылымдарды дамытумен сипатталды.

Гиперинфляция мен өндірістің елеулі құлдыруы, төлемнің жоқтығы  өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыстың  екінші кезеңін сипаттайды.

Инфляция қарқынындағы ең жоғары көрсеткіш тұрғындарға ақылы  қызмет көрсету бағасында байқалды, оның ішінде өндіріс шығындарының басымдығын куәландыру жүк тасымалдары мен өнеркәсіп өнімдерін өндерін өндірушілердің бағаларынан айқын көрінді. Бұл секторлардағы бағалар өсуінің басты факторына табиғи монополиялардың іс-әрекеті себеп болды [23].

Бағаларды еркіне жіберу өндірістің белсенді кеңеюінің факторы бола алады. Оның бірінші кезеңде 2-5 есеге  өсуі өндіріс құлдыруының факторы  тағы 1-1,5 жылға созылатынын байқатты. Нарықтық экономикада тұтыну бағасының  өсуі, әдетте, төлем қабілеті сұранысының  қысымға түсінуіне алып келеді, ал өтпелі кезеңдегі экономимкада мұндай жағдай ерекше бағаланбайды. Бұл экономика  тапшылығында тәрбиелеген тұтынушылардың бойында инфляциялық болжамның өсуімен түсіндіріледі. Бағаның бірінші секірісті көтерілуі алдын ала сұранысты туындатты.

1994 жылдың қаңтарынан  бастап теңгенің конверттелуін  қолдау және Ұлттық банктің  тұрақтылық қорын біріктіру арқылы  оның ішкі, сыртқы тұрақтылығын  сақтау үшін республикалық және  облыстық валюталық қорлар, алтын-валюталық  активтер құрылды.Валюталық алтын  активтерін басқару Ұлттық банкке  жүктелді.

1994 жылдан бастап ақша-несие  саясаты берілген несиелер көлемін  реттеу, ресми қайта ақшаландыру мөлшерінің деңгейі мен міндетті резервтерді белгілеу және валюта нарығында операциялар өткізу сияқты классикалық құралдармен жүзеге асырыла бастады. 1994 жылы ең аз резервтік талаптар 30%-ын, ал шетел валютасының 15%-ын құрады.Валюта нарығында экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті түрде сату енгізілді.

Өткізген шараларға қарамастан ақша көлемі 576,1%-ға өсіп тұтынушылар бағасының индексі түскенмен, ол 1258% деңгейінде қалды.Жалпы ішкі өнімнің қатынастары өткен жылдары 87,4 %-ды, ал ақша көлемінің ақша базасына қатынасы – 1,74%-ды құрады.

Экономикадағы бағаны еркіне жіберу шаралары қатаң несиелік шектеу енгізгеннен кейін де бірінші  кезекте өндірістік және еңбек ресурстары бағасының күрт көтерілуіне, сонымен  бірге өндіріс құлдырауының күшеюіне алып келді.1992-19994 жылдары Қазақстандағы  өндіріс көлемі нақты есептеуде 55%-ға қысқарды және 1991 жылмен салыстырғанда нақты инвестиция сол кезде 28%-ды құрады. Экономикалық рецессия шегі 1994 жылға тура келіп, жыл бойынша құлдырауы 24%-ға тең болды. Бұл көп жағдайда 1993 жылы ұлттық валютаның енгізілуімен және ақша-несие саясатындағы қатаң шаралармен байланысты еді.

1992 -1993 жылдардағы инфляцияның  дамуында монетарлық фактор басым  сипатқа ие болды. 1994-1996 жылдары  бұл факторларлың ықпалы төмендеді:  өндірістің терең құлдыруы тұсында  ақша көлемінің елеулі өсуіне  жол берілмегенімен, бірақ инфляция  қарқыны азайған да, бәсеңдегенде  жоқ.

Үкіметтің 1995 жылғы экономикалық саясатының негізгі міндеттері ақша тұрақтылығына қол жеткізу, өндіріс пен сауданы қалыптастыру үшін жағдай туғызу, төлем сұранысын көтеру, нарықтық инвестициялық қатынастарды жандандыру болды. 1995 жылдың өткен жылдармен салыстырғандағы ерекшелігі – сол жылы біркелкі,қатаң бюджет-салық және ақша- несие саясаты жүргізіліп, сыртқы экономикалық қызмет әрі қарай еркіне жіберілді, меншік қатынастары реформаланып, нарық инфрақұрылымы қалыптастырылды, сонымен қатар ақшалық және валюталық бақылау күшейтілді. 1995 жылдың желтоқсанындағы инфляция деңгейі 60,3%-ды құрады. Жалпы ішкі өнімге қарағанда мемлекеттің бюджет тапшылығы 3,5%-дан асқан жоқ. Құнсыздану деңгейі бойынша теңге бағамы 17,9%-ды құрап, төлем балансының тапшылығы жалпы ішкі өніммен салыстырғанда, ағымдағы шот операциялары бойынша 7% шамасында болды. Сонымен қатар ақша көлемі 109%-ға өсіп, ақша мультипликаторы 81%ды құрады.

1995 жылы дериктивті несие  беру тоқтатылды. Орталықтандырылған  несие ресурстарын орналастыру  негізінен несие аукциондарын  өткізу арқылы өтті. Аукциондық несиелер бір айдан үш айға дейінгі мерзімге берілді. Мұнымен бірге олардың негізгі көлемі үш айлық несиелер үлесіне тиіп, осы жылы ломбардтық негіздегі несиелер беріле бастады.

1996 жылы экономиканы реформалау  мен дамытудың үшінші кезеңі басталды және ол 1995-1998 жылдары реформаны тереңдету бағдарламасын жүзеге асыруды мақсат тұтты [24].

1996 жылы Қазақстанның  жалпы ішкі өнімі алғаш рет 0,5%-ға өсіп, инфляция қарқыны 28,7%ға төмендеп,теңге бағамынынң құнсыздануы 15,4%-ға көтерілсе, ал жыл ішінде ақша көлемінің көбеюі бар-жоғы 16,6%-ға ғана өсіп, мультипликатция коэффициенті 1,65%-ды құрады. Ұлттық сыйақының ресми мөлшерінің жағымды нақты мәнін сақтай отырып азайту мәселесі бірнеше рет қаралды. Макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы міндетті резервтер мөлшерін 20-дан 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Үкіметке бюджет тапшылығын жабуға арналған несиенің берулуі бюджет-салық саясатының қатаң аясында жүргізілді.Ұлттық банк арқылы несиелерді орналастыру аукциондар мен банкаралық нарық, сондай-ақ ломбардтық негізде жүзеге асырылды. 1996 жылы Ұлттық банк арқылы барлығы 11,3 млрд. теңге мөлшерінде несиелер беріліп, 6,2 млрд. теңге қайтарылды.

1997 жылы қайта ақшаландыру мөлшері 35,0%-дан 18,5%-ға дейін, «овертайнт» кредиті бойынша 25-тен 15%-ға дейңн төмендеді. Мемлекеттік құнды қағаздар нарығында күш беруші рөлді атқарады.

Экономиканың жандану  үрдісі жалғасын тапты. Нақты жалпы  ішкі өнімнің өсуі 2%-ды құрады, 1997 жылдың аяғында күтілген 17,5%-дың орнына инфляция деңгейі 11,2%-бен белгіленді. Теңге бар-жоғы 2,8%-ға құнсызданып, ақша көлемі 28,2%-ға өсті, ал ақша мультипликаторы 1,50%-ға дейін төмендеп, нақты секторға берілген несиелер 17,6%-ға көтерілді. Ақша көлемі 28,2%-ға өскен кезде мультипликацияның мұндай төмен коэффициенті сыртқы активтердің өсуі нәтижесінде ақша көлемінің көбеюіне қатысты, яғни нақты экономикаға құйылған несиелердің көбеюіне байланысты болды.

Ақша базасын реттеу және МҚБ нарығының өтімділігін қолдау мақсатында 1997 жылы қыркүйекте Ұлттық банк екінші нарықта операциялары белсенді өткізілді.

Экономикадағы мұндай нәтижелерге  басқа да жағымды үрдістермен  қатар шектелген ақша-несие саясаты мен теңге бағамын реттеуді жүргізудің арқасында қол жетті.

1998 жылы әлемдік ақша нарығында болған дағдарыс пен Қазақстанға әкелінетін импорттық тауарлар ағыны нашарлауының күрделі жағдайында ақша-несие саясатының негізгі міндеттері ақша жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, теңгенің тұрақты бағамын сақтау және банк жүйесін нығайту болды.

Құбылмалы бағамды енгізудің  алдында Қазақстанның валюталық  нарығында жағдай күрт қиындады. 1998 жылдың аяғында бір доллардың бағамын 64 теңге деңгейіндегі ұстап тұру үшін Ұлттық банк валюта интервенциясын кеңінен пайдаланды. Бұл алтын-валюта қорының 2-ден 1,5 млрд. долларға дейінжылдам кемуіне алып келді [25].

Информация о работе Акша және инфляция