Акша және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Содержание

КІРІСПЕ
4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

6
Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі
6
1.2 Инфляцияның типтері
9
1.3 Инфляция мәні және түрлері
10
2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ
12
2.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
12
2.2 Ақша жүйесінің түрлері
13
2.3 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

19
3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат
19
3.2 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.docx

— 95.65 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

6

    1. Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі

6

1.2 Инфляцияның типтері

9

1.3 Инфляция мәні және түрлері

10

2 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ

12

2.1 Ақша жүйесінің ұғымы  және оның элементтері

12

2.2 Ақша жүйесінің түрлері

13

2.3 Экономикасы дамыған  елдердің ақша жүйесі

16

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

19

3.1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясат

19

3.2  Ақша жүйесін мемлекеттік  реттеу

29

ҚОРЫТЫНДЫ

31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

33


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді.Дамушы нарығында бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Экономикасы өтпелі елдерде  инфляцияның  негізінде бірнеше  өзара байланысты себептер жатады.Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа  мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған  жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін.

Инфляция қарқыны жұмыссыздық  деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.

Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі  мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі  үйлесімі инфляцияға тән болады.

Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.

Берілген мәселелерді  зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтылығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.

Инфляцияның кең таралуы  және тұрақтылығы оны қазіргі  заманғы нарықтық шаруашылықтың  табиғи және қажетті бөлігі ретінде  қарастыруға мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес» емес, «реттеу» терминін қолданған жөн. Реттеудегі басты мәселе- инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.

Соңғы жылдары ТМД елдерінің  инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген  елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның  жаңа айналымының қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де едәуір болып отыр. Осынын барлығы осы елдердегі, сонын ішінде Қазақстандағы инфляция мен ақшалық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.

Қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін,түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен, Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен, инфляцияны реттеудің ақшалық құралдарын жетілдірунегізінде мемлекетте инфляцияға  қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетумен анықталады.

Зерттеудің мақсаты ақша және инфляция болып табылады.

Қойылған мақсаттарға  жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-Қазақстан Республикасындағы ақша және инфляцияның теориялық аспектілері;

- ақша жүйесі және оның қазақстандағы қалыптасуы;

- Қазақстан Республикасында инфляцияға қарсы саясатты және ақша жүйесін жетілдіру жолдары.

Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның зерттеудің объектісі болып табылады.

Зерттеудің пәні. Қазақстан  Республикасындағы ақша және инфляцияның оңтайландыру жолдары.

Зерттеудің әдістері. Зерттеліп  жатқан жұмыс тақырыбы бойынша Қазақстан  және Ресей экономистерінің, ғалымдарының еңбектері қолданылды. Зерттеудің әдістік  және теориялық негізі іргелі тұғырнамалар және болжамдар болып келеді. Эмпирикалық  негізі ретінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің статистикалық көрсеткіштері, Ақша министрлігінің есеп беру материалдары және ғаламдық Интернет желісінің ақпараттық қоры болып келеді.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасының инфляцияның мәні.

Курстық жұмысының практикалық  құндылығы ретінде оқушылар мен  жоғарғы оқу орны студенттері  үшін «Қауіпсіздік мәселелері», «Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар» пәндердің дереккөзі  бола алатындығын айтуға болады

Зерттеудің құрылымы. Пәннің анықтамасынан және құрастырылған  міндеттерден бұл жұмыстың құрылымы шығады. Ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, мәні, зерттеу  әдісі, ғылыми жаңалығы, және құрылымы көрсетілген.

Бірінші бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша және инфляцияның теориялық аспектілерін талдауға арналған негізгі сипаттамаларын береді.

Екінші бөлім ақша жүйесі және оның қазақстандағы қалыптасуын қарастыруға мүмкіндігін береді.

Үшінші бөлім компания Қазақстан Республикасында инфляцияға қарсы саясатты және ақша жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылған.

Қорытынды бөлімінде көзделген  мақсат –міндеттердің орындалуы  жайында сөз қозғалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

    1. Инфляцияның пайда болу себептері және шығу тегі

 

Инфляция- ақшаның құнсыздануынан  тауарлар мен қызметтерге бағаның  жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын  құбылыс.Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай  анықтама берілген. Ақшаның құңсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің  азаюы ерте заманнан белгілі. Оның пайда  болуын монета түріндегі алғашқы  ақшаның шығуымен байланыстырады. «Inflatio» - ежелгі медицина саласындағы ұғым.Оның мағынасы латынша Inflatio –«іштің қампиюы,ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған – американ экономисі Ф.Делмар. Ол 1864 жылы Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар («гринбаксы» - qreen backs: «зеленые спинки») шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін Ф.Делмар . «Inflatio»(«вздутие бумажного пузыря»)деп атады.Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция,Ұлыбритания,Германия ) ақшагерлері мен банкирлерінің арасында қолданылып,ХХ ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.

Медальдің екі жағы сияқты,ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан  ұғымдар.Инфляцияны кредиттік ақшаның «сырқаты» деп айтуға болады. Ерте заманда(алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған, яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.

И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның «феноменін» бірінші  рет түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы  сатылған тауар көлеміне тең болуы  тиіс.Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт «автоматты»  түрде орындалады. Өйткені ол кезде  айналымда  тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша мөлшері болды. Тауар азайған  уақытта артық ақша «қазына» ретінде  жинақталып, «алтын сандықтарда» сақталды. Қажетті    тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын  ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады.Алтынға  толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы  сақталып отырды [1].

Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында  мүлдем басқа жағдайлар орын алды.Айналымға  алтынға айырбасталмайтын қағаз  ақшалар шығарылды. Бұл алтын  монета айналымы кезіндегі И.Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы  «автоматты» механизмнің іс-әрекетін тоқтағуға әкелді.Қағаз ақшаларды  қазына, байлық ретінде жинақталып бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда сақталып қала берді,ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды.Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына әкеліп соқты.

К.Маркстың классикалық анықтамасы бойынша: «...ақша – тауардың айырбастық құны,ол тауардың өзіндік құнынан  бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар» деп айтқаны инфляцияның  шығу тегін түсінуге шамалы болса  да жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақшатауардың құнынан бөлініп  шығумен бірге, өзінің өзіндік құнынан  айырылған тауар.Сондықтан бүгінгі  таңдағы ақша алтын монеталық  дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу  немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею  қасиеттерінен «автоматты» түрде  айырылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның  өсуі инфляцияның алғашқы айқын  көрінісі болып табылады.

Инфляция  - бұл жалпы  ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан  сәйкессіздік. Жеке тауар нарығында  сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық  сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды.Инфляция – бұл нарықтардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

Ақша сұранысынан тыс  тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық конъюктурасына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік  реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның  өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу қажет [2].

Айталық, экономиканың конъюктуралық  ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса,онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық  себептеріне нені және қандай жағдайларды  жатқызуға болады?

Инфляция күрделі әлеуметтік – экономикалық феномен, оның пайда  болу себептері көбінесе бір жақты  айтылмайды. Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның  негізгі себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындармен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы.Экономикадағы барлық  нарықтарда бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстардың арасындағы баланстың бұзылуынан деп есептейді. Басқа сөзбен айтқанда, инфляция  - экономикадағы баланстың жоқтығының нәтижесі,жалпы ұлттық өнім құңдық өлшемінің  және оның табиғи заттық құрамының арасындағы сәйкессіздіктің белгісі.Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді.Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы ақшаланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды ақшаландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория инфляцияны бағалардың  өсуімен түсіндіреді.Экономистердің пікірлері бойынша Ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол сияқты Қазақстанның экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын. Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес салмағының көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың  барлық түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады [3].

Алайда бағаның өсуі айналымдағы  тек қана ақшаның шектен тыс болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу  процесі ХХ ғасырдың басынан байқалады.Барлық дамыған капиталистік елдерде тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейі ХХ ғасырда елеулі түрде өсті(мысалы, АҚШ-та бөлшек сауда бағасы 17 есе өсті).Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның қалыптасуынан деп есептейді.Қазіргі нарық – көбінде олигополия түрінде қалыптасқан.Осы күнгі ірі фирмалар белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне өзі баға белгілей алады.Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады,нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.Бағаның төмендеуімен өз нарығындағы жағдайды «бұзып алмау» мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің  артуына кедергі жасауға тырысады.Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады.Төртіншіден, ұлттық экономикалардың«ашыла»түсінуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. «Импортталған инфляциямен» күресуге мүмкіншіліктері де шектеулі келеді.Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді.Батыс елдерінде,көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.

Информация о работе Акша және инфляция