Кедендік режим

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді

Работа содержит 1 файл

кеден.docx

— 179.87 Кб (Скачать)

13-тарау.  КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР 
БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР

 

      121-бап. Кедендік  төлемдер мен салықтарды төлеу 
               бойынша жеңілдіктер      

1. Осы Кодексте  кедендік төлемдер мен салықтарды  төлеу бойынша жеңілдіктер деп: 
      1) тарифтік преференциялар; 
      2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер); 
      3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер; 
      4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі. 
      2. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі.  
      3. Тарифтік преференциялар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі. 
      Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады
      Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес айқындалады. 
      Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 
      4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі. 
      5. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, осы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды. 
      6. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.     

122-бап.  Кедендік алымдарды төлеу бойынша 
               жеңілдіктер     

1. Кедендік алымдарды  салудан: 
      1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк; 
      2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; 
      3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар; 
      4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар;  
      5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар; 
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат; 
      7) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар; 
      8) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресіміне мәлімделген тауарлар; 
      9) мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады. 
      2. Осы бапта көрсетілген кедендiк алымдар салудан босату үшін құжаттарды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.     

123-бап.  Тарифтiк преференциялар     

1. Мемлекеттерге  кедендік баждардан босату не  оның ставкаларын төмендету немесе  тауарларды преференциялық әкелуге  (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі. 
      2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. 
      3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға төмендетілген ставкалар бойынша кедендік баждар салынады. Мұндай мемлекеттердің және тауарлардың тізбесі, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі. 
      4. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.

14-тарау.  КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ

 

      124-бап. Кедендік  баждарды, салықтарды салу 
               объектісі және кедендік баждарды, 
               салықтарды есептеуге арналған база 
               (салықтық база)     

1. Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын  тауарлар кедендік баждарды, салықтарды  салудың объектісі болып табылады. 
      2. Тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамасы (саны, тауар тұтынылғанға дейін және бөлшек сауда үшін ұсынылғанға дейін тауардан ажырамайтын, оның алғашқы буып-түюі ескерілген массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларының түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады. 
      3. Салықтарды есептеуге арналған салықтық база Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.      

125-бап.  Кедендік баждарды, салықтарды есептеу 
               (есепке жазу)     

1. Осы Кодексте  және (немесе) Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында көзделген  жағдайларды қоспағанда, кедендік  баждарды, салықтарды төлеушілер  баждарды, салықтарды дербес есептейді. 
      2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеуді (есепке жазуды) кедендік баждар, салықтар төленуге тиісті кеден органы жүргізеді. 
      3. Төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есептеу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.  
      4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың сомасы, кедендік баждарды және кедендік баж ставкаларының тиісті түрін есептеуге арналған базаны қолдану арқылы анықталады. 
      5. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. 
      6. Осы Кодекстің 138-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың сомалары, олар төленуге тиіс кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес есептеуге жатады. 
      7. Шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтарының жалпы сомасы, осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсім мәлімделген жағдайда кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын шетелдік тауарларға қолданған кезде кедендік баждар, салықтар ставкаларының өзгеруі салдарынан кедендік баждардың, салықтардың сомасы ұлғаятын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлар осы Кодекстің 121-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер есепке алынбай, ішкі тұтынуға шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кетуіне болмайды. 
      8. Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды есепке жазу үшін, осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төленіп, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары қолданылады. 
      9. Кеден органы кеден ісі саласында құқық бұзушылықты анықтаған кезде, кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органы осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төлей отырып жүргізеді.     

126-бап.  Кедендік баждардың, салықтардың  ставкаларын 
               қолдану     

1. Осы Кодексте  және (немесе) Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында өзгеше  көзделмесе, кедендік төлемдер мен  салықтарды есептеу мақсаттары  үшін кеден органы кедендік  декларацияны тіркеген күні қолданыста  болған ставкалар қолданылады. 
      2. Егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар қолданылады. 
      3. Кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін, Кеден одағының комиссиясы үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарын қолдану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар қолданылады. 
      4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады. 
      5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарындаайқындалған тәртіппен кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарлардың кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналастырылғаны белгіленген (расталған) болса, осы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.     

127-бап.  Кедендік төлемдер мен салықтарды  есептеу 
               мақсаттары үшін шетел валютасын қайта 
               есептеу     

 Кедендік  төлемдер мен салықтарды есептеу  үшін, оның ішінде кеден ісі  саласындағы сыртқы экономикалық  қызметті жүзеге асырған кезде  төленуге жататын тауарлардың  кедендік құнын айқындау үшін, төлеуші, егер осы Кодексте  және (немесе) Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында өзгеше  көзделмесе, кеден органының кедендік  декларацияны тіркеген күнінде,  не төлеуші тауарларды негізгі  кедендік ресімдеуге байланысты  емес кедендік төлемді жүзеге  асырған күні айқындалған, Қазақстан  Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта ауыстырудың нарықтық бағамын қолдана отырып, шетел валютасын ұлттық валютаға және (немесе) ұлттық валютаны шетел валютасына қайта есептеуді жүргізеді.

15-тарау.  КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ 
ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

 

      128-бап. Кедендік  баждарды, салықтарды төлеушілер     

 Декларант  немесе өздеріне осы Кодекске  және (немесе) Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық  заңнамасына сәйкес кедендік  баждарды, салықтарды төлеу жөнінде  міндет жүктелген өзге де тұлғалар  кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер  болып табылады.     

129-бап.  Кедендік баждарды, салықтарды төлеу 
               жөніндегі міндеттің туындауы және 
               тоқтатылуы. Кедендік баждарды, салықтарды 
               төлемеу жағдайлары      

1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер  осы Кодекстің 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 411 және 472-баптарына сәйкес туындайды. 
      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мынадай: 
      1) осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде кедендік баждар, салықтар төленген немесе өндіріп алынған; 
      2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді бере отырып, тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған; 
      3) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен не тасудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде шетел тауарлары жойылған (қайтарымсыз жоғалған); 
      4) егер кедендік баждардың, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес евроға балама сомадан аспаған;  
      5) егер кед


Информация о работе Кедендік режим