Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:59, курсовая работа
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді
49-бап.
Кеден қоймасы иесінің
1. Кеден қоймасы
иесінің жазбаша өтініші
2. Кеден қоймасы иесінің қызметін
тоқтата тұру туралы шешім аталған тұлғаның
өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс
күні ішінде қызмет аймағына қойма құрылатын
кеден ісі саласындағы уәкілетті органның
аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын
адамның) бұйрығымен ресімделеді және
бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне
енеді.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген
бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды
кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді.
4. Уақытша сақтаудағы тауарлар
мен көлік құралдары осы баптың 2-тармағында
көзделген бұйрық қабылданған күннен
бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзге
уақытша сақтау орындарына орналастырылуы
және (немесе) басқа кедендік рәсіммен
орналастыруға мәлімделуге тиіс.
5. Кеден қоймасы иесінің жазбаша
өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет
(осы Кодекстің 47-бабында айқындалған
шарттар сақталған кезде) аталған тұлғаның
өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс
күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі басшысының
(оны алмастыратын адамның) бұйрығымен
қайта басталады.
6. Кеден қоймасы иесінің қызметін
тоқтата тұру туралы немесе аталған тұлғаның
тиісті қызметті қайта бастауы туралы
кеден ісі саласындағы уәкілетті органның
аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын
адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап
бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат
жазбаша нысанда қойма иесінің назарына
жеткізіледі, сондай-ақ кеден ісі саласындағы
уәкілетті органға жіберіледі.
50-бап.
Кеден қоймалары иелерінің
шығару үшін негіздер
1. Кеден қоймалары
иелерінің тізілімінен шығару
үшін:
1) осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген кеден
қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу
шарттарының сақталмауы;
2) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің
51-бабының 1) – 6), 8) және 9) тармақшаларында
көзделген міндеттерді сақтамауы;
3) кеден қоймасы иесінің өзін
кеден қоймалары иелерінің тізілімінен
шығару туралы өтініші;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
5) қайта құрылуды қоспағанда,
заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы
кеден қоймалары иелерінің тізілімінен
шығару үшін негіз болып табылады.
2. Кеден қоймаларының иелерін
тізілімнен шығару туралы шешім, шығару
себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағына
қойма құрылатын кеден ісі саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
басшысының (оны алмастыратын адамның)
бұйрығымен ресімделеді.
3. Бұйрық қабылданған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат
жазбаша нысанда қойма иесінің назарына
жеткізіледі, сондай-ақ кеден ісі саласындағы
уәкілетті органға жіберіледі.
4. Тұлғаны осы баптың 1) - 3) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары
иелерінің тізілімінен шығарған жағдайда,
аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу
туралы қайтадан берген өтінішін кеден
ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесі тұлғаны мұндай тізілімнен
шығару туралы бұйрық қабылданған күннен
бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.
51-бап.
Кеден қоймасы иесінің
1. Кеден қоймасының
иесі:
1) кеден қоймасындағы тауарлардың
сақталуын қамтамасыз етуге;
2) кеден қоймасында тауарларды
сақтауға қатысты осы Кодексте белгіленген
шарттар мен талаптарды сақтауға;
3) кедендік бақылауды жүргізу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) кеден қоймасында сақтауда
тұрған тауарлардың есебін жүргізуге
және мұндай тауарлар туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептілікті
кеден органдарына ұсынуға;
5) кеден қоймасының қызметкерлері
болып табылмайтын және тауарларға қатысты
өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда
тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз
жібермеуге;
6) сақтауда тұрған тауарларға
кеден органы лауазымды адамдарының қол
жетімділігіне қатысты кеден органдарының
талаптарын орындауға;
7) кеден қоймасының жұмыс істеуі
тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасына
тауарларды орналастырған тұлғаларға
осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы
шешім қабылданған күннен кейінгі күннен
бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім
туралы хабарлауға;
8) тауарлардың авария немесе
еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жоғалуын
қоспағанда, оларды жоғалтқан не кеден
органының рұқсатынсыз тауарларды берген
жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендік
баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер
туындаған кезде кедендік әкелу баждарын,
салықтарын төлеуге;
9) заңды тұлғаны кеден қоймалары
иелерінің тізіліміне енгізген кеден
ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесін кеден қоймалары иелерінің
тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген
мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай
мәліметтер өзгерген күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Кеден қоймасының аумағы тек осы Кодексте
белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға
тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда
пайдалануға жол берілмейді.
52-бап.
Кеден қоймасы иесінің
Кеден қоймасының
иесі кеден қоймасында
53-бап.
Бажсыз сауда дүкенінің иесі
1. Осы Кодекстің
54-бабында айқындалған
Заңды тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің
тізіліміне енгізілгеннен кейін бажсыз
сауда дүкенінің иесі деп танылады.
2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі
бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған
тауарларды сақтауды және кеден одағының
кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға,
сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге,
оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың
өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге
не дипломатиялық агенттерге, консулдық
лауазымды адамдар мен олармен бірге тұратын
отбасы мүшелеріне бөлшек саудада сатуды
жүзеге асырады.
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі бажсыз сауда
дүкендері иелерінің тізіліміндегі ақпаратты,
сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру,
қайта бастау немесе аталған тұлғаларды
тізілімнен шығару туралы деректерді
кеден ісі саласындағы уәкілетті органға
жолдайды.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган
ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей
кеден ісі саласындағы уәкілетті органның
интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді
орналастыруды қамтамасыз етеді.
54-бап.
Бажсыз сауда дүкендері
енгізу шарттары
Мыналар:
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде,
оралымды басқаруында немесе жалға алынған,
бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға
арналған және мынадай талаптарға жауап
беретін үй-жайлардың болуы:
сауда залы жеке тұлғалардың кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы жол жүруі кезінде
әкететін тауарларын кедендік декларациялау
жүргізу үшін белгіленген орыннан тыс
жерлерде болуға тиіс;
бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда
операцияларын жүзеге асыруға арналған
орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын
қамтамасыз ету және тауарларды сатуға
әзірлеу (орамасын ашу, ыдысынан босату
және басқалары) жөніндегі операцияларды
жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған
орындар болуға тиіс;
2) егер бөлшек саудаға арналған
тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделсе, ол құжаттардың болуы;
3) кеден органына өтініш берген
күні кедендік төлемдерді, салықтарды
және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған
міндеттеменің болмауы;
4) кеден органына өтініш берген
күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінің 400, 405, 409-415,
5) осы Кодекстің 409-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген бажсыз
сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге
енгізудің қосымша шарттарын Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
55-бап.
Бажсыз сауда дүкендері
енгізу тәртібі
1. Бажсыз сауда
дүкендері иелерінің
1) қызмет аймағында осындай дүкен
құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесіне бажсыз
сауда дүкендері иелерінің тізіліміне
енгізу туралы қолдаухат;
2) өтініш берушінің атауы туралы,
тұрған жері туралы, ашылған банктік шоттары
туралы мәлімет;
3) өтініш берушінің иелігіндегі
және бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға
арналған үй-жайлар туралы, олардың тұрған
жері, жайластырылуы туралы мәлімет;
4) егер бөлшек саудаға арналған
тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделсе, ол құжаттардың болуы туралы
мәлімет қамтылуға тиіс.
2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын
мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу
(қайта тiркеу) туралы анықтама;
2) тұлғаның салық төлеуші ретінде
тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
(өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден
органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтаруға
міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;
3) құрылтай құжаттарының нотариат
куәландырған көшірмелері;
4) банктерден оларда ашылған
шоттары туралы растаулар;
5) бажсыз сауда дүкені ретінде
пайдалануға жарамды үй-жайларға иелік
ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат
куәландырған көшірмелері;
6) бажсыз сауда дүкені ретінде
мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың
жоспарлары, сызбалары;
7) егер бөлшек саудаға арналған
тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
көзделсе, ол құжаттардың нотариат куәландырған
көшірмелері өтінішке қоса беріледі.
3. Өтінішті қоса берілетін құжаттармен
бірге қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені
құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген
күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс
күні ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті
орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды
адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің
үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің
54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған
талаптарға сәйкестігіне қарауды жүргізеді.
5. Тізілімге енгізу туралы шешім
орталық кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі басшысының
(оны алмастыратын адамның) бұйрығымен
ресімделеді және бұйрық қабылданған
күннен бастап күшіне енеді.
6. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің
тізіліміне енгізуден бас тарту туралы
шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген
барлық құжаттар табыс етілмеген немесе
өтініш беруші осы Кодекстің 54-бабында
белгіленген талаптарға сай келмеген
жағдайда қабылданады.
Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды
жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген
тәртіппен қаралады.
7. Тұлғаны бажсыз сауда дүкендері
иелерінің тізіліміне енгізген немесе
енгізуден бас тартылған жағдайда кеден
ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда
хабардар етеді.
Ескерту.
55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
56-бап.
Бажсыз сауда дүкені иесінің
қызметін тоқтата
тұру
1. Бажсыз сауда
дүкені иесінің жазбаша
2. Бажсыз сауда дүкені иесінің
қызметін тоқтата тұру туралы шешім аталған
тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап
он жұмыс күні ішінде қызмет аймағына
дүкен құрылатын кеден ісі саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
басшысының (оны алмастыратын адамның)
бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған
күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген
бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды
бажсыз сауда дүкеніне орналастыруға
жол берілмейді.
4. Бажсыз сауда дүкенінде тұрған
тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген
бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік
отыз күн ішінде өзге бажсыз сауда дүкендеріне
орналастырылуға және (немесе) басқа кедендік
рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
5. Бажсыз сауда дүкені иесінің
жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын
қызмет (осы Кодекстің 54-бабында айқындалғ
6. Бажсыз сауда дүкені иесінің
қызметін тоқтата тұру немесе қайта бастауы
туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі басшысының
(оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай
ақпарат жазбаша нысанда қойма иесінің
назарына жеткізіледі, сондай-ақ кеден
ісі саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
57-бап.
Бажсыз сауда дүкендері
шығару үшін негіздер
1. Бажсыз сауда
дүкендері иелерінің
1) осы Кодекстің 54-бабының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген бажсыз
сауда дүкендері иелерінің тізіліміне
енгізу шарттарының сақталмауы;
2) бажсыз сауда дүкені иесінің
осы Кодекстің 58-бабында көзделген міндеттерді
сақтамауы;
3) бажсыз сауда дүкені иесінің
өзін бажсыз сауда дүкені иесінің тізілімінен
шығару туралы өтініші;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
5) қайта құрылуды қоспағанда,
заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы
негіз болып табылады.
2. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің
тізілімінен шығару туралы шешім, шығару
себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағына
дүкен құрылған кеден ісі саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
басшысының (оны алмастыратын адамның)
бұйрығымен ресімделеді.
3. Бұйрық қабылданған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат
жазбаша нысанда дүкен иесінің назарына
жеткізіледі.
4. Тұлғаны осы баптың 1-тармағының
1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздер
бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің
тізілімінен шығарған жағдайда, аталған
тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы
қайтадан берген өтінішін кеден ісі саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы
бұйрық қабылданған күннен бастап бір
жыл өткен соң қарайды.
58-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері
Бажсыз сауда
дүкенінің иесі:
1) осы Кодекске сәйкес бажсыз
сауда кедендік рәсімімен орналастырылған
және өтпеген тауарлардың сақталуын қамтамасыз
етуге;
2) осы Кодексте белгіленген шарттар
мен талаптарды сақтауға;
3) кедендік бақылауды жүргізу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың
түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін
жүргізуге, сондай-ақ кеден органдарына
мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның
ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен табыс
етуге;
5) осы Кодекстің 411-бабына сәйкес кедендік
баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер
туындаған кезде кедендік баждарды, салықтарды
төлеуге;
6) заңды тұлғаны бажсыз сауда
дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген
кеден ісі саласындағы уәкілетті органның
аумақтық бөлімшесін бажсыз сауда дүкендері
иелерінің тізіліміне енгізген кезде
өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі
туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар
етуге міндетті.
Бажсыз сауда дүкенінің аумағы тек осы
Кодексте белгіленген талаптарға ғана
сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген
орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға
жол берілмейді.
59-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі
Бажсыз сауда
дүкенінің иесі бажсыз сауда
дүкендеріндегі тауарларды
60-бап. Еркін қойма иесі
Кеден органдарының
еркін қойма иелерімен өзара
қарым-қатынасы Қазақстан
Ескерту:
60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы
Кеден органдарының
арнайы экономикалық аймақтың
қатысушыларымен өзара қарым-
Ескерту.
60-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
61-бап. Уәкілетті экономикалық оператор