Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жобаның мақсаты Ежелгі Египет мәдениеті жайлы алғаш мағлұматтар беріліп, онымен кең, ауқымды түрде танысу болып табылады. Курстық жобаның мазмұны, құрылымы «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбында толығымен қамтылған.
Курстық жобаның кіріспесінде Көне Египет мәдениеті жайлы алғаш мәліметтер берілсе, ал негізгі бөлімде Египет мәдениетінің қалыптасу алғышарттары, оның дамуы, сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныс боласыз.

Содержание

Кіріспе
1. Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
1.1 Cәулет өнерінің дамуы
1.2 Қала мәдениеті қалыптасуы
2. Египет мәдениетінің дамуы.
2.1 Египеттіктердің діни сенімдері
2.2 Ежелгі Египет мәдениетінің деректануы
3. Мәдениеттің сан алуандылығы
3.1 Ғылыми жетістіктері
3.2 Египеттік мәдени мұралар
4. Мысыр сәулет өнері
4.1 Әлемнің жеті кереметі – пирамидалар
4.2 Хеопс пирамидасы
4.3 Ежелгі Мысыр еліндегі «Сұлтан Бейбарыс» мешіті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ежелгі Мысыр еліндегі.docx

— 69.79 Кб (Скачать)

Хеопс пирамидасын салуға пайдаланылатын тастар Гизадан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта болған. Жұмысшылар жартастарды бөліп алу үшін оның жарықтарына ағаш қазықтар қағып, су құйған. Ісінген қазықтар жартастарды  оңай бөліп жіберетін. Бөлінген тасблоктарды құлату үшін ағаш иінтіректер мен  берік арқандар пайдаланылған (5-сурет). Алып тасблоктар аунап түскен кезде, жылжытып әкету үшін астына тізілген жұмыр ағаштар қойылған. Тасты  өндіруге 1200 жұмысшы қатысқан. Тастар Ніл өзені және арна арқылы құрылыс  алаңына жеткізіліп отырған. Бұл  тастар жағада өңдеуден өткізіліп ағаш шаналарға тиелетін. Пирамиданың  биіктеуіне сәйкестіре отырып, балшық кірпіштерден көлбеу саты-жолдар жасалған. Оған жұмыр ағаштар төселіп, тас  тиелген шаналардың әрбірін екі  қатар тұрған 24 жұмысшы арқанмен тартып биікке шығарған (4-сурет). Қалайтын алаңға жеткізген соң ағаш иінтірек, арқан, төселген жұмыр ағаштар арқылы керек жерге тасты орналастыратын. Мұндай құрылысқа бір кезекте 20 мыңдай адам жұмылдырылған. Пирамиданы салуға Хеопстың ұлы Хафр өзі басшылық етті, ал сәулетшілер, ерекше талантты өнертапқыштар таңдалып отырған.

Хеопс пирамидасының ішіндегі құпиялар. Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда ішкі ауа жолдары мен камералар өте көп. Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы зерттелсе де, жұмбақ нәрселер әлі де жетерлік. Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы орналастырылған. Оның ұзындығы - 10,6 м, ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде және 5 шағын камера бар. Олар қабір камерасын басып тұрған салмақты жеңілдетеді және оны бұзылудан қорғайды. Камералардың аралығындағы гранит тақталарға Хуфудың өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған. Хуфудың мәйітіне арналған тас саркофагін камерадан шығарып әкету мүмкін емес, оның көлемі камераға кіретін есіктен үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын көрсетеді (6-сурет). Патша камерасына ауа ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы бағытынан келіп кіреді. Бұл фараонның жаны жұлдызға көтерілсін деген тілектен туған. Фараонның мәйіті 43,3 метрлік кемемен молаға әкелінген. Пирамиданың іргесіндегі ғибадатханада жерлеу рәсімі жасалған соң, мәйіт жерасты жолымен патша камерасына жеткізілген. Оған кірген жұмысшылар мен абыздар жерасты жолына қарай түскен соң, қайтарда шығар жерді гранит тақталармен білінбейтіндей етіп бекітіп кететін. Ал, патша камерамен жалғасып жатқан «Үлкен галерея» деп аталатын ұзындығы 46,7 м, ені 2,1 м ұзын дәлізді қарақшылардан қорғау үшін үш гранит тақтамен бөгеп қойған. Оған солтүстік жақтан келіп кіретін есік әктасты қаптауыштың астында құпия жасырылған. Патша камерасынан төменіректе ханшайым камерасы да болған. Оған да 2 ауа жолы және жер астына түскен соң екіге айырылатын бөлек дәліз жасалған. Бірақ, оған ханшайымның мәйіті қойылмаған, Фараонның мүсіні сақталған. Бұл да - шешуі жоқ жұмбақтардың бірі. Қазір бұл пирамидалар қалашығы саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Түнге қарай онда сиқырлы музыкалар ойналып, төрт жағынан көз тартарлық лазер сәулесі түсіріліп тұрады. Пирамидада әлі де қазба мен қалпына келтіру жұмыстары бір толастамайды.

Әлемнің патшасы, мейлі көшенің  қайыршысы болсын, иманға келмесе, мәңгілікке деген арманын қанағаттандыра алмайды. Бақи дүниеге сенбеген соң, мәңгіліктің  де мәні жоқ. Кім болса да пирамиданың  иелеріне ұқсап, «бұл дүниелік мәңгіліктердің» жетегінде адасумен торыққан күй кешеді. Ал, баяғыда салынып, бізге жеткен бұл пирамидалардан біз адам өмірінің де, дүниенің де өтпелі екендігін пайымдайтын ғибрат алсақ дейміз.

 

 

4.3 Ежелгі Мысыр еліндегі «Сұлтан Бейбарыс» мешіті

 

Сұлтан Бейбарыс (1225-1277) — Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны әл-Мәлік  әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс. Беріш  руынан туған. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы  аса ғажайып тұлға.

Сұлтан аз-Захир Бейбарыс бабамыз 1260 жылы Мысыр тағына отырды. XVI ғасыр  басында мәмлүктерді түріктер биліктен айырғанымен, XVI ғасыр соңында олар билік тағына қайта ие болды. Дегенмен XVI ғасырдың алғашқы жылдары Түрік  әскербасыларының бірі Мүхаммед Әли  Мысыр билігін тартып алып, өзін әмірші деп жариялайды.

Бейбарыс белгісі 1260 жыл. 
Мешіт Ніл өзенінің шығыс жағында, Каирдің ескі бөлігінің орталығында орналасқан. Мешіттің кіре беріс маңдайшасына, сол кезде жазылған болу керек, әдемілеп, өрнектеліп «Бейбарыс» деп жазылып қойылған. Мешіт 5000 м2 жерді алып жатыр. Бір көргеннен-ақ ғимараттың ғимараттың ортағасырлық екені байқалады. Кейде ол мешіттен гөрі қамалға көбірек ұқсайды. Каирде Бейбарысқа байланысты 200-ден астам өзге де ескерткіштер, көптеге ғимараттар, сан түрлі көпірлер бар.

Сұлтан аз-Захир Бейбарыс есімімен аталатын бұл мешіт 1266—1268 жылдары  салынған. Ол қазір де Мысырдағы  ең танымал мешіттердің бірі. Каир қаласының ескі қорғанынан тыс жерде  ең алғашқы бой көтерген бұл қасиетті мекенді салуда сол заманның озық құрылыс тәсілдері мен құралдары  қолданылған. Мешіт Шамдағы Яффа қаласынан әкелінген түрлі түсті  мәрмор тастар мен құнды ағаштардан тұрғызылған. Оның ұзындығы — 108 м, ені  — 105 м. Дуал ретінде қаланған тас  қабырғалардың биіктігі —10,96 м. Мешіттің михрабы көркем оюлармен безендірілген, үш салтанатты қақпасы бар. Ғимараттың батыс жағында орналаскан, биіктігі 11, 83 м. бас қақпаны сәулет өнерінің ерекше ескерткіші деуге болады.

Сол заманда қабылданған кұрылыс  кағидалары мен діни ғибадат ғимараттарын салу мәнеріне сәйкес мешіт ортасы, үсті ашық төртбұрышты алаң, төрт жағы 10—12 м шамасында, үсті мәрмәр бағаналарға  бекітілген ағаш шатырлы сарай етіліп салынған. Мешіттің ішкі жақ қабырғалары  мен терезелері араб және шығыс мәнеріндегі  әдемі өрнектермен әшекейленіп, қасиетті Құран сүрелерінің аяттарымен өрнектелген. Мастаба — кірпіштен қаланған жайдак үйлер (зираттар).

Мешіттің михрабы, әдеттегідей, қасиетті Меккеге қарай бағытталған. Оның шығыс жақ қабырғасының орта тұсында михраб орналаскан бөлме  бар. Бөлменің үстіңгі жағын алғашқы  кезде әйгілі Шафий имамы мешітінің  күмбезі үлгісіндей етіп, диаметрі 20 метрлік ағаштан жасалған күмбез жауып тұрған. Тарихшылардың деректеріне  қарағанда, михрабтың екі жағынан  биіктіғі 3 метрлік гранит бағаналар  орнатылған, астыңғы жағы қызыл және қара түсті мәрмәрмен, ал үстіңгі  жағы ағашпен оюланып безендірілген.

Михраб орналасқан бөлменің қабырғалары ақ түсті мәрмәрмен  және ағашпен әшекейленген. Қазір мешіттің осы бөлігінің күмбезі күйреп, жойылып кеткен. Ал қабырғалары мен михрабтың орны кірпішпен қаланған қаңқасын ғана сақтап қалған.

Ежелгі Мәмлүк мемлекетін басқарған атақты Сұлтан Бейбарыс – араб сәулетінде дала мәдениетін қалдырған тарихи тұлға. 

 

Қорытынды

 

Египет мәдениеті  сан-салалы мәдениеті. Сонымен бірге  пирамида, храмнан басқа Египеттің  б.з.д. ең көне жазу текстері де жеткен. Олар құдайларға құлшылық етумен шаруашылықты жүргізумен байланысты жазбалар, яғни иероглифтер. Иероглифтер көне Египет мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсақ та олар иероглифтерге бай болып келеді. Патша Рамсес-ІІ тұсында тұрғызылған сәулет құрлыстары Египет монументалды сәулетінің соңғы, ірі белгі-ескерткіштері болды. Осы кезеңнен кейін Египет мемлекеті үздіксіз соғысты басынан кешірді.

 «Ежелгі Египет мәдениеті» курстық жұмысының негізгі бөлімі 3 үлкен тарауды қамтиды. 1 тарауда Египет мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктері, қала мәдениетінің қалыптасу алғышарттары қарастырылады.

2 тарауда Египет мәдениетінің деректануы, яғни оның ажыратылуы, сондай-ақ оның әрі қарай дамуы, діни сенімдерінің қаншалықты даму жолына әсер еткендігі баяндалады.

3 тарауда Мысыр мәдениетінің қаншалықты жан-жақты дамығандығы, атап айтқанда ғылымдағы жетістіктері, мәдени мұралары айтылады.

4 тарауда Египет сәулет өнерінің жоғары дәрежедегі туындыларымен, атап айтқанда «Сұлтан Бейбарыс» мешіті, Хеопс пирамидасы таныс боласыз.

Кезінде күшті де айбынды  болған патшалықтың шаңырағы шайқалып, сыртқы жаугершіліктің құрбаны болды. Әр кез оны Эфиопия, ассириялықтар жаулап алып, гүлденеген мәдениеті мен өнерінің одан әрі дамуына көп кеселін тигізді. Тарих әлемінде мыңдаған жылдар бойы жарық жұлдыздай жарқырап, өзіндік із қалдырған Египет өнері біртіндеп өнер сахнасынан кетті.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.

2. «Мәдениет» Әбіш Кекілбайұлы

3. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ, 6 том

4. http://kk.wikipedia.org/wiki/Мысыр_мәдениеті

5. http://kk.wikipedia.org/wiki/Мысыр_өнері

6. http://referaty-v.kz/мысыр-өнері

7. http://kaznamys.com/publ/filosofija/ezhelgi_m_denietter_men_rkenietter/

8. Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы