Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа
Курстық жобаның мақсаты Ежелгі Египет мәдениеті жайлы алғаш мағлұматтар беріліп, онымен кең, ауқымды түрде танысу болып табылады. Курстық жобаның мазмұны, құрылымы «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбында толығымен қамтылған.
Курстық жобаның кіріспесінде Көне Египет мәдениеті жайлы алғаш мәліметтер берілсе, ал негізгі бөлімде Египет мәдениетінің қалыптасу алғышарттары, оның дамуы, сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныс боласыз.
Кіріспе
1. Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
1.1 Cәулет өнерінің дамуы
1.2 Қала мәдениеті қалыптасуы
2. Египет мәдениетінің дамуы.
2.1 Египеттіктердің діни сенімдері
2.2 Ежелгі Египет мәдениетінің деректануы
3. Мәдениеттің сан алуандылығы
3.1 Ғылыми жетістіктері
3.2 Египеттік мәдени мұралар
4. Мысыр сәулет өнері
4.1 Әлемнің жеті кереметі – пирамидалар
4.2 Хеопс пирамидасы
4.3 Ежелгі Мысыр еліндегі «Сұлтан Бейбарыс» мешіті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Аннотация
Мәдениеттану пәні бойынша курстық жоба.
Курстық жобаның мақсаты Ежелгі Египет мәдениеті жайлы алғаш мағлұматтар беріліп, онымен кең, ауқымды түрде танысу болып табылады. Курстық жобаның мазмұны, құрылымы «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбында толығымен қамтылған.
Курстық жобаның кіріспесінде Көне Египет мәдениеті жайлы алғаш мәліметтер берілсе, ал негізгі бөлімде Египет мәдениетінің қалыптасу алғышарттары, оның дамуы, сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныс боласыз.
Курстық жоба А4 форматындағы бетті қамтыды.
Жобаны жазу барысында қосымша әдебиеттер кеңінен қолданылды.
Курстық жұмыс кең ауқымды оқырмандарга арналган.
Кіріспе
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет.
Ежелгі патшалық құдай деп танылған перғауындар билейтін біртұтас Египет державасы құрылып, осы державаны қоршаған дүниеде орнықтыру дәуірі басталды. Ежелгі патшалық өнері осы орнықтыруға қызмет ету үшін жасалып, бәрінен бұрын құдай саналған қуатымен сана жетпестігін билейді. Гүлдену кезіңдегі Жаңа патшалық дәуірі – енді ешкім таласа алмайтын – орныққан Египеттің қуат күшінің салтанатты дәуірі болды.
Сонымен бірге бұл құл иеленуші топтың шектен тыс сән-салтанат дәуірі еді. Оған тек күш, тек орнығу жеткіліксіз бола бастады. Сондықтанда бұл дәуірдегі өнерге аса бір нәзіктік пен сұлулыққа, ұмтылыс пен жарқылған ұштасқан ұлан – ғайырлық пен сән-салтанат тән.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарып отырған, яғни табиғатта болып жатқан құбылыстар египеттіктерді негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілімге сендірген. Сондықтан олардың алдында мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Осы ілімнің барлығы пирамиданың, мумияның, сфинкстердің пайда болуына ықпалын тигізді.
Менің курстық жұмысым көне Египет(Мысыр) мәдениетімен, өркениетімен жеке дара танысу. Жұмыста мәдениеттің қалыптасу алғышарттары, оның даму жол қарастырылып, сәулет өнерінің тамаша туындылары жайлы сөз қозғалады. Бұл бейнелеу тәсілінің өміршендігі сондай, бірнеше ғасырлар бойы жан-жаққа тарап, әр ел өнерінің дамуының тарихына игі ықпалын тигізді.
1 Египет мәдениетінің қалыптасуы.
Египет –ежелгі мәдениеттер
қатарындағы ең маңызды орын алатын
тамаша өркениет түрлерінің бірі. Ол алып
Сахара шөлімен көршілес орналасқанына
қарамастан Солтүстік-Шығыс Африкада
орналасқан оазиске айналды. Египет
мәдениетінің жетістіктері сан алуан,
әлі күнге дейін толық мәнде
құпиясы шешіліп бітпеген, талай
жұмбақтарды жасырған әлемнің жеті
кереметінің бірі-
Ніл алқабында Мысырдың бай
өлкесі мен атырауында жердің әрбір
текше метрі барынша
Мысырдың ғажайып өнері
Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен
алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда
пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс
ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер
құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың
асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы
енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды.
Б. з. д. IV мыңжылдықтың екінші жарытысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. III мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып, тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезенде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.
1.1 Cәулет өнерінің дамуы
Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі — Нармер тақтасы. Тақтада Солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығы, жеңісі айшықты бейнелермен шебер берілген. Тақтадағы мүсіншінің құрылымдық шешімі, тақта бетіндегі ұтымды бейнелік тәсіл көрген адамды бірден баурап алады. Бұл тарихи өнер көзі – Ежелгі Мысыр өнерінің ең бір айтулы ескерткіші болып табылады.
Осыдан кейінгі кезеңдерде де Мысыр
патшалығы нығайып, перғауындар
билігі арта түсті. Бар байлықты қолдарына
жинаған патшалар әулеті Мысырда
ірі қалалар, ауқымды сәулет кешендері
гибадатханалар ашуды колға алды.
Мұндай мәдени өзгерістер перғауын Жосердің
түсында кең етек алды. Сол кездегі
Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі
ең көне қаланың бірі Мемфис гүлденіп,
өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы
үлгілері пайда болды. Дәл осы
кезеңде Мысыр әдебиетінің
Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны «сатылы пирамида» деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті. Мысырда мұндай алып құрылыстардың салынуы діни нанымға да байланысты болды. Бұдан ертеректе де Мысырда атақты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына алып ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады-мыс.
Екінші жағынан, перғауындар қарапайым халыққа өз үстемдігін жүргізу үшін, өздерінің құдіреттілігін таныту үшін де осындай ескерткіштер салуға мүдделі болды. Осы дәстүр Мысырдың сәулет өнерін өрі қарай дамытып, атақты пирамидалар дәуірін тудырды. Жосер сәулет кешенінен бастау алған «пирамидалар дәуірі» б.з. д. VII ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Пирамидалардың ішіндегі ең әйгілі өрі атақтысы Хуфу (Хеопс) және Хафра (Хефрен), Менкаура (Мекерин) тұрғызылды. Ніл жағасындағы Гизе жазығында орналасқан осы үш пирамиданы «Гизе пирамидалар қорымы» деп атайды.
Пирамидалар қорымындағы ең атақтысы — Хуфу (Хеопс) ғибадатханасы үлкен сәулет кешені. Оны Мысыр перғауыны Хеопс (б.з.д. III мыңжылдықтың бірінші жартысы) салдырған. Перғауын өзінің өмір бойы жинаған бар қазынасына осындай керемет құрылыс салғызып, тұрғындарға тарту еткен. Пирамиданы салдыру үшін он жыл бойы Ніл дариясының ішкі жазығына дейін жол төселген. Мыңдаған құлдардың ауыр еңбегі жұмсалған үлкен кұрылыс жиырма жыл бойы жүргізілген деген болжам бар.
1.2 Қала мәдениеті қалыптасуы
Бар байлықты қолдарына жинаған патшалар әулеті Мысырда ірі қалалар, ауқымды сәулет кешендері гибадатханалар ашуды колға алды. Мұндай мәдени өзгерістер перғауын Жосердің түсында кең етек алды. Сол кездегі Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қаланың бірі Мемфис гүлденіп, өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы үлгілері пайда болды. Дәл осы кезеңде Мысыр әдебиетінің алтын тамыры болып табылатын «Птаха» Құдайы туралы жазылған діни-философиялық шығарма өмірге келді.
Сөйтіп, ғылымы мен өнері, әдебиеті, жаңа тұрпаттағы инженерлік құрылыстары барынша дамыды. Сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі ретінде Жосер пирамидасы салынды. Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны «сатылы пирамида» деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті. Мысырда мұндай алып құрылыстардың салынуы діни нанымға да байланысты болды. Бұдан ертеректе де Мысырда атақты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына алып ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады-мыс.
2 Египет мәдениетінің дамуы.
Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған.
Жыл сайын буырқанып таситын
Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге
қайтып оралады деген діни түсінік
адамдар санасында берік