Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа
Курстық жобаның мақсаты Ежелгі Египет мәдениеті жайлы алғаш мағлұматтар беріліп, онымен кең, ауқымды түрде танысу болып табылады. Курстық жобаның мазмұны, құрылымы «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбында толығымен қамтылған.
Курстық жобаның кіріспесінде Көне Египет мәдениеті жайлы алғаш мәліметтер берілсе, ал негізгі бөлімде Египет мәдениетінің қалыптасу алғышарттары, оның дамуы, сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныс боласыз.
Кіріспе
1. Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
1.1 Cәулет өнерінің дамуы
1.2 Қала мәдениеті қалыптасуы
2. Египет мәдениетінің дамуы.
2.1 Египеттіктердің діни сенімдері
2.2 Ежелгі Египет мәдениетінің деректануы
3. Мәдениеттің сан алуандылығы
3.1 Ғылыми жетістіктері
3.2 Египеттік мәдени мұралар
4. Мысыр сәулет өнері
4.1 Әлемнің жеті кереметі – пирамидалар
4.2 Хеопс пирамидасы
4.3 Ежелгі Мысыр еліндегі «Сұлтан Бейбарыс» мешіті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Көптеген статуялар мен статуэткалар, эскиздер, зиратардағы әр түрлі суреттер, папирустағы әшекейлер ежелгі египетте өнердің жоғары дәрежеде болғанына дәлел болады. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде мол ескерткіштер ашылды. Олардың барлығы жазбаша деректерге қосымша болып, солар арқылы ежелгі адамдардың дүниетанымы мен шаруашылығы туралы деректер береді. Ежелгі египеттіктер құрылысы жағынан алғанда күрделі, деңгейі бойынша өте жоғары, мәдениеті жағынан өте бай, тек қана шығыс елдеріне ғана емес, сонымен қатар ежелгі гректерге үлкен әсер берген өркениетті басынан кешірді. Көптеген мәдени құндылықтары қазіргі таңда әлемдік мәдениет қазынасына және адамзат игілігіне айналып отыр. Әсіресе Ніл өзінінің жағасында шаруашылықтың дамы: рационалды ұйымдасқан егіншілік материалдық мәдениеттің құрылуына ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым, рухани дамуы египеттіктерді мемлекет пен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты одан ары дамытуға қадам жасады.
Материалдық мәдениет ескерткіштерімен
жазбаша деректерге қосымша рөл
атқарады. Материалдық деректер египеттіктердің
өмірімен тығыз байланысты. Материалдық
ескерткіштердің көпшілігі
Ежелгі египеттіктер құрылысы
жағынан алғанда күрделі, деңгейі
бойынша өте жоғары, мәдениеті
жағынан өте бай, тек қана шығыс
елдеріне ғана емес, сонымен қатар
ежелгі гректерге үлкен әсер берген
өркениетті басынан кешірді. Көптеген
мәдени құндылықтары қазіргі таңда
әлемдік мәдениет қазынасына және адамзат
игілігіне айналып отыр. Әсіресе
Ніл өзінінің жағасында шаруашылықтың
дамы: рационалды ұйымдасқан егіншілік
материалдық мәдениеттің
4 Мысыр сәулет өнері
Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің
дамуына үлкен әсер еткен ежелгі
мәдениеттердің бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы
перғауын патшалар басқаратын ерте құл
иеленуші, орталықтандырылған озбыр
формадағы мемлекет пайда болды.
Египеттің жоғарғы билігін
Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері бір-бірімен сабақтасып, бірге дамып отырған. Гизе пирамидаларын, оның корғаушысы сиякты айбынды да асқақ Хефрен сфинксінсіз, Қарнак, Луксор алдындағы Құдай бейнелі мүсіндерсіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толыктырып, жарасым тауып тұрған ғажап дүниелер.
Пирамиданың аумағы мен зәулім кұрылысына тең келер тас құрылыс бүкіл әлемде жоқтың қасы. Оның биіктігі 147 метрге жетсе, ал қырларының ұзындығы 235 метрге жетеді. Ғаламат тас кесектерден әдемілеп өрілген сәулет ескерткіші бес мың жыл бойы әлі мызғымай сол күйі сақталғаны мәлім. Осындай алып кұрылысты басқарған сәулетші Xемиун еңбегі орасан зор болды. Мысыр елі кейінгі ғасырларда да дүниежүзілік мәдениет пән өнерге өлмес мұра қалдырды. Сондай сәулет өнерінің бірі — б.з. д. XX—XIII ғасырларда салынған Қарнақ гибадатханасы. Оны сол кездегі ел басқарған ұлы перғауын III Аменхотеп салдырды.
Патша сәулетшілерден бұл ғибадатхананың
ешбір құрылысқа теңдеусіз
Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен
де, асқақтаған ауқымдылығымен де Хефрен
сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі
арыстан бейнесінде салынып, бас
жағы перғауын Хефрен кейпін елестететін
асыл ескерткіштің негізі табиғи гранит
тастан қашалып жасалған. Осынау Хефрен
мүсінінен бастау алған Мысырдың
монументальді ескерткіш
Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен
де, асқақтаған ауқымдылығымен де Хефрен
сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі
арыстан бейнесінде салынып, бас
жағы перғауын Хефрен кейпін елестететін
асыл ескерткіштің негізі табиғи гранит
тастан қашалып жасалған. Осынау Хефрен
мүсінінен бастау алған Мысырдың
монументальді ескерткіш
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһары Тутанхамон перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі – Нефертитидің скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды жазық бейнелеу, статикалық, канондық шарттылық тән. Ерлердің денесі қызыл түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен, ал шаштары қара түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында болады.
Египеттің көркем әдебиетінің ең ерте ескерткіштері б.з. дейінгі ІІ мыңжылдыққа жатады. Бұл – патшалар мен даналардың ұлдарына ақыл айтуы, ғажайыптар, сиқыршылар туралы көптеген ертегілер, повестер. Ежелгі Египет әдебиетінің ұзын сонар, дерексіз шығармаларының бірі – «Көңілі қалған адамның өз жанымен әңгімесі» («Беседа разочарованного со своей душой»).
4.1 Әлемнің жеті кереметі - пирамидалар
Әлемнің алғашқы жеті кереметінің
ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол
– біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр
бұрын салынған Египет патшаларының
мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық
Филон жазып кеткен әлемдегі жеті
кереметтің біріншісі осы Египет
пирамидасының біз білетін
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оң-түстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уа-қыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
«Құдіретті құдай» — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындыларының бірінен сана лады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сөулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп
сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзаққ басқыш
тәрізді аспанға өрлей береді.
Бұл пирамиданың биіктігі — 60 м.
болса, одан кейінгі салынған пирамидалар
одан да биік, одан да аумақты. «Сонда осындай
алып құрылыстарды салу неге қажет
болды екен?» — деген ойға еріксіз
келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты
қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы
аспан мен жер үстіндегі
«Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналатын пирамидалар әлі күнге дейін бізді ерекше құрылысымен таңдандырады. Себебі адам баласын таң қалдырған мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен –жексен болды, бірінен – бірі болып жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көне осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр. Ендеше көне тарихтын куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіш ретінде қала бермек.
4.2 Хеопс пирамидасы
Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида
Хеопс перғауынның әмірімен
Алып құрылыстар осы
күнге дейін көрушісін қайран
қалдырады. Осы пирамидалар
Хеопс пирамидасы салынғалы
бергі 4 мың жыл бойы осы бір
сұрақ кімді де болсын мазалауын
қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық
алып дүниені адам салуы мүмкін емес»
деп күмәнданатындар да кездеседі.
Біреулері «жындар салған болуы
ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер
бетінде болған басқа өркениеттің
белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай
кереметті бөтен ғаламшардан
келгендер салған» деген
Таңғаларлық деректер. Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
Пирамидалар салынуы. Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған (2-сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай. Хафрдың тұсына таман салынған адам басты, арыстан денелі 20 метрлік әйгілі алып Сфинкс тұтас жартастан қашалып жасалынған (1-сурет). Қарапайым құрал-саймандармен мұншама сұсты дүниелерді қалай салғаны туралы дәлелді болжамдар ғана айтылады. Әйтпесе, сырлы жұмбақтар сол алып тастармен бірге қаланып, уақыт қойнауына мәңгі жұтылып кеткенге ұқсайды. Пирамидаларды салмас бұрын оның тұратын орны тегістелген. Мінсіз тегістеу үшін құрылыс алаңына су жіберілген. Құрылыс алаңы дымқылданып, жібіген соң торкөз жыралар қазылған. Жыралардың тереңдігі бірдей болу үшін арнайы таяқтармен өлшеп теңестіріп отырған (3-сурет). Су тартылған кезде жыраларда шамалы су қалдырылған. Осылайша судың көмегімен жібітілген тасты қыртыстарды түгел тегістеген. Әрі жырадағы қалдырылған судың деңгейін бір тегіс өлшем үшін құрал ретінде қолданған. Осылайша тегістелгендіктен пирамида бір сызат түсіп жарылмай, сәл қисайып ауытқымастан мызғымай тұр.