Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жобаның мақсаты Ежелгі Египет мәдениеті жайлы алғаш мағлұматтар беріліп, онымен кең, ауқымды түрде танысу болып табылады. Курстық жобаның мазмұны, құрылымы «Ежелгі Египет мәдениеті» тақырыбында толығымен қамтылған.
Курстық жобаның кіріспесінде Көне Египет мәдениеті жайлы алғаш мәліметтер берілсе, ал негізгі бөлімде Египет мәдениетінің қалыптасу алғышарттары, оның дамуы, сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныс боласыз.

Содержание

Кіріспе
1. Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
1.1 Cәулет өнерінің дамуы
1.2 Қала мәдениеті қалыптасуы
2. Египет мәдениетінің дамуы.
2.1 Египеттіктердің діни сенімдері
2.2 Ежелгі Египет мәдениетінің деректануы
3. Мәдениеттің сан алуандылығы
3.1 Ғылыми жетістіктері
3.2 Египеттік мәдени мұралар
4. Мысыр сәулет өнері
4.1 Әлемнің жеті кереметі – пирамидалар
4.2 Хеопс пирамидасы
4.3 Ежелгі Мысыр еліндегі «Сұлтан Бейбарыс» мешіті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ежелгі Мысыр еліндегі.docx

— 69.79 Кб (Скачать)

 

2.1 Египеттіктердің  діни сенімдері

 

Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сәнсалтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны гана емес, ұзақққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.

Пирамидалар перғауындар  мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш-«Ка-ға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы — көне Египет қоғамындаты адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады. Біздің заманымаздан бұрынғы ІІІ—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және тағы басқалары) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.

Көне Египетте кеңінен  орын алған мұндай көп құдайға  табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы  өкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті  мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа  соқты. Міне, осындай сындарлы кезеңде  тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (біздің заманымаздан бұрынғы 1419—1400 жылы аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты — бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай «Атоя» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иелігіндегі дүниемүліктер төркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді. (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барлық кезеңі «Амарндық» деп аталады).

Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан  жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа  болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы  — өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән  беру құбылысының алғашқы нышандары  белгілі бола бастады. Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің  нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл  композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық  сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда  болуы — баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.

Не болмаса Эхнатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестететіп көр. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да — осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек. Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті.

1922 жылы дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонньщ мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс — ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзаққ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонньщ қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.

 

 

 

2.2 Ежелгі Египет мәдениетінің деректануы

 

Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және әр түрлі деректердің  негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп  келе жатыр. Қазіргі кезге дейін  көптеген жазба ескерткіштердің  түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек  көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа  бөлуге болады:

1. Жазбаша түп-деректер: тарихи  еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми  және діни мәтіндер, әр түрлі  құжаттар.

2. Материалдық мәдениеттің  ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, мазарлардың, тұрғын үйлердің  қалдықтары, керамика, статуя, табынушылықтың  әртүрлері және заттар т.б. 

3. Халықтың ауыз әдеби  шығармалары бойынша ескерткіштер: өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар т.б. жатады.

4. Тілдік мәліметтерге: басқа  тілдердің осы әдебиетте қолданылуы  жатады.

5. Этнографиялық материалдарға:  әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер. 

6. Антропологиялық мәліметтерге: мумиялар, ежелгі адамдардың бейнелері,  қаңқалар, фрескалар мен рельефтегі  бейнелер т.б. 

7. Географиялық ортаның  және табиғи ландшафттардың өзгеруіне  байланысты: каналдардың қалдықтары, жолдар т.б. жатады.

Біздің заманымаздан бұрынғы  екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы  жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойыңдағы құл иленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Біздің заманымаздан бұрынғы VI ғ. Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі біздің заманымаздан бұрынғы 405 жылы дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, біздің з.б. 332 жылы македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің(біздің заманымаздан бұрынғы 356—323 жылы) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны «Құдайдың ұлы» деп жариялады. Осы бір тарихи кезінде Египет гректер мен египеттік құдайлардың басты қасиеттерін бойына жинақтаған жаңа Сарапис құдайының бейнесін қалыптастырды, оған халық болып табыну басталды.

 

 

 

3 Мәдениеттің сан алуандылығы

 

Египет мәдениеті — сан-салалы мәдениет. Солардың бірі — біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар — құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға дейін келіп жетпеген.

Египеттің көркем әдебиетінің  түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және тағы басқалары Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі — «Өмірден тұңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Өмірден қатты тұңілген бұл адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп, оны өлімнен сақтандырады Иероглифтер — көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да,олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дөстүрлерін сақтап қалған).

Ерекше атап өтетін бір  жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың  алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді.

 

 

 

3.1 Ғылыми жетістіктері

 

Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге  жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аң-ғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар — су және күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға бай-ланысты көз, тіс және тағы басқалары дәрігерлері пайда болды.

ХҮІІІ династия заманының  ғылыми жетістігі Яхмос І тұсындағы  Аменемхет І заманынан басталған  математикалық кітабының жазылуы. Ғылым тарихында екі ғалым  есімі таныс: Яхмос математикасы және Аменемхет физикасы, ол су сағатын (клепсидра) ойлап тапқан. Осы уақыттан Карнак храмындағы клепсидраны атауға болады.

Египеттік жазба ескерткіштер. Египет жазуларының сонау ежелгі заманда-ақ құпиясын ашуға тырысты. Бірақ антика авторлары египеттік  иероглифтер бүтіндей сөзді және діни философиялық ұғымды білдірді деп  қателесті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ежелгі авторлардың дәлелді емес деректеріне  сүйеніп, құпияны ашуға тырысты, бірақ құпияны аша алмады. ХҮІІ ғасырда А. Кирхер, ХҮІІІ ғасырда  Де-Гинь, Цоега және басқалар зерттеді. Томас Юнг Египет жазуындағы фонетикалық  белгілерді тапты. Соның нәтижесінде  бірнеше атауды оқыды. Бірақ Египет жазуының құпиясын француз ғалымы Франсуа  Шампольон ашты. Ол өзіне дейінгілерге сын көзбен қарап, 1822 жылы египет иероглифтері тек бүтін сөзді ғана емес, сонымен  бірге жекелеген буын дыбыстарды да білдіретінін жариялады. Ол египеттік  жазудың алфавиті және грамматикасы мен сөздігін құрастырды. Египтологияның дамуына де Руже, Шаба, Масперо, Лепсиус, Эрман және т.б. авторлар үлес қосты.

Құжаттық деректер жетпегендіктен әдеби және діни мәтіндер де Египет тарихын зерттеу үшін қолданылады. «Поучение гераклеопольского царя»  атты еңбегін ежелден орта патшалыққа дейін өту кезеңінің саяси  және әлеуметтік өмірін жақсы суреттейді. Ежелгі Египет жазулары көне заман  адамдарының тұрмыс деңгейі, дүниетанымы, мемлекеттік құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті, діні туралы дерек береді.

Египеттегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табыттар мен храм қабырғалары, жерлеу ескерткіштері, тас плиталар, саркофаг, папирустардан Египет тарихынан  мәлімет беретін жазулар табылды. Бұл жазулар тарихшылар үшін аса  маңызды. Ежелгі кезең тарихы туралы Нармер патшаның теңіз жазбасында айтылады. Онда шенеуліктер титулы, патшаның жеңістері, шайқастар туралы жазылған. Ежелгі патшалық кезеңіне пергама тасына қашалған жылнама жатады. Онда Ү династия перғауындарының аттары, қысқаша оқиғалар аталып өтіледі.

3.2 Египеттік мәдени мұралар

 

Ежелгі Египеттің мәдениеті  туралы мол ақпаратты көптеген жазба  деректерден табуға болады. Көрнекті француз египтологы Ж.Ф. Шампальонның иероглифтың жазба құпиясын ашқаннан соң, ғалымдар ірі мөлшердегі әр түрлі  жазба деректерді тауып, аудара бастады. Тарихшылар үшін ең алдымен ежелгі египеттіктердің тарихи шығармалары  аса қызықты болып табылады. Қазіргі  күнге дейін Палермода сақталған, палермдік тас деген атпен  белгілі ежелгі шежірелер үлкен  плиталарда сақталған. Шежіреде династиялық  кезеңге дейінгі уақыттан Ү династияға дейінгі патшалық құрған перғауындардың аты-жөндері, ірі жорықтар туралы қысқаша  сипатталып жазылған. Карнактағы Амон-ра храмының қабырғаларында жазылған «Анналы  Тутмоса ІІІ» (ХҮІІІ династия) тарихи сипаттағы ескерткіш болып табылады. Автор Тутмос ІІІ әскери жорығы мен  патшалық құрған жылдарындағы маңызды  оқиғаларды ғана жазып қойған жоқ, сонымен  қатар патшалық еткендегі тұжырым  тарихын дамытты. Ол Египетті ерекше құдайдың қарамағындағы, сол кездегі  әлемнің орталығы ретінде қарастырды.

Ежелгі Египеттіктердің  тарихи ойларының керемет үлгілерінің  бірі б.з.д. ІҮ-ІІ ғғ жазылған, абыз Манефонның шығармалары болып табылады. Жеке құжат түрінде бізге жеткен деректі  материалдар және құқықтық мәтіндер бағалы дерек болып табылады. Қазіргі  таңға дейін сақталған бірнеше  мұрағаттарды атауға болады. Нефериркар патшаның храмынан табылған мұрағат  ең ежелгі болып табылады.

Материалдық мәдениет мұралары. Материалдық тұрмыс заттары, өнер шығармалары  дінмен байланысты. Сондықтан олар жазбаша деректерді толықтырады. Египеттіктер қайтыс болған адаммен бірге өмірінде қолданған заттар, статуя, амулет, сәндік бұйымдар, қаруларды бірге жерлеген. Бұл ескерткіштердің барлығы  құрғақ климат болғандықтан жақсы сақталған. Ежелгі патшалық дәуіріндегі пирамидаларда, Гиза, саккарадан «Өлілер қаласы»  табылды. Бұл жерлерден табылған әр түрлі материалдық мәдениет ескерткіштерінің көбі қазіргі кезде мұражайларда қойылған. Мыс пен қоладан жасалған еңбек құралдары мен қарулары египеттік металлургияның қандай дәрежеде дамығандығынан хабар береді. Синай  түбегіндегі мыс рудалары, Египеттің  әр жеріндегі мыс өңдеулер тау-кен  ісінің даму дәрежесінен мағлұмат береді. Бағалы материалдан, алтын, күмістен жасалған моншақ, жүзік, білезіктер, оюланған жиһаздар, әр түрлі сорттағы маталар Египетте қолөнердің жоғары дәрежеде дамығанына дәлел болады. Қарудың әр түрлілігі, бекініс қалдықтары әскери техника  ісін қалай жүргізгені туралы хабарлайды. Жақсы сақталған храм, табыт, зираттар, тұрғылықты үйлер арқылы құрылыс  жүйесі қалайша жүргізілген, ондағы шикізаттар туралы дерек алуға болады.

Информация о работе Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы