Сот талқылауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
Сот тергеуі.
Үкім шығару
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сот талкылқылауы курстык.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

     Сот, басты сот талқылауын тағайындау кезінде, тараптардың өтініші немесе өз бастамасы бойынша, қаулыда тиісті негіздеме келтіре отырып, істі ашық немесе жабық қарау туралы мәселені шешеді.

     Процеске  қатысушылар сот ісін қарау кезінде  жариялылықты шектеу туралы өтініштерді басты сот талқылауын тағайындау (істі алдын ала тыңдау) кезінде, сондай-ақ басты сот талқылауының барысында мәлімдей алады.

     Өзге  адамдардың, оның ішінде бұқаралық  ақпарат құралдары өкілдерінің  істі ашық немесе жабық сот отырыстарында  қарау туралы өтініш білдіруге құқығы жоқ.

     Жариялылықты  шектеу туралы өтініштер мемлекеттік  құпияларды қорғау, іске қатысушы адамдардың өмірінің жасырын тұстары туралы мәліметтердің жариялануына жол  бермеу, жәбірленушілердің, куәлардың  және басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмаған сотталушылардың мүддесін қорғау мақсатында ҚІЖК 29-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде ғана қанағаттандыруға жататынын соттардың ескергені жөн. ҚІЖК-нің 109-бабына сәйкес, жабық сот отырысында прокурордың алдын ала тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар бойынша қабылдаған шешімдеріне жасалған шағымдар қаралады.

     Сот талқылауының жариялылығын шектеу - сот отырысының барлық кезеңіне немесе оның ҚІЖК 29-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың зерттелетін бөлігіне қолданылуы мүмкін.

     Бұл туралы қаулыда көрсетілуге тиіс.

     Егер  мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты кейбір сотталғандар жөніндегі жабық сот отырысын өткізуге негіз болса, ал осы мән-жайлар басқа сотталғандарға қатысты болмаса, сот жабық сот отырысында қаралуға жататын қылмыстық істі басқа қылмыстық істен бөліп алып, жеке өндіріске шығаруға құқылы.

     Егер  істі бөліп алу зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығына және істің шешілуіне әсер ететін болса, онда ҚІЖК-нің 49-бабының 4-бөлігіне сәйкес, мұндай процессуалдық әрекетке жол берілмейді.

     Мұндайда  сот іс бойынша жабық сот отырысын өткізу туралы мәселені тұтастай ҚІЖК-нің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес шешеді.

     Төрағалық етуші басты сот талқылауын бастар кезде істің ашық немесе жабық  сот отырысында қаралатынын жариялайды.

     Сот отырысының хаттамасына тиісті жазу енгізіледі.

     Басты сот талқылауына істі жабық сот  отырысында қарау туралы өтініш келіп түскен жағдайда, сот өтінішті білдірген адамнан сот ісін қарау кезінде жариялылықты шектеу туралы мәселенің заңда көзделген қандай негіздер бойынша қойылып отырғанын анықтауға және процеске қатысушы басқа да адамдардың пікірлерін білуге міндетті.

     Егер  сот мәлімделген өтініш бойынша  шешімді сол жерде отырып шығарса, онда ол сот отырысының хаттамасына  енгізіледі, егер өтініш кеңесу бөлмесінде қаралса, онда сот жеке процессуалдық  құжат түрінде қаулы шығарады.

     Соттың  сот отырысы залында бейне-жазу құралдарын қолдануы сот отырысында болған жайдың бәрін қаз-қалпында бекітудің анағұрлым қолайлы және ең дұрыс тәсілі болып табылады әрі іс бойынша анықталған фактілерді бұрмалап жариялауға жол бермейді.

     Сот қолданған бейне-жазу құралдары  тиісінше мөрленіп, іспен бірге сақталады.

     Басты сот талқылауы барысында фотоға түсіруге, бейне-жазу қолдануға процеске қатысушылардың келісімімен және іс бойынша төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі.

     Бұл әрекеттер сот ісін қарау барысына кедергі келтірмеуге тиіс.

     Төрағалық етуші бейне-жазуды сот талқылауының белгілі бір бөлігінде немесе кейбір процеске қатысушылар мен  өзге адамдарға қатысты рұқсат ете  алады және бұған соңғылардың  келісімі болуы шарт.

     Ол  сот талқылауының кез келген бөлігінде  бейне-жазуға тыйым салуға құқылы.

     Төрағалық етушінің сот отырысы залында  бейне-жазуды қолдану мәселелері бойынша  барлық өкімдері сот отырысы хаттамасында көрсетіледі.

     Төрағалық етушінің өкімдерінің процестегі барлық қатысушылар мен сот залында  отырған өзге адамдар үшін міндеттілігі туралы ҚІЖК-нің 61-бабына сәйкес, оның бейне-жазуды қолдануға тыйым салу немесе тоқтату туралы өкімдері орындалуға тиіс.

     Төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбау ҚІЖК-нің 327-бабында көзделген шараларды  қолдануға негіз болады, ал адамның  жеке өміріне, жеке және отбасылық құпияларына қол сұғылмайтыны туралы конституциялық құқықтар бұзылған жағдайларда кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

     ҚІЖК-нің 403-бабына сәйкес, сот талқылауының жариялылығы мәселесі бойынша сот  отырысының барысында қабылданған сот қаулыларына бөлек шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды, оларға қарсы келтірілген келіспеушіліктерді істің мәнісі бойынша шығарылған үкімге (қаулыға) берілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда айтуға болады.

     Істерді қарау кезінде апелляциялық және қадағалау сатылары төменгі соттардың  сот талқылауының жариялылығы туралы заң талаптарын орындауына назар  аударып, заң бұзушылықтың әрбір  фактісі бойынша шара қолдануы қажет.

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
 

    1. ҚР-ның Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған) толықтырулар мен өзгертулермен. Алматы: Қазақстан, 2005. 

    2. Қазақстан  Республикасының Президенті Н.  Назарбаевтың Қазақ-стан Халқына  Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы  жаңа серпініс жасау қарасында. Қазақстаның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдіқ қатарына кіру стратегиясы» // Егемен Қазақстан. 2006. 2 наурыз.  

    3. Назарбаев  Н.Ә. Демократиялық құндылықтар  мен заңның қол-сұғылмаушылық  беделі // Казахстанская правда. 2003. 11 сентября.  

    4. 1995ж. 21 желтоқсандағы  ҚР "Прокуратура туралы" заңы // Еге-мен Қазақстан. 1995. 29 желтоқсан.  

    5. 2002ж. 9 тамыздағы  ҚР «ҚР кейбір заң актілеріне  прокурорлық қадағалау мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» заңы // Егемен  Қазақстан. 2002. 16 тамыз.  

    6. Нұрмашев  Ү.Ө. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. 
     

                

Информация о работе Сот талқылауы