Сот талқылауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
Сот тергеуі.
Үкім шығару
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сот талкылқылауы курстык.doc

— 196.50 Кб (Скачать)
 
 

Ж О С П А Р  

     І. Кіріспе

      ІІ. Негізгі бөлім

    1. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
    2. Сот тергеуі.
    3. Үкім шығару

    ІІІ. Қорытынды

    ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе.

     Басты сот талқылауы үшін белгіленген  уақытта төрағалық етуші сот  отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

     Негізгі бөлім Басты сот талқылауының дайындық бөлімі, Сот тергеу, Үкім шығару тарауларынан тұрады. Ол тарауларда мына төмендегі тақырыптар бойынша көрсетіліп кеткен.

- Сот талқылауының  тәртібі;

- Басты сот  талқылауының құрылымы;

- Басты сот талқылауының дайындық бөлімі, ұғымы, негізі;

- Соттық тергеу, ұғымы және маңызы;

- Сот мәжілісінінде сотталушыдан, жәбірленушіден, куәдан жауап алу;

- Басты сот талқылауында сараптама жүргізу;

- Басты сот талқылауында дәлелдемелік заттарды, жерді, үй-жайды қарау;

- Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу шегі;

- Басты сот талқылауында істерді қысқартылған түрде жүргізу;

- Сот жарыс сөзі, оларға қатысушылар;

- Сотталушының соңғы сөзі. -  көрсетіле кеткен.

- Соттық тергеуді қайта жаңғырту тәртібі және негізі.

- Үкімнің ұғымы, маңызы.

- Үкімге қойылатын талаптар мен негіздер. Үкімнің әділдігі, негізділігі.

- Үкім шығарар кезде соттың шешетін мәселелері.

- Сот мәжілісінің құпиялығы. Істі коллегиялық қарауда соттың мәжілісі

- Үкімнің түрлері. Ақтау және айыптау үкімі

- Үкімнің құрылымы және мазмұны. Үкімнің кіріспе және қарар бөлімі.

- Үкімді жариялау. Сот мәжілісінен сотталушыны жіберу

- Соттың жеке қаулысы. Олардың түрлері, маңызы, ұғымы.

- Үкім шығару мен қатар шешілетін мәселелер.  
 
 

1. Басты сот талқылауының  дайындық бөлімі.

      Қылмыстық сот іс жүргізу заңдылығында мынадай бір-бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады:

      1)басты  сот талқылауының дайындық бөлім;

      2)сот  тергеуі;

      3)сот  жарыс сөзі;

      4)сотталушының  соңғы сөзі және

      5)үкім  шығару.

   Басты сот талқылауының ашылуы.

     Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

     Ол  үшін сотталушының аты-жөнін, қандай қылмыс қарастырылатынын, Қылмыстық кодекстің  бабы, бөлімі, тармағы хабарланады (ҚР ҚІЖК-нің331-бабы).

     Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуін тексеру.

   Сот отырысы ашылғаннан кейін сот  отырысының хатшысы сот отырысына  прокурор,сотталушы, қорғаушы, сонымен  қатар жәбірленуші, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, аудармашы, куәгерлер, сарапшылар мен мамндар және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды (ҚР ҚІЖК-нің 332-бабы).

     ҚР  ҚІЖК-нің 87-бабына сәйкес, сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысыболып табылады.

     Сот төрешісінің жүктеуі бойынша  хатшы мынадай қызмет атқарады:

- сот тарапының барлығына сот талқылауының күнін белгілеп, шақырту қағаздарын жібереді;

- келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.

     ҚР  ҚІЖК-нің 90-бабында көрсетілгендей сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін, ол мәселені істі қараушы сот шешеді.

       Аудармашыға оның  құқықтары мен  міндеттерін түсіндіру.

     Төрағалық етуші аудармашыға міндеттерін түсіндіріп, шешімдерді, сотталушы мен қорғаушының және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды, қойылған сұрақтар, прокурордың, сот төрешісінің, қорғаушының сұрақтарын, үкім мен шешімдерін аударуға міндетті екенін түсіндіреді.

     Төрағалық етуші аудармашыға әдейі дұрыс  аударма жасамағаны үшін қылмыстық  жауаптылығы туралы ескертеді,бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.

     Аудармашыға, сондай-ақ өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған заңдарда белгіленген  тәртіппен әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін екені туралы ескертіледі (ҚР ҚЖІК-нің 333-бабы).

     Сотталушының  жеке басын және оған айыптау қортындысы көшірмесінің уақытылы тапсырылғанын анықтау.

     Төрағалық етуші сот процесі қатысушыларының  қатысуымен сотталушының жеке басын айқындайды.

     Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, туған  жылын, айын, күнін атауын сұрайды.

     Сонымен қатар немен айналасытынын, білімін, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтай  отырып, сот ісі жүргізілетін тілді  білетінін және т.б. айқындайды.

     Сотталушының  жеке басын айқындау соттың алдында қылмыс жасады деп айыпталып тұрғандығына көз жеткізу үшін қолданылады.

     Сотталушынң жеке басын айқындағаннан кейін  төрағалық етуші сотталушыға  айыптау қорытындысының, айыптауды  өзгерту туралы  қаулының не айыптау  хаттамасының көшірмесі тапсырылғанын және қашан тапсырылғанын анықтайды.

     Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 336-бабы).

     ҚР  ҚІЖК-нің 393-бабында және осы баптың екінші бөліміне сәйкес жеке айыптау ісі шағымының сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары  түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен  бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс.

     Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардың қарсылық білдіру құқығы.

     Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерін, сондай-ақ сот  мәжілісінің хатшысын, сот приставын, сарапшысын, маманы мен аудармашысының аты-жөнін хабарлап, атап өтеді.

     Төрағалық етуші тараптардың сот құрамынан  немесе сот төрешілерінің бірінен, прокурор, қорғаушы, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер немесе олардың  өкілдеріне хатшы, сарапшы, маман, аудармашыға бас тарруды мәлімдеу құқығын түсіндіреді.

     Бас тартуды мәлімдеу ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негіздер  бойынша, осы Кодекстің 89, 90-баптарында көзделеген негіздер бойынша сотпен шешіледі.

     Сотталушыға оның құқықтарын түсіндіру.

     Төрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 69-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді (ҚР ҚІЖК-нің 339-бап).

     Жеке  айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші  рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы  қылмыстар (ҚР ҚІЖК-нің 104, 105, 107-баптары және т.б.) жөніндегі істер бойынша жәбірленушіге бұған қоса оның сотталушымен бітімге келу құқығы түсіндіріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы).

     Сарапшыға, маманға олардың  құқықтары мен  міндеттерін түсіндіру (ҚР ҚІЖК-нің 342-бабы).

     Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған әдейі жалған қорытынды берегені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді  (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы), бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады (ҚР ҚІЖК-нің 341-бабы),

     Ол  басты сот талқылауының хаттмасына қоса тігіледі.

     Төрағалық етуші маманға оның осы Кодекстің 84-бабында көзделген құқықтары  мен міндеттерін түсіндіреді  және оған өз міндеттерін түсіндіреді  және оған өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

     Өтініштерді мәлімдеу және шешу.

     Төрағалық етуші тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды алдыру туралы өтініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды.

     Өтінішін  мәлімдеген адам қандай жағдайларды  анықтау үшін қосымша дәлелдердің  қажет екенін көрсетуге міндетті.

     Төрағалық етуші сондай-ақ тараптардан олардың талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтініштерінің бар-жоғын анықтауға міндетті.

     Сот талқылауының қалған қатысушыларының  пікірін тыңдағаннанкейін сот мәлімделген  әрбір өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтінішті қанағаттандырудан  бас тарту туралы дәлелді қаулы  шығаруға тиіс.

     Соттың  тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретінде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

     Сот өтінішін қанағаттандырудан бас  тартқан адам оны одан әрі мәлімдеуге құқылы  (ҚР ҚІЖК-нің 343-бабы).

     Сот талқылауына қатысушылардың бірі, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдайды және талқылауды кейінге қалдыру  немесе оны жалғастырады.

     Келмеген  адамдарды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады. (ҚР ҚІЖК-нің 344-бабы). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Сот тергеуі

     Сот тергеуі - сот талқылауының басты бөлігі,онда сотталушы мен жәбірленуші, куәгерлерден жауап алынып, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкерлермен оның өкілдерінің істің мән-жайын дәлелдейтін заттай айғақтар алып сотталушының қылмыстық іске қатысы бар, айыпты немесе айыпсыз екендігі және т.б. іске қатысты мәселелер айқындалады.

     Сот тергеу айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда-сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.

     Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті  (ҚР ҚІЖК-нің 345-бабы).

     Сонымен қатар, сотталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда, сот қаулысымен сот отырысында айтылады.

     Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті не түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және оның тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды (ҚР ҚІЖК-нің 345-бабының 1-бөлім).

     Сонан соң сотталушыға алдын ала  тергеу не анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындаумен байланысты емес екенін түсіндіруге тиіс.

     Сонымен қоса, өз кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап  беруден бас тартуға оған зиян келтіргендей түсініксіздігі түсіндірілуге тиіс.

Информация о работе Сот талқылауы