Сот талқылауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
Сот тергеуі.
Үкім шығару
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сот талкылқылауы курстык.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

    2) бұл  әрекет қылмыс болып табыла  ма  және ол нақ қандай қылмыстық   заңда көзделген  (бабы, бөлігі, тармағы);

3) сотталушының  бұл әрекеті жасалғаны дәлелденеді ме;

4) сотталушы  бұл қылмыстың жасалуына кінәлі  ме;

    5) оның  жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін  немесе ауырлататын мән жайлар  бар ма;

6) сотталушы  жасаған қылмысы үшін жазаға  тартылуға тиіс пе;

7) сотталушыға  қандай  жаза тағайындалуы тиіс;

    8) жаза  тағайындамай үкім шығару үшін  немесе жазда босатуға не қылмыстық  жазаны өтеуді Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық кодексінің 72-бабында  және 74-бабында екінші бөлігінде  көзделген жағдайларда кейінгі  қалдыру туралы негізі бар  ма;

    9) Бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру  мекемесінің қандай түрі мен режимдегісінің  жазасын өтеуге тиіс;

    10) Азаматтық  талап-арызды қанағаттандыруға жата  ма, кімнің пайдасына және қандай  мөлшерде,сондай-ақ егер азаматтық  талап берілмесе,муліктік зиян өтелуге жата ма ;  

    11) Азаматтық  талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді  қамтамасыз ету үшін тыйым  салынған мүлікті не істеу  керек;                                                                                                            12) Заттай дәлелдемелерді не істеу керек ;

13) іс  жүргізу шығыстары кімге,қандай  мөлшерде жүктелуге тиіс;

    14) Сот  сотталушының құрметті, әскери, арнайы  немесе өзге атағынан, сыныптық  шенінен, дипломатиялық дәрежесінен,  біліктілік сыныбынан, мемлекеттік  наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе;

    15) Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 88-бабында көзделген жағдайларда  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын қолдану туралы;

    16) қылмыстық  жасауға әсер ететін мән-жайлардың болуы туралы;

    17) сотталушыға  қатысты бұлтартпау шарасы туралы;

    18) бұрынғы  үкім бойынша шартты сотталудың  күшін жою немесе оны сақтау  туралы.

          Ақтау үкімін шығару кезінде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз іс-әрекетімен ақталушыға келтірілген зиянды өтеу туралы мәселе жөнінде шешім қабылдайды.

    Сотталушы бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыпталған кезде сот әрбір қылмыс бойынша  жеке-жеке шешеді.

    Егер  қылмыстың жасалуына бірнеше  сотталушы айыпталса, сот оның жасалған әрекеттегі рөлі мен дәрежесін айқындай отырып, әрбір сотталушыға қатысты барлық мәселелерді шешеді.

    Сот негізгі мәселелерді шешіп, мынадай  қосымша мәселелерді шешуге көшеді:

  • сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;
  • сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы;
  • жеке қаулы шығару қажеттігі туралы.

      Сотталушының  есі дұрыстығы туралы мәселені шешу. Алдын ала тергеу немесе сот талқылауы кезінде сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайларда сот үкім шығару кезінде бұл мәселені тағы да бір рет талқылауға міндетті.

      Сотталушы әрекет жасаған уақытта есі кіресілі-шығасылы күйде болған немесе қылмыс жасағаннан кейін оның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзендегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не олардың игеру мүмкіндігінен айыратын психикалық науқаспен ауырған деп таныған сот, қылмыстық істі тоқтатуға және егер қорғаушы іске айып тағылған сәттен бастап қатысса және іс құрамында үш сот төрешісі бар сотта қаралса, сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.

      Егер  қорғаушы қатыспаған жағдайда ҚР ҚІЖК-нің 54-тарауында көзделгендей «Ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу» осы тарауда қарастырылған соттың қарауы бойынша қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 372-бабы).

      Істі  алқада қарау сот  төрешілерінің кеңесу және шешім қабылдау тәртібі (ҚРҚІЖК-нің 373-бабы).

      Істі  алқалы қарау кезінде үкім шығарудан  бұрын сот төрешілерінің кенесуі  болады.

      Төраңғалық  етуші мәселелерді сот төрешілерінің  шешуіне, осы Кодекстін 371-бабында  олар калай аталса, сондай реттілікте және тұжырымда кояды.

      Әрбір мәселені шешу кезінде, осы баптын үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды  коспағанда, сот  төрешілерінің ешқайсысы  дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.

      Барлық  мәселелер көпшілік дауыспен шешіледі.

      Төреғалық етуші барлық жағдайларда өз дауысын соңғы болып береді.

      Егер  қылмыстық саралану туралы немесе жазалау  шарасы туралы басқа сот төрешілерінің  пікірлері сәйкес болмаса, онда ақтау  үшін берілген дауыс неғұрлым жеңіл  қылмысты көздейтін заң саралануы бойынша және неғұрлым жеңіл жаза тағайындау үшін берілген дауысқа қосылады.

      Ерекше  жаза түрі - өлім жазазы – кінәліге тек сот төрешілерінің біраузды шешімі бойынша ғана тағайындалуы тиіс.

      Азшылықта қалған сот төрешісі кеңесу бөлмесінде ерекше пікірін жазбаша түрде  баяндауға құқылы.

      Ерекше  пікір төрағалық етушіге тапсырылады  және ол оны жабық конвертпен іс материалдарына тігеді.

      Ерекше  пікірімен аппеляциялық қадағалау  сатысындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы.

      Сот төрешісінің ерекше пікірі барлығы туралы іске қатысушыларға, хабарланбайды, ерекше пікір сот отырысы залында жария етілмейді.

      Сот ерекше пікір жөнінде үкімге қол  қоюдан бас тартуға болмайды.

      Үкімдердің  түрлері.

      ҚР  ҚІЖК-нің 374 бабына сәйкес сот үкімі  айыптаушы немесе ақтаушы болуы  мүмкін.

      Айыптау үкімі.

      Айыптау үкімі сотталушының қылмыс жасауға  кінәлі деп тану туралы сот шешімімен  тұрады.

      Айыптау үкімі болжауларға негізделуге  тиіс емес және сот талқылауы барысында  сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.

      Айыптау үкімі:

  1. сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып;
  2. адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
  3. қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;
  4. қылмыстық жаза тағайындалмай;
  5. қылмыстық жазаны өтеу кейінгі қалдырыла отырып шығарылады.

     Сотталушы өтеуге тиіс жазаны тағайындаумен айыптау  үкімін шығара отырып, сот оның түрін, мөлшерін, режимін және мерзімді өтеуді есептеудің басталуын дәл айқындауы қажет.

     Сот, егер осы қылмыс үшін адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескерту мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстің 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды айыптау үкімін адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, шығарады.

     Сот, егер үкім шығару кезінде:

  1. сотталушыға осы үкіммен тағайындалған жазаны қолданудан босататын кешірім актісі шығарылған;
  2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабында белгіленген алдын ала қамауды есептеу ережелерін ескере отырып, осы іс бойынша сотталушының қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады.

      Егер  оны шығару кезінде сотталушы  қайтыс болса, сот істі тоқтатады  немесе тараптардың өтініш бойынша айыптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімін қылмыстық жазаны өтеуді кейінге қалдыра отырып шығарады.

      Ақтау үкімі. Сот үкімімен сотталушы қылмыстық  жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде оның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін таниды және жариялайды.

      ҚР  ҚІЖК-нің 376-бабының 2 бөліміне сәйкес ақтау  үкімі мынадай жағдайларда шығарылады, егер:

  1. қылмыс оқиғасы болмаса;
  2. сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
  3. қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.

     Аталған негіздердің кез келгені бойынша  ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және толық ақталуына  әкеп соғады.

     Егер  ақтау үкімі шығарылған жағдайда қылмыс жасаған адам анықталмай қалса, үкім заңды күшіне енгеннен кейін сот қылмыстық істі прокурордың өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттігі туралы мәселені шешуі үшін соған жібереді.

     Мәселелерді шешкеннен кейін, сот үкімді жасауға  көшеді.

     Үкім  сот талқылауы жүргізілген тілде баяндалады.

     Үкім  қолдан жазылуға, оны шығаруға қатысушы сот төрешілерінің бірі машинкаға  басқан не компьютерлік тәсілмен дайындаған және барлық сот төрешілерінің қолы қойылуға тиіс, ерекше пікірінде қалған сот төрешісі да үкімге қол қояды.

     Үкімдегі  түзету ескертілуге және үкім шығарылғанға дейін кеңесу бөлмесінде барлық сот  төрешілерінің қол қоюымен куәландырылуға тиіс.

     Үкімге  ол жарияланғаннан кейін өзгеріс  енгізуге жол берілмейді (ҚР ҚІЖК-нің 377 – бабы).

     Үкімнің барлығы да құрылымы бойынша бірдей.

     Үкім  кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады.

     Үкімінің  кіріспе бөлімінде (ҚР ҚІЖК-нің 378 бабы):

  1. үкімінің Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
  2. үкімінің шығарылған уақыты мен орны. Сот төрешілері бірнеше күн бойы кеңескен жағдайда, үкімінің шығарылған күні оның жария етілген күнімен айқындалады;
  3. үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкілдері, аудармашы;
  4. сотталушының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған жылы, айы, күні және жері, тұрығылықты орны, жұмыс орны, кәсіби, білімі, отбасы жағдайы және сотталушының жеке басы туралы іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
  5. жасағанына сотталушы айыпталып отырған қылмысты көздейтін қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы) көрсетіледі.

      Сонымен қоса үкімде қылмыстық істің ашық немесе жабық сотта қаралғаны  көрсетілуі керек.

      Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігі (ҚР ҚІЖК-нің 379-бабы).

      Айыптау үкімінің сипатаммалы-дәлелді бөлігі жасалған орны, уақыты, оның жасалу тәсілі, кінә нысаны, қылмыстың себептері мен салдарлары көрсетіле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасын қамтуы қажет.

      Үкімде  соттың сотталушыға қатысты шешімі негізделген дәлелдер және сот басқа  дәлелдерді жоққа шығарған себептері келтіріледі.

      Жауаптылықты  жеңілдететін не ауырлататын жағдайлар, ал айыптаудың бір бөлігі негізсіз деп танылған немесе қылмыстың теріс  саралануы белгіленген жағдайда – айыптауды өзгертудің негіздері  мен себептері көрсетіледі.

Информация о работе Сот талқылауы