Сот талқылауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
Сот тергеуі.
Үкім шығару
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сот талкылқылауы курстык.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

      Сот сондай-ақ қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелер шешімінің себептерін көрсетуге міндетті.

      Сипаттамалы – дәлелді бөлекте ҚР ҚІЖК-нің 371-бабында көрсетілген басқа  да мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылуға тиіс.

      ҚР  ҚІЖК-нің 380-бабында айыптау үкімінің қорытынды бөлігінде:

  1. сотталушының тегі, аты және әкесінің аты;
  2. сотталушының қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы шешім;
  3. сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы);
  4. жасағанына кінәлі деп танылған әрбір қылмысы үшін сотталушыға тағайындалған жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ бүрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы шешім және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58, 60-баптарының негізінде өтеуге жататын түпкілікті жаза түрі мен режимін көрсетеді;
  5. шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімін ұзақтығы мен сотталушыға жүктелетін міндеттер;
  6. сотталушыны құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу) туралы шешім;
  7. егер үкім қабылданғанға дейін сотталушы ұсталса және оған қамау, үйде қамап ұстау түрінде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық мекемеге орналастырылса, алдын ала қамауда ұстауды есепке алу туралы шешім;
  8. мәжбүрлеп емдеуді қолдану және сотталушыға қорғаншылық белгілеу туралы шешім;
  9. үкім заңды күшіне енгенге дейін сотталушыға қатысты бұлтартпау шаралары туралы шешім көрсетілуге тиіс.

      Егер  сотталушыға қылмыстық заның  бірнеше бабы (баптың бөліктері, тармақтары) бойынша айып тағылса, онда үкімінің қорытынды бөлігінде сотталушы  олардың қайсысы бойынша сотталғаны көрсетілуі тиіс.

      Сотталушының  іс-әрекеттерін қайта дәрежелеу қажеттігі туралы тұжырымға келіп немесе кейбір баптардың (бап бөлігінің, бап бөлігі тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкімінің сипаттамалы – дәлелді бөлігінде әрекетті сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлігін, бап бөлігінің тармағын) көрсетеді және артық тағылған бапты (баптың бөлігін, баптың бөлігінің тармағын) алып тастау керектігін көрсетеді.

      Сотталушы қылмысты өтеуден босатылған немесе үкім жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын өтеуді кейінгі қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкімінің қорытынды бөлігінде көрсетіледі.

      Ақтау үкімі туралы түсінік «Үкім түрлері» тарауында айтылған (ҚР ҚІЖК 376 бап).

      Ақтау үкімінің сипаттамалы – дәлелді  бөлігінде:

  • тағылған айыптың мәнісі;
  • сот белгіленген істің мән-жайы;
  • сотталушының қылмыс жасаудағы кінәлігі туралы пайымдау негізделген дәлелдерді сот дұрыс емес немесе жеткіліксіз деп таныған себептер;
  • сотталушыны ақтау үшін негіз болатын дәлелдер;
  • азаматтық талап-арызға қатысты шешімнің себептері баяндалады.

      Ақтау үкімінде ақталушының кінәсіздігіне  күмән тудыратын тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді (ҚР ҚІЖК 381-бап).

      Ақтау үкімінің қорытынды бөлігінде: сотталушының тегі, аты және әкесінің аты; сотталушыны  кінәсіз деп тану және оны ақтау туралы шешім, ақтау негіздері, егер бұлтартпау таңдалған болса, оның күшін жою туралы шешім; мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ егер мұндай шаралар қабылданған болса, залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын жою туралы шешім қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 382-бап).

      Айыптау, сондай-ақ ақтау үкімінің де қорытынды  бөлігінде ҚР ҚІЖК 380, 382-баптарында санамаланған мәселелерден басқа:

  1. ұсынылған азаматтық талап-арыз бойынша шешім;
  2. заттай айғақтар туралы мәселені шешу;
  3. іс жүргізу шығыстарын бөлу туралы шешім;
  4. апелляциялық шағымдардың не үкімге наразылық келтірудің тәртібі мен мерзімін түсіндіруі қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 383-бап). Сонымен үкімінің барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты.

      Үкімді  жариялау (ҚР ҚІЖК 384-бап).

      Сот үкімге қол қойғаннан кейін сот  отырыс залына оралады және төрағалық  етуші не басқа сот төрешісі, не сот төрешілері кезек-кезегімен  үкімді жариялайды.

      Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, сот құрамын қоса  алғанда, сот үкімін тұрып тыңдайды.

      Егер үкім  сотталушы (ақталушы) білмейтін тілде оқылса, онда аудармашы үкім жарияланысымен немесе ілеспе түрде оны сотталушының ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге дауыстап аударуға тиіс.

      Төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға) процестің  басқа да қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ істі апелляциялық қаруға қатысу туралы өтініш беру құқығын түсіндіреді.

      Ақталушыға  оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретінде  тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс.

      Егер  сотталушы ерекше жаза түрі - өлім жазасына кесілген болса, төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру құқығын түсіндіреді.

      Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босатуымен, сондай-ақ бас бостандығынан айыруымен  байланысты емес немесе бас бостандығынан  шартты түрде айыруға жаза кесу арқылы айыптау үкімін тағайындаған кезде қамауда ұсталған сотталушы сот отырысы залында қамаудан дереу босатылуға жатады (ҚР ҚІЖК 385-бап).

      Үкім  жарияланғаннан кейін бес тәуліктен  кешіктірмей оның көшірмесі сотталушыға  немесе ақталушыға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етілуге тиіс.

      Егер  сотқа аталған адамдардың өтініші  түскен болса, үкімінің көшірмесі жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне нақ сол мерзімде табыс етіледі.

      Жеке  қаулы алу. ҚР ҚІЖК –нің 387 бабына сәйкес сот оған негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдарын немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталаған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепті болған және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады.

      Сот ісін талқылауда сот тараптарына  айыппұл салынуы мүмкін.

      Айыппұл негізінде сот процесіне келмеген, төрағалық етушінің тәртібіне бағынбаған жағдайда сот процесінің қатысушыларына салынады.

      Егер  адамның іс-әрекетінен қылмыс жасауға  себепші болатын әкімшілік теріс  қылық анықталған жағдайда сот оған заңда көзделген жаза қолдануға  құқылы.

      Жеке  қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын  ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкін.

      Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек  ұжымдарының назарын жекелеген  азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына немесе олардың  қызметтік не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы немесе ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлігі туралы жеткізе алады.

      Жеке  қаулы алуда сот тарапынан  бақыланып отырады.

      ҚР  ҚІЖК-нің 387 бабынының 6-бөліміне сәйкес, жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен  кешіктірілмей қажетті шаралар  қабылдануы және оның нәтижелері туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиіс.

      Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, карт ата-анасы, қараусыз қалған басқа да асыруындағылар бар болған кезде, сот айыптау үкімін қабылдаумен бір мезгілде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқандарының не басқа адамдардың немесе мекемелердің қорғаншылығына өткізу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкі немесе үй-жайы бар болған кезде оларды күзету жөнінде шара қолдану туралы қаулы шығарады.

      Қажет болған жағдайда сотқылмыстың салдарынан жәбірленушінің ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбірленушінің мүлкі мен тұрғын үйін қорғау туралы қаулы шығарады.

      Іске тағайындау бойынша қорғаушы қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға заң көмегін көрсеткені үшін төлеуге жататын сыйақының мөлшері туралы қаулы шығарады.

      ҚР  ҚІЖК-нің 388-бабының 1-және 2-бөлігінде  аталған іс жүргізу шешімдері  мүдделі адамдардың өтініштері бойынша үкім жария етілгеннен кейін де қабылдануы мүмкін.      

         

        

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Қорыта  айта келсек, сот ісін жүргізудің жариялылығы принципінің сақталуы жөніндегі сот практикасын зерделеу республика соттарының қылмыстық істердің басым көпшілігін ашық сот отырыстарында қарайтынын, ал жабық сот отырыстарын өткізу кезінде заңмен белгіленген талаптарды басшылыққа алатынын көрсетті. Сонымен бірге сот ісін қараудың жариялылығын заңсыз шектеу жағдайлары да орын алуда.

     Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 29-бабында  бекітілген сот ісін жүргізудің жариялылығы  принципі басқа да принциптер жиынтығымен  бірге, қылмыс жасаған адамдарды  анықтауға және жауаптылыққа тартуға, сот ісін әділетті жүргізуге, қылмыстық заңды дұрыс қолдануға бағытталған қылмыстық процесс міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

     Осыған  орай, соттар бұл принципті кеңінен  іске асырып, барлық мүдделі адамдардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіруін қамтамасыз етулері қажет.

     Соттар  барлық сот сатыларында қылмыстық  іс жүргізу заңының істердің ашық қаралуы туралы талаптарын қатаң  сақтауға және сот ісін жүргізудің жариялылығы принципінің бұзылу, азаматтарды сот отырысына негізсіз қатыстырмау фактілеріне жол бермеуге міндетті.

     Жариялылықты  заңсыз шектеу (іс материалдарын негізсіз құпиялау, заңда көзделмеген негіздер бойынша жабық отырыстар өткізу және т.б.) процеске қатысушылардың процессуалдық  құқықтарын кемсітуге және нұқсан келтіруге әкеп соғуы мүмкін.

     Осы бұзушылықтардың сипаты мен мәніне байланысты іс жүргізу өндірісі жарамсыз деп танылып, шығарылған шешім бұзылуы  не жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.

     Сот ісін жүргізудің жариялылығы деп тек ашық сот талқылауын жүргізуді ғана емес, сонымен бірге оған тараптардың, сондай-ақ қылмыстық іске қатысы жоқ өзге де адамдардың қатысу мүмкіндігін түсіну қажет.  Жариялылық принципі процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен, соның ішінде жедел-іздестіру шараларының барысында алынған деректермен және алдын ала тергеу барысында берілген прокурор нұсқауларымен (заңда көзделген шектеуден басқа) танысуды көздейдi.

     Сонымен қатар бұл принцип сот шешімінің  көпшілікке жария етілуін, тараптардың  процеске қатысушы басқа адамдардан түскен шағымдар туралы құлағдар болуын және танысу мүмкіндігін, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуды, заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларының бірыңғай деректер базасын құруды және олармен, сот актілерінің орындалуы жөніндегі ақпаратпен еркін танысуды қамтиды.

     Іс  жүргізу өндірісінің сотқа дейінгі  сатыларындағы жариялылығының шегін  ҚІЖК-нің 205-бабына сәйкес қылмыстық  процесті жүргізуші орган, ал сот  отырысында - сот белгілейді.

Информация о работе Сот талқылауы