Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:47, курсовая работа

Описание работы

Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазір

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде ........................................................................6
1.1Денсаулық ұғымы ............................................................................................-
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы......7
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты................9
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы............................-
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау....................................................11
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері....................................13
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар.....................................18
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар..................................24
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері..................................... ...25
Қорытынды ...............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................41

Работа содержит 1 файл

Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар.doc

— 272.50 Кб (Скачать)

   Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты  – жоғарыда көрсетілген қорқыту  тәсілдерінің іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі болып табылады. Мұндай негіздер әртүрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байланысты шешіледі: кінәлінің  қорқыту әрекеттерін жасау тәсілдері, оның қару-жарағының болуы; жеке тұлғасының ерекшеліктері ( бұрын сотталғандығы, эмоциялық жай-күйі, т.с.с.).

   Қылмыс  формальдық құрамға жатады және ондай  қорқытулар жәбірленушіге мәлім  болған уақыттан бастап аяқталған деп  саналады. Егер өлтіремін деген қорқыту  қару-жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады.

   Субьективтік  жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі  болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда  есепке алынады.

   Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған адам. 

   Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану  үшін адамның органдарын немесе  тінін алуға мәжбүр ету 
 

   Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бұл түрі адамның  органдарын немесе тінін басқа адамның  өмірін сақтап қалу немесе қалпына  келтіру үшін ауыстырып салуға қол  жеткізу болып табылады.

   Медицинадағы  бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдарын органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына әкеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма -113- бап пайда болды. Бұрыңғы Қылмыстық кодексте мұндай норма болмаған еді.

   Қылмыстың обьектісі – адамдардың өмірі  немесе денсаулығы.

   Обьективтік жағынан қылмыс күш көрсете отырып немесе күш көрсетемін деп қорқыта  отырып ауыстырып салу, пайдалану  үшін басқа адамның  органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету арқылы жүзеге асырылады.

   Адам  органдарын немесе тінін алу тек  қана донордың келісімі бойынша жүзеге асырылады, адам органдарын немесе тінін  ауыстырып салу арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдарын немесе тінін  донордың келісімінсіз оны мәжбүрлеу  арқылы қол жеткізсе, онда мұндай әрекет қылмыс деп танылады.

   Мәжбүрлеу дегеніміз – донарға күш қолдану  немсе күш қолданамын деп қорқыту  арқылы оны еріксіз органдарын немес  тінін беруге көндіру болып табылады. ./1.2., 113 бап./

   Мәжбүрлеудің  заңда екі түрлі тәсілі көрсетілген:

    1. күш көрсету;
    2. күш көрсетемін деп қорқыту.

    Күш көрсетуге жәбірленушінің ұрып-соғу( 106-бап); оның денсаулығына қасақана жеңіл  немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірулер (104, 105-баптар) жатады.

   Күш көрсетемін деп қорқытуға кез-келген дәрежеде денсаулыққа зиян келтіремін немесе қол-аяғыңды байлап медицина мекемесіне операция жасауға апарамын, бас бостандығы еркіңнен айырамын т.с.с. деген қорқытулар жатады.

   Қылмыс  құрамы формальдық және ол жәбірленушіден донор болуына келісім алғанына немес е алмағанына қарамастан мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

    Қылмыс  субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті. Қылмыстың  ниеті әртүрлі болуы мүмкн:

    1. ауру адамға жәрдем көрсету;
    2. бастығының алдында жақсы көріну;
    3. пайдакүнемдік немесе атаққұмарлық және т.с.с.

   Қылмыстың субьектісі  16-ға толған адам.

   Егер  қылмыс кінәліге көрінеу дәрменсіз  күйде екендігі белгілі немесе кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға қатысты; екі немесе одан да көп адмға қатысты жасалса, онда бұл әрекеттері осы құрамның ауырлататын түрі болып табылады.( 113-баптың 2-тармағы ).

   Дәрменсіз күйдегі адамның түсінігіне ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «в»тармақшасы, ал материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамның түсінігіне ҚК-тің 102-бабының 2-тармағы кіреді.

     Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, абайсызда донордың қайтыс болуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер – осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады. Өзге ауыр зардаптарға жәбірленушінің психикалық дертке ұшырауы, өзін-өзі өлтіру немесе ауыр дене жарақатын алу т.с.с. жатады. ҚК-тің 113-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай қылмыс заңда көрсетілген осы зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады. 

   Адамның иммун тапшылығы  вирусын(ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы  

   Қылмыстық крдекстің 116-бабының 1-тармағында басқа  адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ-жұқтыру қаупінде қалдырғаны үшін жауаптылық көзделген.

   Қылмыстың тікелей обьектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.

   Қылмыс  обьективтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұқтыру  қаупінде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады.

   Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жұқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның біріншісі  жыныстық қатынас арқылы, ал екіншісі қан арқылы (медициналық құралдарды, шприцтерді тиісті дәрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жағылуы т.с.с.) . 

   Қылмыс  құрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы  бойынша жауаптылық ВИЧ/ЖҚТБ – ауыруын  жұқтыру қаупін төндіргенін сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

   Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам, өзінде иммун  тапшылығы вирусы бар адам ҚК-тің 116-бабының 2-тармағында өзінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендігі туралы білетін адамның  оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған. Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жұқтырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

   ҚК-тің 116-бабының 4-тармағында медицина қызметкерінің, сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа  қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің  өздерінің көсіптік міндеттерін  тиісінше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы – үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың бұл құрамының ерекшілігі оның арнаулы субьекті – медицина қызметкерінің  немесе кәсіптік міндеттерін атқаратын өзге де адамдар арқылы істелетіндігінде болып табылады.

   Субьективтік  жағынан бұл қылмыс -116-баптың 4-тармағы  абайсыздвқпен істеледі. Егер іс-әрекет қасақаналықпен істелсе, онда кінәлінің  әрекеті қылмыстардың жиынтығы ( ауыр дене жарақатын келтіру және 116-баптың тиісті тармағы бойынша сараланады ).Әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азғындату әрекеттерін жүзеге асыру жәбірленушіге кінәлінің ВИЧ/ЖҚТБ вирусын жұқтыру әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. 

   Заңсыз  аборт жасау  

   Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12-аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша- 23-аптаға дейінгі жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің тізімін ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.

   Қылмыстың обьектісі - әйелдердің өмірі және денсаулығы.

   Обьективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекл ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық  орын алмайды.

   Субьективтік жағынан ҚК-тің 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді.

   Қылмыстың субьектісі – жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамдар.

   ҚК-тің 117-бабының 2-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның  заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген. 
 
 
 

   Науқасқа көмек көрсетпеу  

   Қылмыстың тікелей обьектісі – ауру адамның  өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. ҚК-тің 118-бабының 1-тармағы  бойынша заңға сәйкес  немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге  міндетті адамның дәлелді себептерсіз  науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бқл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.

   Қылмыс  обьективтік жағынан:

    1. заңға сәйкес немесе арнайы Ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі;
    2. бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі;
    3. әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс табады.

       Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бақытсыз жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жарақат алғандарға, ұландарға немесе басқадай кенеттен пайда болған аурумен ауырғандарға тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті медициналық мекемелер аумақтық, ведомстволық немесе меншік нысанына, бағыныштылығына қарамастан тез, кез келген уақытта, кез келген жерде көрсетуге міндетті. Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлі ҚК-тің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.

     Дәлелді себептерге – тойтарылмайтын  күш орын алуы (су тасқыны, жер сілкіну), аса мәжбүрлік жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады. Дәлелді себептермен науқасқа көмек көрсетпеу қылмыстық жауаптылықты жоятын мән-жайға жатады.

   Қылмыс  заңда көрсетілген зардап – науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Орын алған зардап кінәлі адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек.

   Қылмыстың субьективтік жағы әрекетсіздік жөніндегі қасақаналық, ал одан орын алатын зардап абайсыздық болады.

   Қылмыстың субьектісі – арнаулы, 16-ға толған, науқасқа көмек көрсетуге міндетті адам.

   ҚК-тің 118-бабының 2-тармағында осы қылмыстың  ауырлататын түрлері: абайсызда  науқастың өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Мұндай зардаптарға сипаттама Қылмыстық кодекстің 101 және 111-баптың 1-тармағында берілген. 

Қауіпті жағдайда қалдыру 

   Қылмыстың обьектісі - қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы. Қылмыс обьективтік жағынан өміріне немесе денсакулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі  болған және ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса; 2) кінәлі адам ондай адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті күйге өзі қалдырса.

   Бірінші жағдайда көрсетілген әрекетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты болады:

        1. заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар: ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына; балалары – кәрі ата-аналарына;
        2. Көрсетілген әрекеттерді кәсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға міндетті адамдар : мектеп мұғалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелеріің жетекшілері, балалар бақшасының тәрбиешілері және басқалар;
        3. Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісім-шарт бойынша жүзеге асыруға міндетті адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері.

   Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті болса ( обьективтік белгі) және оны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса ғана  (субьективтік белгі) және оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің тұтастай орын алған жағдайында ғана қылмыстық жауапқа тартылады.

Информация о работе Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар