Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:47, курсовая работа

Описание работы

Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазір

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде ........................................................................6
1.1Денсаулық ұғымы ............................................................................................-
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы......7
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты................9
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы............................-
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау....................................................11
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері....................................13
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар.....................................18
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар..................................24
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері..................................... ...25
Қорытынды ...............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................41

Работа содержит 1 файл

Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар.doc

— 272.50 Кб (Скачать)

   Осы Қылмыстық кодекстің 111-баптың 1-тармағына  сәйкес денсаулыққа абайсызда зиян келтіру,-

   Жүз айлық есептік көрсеткіштен екі  жүз айлық есептік көрсеткішке  дейінгі мөлшерде немесе сотталған  адамның үш айға дейінгі кезеңдегі  жалақысының немесе өзге табысының  мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз  сексен сағаттан екі жүз қырық  сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады

   Абайсызда екі немесе одан да көп адамның  денсаулығына ауыр зиян келтіру,-

   төрт  жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын  шектеуге не екі жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. / 1.2., 8б./

   Осы баптың 3-тармағында денсаулыққа абайсызда  орташа ауыртпалықтағы зиян келтіргені, ал 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық белгілен-ген.

   Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9-желтоқсандағы  № 10-/// Заңымен 111-баптың 3-тармағы алып тасталды.

   Абайсызда екі немесе одан да көп адамның  денсаулығына орташа ауырлық-тағы зиян келтіргені үшін,-

   елу айлық есептік көрсеткіштен екі  жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сағаттан  екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

   Денсаулыққа абайсызда жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауапты-лық белгіленбеген.

   Көрсетілген қылмыс субьективтік жағынан абайсыздықпен ( менмендік неме-се немқұрайдылық ) істеледі.

   Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған адам. / 1.2.,38б./ 

3.3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері 

   Біз осы курстық жұмысты орындаудағы  алға қойған мақсатымыздың бірі - денсаулыққа  қарсы қылмыстардың түрлері.Оларға ұрып-соғу, азаптау, денсау-лыққа жан күйзелісі жағдайында (аффект) зиян келтіру, қажетті қорғаныс шегі-нен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қорқыту, ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету т.б. жатады. 

   Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру  

   Қылмыстық кодексте денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағ-дайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе моральға жат әрекеттеріне байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр және орташа ауырлық-тағы зиян келтіру үшін жауаптылық көзделген.

   Екі жылға дейінгі бас бостандығын  шектеуге немесе үш айдан алты айға дейін-гі мерзімге қамауға немесе екі  жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан  айыруға жазаланады.

   Қылмыс  обьективтік жағынан аффекті  жағдайында, жәбірленушіге қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру арқылы сипатталады.

   Субьективтік  жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.

   Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған адам. 

   Қылмыс  жасаған адамды ұстау  кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру                                                               

                                                 

   Қылмыс  обьективтік жағынан қылмыс жасаған  адамды ұстау үшін қажетті шараларды  асыра қолдану кезінде денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

   Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103-бабында толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде  қажетті шараларды асыра қолданудың шарттары Қылмыстық Кодекстің 23, сондай-ақ 100 баптарында көрсетілген.

   Субьективтік  жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама ) істе-леді.

   Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған кез-келген. 

   Жекеше  медициналық практикамен  немесе фармацевтикалық  қызметпен заңсыз айналысу

   Қылмыстың негізгі тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы, ал қосымша не-гізгі обьект адамдардың өмірі.

   Обьективтік жағынан ҚК-тің 266-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс- қызметтің таңдап алынған түріне лицензиясы жоқ адамның  денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер арқылы сипатталады.

   Медициналық практикаға азаматтарға емдеу-диагностикалық, протездік-орто-педикалық, реабилитациялық  қызмет көрсетулер жатады.

   Фармацевтикалық қызметке – дәрі-дәрмектерді дайындау, зерттеу, сақтау және оларды босату әрекеттері жатады.

   Медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен шұғылдану құқығы арнаулы медицалық білім алған: дипломы бар және қызметтің таңдап алған түрі бойынша лицензия алған адамдарға ғана беріледі. Мұндай тәртіпті сақтамау жекеше медициналық қызметпен заңсыз айналысуды білдіреді. Мұн-дай заңсыз айналысу абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққанда ғана іс-әрекет қылмыс қатарына жатады: Яғни осы қылмыстың обьективтік жағының қажетті белгісі – адамның денсаулығына  зиян келтіру болып табылады. Іс-әрекет пен келтірілген зияның арасында себепті байланыс орын алуы қажет.

   Қылмыс  құрамы материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп  саналады.

   Субьективтік  жағынан адамның лицензиясыз  қызметпен айналасуы қасақана-лықпен, ал қылмыстың зардабына тек қана абайсыздықпен жол береді.

   Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған, лицензиясыз  көрсетілген қызметті таң-дап алған адам.

   Қылмыстық Кодекстің 266-бабыеың 2-тармағында осы  қылмыстың ауырлата-тын түрі –  абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

   Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу  

   Қылмыстың обьектісі тұрғындардың денсаулығы және өмірі.

   Обьективтік жағынан қылмыс – абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу арқылы жүзеге сырылады.

   Қылмыстық Кодекстің 267-бабының нормасы бланкеттік. Бұл тұрғыдағы заң бұзушылық Қазақстан Республикасының арнаулы санитарлық – эпидемиоло-гиялық Заңы арқылы реттеледі. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер – жұқпалы аурулардан сақтандыру, олардың тарауына жол бермеуге бағытталған нормативтердің жиынтығы болып табылады.Осы ережелерді бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Көрсетілген қылмыс санитарлық-эпидемио-логиялық ережелерді бұзудан абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына не-месе улануына әкеп соққанда ғана туындайды.

   Адамдардың  жаппай сырқаттануына эпидемиялардың тарауы (тырысқақ, тұмау, т.б.);

   Улануға – химиялық, бактериологиялық, өндірістік, тұрмыстық, тағамдық уланулар жатады. Мұндай уланулар адам организміне улы, зәрлі заттардың әсер етуі арқылы пайда болады.

   Көрсетілген ережелерді бұзу мен адамдардың жаппай сырқаттануының немесе улануының арасындағы себепті байланысты анықтауы тиіс. Қылмыс көрсетілген сырқат немесе улану орын алған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

   Қылмыс  субьективтік жағынан абайсыздықпен  істеледі.

   Қылмыстың субьектісі 16-ға толған жай адам, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау өзіне жүктелген лауазымды адамдар да болуы мүмкін.

   Қылмыстық Кодекстің 267-бабының 2-тармағында осы  қылмыстың ауырлататын тірі: абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген. 

   Адамдардың  өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру  

   Қылмыстың тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы.

   Осы қылмыстың затына – адамдардың өміріне  немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпараттар жатады.

   Ақпараттарға – адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, құбылыстар, жер сілкінісі қаупі, зиянды газдардың, радиоактивті, химиялық заттардың таралуы, құрылыстардың, ғимараттардың апат қаупі, қоршаған ортаны залалдандыратын микроорганизмдердің, аурулардың таралу мәліметтері жатады.

   Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көрсетілген  қылмыс обьективтік жағынан адамдардың өміріне немесе денсаулы-ғына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті адамның жасыруі немесе бұрмалауы арқылы сипатталады.

   Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 268-бабының пайда болуының заңдылық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 2-тар-мағында тікелей көрсетілген « адамдардың – өмірі мен денсаулығына қатер төн-діретін деректер мен жағдаяттары лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады » деген конституциялық қағида болып табылады.

   Жасыру – тұрғындарға төнген қауіптің пайда болуы жөнінде ақпарат бермеу.

   Бұрмалау  – төнген қауіп жөніндегі шындыққа жатпайтын, толық емес мәлімет-терді  хабарлау.

   Қылмыс  формальдық құрамға жатады. Ол осы  көрсетілген әрекеттерді істеген  уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

   Қылмыс  субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

   Қылмыстың субьектісі арнаулы – халықты  осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге  міндетті адам.

   Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 268-бабының 2-тармағында осы қылмыстың  ауырлататын түрі: абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауап-тылық белгіленген. 

   Қажетті қорғаныс шегінен  шығу кезінде адам денсаулығына ауыр зиян келтіру  

   Қылмыс  обьективтік жағынан алғанда  денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

   Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған  кісі өлтіруді талдағанда тоқталғанбыз.

   Ауыр  зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103-бабында  көрсетілген. Осы бап (109-бап) бойынша тек қасақана ауыр зиян келтірген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажетті қорғаныс шегінен шығу арқылы басқа жағдайларда келтірілген зиян келтірушілік үшін жауаптылық белгіленбеген.

   Қылмыс  субьективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен келеді.

   Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам. 

   Қорқыту 

   Қылмыстың тікелей обьектісі адамдардың өмірі  мен денсаулығы.

   Қылмыс  обьективтік жағынан өлтіремін  немесе денсаулыққ ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауыпты тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.

   Заңда қорқытудың нақты түрлері – ( өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану) нақты көрсетілген. Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан ( ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы мүмкін.

Информация о работе Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар