Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:47, курсовая работа

Описание работы

Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазір

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде ........................................................................6
1.1Денсаулық ұғымы ............................................................................................-
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы......7
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты................9
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы............................-
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау....................................................11
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері....................................13
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар.....................................18
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар..................................24
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері..................................... ...25
Қорытынды ...............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................41

Работа содержит 1 файл

Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар.doc

— 272.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе .........................................................................................................................3 

Негізгі бөлім

1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық

     заңымен қорғау обьектісі ретінде ........................................................................6

      1.1Денсаулық ұғымы ............................................................................................-

      1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы......7 

  2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты................9

      2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы............................-

      2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау....................................................11 

  3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері....................................13

      3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар.....................................18

      3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар..................................24

      3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері..................................... ...25 

Қорытынды ...............................................................................................................39 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................41 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы  - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазірғы кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәднеи мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда  осы принциптер  бұзылып қылмыстық  заң қорғайтын  қоғамдық қатынастарға  белгілі  бір зиян келтіріледі.  Есірткі заттарды, жүйкеге әсер  ететін заттарды  заңсыз айналымға  айналдыру сияқты қылмыстар-дың етек  алуы алаңдатады.  Осыған орай халықтың  денсаулығына  қарсы  қылмыстармен күрес жүргізу үшін  Қылмыстық  кодекстің 10-тарауында  осы тұрғыдағы  қоғамға  қауіпті іс- әрекеттер  үшін арнайы  жауаптылық  белгіленген, яғни қылмыс  санаттары. Осыған тоқталсақ,

   Осы Қылмыстық Кодексте көзделген  әрекеттер  сипатына  және  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесіне  қарай онша ауыр  емес  қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді./ 1.2, 5 бет./

   Тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауда  көрсетілген қылмыстар негізінен екі түрлі топқа  бөлінеді:

    1. халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар;
    2. адамгершілікке қарсы қылмыстар.

   Осы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әре-кеттер болып табылады. Осы қылмыстардың тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы болып табылады.

   Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін заттар және улы  заттар және ҚР Қылмыстық Кодекстің 265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген.

   « Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тіртіп бойынша жүргізіледі » делінген.Осыған орайазаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын сақтау жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемелекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес арқылы түрде немесе тегін медициналық жәрдем көрсету-ді жүзеге асырып отыр.

   Біздің  осы тақырыпты таңдап алған себебіміз  де, осы тақырыптың маңыздылығына  байланысты болды.

   Жұмыстың  мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне байланысты туындайды.

   Курстық жұмыстың мақсаты: жеке азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.

   Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: адам  мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы,  олардың түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын  ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.

   Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына  бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі, екі тарау,  жеті  параграф және қорытынды бөлімі,  сондай-ақ  жұмыстың  соңында қолданылған әдебиеттер тізімі  қамтылған. 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

1. Адам  және  азаматтың  денсаулығы  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық Заңымен  қорғау  обьектісі ретінде 

      1. Денсаулық ұғымы
 

    Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі»/ 2.5., 33 бет./ яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.

     Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді  жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.

    Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі – оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау – тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни , жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да беолгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін.

      Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбіненсе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады. /2.5., 33 бет./

      1. Адам мен адамзаттың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы

       Қазақстан Республикасы Конституциясы әр адамның  денс аулығын  қорғауға кепілдік береді. Осы Конституциялық ережені  жүзеге асырудың бір  нысаны – денсаулыққа  қарсы  қылмыс  үшін жауаптылық белгілеу.

      Денсаулыққа қарсы  қылмыстарға   денсаулыққа қарсы зиян  келтірудің әр  түрлі  тәсілдері жатады, олар  үшін жауаптылық ҚК 103-111 баптарында  көрсетілген.

      Адамның денсаулық сақтау құқығы  – бұл құқық мемлекеттік денсаулық  сақтау мекемелерінде көрсетілетін  тегін медициналық көмек арқылы  жүзеге асырылады./ 1.1., 10 бет./

Бұрын барлық медициналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі  мемлекеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен  (ауруханалар, емханалар, дәріханалар, т.б.) бірге жеке медицина-лық мекемелер құрылуда. Әрине,емханаларды, дәріханаларды және басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және заңда белгілен-ген тәртіппен құрылуы тиіс.Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі мөлшерде ақы төленеді. / 2.6., 107-108 бб./

      Барлық саладағы дағдарыс жағдайында денсаулық саласының жаңа жүйеге көшуі медициналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық

көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқор-лық жасауы тиіс. Бұл - олардың конституциялық міндеті. Әйтпесе, тек адамдардың, әсіресе жеткіншек ұрпақтың денсаулығы төмендеп қана қоймайды, жұқпалы аурулардың да таралуы мүмкін. Ал олармен күрес бұл жұмысты жоспарлы және жүйелі түрде жүргізгеннен әлдеқайда көп қаржы мен күш жұмсауды қажет етеді. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту көп жағдайда жергілікті мәслихат депутатарының, жергілікті әкімшіліктердің белсенді қызметіне байланысты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы заңдары мынадай міндеттер:

         1)  балалар өлімін қысқарту, олардың денсаулығын жақсарту;

         2) өндірісте еңбек ету жағдайын жақсарту;

         3) жұқпалы, кәсіби аурулардың алдын алу және оларды жою жұмыстарын жүргізу;

       4) барлық адамдарды денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, сырқаттанған кезде медициналық көмек көрсету міндетін  жүктейді.  

        Денсаулықты сақтау құқы,сондай-ақ  азаматтардың әр түрлі жолдарды  (бұқаралық ақпарат құралдары,өтініш хат және тағы басқа) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізгі –қоршаған табиғи орта.Оның жағдайы қандай болса,адамдардың денсаулығы да сондай./ 2.6., 108 бет./

      Денсаулыққа  келген зиянның  түрлері  мен ауырлығын бағалаудың  сот-медициналық критерийлерін бір  ізге  салу үшін  ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің  Денсаулық  сақтау Комитеті 1998 жылғы 4 мамырда бекіткен «Денсаулыққа келген  зиянның ауырлығын сот-медицина  тұрғысынан бағалаудың  ережесі» маңызды  рөл  атқарады.

     Бұл  ережеге сәйкес денсаулыққа  келген  зиян үш  дәрежеге –  ауыр, орташа  ауырлықтағы  және  жеңіл  болып  бөлінеді.

     Денсаулыққа  келген зиянның  бұл  үш  түрін  ажыратудағы  негізгі  критерий - өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының  бар-жоғында.

    Өз денсаулығына  өзі  қастандық  жасау  қылмыстық жазаланатын   іс-әрекет  деп  қаралмайды. Кейбір  жағдайларда,  егер  кінәлі өз  денсаулығына зиян  келтіру   арқылы басқа  обьектіге  қол  сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс  құрамының  нышаны болып  табылады.

   Денсаулығына  зиян  келтіруге   жәбірленушінің келісуі, жалпы   ереже  бойынша іс-әрекеттің   қылмыстығын  жоққа  шығаратын   мән-жай болырп  табылмайды.

    Денсаулыққа  зиян  келтіру  түсінігі – бұл  ең  алдымен, заңға  қайшы әрекет  деген сөз.  
 
 

2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ  ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ 

    1. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы 
 

    Енді  адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьектісін, обьективтік жағын, субьектісін, субьективтік жағын жеке-жеке талдайық.

 Дене  жарақатының обьектісі – бөгде  адамның қалыпты денсаулығы болып  та-былады.

 Адам  денсаулығына қарсы қылмыстардың обьективтік  жағы – басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру), арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақатын келтіруі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Информация о работе Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар