Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:47, курсовая работа
Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазір
Кіріспе .........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде ........................................................................6
1.1Денсаулық ұғымы ............................................................................................-
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы......7
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты................9
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы............................-
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау....................................................11
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері....................................13
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар.....................................18
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар..................................24
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері..................................... ...25
Қорытынды ...............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................41
Есірткі
заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды
талан-таражға салу
не қорқытып алу
Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Олар-дың сипаттамасы Қылмыстық Кодекстің 259-бабында көзделген қылмыс құра-мын талдағанда толық берілді.
Қылмыстың
негізгі тікелей обьектісі
Қылмыстың обьективтік жағы екі түрлі нысан арқылы – талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нәр-селерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайырымсыз. Иегін алып қоюын немесе айналдыррын айтамыз.
Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әртүрлі тәсілдер қолданыла отырып істеуі мүмкін. ҚК –тің 260-бабындағы қылмыстар талан-тараждың – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Наркотикалық заттар немесе нәрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердін) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатымен істеледі.
Қылмыстың субьектісі – 14-ке толған адам.
Қылмыстық
Кодекстің 260 бабының 2-тармағында осы
қылмыстың ауырлата-тын
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК 31-бабы);
Б) әлденеше рет (ҚК 11-бабы);
В) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК 228 және 307-баптары);
Г)
өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес
күш қолдану не осындай күш қол-данумен
қорқыту арқылы жасалса (ҚК 178-бабын) жауаптылық
көзделген.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.
Қылмыстың обьективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады. Оның бірінші нысаны – басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар-ды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге осы заттар-ды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.
Есірткі заттарды тұтынуға оларға жататын таблеткаларды (кодейн, барбамид), немесе ұнтақтарды (кебу, морфин, апиын) ішке жұту, иньекция арқылы (морфий, кокаин) ұнтақтарды дем арқылы ішке тарту (кокаин, эфир), тарту арқылы (га-шиш) немесе құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді (бетол, қызғалдақ ) шайнау арқылы қабылдау жатады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол адамды көрсетілген заттарды тұтынуға көндірген уақыттан бастап (жәбірленушінің тұтынған немесе тұтынба-ғанына я болмаса тұтынудан басқаның бөгет болуына байланысты бас тартқаны-на қарамастан ) аяқталған деп саналады.
Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі өзін басқа адамның наркотикалық немесе жүйкеге әсер ететін заттарды көндіргенін сезеді және соны тілейді.
Қылмыстың обьектісі 16-ға толған адам.
ҚК-тің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
Б) әлденеше рет;
В) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар жөнінде;
Г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
3.1 Қасақана жасалған
денсаулыққа қарсы
қылмыстар
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолы-мен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қан-дай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби
еңбек қабілетін немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру ».
Осы
103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік:
«Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық
бағалау Ережесі» 1998жылы 4-мамырда Қазақстан
Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық
сақтау Министрлігі-нің Денсаулық сақтау
комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген.
Осы Ережеге сәйкес:
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның екінші тармағына тоқталайық. Осы бартың 1-тармағындағы әрекеттер:
Осы
103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген
әрекеттер абайсызда жәбір-
Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәләнің әрекеттерінің субьективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян кел-тіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлуін тілемей-ді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады.
Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдары-нан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленуші-нің өлімі келген жағдайда байланысты жалпы заң бойынша екі қортынды шығаруға болады:
Денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы
зиян келтіру
Қылмыстық кодекстің 104 – бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынын; 2) Кодекстің 103 – бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынын; 3) денсаулықтын ұзақ уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күнен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалату денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп таңылады.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері Қылмыстық кодекстің 103 – бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.
Субьективтік
жағынан көрсетілген қылмыс тікелей
немесе жанама қасақа-налықпен істеледі.
Қылмыстың субьектісі 104-баптың
1-тармағы бойынша 16-ға толған, ао осы
баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған
адам.
Денсаулыққа
қасақана жеңіл зиян
келтіру
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян ден-саулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10% дейінгісін
жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық ниет-пен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда кінәлінің әре-кеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша са-раланады.
Қылмыстың
субьектісі 16-ға толған кез-келген есі
дұрыс адам.
3.2
Денсаулыққа абайсызда
зиян келтіру
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Информация о работе Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар