Мемлекет пен құқытың арақатынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................4

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................9
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................9
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері .........................................15
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................16

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............21
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................21
2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................

Работа содержит 1 файл

МЕМЛЕКЕТ ПЕН КУКЫКТЫН АРАКАТЫНАСЫ.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

Адам – елдің  басты байлығы. Жеке адамдарды тұлға  деп қарамай, тек қана тұрғын деп  санау қателік. Біз осы ұғымның  мәнін өзгертуіміз керек. Біздің елдің әр тұрғыны бірінші кезекте  үлкен әріппен жазылатын азамат. Әр адам өзін осылай сезінуі керек, өйткені, азамат – мемлекеттіліктің негізі. Тек өзін еркін сезінетін және жауапкершілігі бар азаматтар ғана елді ерікті, ал билікті жауапты ете алады. Қазіргі кезде адамдардың дамуына айрықша мән беріп отырған мемлекеттер сол арқылы зор тиімділікке қол жеткізіп отыр. Президент әлеуметтік дүбаралыққа жол бермеу және өмір сапасын ұдайы арттыру үшін әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктер туралы заңнама жасауды ұсынды. Ақжолдық депутаттардың партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген өмір сапасының негізделген ең аз өлшемдері мен көрсеткіштері, жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың деңгейі, кепілді медициналық қызметтің ауқымы, әр тұрғынға шаққандағы төменгі тұтыну кәрзеңкесін қалыптастыру туралы, мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) адамдардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстарын заңға енгізуге күш жұмсайтын мүмкіндігі еселеп артты. Сондай-ақ, қолжетімді тұрғын үй, білім алу, медициналық көмек, мәдени-рухани салалары бойынша тұғырнамадағы ұсыныстарының көбісін тиісті заңдарға енгізу бағытында да қолдары ұзарды деп санаймын. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын орнықтыру үшін ең алдымен заңдардың жаңа топтамасы өмірге келуі тиіс. Заңнамалық нормативтік актілерге де толып жатқан өзгерістер мен толықтырулар енуі қажет. Әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізілейін деп отыр. Оның ішінде жұмысқа ынталылықты артыру үшін, еңбек адамдарына кедергі келтіру, құрметпен қарамауға тыйым салу үшін еңбек туралы заңнамаға түбегейлі өзгертулер енгізіледі. Еңбек дауларын мейлінше азайтудың маңыздылығы ерекше аталады. Оның алдын алу, ескеру және реттеу шараларын бір мезетте Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізе отырып іске асыру ұсынылады.

Қазақстандық  азаматтың әрқайсысы еңбек пен білімінің, біліктілігінің арқасында өз саласында алдыңғы қатарлы орынға жетіп, өзінің және отбасының жақсы өмірін қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Ол үшін, әрине, жұрттың бәріне тең мүмкіндіктер, тең жағдай жасалуы керек. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі кезеңдегі Партияның негізгі ұрандарының бірі – Еңбек, Білім және Теңдік болуы керек деп ойлаймын. Бұлар ұлттық мүддемізге сай келетін тұжырымдар. Патриоттығымыздың негізі болып саналатын мемлекетшілдік деген де осы.

Жалпы бұл бағдарламалық құжаттағы ойлар мен тұжырымдарды бір-екі адамның баяндамаларымен тарқатып айтып шығуы мүмкін емес. Мақаланың тереңдігі сондай, көптеген тұжырымдар егжей-тегжейлі зерделенуі қажет. Оны әрбір адам оқып, өз жүрегінен өткізуі керек. Менен кейін сөйлейтін шешендердің арасында әртүрлі саланың мамандары болса, олар өздерін толғантқан жекелеген мәселелер бойынша толықтырып, нақты ұсыныстар   айтып, баяндаманы байыта түседі деп үміттенемін.

Еліміз әлемнің  тең құқылы саяси субъектілері ретінде  даму әлеуметтік және идеологиялық белестерге көзқарасы білдіруге құқылы екендігін Елбасымыздың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласынан байқалады. Мемлекетіміздің даму жолындағы белгіленген басымдықтарды өзгерту өте орынды әрі дер кезінде қойылған мәселе. Мемлекетіміздің демократия, прогресті жолында дамуы осы мәселе бойынша күн тәртібіне қойылған міндеттерді тез және дұрыс орындалуына байланысты.

Елбасымыздың  Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамын  құру туралы идеясы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, әр қазақстан азаматы үшін ұлттық тренд болып табылады. Еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуы дегеніміз, біріншіден азаматтардың санасын өзгерту, яғни оларды масылдық санадан белсенді өмір позициясына көтерілуді талап етеді.

Өнімді еңбекке  негізделген Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы туралы кең ауқымды идея арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінен әлеуметтік прогресс жүйесіне көшуге болады. Осы стратегиялық құжат Елбасымыздың бастаған даму жолының оң екенін тағы куәлендіреді.

Құжат еңбек, білім, жастардың әлеуметтік бағыты, денсаулық сақтау, тұрғын үй сияқты қоғамның маңызды және өзекті жақтарын қамтиды. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша мектептер, ауруханалар, мәдени орталықтар бой көтеруде. Таяудағы мәжілісте Елбасымыз әлем экономикасындағы қиындықтарға қарамастан Қазақстанның даму динамикасы алға басып келе жатқанына тоқталды. Ол жайды мынандай деректер растайды: ЖІӨ 5,6%, халықтың табысы 13 %, жалақысы 12 % өсті.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым: Елбасы қазақстандықтарға  өз еңбегінің жемісін көруге мүмкіндік беретін нақты істер бағдарламасын ұсынған. Егер біз еліміз иеленетін зор потенциалымен, яғни, бай табиғи ресурстарымызбен, кәсіби шеберлігі жоғары кадрларымызбен, қолда бар нарықтық институттарымызбен, еңбекті басты құндылық санап, бүкіл қоғамның идеясына айналдыра алсақ, осыған сәйкес ортақ күшжігерімізді біріктіретін болсақ, алдымызға қойған кең ауқымды мақсаттарымызға жететінімізге дау жоқ. [9, 1б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен курстық  жұмысымды қорытындылай келе, мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

Әскери демократияның  дамуы қоғамда саяси ұйымның  – мемлекеттің пайда болуына  әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта  құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:

1. Мемлекеттің  тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі  – мемлекет өзінің ішкі және  сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.

2. Мемлекеттің  халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға  бөлінеді, бұл жерде адамдардың  рулық белгілері ескерілмейді.

3. Мемлекетте  қоғамды басқаратын өкімет билігінің  белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.

4.Қоғамның өмір  сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет  заңдар, нормативтік актілер шығарып,  солар арқылы қоғамдық қатынастарды  реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

Ал құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Заңдар адамның  құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық  тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық  дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі  нормативтік құқықтық актілерді  де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.

Сөйтіп құқық  туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі  – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде  өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.б

Соңында айтарым, мемлекет пен құқық айырылмас  жүйе. Олар бір уақытта пайда болып, бірге дамып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Т.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы. 2003.

2 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 2006.

3 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2007. - 336 б. - ISBN 9965-35-130-9

4 Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

5 Байжанова Г.Т. Құқық теориясы. Қарағанды, 2004.

6 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет жєне құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

7 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

8 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 2006.

9 http://www.qazaquni.kz/12931.html

 


Информация о работе Мемлекет пен құқытың арақатынасы