Мемлекет пен құқытың арақатынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................4

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................9
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................9
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері .........................................15
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................16

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............21
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................21
2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................

Работа содержит 1 файл

МЕМЛЕКЕТ ПЕН КУКЫКТЫН АРАКАТЫНАСЫ.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

                                                     МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ................................................................................................................4

 

  1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................9   

        1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................9

        1.2 Құқықтың пайда болуы және  қайнар көздері .........................................15

        1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................16

 

  1. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............21
    1. Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................21

       2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................25

 

        ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................28                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.

Құқықтың  нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.

Құқықтық  негізгі нысандарына мыналар  жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды  прецедент, нормативтік-құқықтық акт.

Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл  мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға  бағытталған оның органдарының біртектес  қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар.

Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық  – бұл нормативтік актілерді  дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін  шығару арқылы нормативтік актілерді  жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

б) құқыққорғаушы  – бұл адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға  жəне т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық  нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың  құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар  жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік  органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған  нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы.

Тақырыптың  мақсаты- мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі мен қағидаларын және мазмұнын зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін, мәліинттер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Құқық пен мемлекет арақатынасын көрсету;
  • Мемлекет пен құқықтың тарихын зерттеу;
  • Мемлекет пен құқықтың қағидаларын қарастыру;
  • Құқық пен мемлекеттің түрлерін анықтау;
  • Мемлекет пен құқықтың ерекшеліктеріне тоқталу.

Зерттеу нысаны: Мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі, қағидалары, мазмұны.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі: қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты әртүрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мемлекет және  құқық туралы жалпы түсінік

 

1.1 Мемлекеттің  шығу тегі, белгілері

 

Мемлекет –  бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу  аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті  рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері  болады:

1. Бұқаралық  биліктің болуы. Міндетті түрде  мемлекеттің басқару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.

2. Аумақтық бөлініс.  Мемлекет өз аумағында өмір  сүруші барлық адамдарды өз  билігімен жəне қорғау арқылы  біріктіреді.

3.  Салықтар  жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың  өмір сүруін қамтамасыз ету  үшін қажет.

4. Егемендік.  Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы  үстемдік пен халықаралық қатынастардағы  тəуелсіздік.

5. Құқықтың болуы.  Мемлекет құқықсыз өмір сүре  алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады. [2, 17б.].

Мемлекеттің пайда  болу себептері. Мемлекеттің пайда  болуы туралы мəселе даулы болып  табылады, себебі, этнография жəне тарих  ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:

1. Діни теория  – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің  пайда болуының құдайлық бастамасын  негізге алады, «барлық билік  құдайдан» деген тұжырымдаманы  бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.

2. Патриархалды  теория – мемлекеттің пайда  болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін  отбасы мүшелерінің алдындағы  əке билігінен туындатады. Бұл  теория патшаның шексіз билігін  негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.

3. Шартты теория  – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен  таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан  Голландияда Гуго Гроций мен  Спиноза, Англияда Д.Локк пен  Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо,  Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мемлекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

4. Күштеу теориясы  – мемлекеттің пайда болу негізі  ретінде күштеу əрекетін, бір  халықтың екінші халықты жаулауын  таниды. Жауланған халықтың үстінен  билікті бекіту үшін, оған күштеу  жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

5. Психологиялық  теория – мемлекеттің пайда  болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы  қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына  тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.

6. Органикалық  теория. Бұл теорияның өкілдері  Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет – биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.

7. Ирригациялық  теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.

8. Материалистік  теория – мемлекеттің пайда болуын əлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.

Бұл теорияның  өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин  –мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.

Мемлекеттің пайда  болу нысандары болады. Мемлекеттің қалыптасуы – əртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.

Шығыста «өндірістің  азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үн-дістан, Қытай жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері – жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы рөлін атқарды. [8, 18б.].

Афины мен Римде  мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша  жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы  жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде  пайда болды. Афины – мемлекеттің  пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар –патрицийлерге қарсы күресінің нəтижесінде тездетілді.

Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы  мемлекеттердің пайда болуына негіз  болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.

Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда  болады.

Мемлекеттік билік  əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың– билік құрушылардың – еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың– бағынушылардың – еркі мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға жəне т.б. тəн.

Мемлекеттік билік  əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық  билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді жəне өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.

2. Аппараттық  билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік  органдар жүйесіне сүйенеді жəне  олар арқылы жүзеге асырылады.

3. Заң қолдайтын  билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.

4. Егеменді билік–ол  кез-келген биліктен дербес жəне  тəуелсіз.

5. Заңдастырылған  билік. Яғни, ол заңды негізді  жəне қоғамдық тануды иеленген.

Мемлекетте  еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік жəне сот билігі.

Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.

Информация о работе Мемлекет пен құқытың арақатынасы