Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:35, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
КІРІСПЕ................................................................................................................4
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................9
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................9
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері .........................................15
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................16
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............21
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................21
2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды
– кез-келген мемлекеттің
2) мазмұнды –
осы ұйымның кімнің
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік,
бұған сəйкес мемлекетті
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекет функцияларының түсінігіне келетін болсақ, мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты – ішкі жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы жəне т.б.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. [1, 90б.].
Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық
– бұл жаңадан қабылданған
нормативтік актілерді
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі əлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның əлеуметтік-экономикалық біртұтастығын көрсетуі жəне қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына əсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алдымен əдет-ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;
2) жазбаша нысандағы
көрінісі болмастан,
3) əдеттің, сонымен
қатар, сендіру жəне мəжбүрлеу
(рудан қуу) шараларымен
4) оларда негізгі
реттеу тəсілі болып тыйым
(табулар жүйесі, құқықтар мен
міндеттердің болмауы)
5) олар ру
мен тайпаның барлық
Құқықтың пайда болуының ерекшеліктерін айтар болсақ, құқық əлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады жəне оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мəлім болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың
(алғашқы қауымдық əдет-
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқықшығармашылық қызметі;
3) сот жəне
əкімшілік органдарымен
Құқықтың түсінігі жəне белгілеріне тоқталсақ, құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктілік сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың мақсаттары болады. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуінен жəне кепілдеуінен, əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəне жалпы қоғамның əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың əлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың əрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың
ерекше мүдделерін үйлестіру
арқылы олардың жүріс-тұрысы
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші жəне анықтаушы болып табылады жəне осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық əділеттілік
идеясын көрсету қабілетіне ие,
яғни, құқық материалдық
5) құқық қоғамдық
дамудың тарихи кезектілігіне
сəйкес қоғам-ның жаңаруының
6) құқықтық тəсілдер
халықаралық жəне ұлтаралық
Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мəнін
қарастыруда екі аспектіні
1) формальдық
– кез-келген құқықтың ең
2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыəлеуметтік,
бұның шегінде құқық қоғамдағы
əртүрлі таптардың, əлеуметтік
топтардың арасындағы
Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң əдеттері, заңды прецеденттер жəне нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға жəне т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен жəне оның санасы мен еркінен тəуелділігінен көрінеді. [2, 42б.].
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа жəне т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік жəне субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нəтижесі болып табылады;
ə) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы барысында оның бір мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық
– бұл мемлекеттік істер
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мəртебесі.