Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:35, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
КІРІСПЕ................................................................................................................4
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................9
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................9
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері .........................................15
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................16
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............21
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................21
2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент жəне т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет
алдындағы жауапкершілігі де дəл
осы құқықтық бастамалар негізделеді.
Мемлекеттік мəжбүрлеуді
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырап, жойылу нәтежиесінде Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасы дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстан мемлекетінің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.
Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы - жай процесс емес деп жазды Г. Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін сыйлауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығару, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті.
Бұл 1970 жылы 28 қазанда
қабылданған БҰҰ Жарғысына сай
мемлекеттер арасындағы достық пен
ынтымақтастыққа қатысты
А.К.Котовтың айтуыша Қазақстан әрқашан ел болды, алайда коммунистік партиялық мемлекет ірі жүйе құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет болып, халық өмірінің әлеуметтік-экономиялық және қазақ жерінде өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауға және қамтамасыз етуге қабілетті мемлекет ретінде дербес даму қажеттілігіне тап болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет пен оның барша азаматтарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қайта кұру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қорғаныс, сыртқы саясат, қоғамдық- саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар әзірленді. Бұл заң актілерінің бәрі де тәуелсіз беделді халықаралық сараптамадан өтті.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікті алып, толық мемлкеттік егемендікке ие болған соң азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанды. Осылайща тотолитарлық құрылымдағы зорлық- зомбылық пен заңсыздықты жоюға мүдделігіне және гуманистік құқықтық құндылықтарды, адам құқығы мен бостандығын басымды деп санайтынын білдірді. Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институттарының саяси- құқықтық мазмұны өзгерді. 1995 жылы қабылданған Республика Конституциясына сәйкес парламенттік – президенттік басқару нысаны таза президенттік нысанға өзгертілді. Президенттік институты мемлкететтік жүйенің басты институты болып, елдегі ахуалға, биліктің басты үш тармағының қызметіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына анықтаушы ықпалын тигізеді.
Заң шығарушы билігі институты да өзгерді. Кезінде бірқатар маңызды актілерді (мемлекеттік егемендік туралы Декларация, «Қазақстан Республиксының тәуелсіздігі туралы »заң, 1993 жылғы Конституция, меншік туралы, азаматтық туралы және т.б заңдар) қабылданған бұрынғы бір палаталы жоғарғы Кеңес қызмет тұрпаты өзгерген екі палаталы Парламентке орын берді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандығын заңды түрде қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру бойынша, демократияны дамытуға, нарықтық қатынасқа өтуге, жеке меншік енгізуге және кәсіпкерлік құрылымдарды қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады.
Үкіметтің тікелей басқаруымен атқарушы билік қызмет атқарады. Оған экономикалық реформаларды жүзеге асыру, елді дағдарыстан шығару жөніндегі шараларды әзірлеу және асыру, заңдардың орындалуын ұйымдастыру, күнделікті мемлекеттік басқару жүктелген. Сот билігі де өзгеріске ұшырады. Жалпы және арбитражды соттар бир жүйеге біріктірілді. Бұл жүйені қазір Жоғарғы от басқарады. Үш жыл қызмет атқарған (1992-1995) бұрынғы Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды. Құқық қорғау органдарының жүйесі қайта құрылуда.
Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздігінің
Құқықтық мемлекет- біздің болашағымыз, оған баратын жол жақын да, оңай да емес. Бірқатар даму кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жұртшылықтан , халықтан елеулі күш-жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметке салауатты дем беру керек, жемқорлық жолына бөгет қою қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның заңы және механизмдерін жетілдіру туралы қамдану, азаматтардың бойында оларды сыйлау қасиетін дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық қатынас пен басқа да заңды байланыстарды құрайтыннынң барлығын жүзеге асыпу шараларын белгілеу қажет.
Осындай кешенді тәсілдеме құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру міндеттерін жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты Конституциялық қағидаларда анықталады. Мемлекетті ұйымдастырудың негізгі құраушы қағидаларының бірі- мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті органдарды сайлау. Демократиялық мемлекет қызметінің басқа бір негіз құраушы қағидасы- мемлекеттік өмірдің ең басты мәселелерін демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламетте дауыс беру тәртібі осыған жатады.
М. Сәрсенбаев көрсеткендей,
тәуелсіздікке қол
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты ресми, мемлекеттік діннің болмауынан көрінеді. Көптеген діни ілімдердің бір де бірі міндетті немесе артықшылықты болып табылмайды.
Мемлекеттік органда діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуға жол бермеуіне, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы қажет. Сондай-ақ діни негіздегі саяси партиялардың қызмет атқаруына жол берілмейді.
Діннің мемлекеттен бөлек болуы мемлекеттік оқу орындарында діни догмаларды оқытуға болмайды дегенді білдіреді.
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты діни бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға жол бермеуден де көрінеді.
Дербестік жолға түскен Қазақстан құқықтық мемлекет идеясын бірден қабылдады. Құқықтық мемлекет- ұзақ тарихи дамудың жемісі. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ақырындап құқықтық мемлекет идеясына жақындайды. Конституцияның 1-ші бабы Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетті бекіту жолына түскенін, мемлекет құру жолына түскенін білдіреді. Қазақстан халқы алдына үлкен мақсат қояды- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету оңай емес. Құқықтық мемлекетте заңдар белгілі бір бөлігінің емес, баршасынын шынайы еркін білдіреді оңда заң үстемдік етеді. Ең жоғарғы лауазымды тұлғадан бастап, қатардағы азаматңа дейін- барлық адам заңдардың барша халықтың мүддесі үшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайтын, адамдардың оқуы үшн отбасы құруы үшін, жұмыс істеуі үшін, өздері тандаған іспен шұғылдану үшін, лайықты өмір үшін пайда табуы мақсатында, өздерін ерікті сезіну үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін қажет болатын қоғамдық тәртіп белгілейтін түсінулер қажет. Азаматтардың өздері бұзылған құқықтарын қорғауға үйренулері керек. Ол үшін соттар обьективті болулары керек, азаматтар өз мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне керек.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі- заңның қоғам өміріндегі үстемдігі, жоғарылылығы. Қоғам ғмірінің анағұрылым маңызды жақтары заңдар арқылы реттелу керек.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуының ұзақ мерзімді бағдарларын белгілеп берді. «Бүгінде Әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. Осыған орай әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік өрлеуге бағытталған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты тапсырмалар жиынтығы анықталған. Мұнда күн тәртібінде келесі бағыттарда бес мәселе бар. Олардың біріншісі– әлеуметтік заңнаманың жаңартылуы, екіншісі–әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісінің қалыптастырылуы, үшіншісі – қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғары стандарттарының қамтамасыз етілуі, бұған еңбекке қатыстылықты тиянақты ету, төртіншісі –әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени бөлігін дамыту, бесіншісі – әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Ал осы бес бағыттағы 20 тапсырманың орындалуы бес басты қағидаттардың, атап айтқанда, эволюциялық, ортақ жауапкершілік, әріптестік қатысу, ынталандыру және кәсібилік талаптар негізге алынып, іске асырылады. Шын мәнінде, Президенттің Үкіметке берген тапсырмалары осы шарттарды жасауға бағытталған. Әр тапсырманың орындалуының жолдары нақты, жүйелі көрсетілген.
Ел болашағының
бағытын түзеген 20 кешенді бағдарламалық
тапсырманың әрқайсысы және тұтастай
алғанда барлығы да әрбір отандасымыздың
көкейтесті мәселесі деп атауға болады.
Сонымен бірге бұл жолдау бүкіл
қазақстандықтарды қоғамда шыны
Елбасы осы сөзінде «Бұл орайда, мен әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек. Өз үйінен, өз қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқым келеді. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамақ емес» дей келіп, әлеуметтік үлгі-қалыптың өлшемдерін орындау үшін отандық бизнестің ғана емес, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік бизнестің жауапкершілігін арттыру қажеттігін алға тартады. Елде орта таптың қалыптасуына қолайлы жағдай жасалмақ. Орта тапқа орта және шағын бизнес өкілдері, кәсіпкерлер де кіреді. Бизнестің жазылмаған заңы бойынша оның иесі тек өзіне, біліктілігі мен кәсіби деңгейіне, қажыр-қаратына сенуге тиіс. Тек сонда ғана ол тиісті нәтиже бере алады. Әрі өмір сүрудің белгілі бір үлгі қалыптарын орнықтыруға да қажетті фактор қалыптастырады. Сонымен бірге, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде – ірі қалалармен бірге алыстағы ауылдарда орындалуы қажет екендігі жөнінде тиісті міндеттер қойды. Қазақта білімді мыңды жығады деген сөз бар, ал ақпараттық технолгияның өркендеген жағдайында білімнің алатын орнын ештеңемен салыстыруға болмаса керек. Енді өзіміздің біліміміз бен өндірістің арасындағы байланысты тиімділікпен жақсарта білуіміз керек. Біздің адамдарымыздың, кеңес кезіндегідей, өндірістің жәй ғана тетігі саналмай, бизнестің аса маңызды бөлігі болуына барлық қабілеттері бар. Осындай жолға дамыған елдер баяғыда-ақ көшіп алды. Қазақстан олардағы тәжірибенің ең озық деген үлгілерін екшеп, қабылдап алуы тиіс және өзінің дербес технологияларын жасауы керек. Жалпы бизнестің әлеуметтік жаңғыртуға елеулі үлес қосуы қажеттілігі туралы Елбасының баса айтуы кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнестің партиясы саналатын біздің партияға да тікелей қатысты. Біздің филиалдардың басым көпшілігін бизнес өкілдері басқарып отыр. Бірқатар облыстарда жергілікті мәслихаттарда ақжолдық депутаттарымыз бар. Менімше аймақтағы жұмыс екі бағытта, бірінші өңірлерде әкімдер инфляцияны толық ауыздықтауы үшін күресіп, екінші бағытта әркімнің еңбекпен қамтылуын қадағалауы, тіпті ұйымдастыруы тиіс. Мұны айтып отырған себебім: енді бәрі атқарушы биліктің білім білігіне, Президент тапсырмаларын орындау деңгейіне тікелей байланысты. Байқасаңыздар, Президент өзінің Жолдауын жүзеге асу қарқыны мен сапасына көңілі толмайтынын тура айтып қалды. Осы жағдай, мүмкін, мақаладағы тапсырмалардың нақты болуының себебі де болған шығар. Президенттің тапсырмалары ешкім бұлтарып кетпейтіндей тап-тұйнақтай етіп берілген. Бірақ, мұнда тек биліктің жауаптылығы ғана емес, екінші жақ – бұқараның да жауаптылығы көзделген. Әрбір азамат өзі және өзінің асырауындағылар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғам мен мемлекет үшін жауапты екенін түсінуі басты қажеттілік. Ендігі жерде билік пен бұхара алға бірге жылжуы қажет. Демек, ұлтты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуді, әсіресе жас ұрпақтың – жас азаматтардың тәрбиесін ең бірінші қолға алу керек. Бұл идеологиялық, қоғамдық-саяси мәні зор іс. Сондықтан да филиалдар жетекшілері осы төңіректе қатты ойланып, өңірлерде қоғам өміріне белсене араласып, тиісті шаралар қабылдап, іске асыруы қажет.