Мемлекет пен құқытың арақатынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:35, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................4

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................9
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................9
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері .........................................15
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................16

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............21
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................21
2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................

Работа содержит 1 файл

МЕМЛЕКЕТ ПЕН КУКЫКТЫН АРАКАТЫНАСЫ.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты  ресми түрде орнықтырып, оның  орын-далуын мемлекеттік мəжбүрлеу  арқылы қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік  еріктің нормативтік көрінісі  бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа да мүдделерге сəйкес реттейді;

3) құқық жалпыға  міндетті сипатқа ие, бұл оның  ерекше əлеу-меттік реттеуші, заңды  жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші  ретінде көрініс табуына мүмкіндік  береді.

4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.

Құқықтың қайнар көздері- бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндтті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі  жолмен беріледі:

1. Құқықшығармашылық  жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік  құжаттрды құзіретті мемлекеттік  органдар қабылдайды, яғни ікелей  мемлекет шығарады.

2. Санкциялау  жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекеттік  органдар белгілі бір түрде  әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативтік  заң актілер- бұл құзіретті  мемлекеттік орган қабылдайтын,  құқық нормалардан құралған және  белгілі бір қоғамдық қатынастарды  реттеуге бағытталған ресми құжат. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.

2. Санкцияланған  әдет-нормалары- бұл адамдардың  санасынан орын алған және көп ет қолданылуының нәтежиесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережлеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән бріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет-ғұрып нормаларна заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

А) нормативтік  актілерде әдет нормаларына сілтеме  жасау арқылы;

Б)  оларды сот  шешімдеріде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3. Заңды прецедент-  бұл ұқсас істерді шешуде басшлыққа  алгатын және жапыға міндетті  заңды мағына иеленетін нақты  бір заңды істі шешудегі соттық  немесе әкімшілік шешім.

4. Нормативтік шарт- бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

5. Құқықтың жалпы  қағидалары- бұл құқықтық жүйенің  негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық  норма, міндетті прецедент немесе  әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттік ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін. (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

6. Діни мәтіндер- бұлар,әсіресе мұсылмандық құқыққа  тән. Ең алдымен, бұл Құран  мен Сүннет. Құран- бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап. Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ. [8, 62б.].

Құқықтың қағидаларының  түсінігі жəне түрлері. Құқықтың қағидалары – бұл құқытың ерекше əлеуметтік реттеуші ретіндегі мəнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын жəне əлеуметтік мəнін көрсетеді жəне заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мəнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық қағидаларды бөліп қарастырады.

Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында  күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:

- əділеттілік;

- азаматтардың  заң мен сот алдындағы заңды  теңдігі;

- ізгілік (гуманизм);

- демократиялық;

- құқықтар мен міндеттердің  біртұтастығы;

- сендіру мен мəжбүрлеуді  үйлестіру.

Салааралық қағидалар  бірнеше құқық саласының ерекше мəнді белгілерін сипаттайды. Олардың  арасынан жарыспалылық жəне сот өндірісінің  жариялылығы жəне т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.

Салалық қағидалар тек  бір саланың шеңберінде ғана əрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта  – мүліктік қатынастардағы тараптардың  теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта  – кінəсіздік презумпциясы.

Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық əсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.

Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлеріне тоқталатын болсақ, құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.

Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі  жақты шартты түрде бөліп қарастыруға  болады:

1) сыртқы жақ, бұған  сəйкес құқықтың əлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер етеді жəне т.б.) функциялар.

2) ішкі жақ, бұл құқықтың  табиғатынан туындайды, олар –  реттеуші жəне қорғаушы функциялар.

Реттеуші функция  – бұл позитивтік жүріс-тұрыс  ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден жəне заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық жəне реттеуші динамикалық функциялар.

Реттеуші статистикалық  функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен əсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мəнге ие.

Реттеуші динамикалық  функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен əсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, əкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.

Қорғаушы функция –  бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық жəне жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тəртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. [8, 95б.].

 

 

1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы

 

Мемлекет пен  құқық ажырамас ұғым. Өйткені бірі-бірінсіз қолданыста бола алмайды. Мемлекет бар жерде құқық ұғымы болады. Құық бар жерде мемлекет орнайды. Осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.

Біріншісі –  этатистік; бұл бағыт мемлекеттің  құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады. Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.

Алайда, аталған  мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің құқықты  қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:

1) құқықшығармашылық  қызметті жүзеге асырудан. Тура  мағынада бұл мемлекеттің құқық  нормаларын орнықтыратынын білдіреді;

2) тіккелей мемлекеттік  емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің  санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;

3) іс жүзінде  қалыптасып қойған қатынастарды  жүріс-тұрысты заңды міндетті  реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, əдет құқығы осылай қалыптасады;

4) құқықты жүзеге  асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты  пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге  асырылуы мүмкін емес;

5) мемлекет құқықты  жəне құқықтық қатынастарды қорғауды  қамтамасыз етеді;

6) мемлекет құқықтың  əлеуметтік кеңістікке таралуына  жəрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.

Құқықтың мемлекетке əсері мыналардан көрініс табады:

1) құқық мемлекеттің  халықпен, жекелеген тұлғамен өзара  қарым-қатынастарына əсер етеді;  мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен əсер етеді;

2) құқық мемлекеттің  қызметін заңдастырады, мемлекеттің  қорғау жəне мəжбүрлеу шараларының  рұқсат етілуін қамтамасыз

етеді;

3) құқық арқылы  мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;

4) құқық ұлттардың  ерекше мүдделерін қамтамасыз  етеді, осы арқылы мемлекеттік  биліктің ұлттармен қарым-қатынасына  əсерін тигізеді; [2, 66б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2 Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары

 

2.1 Қазақстанда  құқықтық мемлекет қоғамының  қалыптасуы

 

Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің  мəнін қарастыруда оның негізгі  екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды жағы  – адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын мейлінше  толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;

2) формальды-заңды  жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:

- билікті заңсыз  пайдалануды болдырмау мақсатында  оны заңшығарушылық, атқарушылық  жəне сот тармақтарына бөлу;

- заңның үстемдігі,  яғни, биліктің жоғары органымен  барлық конституциялық тəртіптерді  сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі жəне тоқтатылуы мүмкін емес;

- мемлекет пен  тұлғаның өзара жауапкершілігі;

- қоғамдағы  құқықтық сана мен құқықтық  мəдениеттің жоғары деңгейі;

- азаматтық  қоғамның болуы жəне тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

Биліктің тармақтарға  бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы – саяси  бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету жəне белгілі бір əлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын жəне қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын жəне заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) жəне сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінəлілерді əділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Жəне осы əр бір билік түрлері дербес жəне бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы жəне арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. [3, 109б.].

Констиуцияда  бекітілген «тепе-теңдік жəне тежемелік  жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заң шығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінəсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау жəне т.б.

Мемлекет пен  тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарымқатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.

Информация о работе Мемлекет пен құқытың арақатынасы