Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:40, курсовая работа

Описание работы

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
І ТАРАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТАМАСЫ.
1.1.Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері...............................................4-12
1.2.Бұлттартпау шараларының түрлер...............................................................13-27

ІІ-ТАРАУ.ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ
2.1.Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы.......................................................28
2.2.Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері..........................................29-33
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................36-37

Работа содержит 1 файл

АСЕМА СРОЧНО.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Күдіктіні ұстау-ҚР ҚІЖК 17-тарауында қарастырылған. Сезіктіні ұстау> ұғымының мәнді белгілері оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешеу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбірлеу шарасы ретінде тануға негіз болады.Қылмыстық іс жүргізулік  ұстауды жай ұстаудан, әкімшілік ұстаудан және күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларынан ажыратып қаау керек.Ұстау деп қылмыс жасады деп күдік келтірген адамды өз бетінше әрекет ету құқығынн айыру үшін дене күшімен мәжбүрлеу шаралары түсініледі.Заң

                                                                                                                                     30 бойынша қылмыскерді жәбірленушінің өзі, сондай-ақ басқа азамат (ҚР ҚІЖК 133-бап) немесе полицияның потруль-күзетші қызметкерлері ұстай алады.

Бұған қоса,ҚР ҚІЖК 453-бабының 1-тармағында (ұкімді орындау сатысында) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сртталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты іздестіру жариялау мен бұлтартпау шаралары қарстырылған.Тұрғылықты жерінен жасырынған және тұратын жері белгісіз сотталған адамға іздестіру жарияланады және ұсталуы да мүмкін.Іс жүргізулік ұстау күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасымен ұқсаз келеді.Екі жағдайда да күзетке алынған іс жүргізулік ұстау жүзеге асырылады.(ҚР ҚІЖК 150-баптың, 5-тармағы).Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғымдар.Ұстау тосын қолданылатын,қысқа мерзімді күзетке алу белгілерімен ерекшелінеді, оның ерекше негіздемесі,мақсаты,шара қолдану әрекеттері болады.Ұстау әрқашан тосын іс жүргізулік әрекет деп танылады,сондықтан соттың санкциясынсыз қылмыстық ізге түсудің бастапқы сатыларында ғана жүзеге асады.Бір ғана күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасын тандау туралы өтініш бойынша айыпталушыны қайтадан ұстауға жол берілмейді.Іс жүргізулік ұстау шарасын тергеуші, прокурор, анықтау органдары мен анықтаушы, қылмыстық ізге түсу органдары ғана жұзеге асыра алады.

Күіктіні ұстау негіздері.Күдіктіні ұстау негіздері ҚР ҚІЖК 132-бабында қарастырылған.Қылмыстық ізге түсу ісін жүзеге асыратын орган мына негіздердің бірі болған жағдайда күдіктіні ұсий алады:

1)     Қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталған

адам.Қымыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағн адамды жәбірленуші,көрген адам,полиция қызметкерлері ұстай алады.

2)Көрген адамдар,оның ішінде жәбірленушіер қылмыс жасау кезінде сол

адамдытікелей көрсете алады немесе сол адамның оған қол сұғушылығына қарсы бұлтартпау мақсатында ұстай алады.Осы негізде ұстау кезінде бір ғана көрген адамды тану жеткілікті.

3)Ол адамды немесе оның киімінде,өзінде немесе оның тұратын ұйінде қылмыстық анық ізі табылады. Бұндай іздер дене жарақатының болуымен,

                                                                                                                                     31 заттай дәлелдемелердің болуымен (мысалы, қару және қылмыс заттары, қан ізі) анықталады.Осыған орай анық іздер тек үйін ғана емес жұмыс орнын, гаражын, саябағын, басқа жерлерді тінту кезінде табылуы мүмкін.Адамды қылмыс жасады деп күдікті етуге негіз болатын басқа да мәліметтерболған кезінде.Бұл мәліметтердің кінәлі екенін дәлелдеуде күші аз және қылмыстың аса айқын емес іздері болып саналады(күдіктінің қылмыскер пішініне ұқсас болуы, мойындап келуі, көрмеген адамды тану).Ұстау шарасын қолдану күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын тануда ретінде ерекше сипатқ ие болуы керек  (күдіктінің мінез-құлқын түзетуге қатысты басқа да құралдар сияқты).Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкциясы бойынша ғана тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру тұріндегі жаза  көзделген әдейі қылмыс жасағандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасағандығы үшін айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады ( ҚР ҚІЖК 150-бап). Басқа қылмыстап бойынша,яғни қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ұстаулын да қажеттілігі болмай қалады.Осыған орай күдіктіні ұстау зандылығыы қымыстық істі қозғау кезіндегі дұрыс квалификацияның болуына байланысты.Ұстакудың арнайы негіздемесі- дербес котегориялы лауазымды адамның қызметтік иммунитетіне қатысты қосымша талаптарды сақтау.Мысалы:Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары,Қазақстан Республикасы Констетуциялық Сотының Торағасы және оның мұшелері,Қазақстан Республикасы суьялары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры және  депломатиялық қызмкті бар тұлғалар қылмыс жасаған жерінде ұстау жағдайынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімінсіз қамауға алынуға тиісті емес. (ҚР ҚІЖК 496,499-баптар).

     Іс жүргізушілік ұстау (сонсң ішінде қысқа мерзімге қамауға алу)іс қозғалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.Күдіктіні жеткізген сәттен бастап үш сағат ішінде кешіктірмей ұстау туралы хаттама толдыруы тиіс(ҚР ҚІЖК134-бап).Ұстау туралы хаттама ҚРҚІЖК 203-бабына сәйкес

                                                                                                                                     32

толтырылады.Онда толтырған күні мен уақытты көрсетіледі,күдіктіні ұстаудың негізі мен уәждері, оны жеке өтіну нәтижелері мен оның түсініктемесі енгізіледі.Бұған қоса,хаттамада ұсталған адамның күйі (мас болуы, жарақаттарыңың болуы),оның киімді киісі тураллы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Хаттама күдікті адамға хабарланады, оның  құқықтары түсіндіріледі  және түсіндірілгені туралы  хаттама жазба беріледі.Хаттамаға күдікті мен оны толтырған адам қол қояды. Хаттаманың көшірмесі қолхат арқылы күіктіге тапсырылады (ҚІЖК 234 – бап, 4- тармақ).Адамды ұстау барысында анықтау, тергеу органдары немесе анықтаушы, тергеуші ұстау туралы хаттама толтырған сәттен бастап он екі сағат ішінде прокурорға хабарлауы міндетті. ҚР ҚІЖК –нің 138 – бабына сәйкес осы мерзім ішінде ұстау туралы  хабарланады:

-Жанұяның кәмелетке жасы толған мүшелеріне,олар болмаған жағдайда

күдіктінің жақын туыстарына хабарланады немесе күдіктінің не айыпталушының өзіне хабарлауға мүмкіндік беріледі;әскери бөлімнің комондованиесіне хабарланады, егер күдікті әскери қызметтегі адам болса;

-Ұстау орны туралы ақпаратты білу үшін қорғаушысына хабарланады;Алдын ала тергеу мүддесіне сай күдіктінің туыстрына өзі хабарлау құқығы шектеулі мүмкін (мысалы, қылмсқа бірге қатысқандар қылмыстың ізін жою немесе өзі ұсталмауға толпыну каупінің алдын алу үшін).

Кейбір жағдайларда ұсталғаны туралы хабарлама прокурордың санкциямен

де жүзеге аспауы мүмкін. Хабарламаны кейінге қалдыру тергеудін айрықша жағдайларымен, тергеу құпияларымен негізделеді ( мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыс, қастандыққа қатысушының біреуін ғана ұстау бсқа қатысушылардың тергеу ісіне қарсы кедергі келтіру мүмкін).

Кәмелетке  жасы толмағандарды ұстау туралы қандай бір жағдайда

болмасын  тез арада оның заңды өкіліне хабарланады. (ҚР ҚІЖК  491-бап).Тергеушіні не анықтаушы күдіктінің асырауындағы адамды қамқорлығына алу туралы және оның мүлік сақтау туралы шаралары қалдануға міндетті (ҚР ҚІЖК 155- бап).Күдікті ұсталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей

күдіктіге қорғаушсының қатыуымен жауап беру мүмкіндігі жұргізілуі тиіс (ҚР

                                                                                                                                     33

ҚІЖК 68 – бап).Күдікті адам тергеу изоляторында қамауға алынады, тергеу  изоляторынан алыс жерде болған жағдайда  прокурор, анықтаушы, тергеушіні қаулысы бойынша бұл адам уақытша қамау изоляторында, гаупвахтада немесе

Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің басқа мекемелерінде қамауға алынды.Күдіктіні ұстау оны босатумен немесе қамауға алу ретіндегі бұлтартулар шараларын қолданумен аяқталады.Заң күдіктіні босатудын мынадай негіздерін қарастырады: ( ҚР ҚІЖК 136 – бап):

1)     Қылмыс  жасады деген күдік расталмаса. Бұл жағдайда күдіктіге  қатысты

қылмыстық іс жүргізуге әрекеті тоқтатылуы тиіс (37 – бап, 1 бөлім).  Ол ақталуға құқығы бар ( ҚР ҚІЖК 39 –бап).

2)     Қамауға алу түріндегі бұлтараптау шарасын қолдануға негіз болмаса.

3)     Ұстау заң талаптарын бұзу арқылы жүргізілсе (ҚР ҚІЖК 134 – бап).

Жалпы ережелер бойынша үстау мерзімі ұсталған сәтінен бастап жетпіс екі сағаттан артық болмауы тиіс. Егер ұсталған сәті көрсетілген мерзімі ішнде анықтаушы, тергеуші қамауға алу туралы қаулы қабылдамаса күдікті босатылады

        Ұсталған адамды босату кезінде мналар тапсырылады: тергеуші не аткарушының күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұрыптаулар  шарасын қолдануды тндау туралы прокурор немесе сот қаулысының көшірмесі; ұстау туралы анықтама. Анықтамаада кім ұстағаны, ұстау негіздері, ұсталған жері, уақыты, босату негіздері көрсетіледі ( ҚР ҚІЖК 136 –бап).

   

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                 

                                                                                                                                34            

                                          ҚОРЫТЫНДЫ

Құқықтық мемлекеттегі адам мен азаматтарға белгілі бір күштеу шарасын қолдану заңда көзделген негіздер болған кезде жүзеге асады.Мемлекеттегі мәжбүрлеу шараларын қолдануға қажеттілік,қылмыс жасаған тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы,бұл тек құқықтық тәртіпті орнату үшін ғана емес,заңдылықты қамтамасыз ету үшін және қоғамдағы жеке тұлғаның мүддесін қорғау үшін қажет. Бұлтартпау шарасы алдын ала тергеу өндірісі барысында сезікті мен айыпталушыға қылмыстық істі жүргізуші тұлғаның қолданатын күштеу шарасы.

Қамауға алу- бұлтартпау шараларының ішіндегі ең ерекше қатал шара және айыпталушының (сезіктіге) бас бостандығын уақытша айырумен байланысты бұлтартпау шарасы.

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында біз келесідей тұжырымға келдік;

1.Құқықтың түрлі салаларында әртүрлі мағынаны білдіретін бір термин яғни «қамау» қолданылады,бұл түрлі түсінбеушілікті тудыртады.«Қамау»термині қылмыстық құқықта,әкімшілік құқығында, қылмыстық атқару құқығында, қылмыстық істер жүргізу құқығында қолданғандықтан,біз «тұтқындау немесе тұтқынға алу» терминін ұсынамыз.

2.Әрекет етуші ҚІЖК бұлттартпау шараларының нақты анықтамасы берілмеген.Бұл теория мен практикада бұлттартпау шаралар қолданылды қарама-қайшылықты тудыруы мүмкін.Біз бұлттартпау шарасының келесідей анықтамасын ұсынамыз: Бұлтартпау шарасы дегеніміз қылмыс жасаған тұлғаға қатысты алдын ала тергеу кезінде қолсұқпаушылық қағидасынан ауытқып, еріксіз түрде тұлғаға қолданылатын күштеу шарасының бірі.

3.Қамау-бұл тартпау шараларының ең қатал түрі ретінде қылмыстық іс жүргізу кодексі бекітілген. Ол адам мен азаматтердың конституцияда көрсетілген негізгі заңды құқықтарымен бостандықтарын жүзеге асыруды шектейді, сондықтан да біз, ҚІЖҚ қамау ұғымының барлық белгілерін қамтитын анықтама берілген жөн деп ойлаймыз.Бұл заңсыз қамауға алудың алдын алудың бір шарты болар еді.

                                                                                                                                    35

Қамауға алу-бұлттартпау шараларының ішінде ерекше қатал шара және айыптауышының бас бостандығының уақытша айырумен байланысты, белгілі бір құқықтық шектеумен және қоғамнан оқшаулау арқылы тергеу изоляторының қатан талаптарына бағыну қажеттілігімен байланысты бұлттартпау шарасы.

4.ҚІЖК 150 бап көрсетілген негіздер қатарына біз қылмыстың нақты категориясын енгізуді ұсынамыз. Бұл практикада прокурордың процессуалдық қателіктерін болдыртпау кепілі болра еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

                                                                                                                                     36

                        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы 1995ж, толықтырырулар мен өзгерістер 1998ж,Алматы «Жеті Жарғы»

2.Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.1997ж 16 шілде,өзгерістер мен толықтырулар 2003ж.

3.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі Алматы 2001ж,толықтырулар мен өзгерістер 2002ж Алматы «Жеті Жарғы»

4.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсіндерме 2003ж,Алматы «Жеті Жарғы»

5 «ҚР прокуротура туралы» заңы 1995ж. 21 желтоқсан

6 «Жедел іздестіру туралы» заңы 1994ж. 25 қыркүйек

7 «Ішкі істер органдары туралы» заң 2002ж. 9 тамыз

8 Комментарий к Уголовно-Процессуальному Кодексу РСФСР Москва 1999г

Арнайы әдебиеттер:

9. Алексеев С.С Проблемы теорий права Свердловск 1981г

10.Акинча Н.А Мера пресечения к несовершеннолетнему обвиняемому 1989г Саратов

11.Ахпанов И.С Возбуждение уголовного преследования и приминение мер принуждение 1999г Алматы

12.Астаншенков В.И Меры пресечения 1989г Москва

13.Белкин Р.А Собирание,исследование и оценка докозательств. 1989г Москва

14.Бородин С.В Обосновонность процессуальных актов следствия 1979г Волгоград

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары