Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:40, курсовая работа

Описание работы

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
І ТАРАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТАМАСЫ.
1.1.Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері...............................................4-12
1.2.Бұлттартпау шараларының түрлер...............................................................13-27

ІІ-ТАРАУ.ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ
2.1.Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы.......................................................28
2.2.Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері..........................................29-33
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................36-37

Работа содержит 1 файл

АСЕМА СРОЧНО.doc

— 217.50 Кб (Скачать)


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

           Ш. УАЛИХАНОВ  АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК                     

         УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

  

      КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Пәні бойынша: “Қылмыстық іс жүргізу”

Тақырыбы: “Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары”

Мамандық: 0205002 “Құқықтану”

Орындаған: Юк-32 тобының студенті Бешимова А.Е

Оқытушы: Рахым.А.Ғ

Оқу түрі: Күндізгі форма

Курс:3

Семестор:6  

 

                                 

                                           Көкшетау-2011ж.       

                                             МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

І ТАРАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТАМАСЫ.

1.1.Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері...............................................4-12

1.2.Бұлттартпау шараларының түрлер...............................................................13-27

 

ІІ-ТАРАУ.ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН  ШАРТТАРЫ

2.1.Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы.......................................................28

2.2.Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері..........................................29-33

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................34-35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................36-37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

                                            

 

                                             

                                                КІРІСПЕ                                                                     3

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.

Мемлекеттегі күштеу шарасы – заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу.

Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара.Бұлтартпау шарасы-айыпкерге-(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.Қылмыстық процесс ғылымы саласында «бұлтартпау шарасы» курстық жұмысы ретінде алынуы,тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым.

        Курстық жұмыстың мынадай мақсаттары басты назарда болады:

      бұлтартпау шарасынының ұғымын,мәнін ашу:

      бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде-қамауға алудың теориялық және

практикалық орнын айқындау:

      қамауға алудың қолданылу тәртібін, адам мен азаматтардың жеке басын

қол сұқпаушылық кепілдемесін басшылыққа ала отырып заңсыз қамауға алуды болдыртпау:

      алдын ала тергеу кезіндегі тергеушінің қамауға алуға байланысты шешімін прокурордың қадағалауын жүзеге асыру.

 

                                                                                                                                       4

І ТАРАУ. БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

    1.1 Бұлтартпау шарасы – айыпкерге (сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала терегеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға осы ҚРҚІЖК 140 бабы бұлтартпас шарараларының бірін қолданады.

Бұлтартпау шарасын қолдану-азаматтың жеке бас бостандығын шектеумен байланысты болып келеді бұл жерде айтылып кететіні-жеке басқа қол тиіспеушілік, тұрғын жердің таңдауы.

Бұлтартпау шарасы тек заңда негізделіп көрсетілген қатаң түрде заңда тағайындалу тікелей көрсетілген ретте және арнайы құқықтық процедурада тағайындалады.

Бұлтартпау шарасының өзіндік спецификалық жеке мақсаттары бар:

1. Айыпкердің анықталуын, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады.

2. Істі объективті зерттеуге, талдауға бөгет жасайды

3. Қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады

4. Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін

Бірінші мақсатқа жетуде-тергеу әрекетін жүргізуде айыпкердің қатысуы,сот талқылауына қатысуы жасалған қылмыстық зардабынан келтірілген залалдың орнын толтыруын қамтамасыз ету. Осымен қатар тергеу әрекетінде,сот талқылауында айыпкердің қатысуы өзінің әрекеті үшін қандай да бір көрсетінді беруге міндетті еместігі қарастырылуы керек. Екінші мақсатта, айыпкерлердің куәгерлермен, жәбірленушімен, сарапшымен өзге де айыпкерлермен ымыраласуға, заттық дәлеледемелерді және құжаттарды жойып жібермеу үшін бұл мақсат, айыпкер жоғарыда көрсетілген әрекеттер үшін белгілі бір жауапкершілікті жүктемейді. Үшінші мақсат, созылмалы (жалғаспалы) қылмыстарды айыпкердің басқа да қылмыс жасалуын болдырмау үшін, алдында көрсетіліп кеткен екі мақсат бұлтарпау шарасын қолдануға

                                                                                                                                       5 байланысты емес, айыпкер тарапынан білгілі бір теріс әрекеттің болдырмауын алдын алады, ескертеді. Бұлтартпау шарасы айыпкермен тыйым салынған рұқсат етілмеген әрекеттермен шұғылданудың жолын кеседі, сонымен қатар білгілі бір әрекеттерді қамтамасыз етеді. Кейбір авторлар осындай негіздерді алға ала отырып, «қамтамасыз ету шарасы» деп те атаған.Төртінші мақсат, бірінші мақсатқа сәйкес келетін жақтары бар. Айыпкердің тергеу мен соттан жасыруын ескерте отырып, болашақта үкімнің орындалуын қамтамасыз етеміз. Бірақ, кейбіреулер бұл мақсатты әр-қалай түсінеді.Олардың көзқарасы бойынша: бұндай мақсатта тек сот ғана айыптау үкімін немесе аппеляциялық инстанцияда өзгеріссіз қалдыру кезінде ғана қолданылады. Сонымен қатар сот өзімен шығарылған үкім немесе үкімнің өзгеріссіз қалдырыуын жүзеге асыруын қамтамасыз етуде қажет деп есептейді. Бірақ бұл мақсат бірініші көрсетілген мақсат, яғни сотталушының жасырылмауы кезінде ғана орындалады. Орындалуы, атқарылуынан жасырынбауын алдын алу. Көрсетілген мақсатта бұлтартпау шарасын таңдап алуда дәлелді мән-жайлар, негіз бола алады. Айыпкердің анықтаудан, тергеуден, соттан және үкімнің орындалуынан, жасырынады, ақиқатқа жетуге кедергі жасайды, қылмыстық әрекетін жалғастырады деген дәлелдемелер дәлелдер болған ретте ғана бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұлтартпау шарасының таңдап алуда жоғарыда көрсетілген айыпкердің әрекетінде белгілер болған ретте болжамды дәлелдеу қажет. Бұндай жағдайда дәлелдеу болжамдық кезге сүйенеді, яғни болашақта болуы мүмкін деген:

1. Айыпкер өзін қалай көрсетеді,

2. сот өндірісінің мақсатқа жетуіне кедергі келтіре ме? – бұл дәлелдеменің ерекшелігі осында болады.

Тағы бір ерекшелігі – шығарған тұжырымның болашақта болуы мүмкін, болжамды болуы.Үшінші ерекшелігі-дәлелдеменің пәні жеке дара, автономды болуы, яғни сол қылмыстық істегі дәлелдемелердің жалпы пәнінен бөлек болуы.Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа салыстырмалы ерекше жағдайлар, егер айыпкер өзін жағымсыз жағынан теріс қылық көрсетсе, бұнда қажетілігін

                                                                                                                                       6

дәлелдеу керек.Бұл жағдайда дәлелдеу ретроспекті жағынан,мән-жайды, дәлелдеп бекіту қажет.Бұл ретте соттан жасырынбауы емес,үкімнің атқарылуын орындау органдарына қатысты. Сонымен, мынадай ұсынысты жасауға болады: бірінші және төртінші мақсаттарды біріңғай етіп,бір мақсатта шығаруға болады:айыпкерді анықтаудан алдын ала тергеуден,соттан және үкімнің тәжірибе жүзінде айыпкердің тергеуден,соттан жасырынады,ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді,қылымыстық іс-әрекетті жалғастырады дегенді дәлелдеу мүмкіндігі өте қиын.Айыпкердің әрекетін дәледеу көбінесе презумпцияға, яғни жорамалға жүгінеді.Бұлтарпау шарасын қолдану негізі қылмыстық істегі дәлелдемелермен бірге.Тек осындай шарттар,жағдайында ғана істі тексеруде прокурор және сот бұлтарпау шарасын таңдап алудың негізділігін және заңдылығын қадағалай алады.Айыпкердің жасырыну мүмкін екендігі, ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді дегендігі, немесе қылмыстық әрекетті жалғастырады деген тұжырымдарға дәлелдеме болса, бұлтарпау шарасын қолданудың «негізді негіздері» болып табылады.Бұған жедел түрде алынған деректер кірнейді, бұндай деректер қылмыстық іске қатысы жоқ және сот бағалай,тексере алмайды.Әрине,жедел іздестіру кезінде өте құнды мәліметтер алынады. Бұлтарпау шарасын қолдануға қатысты негіздерді.

Мысалға:айыпкер жасырынуға әрекет жасауда,куәлермен,жәбірленушілер-мен ымыраласуда және сотты алуға деген мәліметтер алынған жағдайда.Жедел іздестіру қызметкері бұндай мәліметті тергеушіге хабарлайды.Тергеуші жедел түрде алынған мәліметтерді мәліметтер бар тұлғалардан жауап алу әдісіне және өзге де процессуалдық әрекеттер жүргізіп,тек осыдан кейін бұлтарпау шарасын қолдануға шешім шығарады.Жедел іздестіру қызметі мен алынған мәліметтер жария ету мәліметтің қайнар көзіне көптеген жағдайларда рұқсат етілмейді. Бұндай жағдайда тергеуші бұлтартпау шарасын іске қатысты дәлелдемелер негізінде,бірақ сонымен қатар жедел іздестіру қызметімен алынған мәліметтерді бағалау арқылы таңдап алады.Соңғысы тергеушінің дәлелді шешімін шығаруда ерекше орын алады.Осымен қатар бұлтарпу шарасын таңдап алуда қажетті шарттар:айып тағудағы айыптың ауырлығы,сезіктінің

                                                                                                                                       7

жеке басы,немен шұғылданады,жасы, денсаулық жағдайы,отбасылық жағдайы. Бұл осы мән-жайлар жанама дәлелдеме де айыпкердің жасырынуға,ақиқатқа жетуге кедергі жасайды, немесе қылмыстық әрекетті жалғастырады деген дәлел болады.Екі немесе одан да көп мән жайлар бір бағытта әрекет етсе,сол таңдап алынған бұлтартпау шарасын жасалған тұжырымның дәлелдеме ретінде бағалануына қажеті болады.Қарсы бағыттағы мән жайлардың болмауы,бұндай тұжырым жасауға кедергі болады.Әрбір мән-жайлардың«бағасы» бір жағдайда: басты орында айыптың ауырлығын алса,келесі бір жағдайда айыпкер жасы, оның денсаулығын алады.Сонымен, бұлтартпау шарасын таңдап алуда негіздері бекіту екі топты дәлелдемелер қатыстырылады:

1. Осындай тікелей негізді куәландыратын

2. Жанама мән – жайлардың бар жоқтығын куәландыратын айып«Тағылған айыптың ауырлығы»мән-жай ретінде заңда нақты атап көрсеткен,яғни,заң айыпкерді қамауға алуда тек екі жылдан асқан бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстың ауырлығына қарай қолданады.Сонымен қатар айып тақпай тұрып та бұл түрін таңдап алуға рұқсат береді. Жеке басын анықтау айыпкердің бұлтартпау шарасын қолданғанда жанұядағы жағдайы, еңбеккее де қатынасы, шыншылдығы, қарастырылады.

Шұғылдану түрі-айыпкердің бұлтартпу шарасын қолдануда нақты бір түрде: айыпкер жұмыс істей ме? Немен шұғылданады, ұжымдағы қарым-қатынасын қарастыру:

Айыпкердің жасы-бұл оның интеллектуалды және өнегелі дамудың,белгілі бір ортаға қалыптасуы бұл да бұлтарпау шарасын таңдауға әсер етеді.Тәртіп бойынша, өте қарт адамды қамауға алудың қажеті жоқ, ол адам тергеу мен соттан жасырыну жағдайы жоқ.Кәмілетке толмағандарды қамауға алу ерекше бір жағдайда ғана, өйткені, сыртқы ортадан бөлу яғни изоляциялау қалыптасып бітпеген психикасына кері әсер етеді,рухын,ішкі жан дүниесіне,өтірік көрсетінді беруге әкеп соғады.Айыпкердің денсаулық жағдайы кейбір жағдайларда толық түрде қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдап алуда қажеті жоқ, бұған айыпкердің өміріне қауіп төндіретін ауру,шұғыл түрдегі операция,

                                                                                                                                       8

науқастығы. Басқа бір жағдайда бұлтартпау шарасын таңдауда науқастың ауырлығы және мерзімнің ұзақтығы.Бұл мән жайды анықтау үшін кейбір реттерде сот медициналық сараптама тағайындалады.Ауыр науқас адамды қамауға алу арқылы тергеушіге керек көрсетінділерді алу,сотта бағалауда көрсетінді тұлғаның науқас кезінде алынды ма? соны қарастырады.Семьялық жағдайда бұлтарпау шарасын таңдауда айыпкердің отбасында жайлы екендігі, қолында кәмілетке толмаған балалары болуы,қарт әке-шешенің болуы.Бұл негіз соттан, тергеуден жасырынады дегенге, ақиқатқа жетуге кедергі болады деген жорамал болуына қарсы мән жайлар болады. Өзге де мән жайлар ретінде, аяғының ауырлығы,әскери қызметке шақыртылуы, лауазымды орын, соттылығы,отан алдындағы қызметі үшін марапатталуы.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары