Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:40, курсовая работа

Описание работы

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
І ТАРАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТАМАСЫ.
1.1.Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері...............................................4-12
1.2.Бұлттартпау шараларының түрлер...............................................................13-27

ІІ-ТАРАУ.ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ
2.1.Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы.......................................................28
2.2.Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері..........................................29-33
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................36-37

Работа содержит 1 файл

АСЕМА СРОЧНО.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

2. жеке кепілдік немесе қоғамдық ұйымдардың кепілдігі, және қамауға алу өзге де бұлтарпау шаралары.1959-1961жылдары бұлтарпау шарасы тағы да толықтырылды,кепіл,бақылау,командования-мезгілсіз қызметтегі әскери қызметкерлер үшін,қызметке толмағандарды әке-шешесі,қамқоршы,қорғаушының кәмлетке толмағандарды жабық балалар ұйымдардың әкімшілігіне беру. Бұрыңғы ҚІЖК «үйде қамауда ұстау» бұлтарпау шарасы алынып тасталды. «Қамау», «алдын ала қамауға алу» және«бостандығынан айыру»термині«тұтқындау»терминімен ауыстырылды. 1977 жылы Конститутцияда қайтадан бұрынғы термині «қамауға алумен» ауыстырылды.

Бұлтартпау шараларын таңдап алуды 2 үлкен топқа бөліп тастады:

1.Азаматтардың жеке бостандығын шектеу,сонымен қоса жүріп тұру бостандығын шектеу (қамауға алу, ешқайда кетпеу туралы қолхат, командованияның әскери бақылауына беру,кәмлетке толмағанды әке-шешенің, қамқоршы,қорғаушының қарауына беру).

2.Тек психологиялық әрекет ету, шектеу:

а) мүліктік (кепіл, жеке кепіл болу)

б) мүліктік емес (қоғамдық кепілдік, кәмлетке толмағанды қарауға беру).

Бірінші топтағылар жеке бас бостандық толық түрде шектеледі.Екінші топтағыларда айыпкерді әлеуметтік құндылықтардан айырмайды және құқтары мен бостандықтарынан шектелмейді. Бұл жерде тек психологиялық қорқыныш, айыпкер үшін қандай да болсын залал әкеледі делінеді. Қорқыныш бұл айыпкер үшін нақты құндылықтан айырылып қалам ба делінеді.Мүліктік бұлтарпау шарасының түрін таңдауда айыпкер үшін материалдық стимул.Ол өзінің бағалы затымен, ақшасының кетуін қажет етпейді ол үшін кепіл төлеген адамдардың құндылығы үшін өкінеді.Айыпкерде психологиялық күйзеліс бұлтарпау шарасы таңдалған түрін бұзған кезде оған ауыр шара таңдалатыны ескертіледі.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылғы 13 желтоқсанындағы №206 18 тарауы «Бұлтарпау шаралары»139 – 155 баптар арасы қарастырылған.Қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі

                                                                                                                                     16

шегінде сезіктіге немесе айыпкерге осы кодекстің 140 бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады.

140 бапта бұлтартпау шараларының жүйесі көрсетілген.

1) Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру

2) Жеке кепілдік беру.

3) Әскери қызметшіні әскери бөлім командованиясының бақылауына беру.

4) Кәмелетке толмағанды қарауға беру.

5) Кепіл болу.

6) Үйде қамауда ұстау.

7) Қамау.

      Бұлтартпау шараларын оның қайсысы қолданудың қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде Кодекстің 139 бабында аталған мән жайлармен қатар,

тағылған айыптың ауырлығы,айыпталушының жеке басы,жас мөлшері, денсаулық жағдайы,отбасы жағдайы немен шұғылданатындығы,мүліктік жай-күйі,тұрақты тұратын жерінің бар-жоқтығы және басқа мән-жайлар ескертілуге тиісті.Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану ерекше жағдайларда ҚІЖК 139 б көзделген негіздер болған кезде және 141 бабында көзделген мән-жайлар ескертіліп отырып қолданылуы мүмкін.Бұл реттегі айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап 10 тәуліктен кешіктірілмей, ал енді сезікті адам ұсталып,содан кейін қамауға алынса-ұсталған кезден бастап осындай мерзім ішінде тағылуға тиіс.Егер бұл мерзімде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады.Егер осы баптың бірінші бөлігінде аталған мерзім аяқталмағанға дейінгі жиырма төрт сағатта қамауда ұстау орнының бастығына оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сезіктіге айып тағу туралы хабар келіп түспесе,қамауға ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған кезде бұлтартпау шарасын тоқтату немесе сезіктіге айып тағу туралы хабар келіп түспесе, қамауға ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ

                                                                                                                                     17

прокурорға хабарлауға міндетті.Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған кезде бұлтартпау шарасын тоқтату немесе сезіктіге айып тағу туралы тиісті шешім келіп түспесе, қамауға ұстау орны әкімшілігінің басшысы көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жолдайтын өзіннің қаулысымен оны босатады. Қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың екінші бөлігінің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады. ұлтартпау шараларын қолдану тәртібі. Айыпталушыға бір мегілде екі және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезікті болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшін негіздің көрсетілуін қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшірмесін соған қатысты шығарылған адамға тапсырады және онымен бір мезгілде оған КІЖК көзделген бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымданудың тәртібін түсіндіреді.Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін осы кодекстің 144,145,146,147,148,149 баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң бүлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы айыпталушыға, сезіктіге тиісті қаулының көшірмесін тапсыру кезінде жариялануы тиіс. Бұлтартпау шараларының жүйесі: қылмыстық іс жүргізу кодексі бұлтартпау шарасының әрбір түрлерін, иерархия, яғни ауылрық сатысына қарай бөлген. Бүлтартпау шарасын тандап алуда сараптама жасауға болады, яғни оны қалай бағалаймыз.Ең ауыр бүлтартпау шарасы әрине бізге белгілі қамауда үстау, өйткені бұл- адамның бас бостандығын айрумен байланысты, бұл біршама құқықтық шектеулер режимі тәртібіне бағынады.Енді сол бұлтартпау шараларының жүйесіне келейік.«Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат,бұл КІЖК 144 бабында көзделген ретте.Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру қылмыстық процессті жүргізуші органның сезіктіден, айыпталушыдан анықтаушының,тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеуге, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі

                                                                                                                                    18

келтірмеуге,белгіленген мерзімде қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша жазбаша міндеттемесін алуынан тұрады. Бұл нақты түрде сезікті,айыпталушының аты,жөні,тұрақты тұратын жері көрсетіліп, қандай бап бойынша жауапқа тартылғандығы,тергеу,сот органдарының шақыруы бойынша дәл уақытында келуге міндеттеме береді және де егер осы берілген қолхатты бұзса,КІЖК бабында көзделген қатаң бултартпау шараларын қолдануға болатындығы түсін-діріледі.Сот,тергеу органдарының тәжирибесінде ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасының түрі бұлтартпау шарасының ең бір эффективті түрі екндігін көрсетеді.

Бұлтартпау шарасының екінші бір түрі ретінде жеке кепілдік 145 бап.

1. Сенімге ие болған адамдардың олар сезіктінің немесе айыпталушының өзін дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процесті жүргізуші органға шақыруы бойынша келетіндігіне кепілдік беретіні туралы.

Кепілдік берушілердің саны екіден кем болмауы керек.

2. Бұлтарпау шарасы ретіндегі жеке кепілдікті таңдауға тек кепілдік берушілердің жазбаша өтініші мен оған қатысты кепілдік берілетін адамның келісімі бойынша ғана жол беріледі. 1

3. Кепілдік беруші оған қатысты өзі кепілдік беретін адамның айыбының мәні, кепілдік берушінің оған сезікті, айыпталушы бұлтартпау үшін осы шара қолданылған әрекетті жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсіндірілгендігін растайтын жеке кепілдігі туралы қолхат береді.

4. Кепілдік беруші қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез – келген сәтінде кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

5. Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін жеке кепілдік қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайды, әрбір кепілдік беруге сот ҚІЖК 160 бабында көздеген тәртіппен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкін.Жеке кепілдік төменде қол қоюшылар деп өздерінің фамилиясы, аты – жөні, тұрақты тұратын орнын толық түрде, кім болып қызмет ететіндігін, жеке басын күмәндандыратын құжат нөмірін толық түрде

                                                                                                                                     19

жазады.Қай баббойынша айыпталушыға айып мөлшерін және кімге жеке кепілдік беретіндігін, айыпкердің қайда тұратындығын, егер тұратын орнын ауыстыратын болса, ол туралы тез арада хабарлайтындығына жеке кепілдік береді және ҚІЖК бойынша жауапкершілікте болатындығына кепілдік береді.Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерді байқауы 146 бап.

1.Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттемелер болып табылатын сезіктілерді, айыптаушыларды байқауы ҚР қарулы Күштері мен ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиісті мінез-құлқы мен олардың қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуге тиісті шараларының қолданылуынан тұрады.

2.Әскери бөлімінің командованиесіне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған істің мәні туралы хабарланады.Әскери бөлімінің командованиесі: байқау орнатылған туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды

3.Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін аталған бұлтартпау шарасы таңдалған әрекетті жасаған жағдайда әскери бөлімнің командованиесі ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға міндетті.

4.Өздеріне жүктелген байқау жөніндегі міндетті орындамағанына кінәлі адамдар заңдарда көзделген тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

Кәмілетке толмағанды қарауына беру. 147 бап.

1.Кәмілетке толмағанды ата-анасының, қамқоршысының, қорған-шысының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ, ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің кәмілетке толмаған тиісті мінез-құлықы мен олардың қылмыстық процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтың жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады

2.Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады.

                                                                                                                                     20

3.Қарауына қабылдау туралы қолқат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыға, қорғаншыларға, арнаулы балалар мекемелер әкімшілігі өкілдеріне кәмілетке толмаған сезік келтірмеген немесе ол айыпталған қылмыстық сипаты туралы және қарауына алу жөніндегі өздеріне қабылдаған міндеттерін бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етіледі.

4.Қарауына кәмілетке толмаған берілген адамдарға олар қабылдаған

міндеттемелерін орындамаған жағдайда осы 145 бабының бесінші бөлігіндегі және 160 бапта көзделмеген жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.Бұл аталған «әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерін байқауы» мен «кәмелетке толмағанды қарауына беру» арнайы бұлтартпау шаралары ретінде қарастырады. Жеке кепілдік кәмілетке толмағанды қарауға беру айыпкердің жалпы құқықтың мәртебесін шектемейді.Жеке ретте жеке басына қол сұқпаушылық құқығына тиіспейді.Бұндай бұлтартпау шарасының түрін таңдағанда ешқандай құқықтық шектеу, жеке кепілдік берген адамдар бақылау мен қарауды жүзеге асырғанда айыпкер тарапына белгілі бір, қандай да бір тәртіп, шартын бекітпейді.Осыған байланысты әртүрлі авторлардың көзқарастары бар.З.Д.Еникеев көзқарасы бойынша кәмілетке толмаған айыпкерге өз қарауында көшеде кешкі,түнгі уақытта жүрмеуге,спирттік ішімдікті пайдаланбауға,танымайтын адамдармен кездеспеуге,үйден шығуына байланысты шектеулер бұл талаптар құқықтық түрде емес өнегелікпен мінезделеді.Айыпкердің бұндай талапты орындамауы,өзге бір бұлтартпау шарасының қатаң түріне ауыстыруға себеп болмайды дейді-Н.А.Акинчаның пікірі бойынша,кепілдік берген, немесе үйден шықпауын,спирттік ішімдік пайдаланбауын қадағалау керек.Жеке ата-ана емес,тергеушінің өзі кәмелетке толмаған айыпкерды түнгі уақытта кепілдік беруші айыпталушыға қандай да болмасын теріс әрекет жасамауын сұрайды,бұл құқықтық міндеттеме емес. Бірақ,жеке кепілдік берушінің айтқанын,сұрауын орындамауы,жеке кепілдік

беруші адамның тергеушіден бұндай бұлттартпау шарасын жоюды және басқа түрін таңдау үшін өтініш жасай алад.Кепіл. 148 бап-Кепіл сезіктінің, айыптаушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозиетіне

                                                                                                                                     21

сезікті,айыпталушы анықтау,тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады.Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін.

Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын,сезіктінің,айыпталушының жеке басын,кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді.Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды.Бұл жердегі аса ауыр қылмыс дегеніміз ҚР ҚК10 бабындағы қылмыс санаттары.

1.Жасағаны үшін ҚК он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан

айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

2.Кепіл прокурорының санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана

қабылданады.

3.Кепілдің мөлшері: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағанда айыпталу кезінде – айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен: орта ауырлықтағы, абайсызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде – айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен: орташа аурлықтағы қасақана қылмыс жасағанына айыпталу кезінде-айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен: ауыр қылмыс жасағандығына айыпталу кезінде-айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды.Кепіл берушіге,егер оның өзі сезікті немесе айыпталушы болмаса,оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі.Кепілдің қабылданғандығы туралы сезіктіге,айыпталушыға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттері түсірілмегендігі,ал кепіл берушіге сезікті,айыпталушы

шақыру бойынша келуден жалтаруы жағдайында кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгіндігін атап өтілген хаттама жасалады.

 

                                                                                                                                     22

Хаттамаға бұл бұлтартпау шарасы таңдап алынған лауазымды адам,сезікті, сондай-ақ басқа адам болса кепіл беруші қол қояды.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары