Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:40, курсовая работа
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.
КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
І ТАРАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТАМАСЫ.
1.1.Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері...............................................4-12
1.2.Бұлттартпау шараларының түрлер...............................................................13-27
ІІ-ТАРАУ.ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ
2.1.Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы.......................................................28
2.2.Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері..........................................29-33
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................36-37
Біздің заңнамамыз айыпкерге қатысты.ҚІЖК 139 б қоспағандағы бұлтартпау шарасын қолдану үшін белгілі бір күдік күшін талап етпейді, кейбір автордың пікірінше,бұған қажеттілігі жоқ,яғни айыпкер ретінде тануға деректі дәлелдеме болса жетеді дейді.Бірақ айыпкер ретінде танымаған адамға да,сезіктіге де бұлтартпау шарасын қолдануға мүмкіндік бар.Егер тарихқа сүйенетін болса, кеңес дәуірінде әсіресе,әсіре сілтеушіл.Сталин заманында күдік болған жағдайда,ештеңеге қарамай басты дерек (факт) сол адаммен нақты қылмыс жасалғанын дәлелдемей – ақ күдікке сүйеніп бұлтартпау шарасының ерекше түрін-қамауға алуда қолданған. Күдік бұл тек адамды айыпкер ретінде танимыз ба,танымаймыз ба? мәлімет үшін ғана, тұлғаны қамауға алуға жеткіліксіз болып табылады. Тергеуші бұндай жағдайда бұлтартпау шарасының жеңіл түрі – ешқайда кетпеу туралы қолхат алса жеткілікті.
Айыпкерге қорғану құқығын қамтамасыз ете отырып тергеуші қамауға алу бұлтартпау шарасының негізді екендігін және сотта қысқартуға немесе сотталушы ақталған жағдайдағы мәселені бірінші қарастыруы қажет.Әлсіз күдік қамауға алу заңсыз болады, тергеуші алдын ала тұлғаның қашып кететіндігін(жасырынатындығын) білсе де,қолданбауы керек сонымен қатар күдік күші арқылы айып тағылмаған адамды да қамауға алуға құқық
бар.Осымен қатар айыпкердің өзіне қатысты қандай дәйектер бар,олардың күші
қанша бұл туралы айыпкер біле ме.Соны алға алу керек.Егер айыпкер білсе тергеуден жасырынады.Ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді.Бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері мен мән -жайлары айыпкердің субъективті құқы ретінде қарастыруға болады. Осыған қарсы анықтау, тергеу, сот, прокуротура органдарының міндеті бұлтартпау шарасының түрін таңдағанда,оны өзгерткенде, күшін жойғанда (яғни, алып тастағанда) шешімдері дәлелді болуы керек. Бұған субъективті құқыққа айыптан қорғану құқығы келмейді.Бұл жағдайда айыпкер айыптан қорғанбайды, ол негісіз бостандығын шектеуден және жеке басқа қол сұқпаушылықтан қорғанады.Бұлтартпау шарасын қолдану үшін анықтаушы, тергеуші, прокурор, соттың деректі негізделген процесуалды құжатты болады.Бұл ресми шешімі қаулы, ұйғарымы бұлтарпау шарасының қолдануы мен атқарылуына заңды негіз болады.Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы дәлелді және шараны қолдану үшін негізділігінің бар екендігіне заң қатаң талап қояды. Дәлелді деген сөз негізділік осындай шараны қолдануға нақты тұжырым, дәлел бар екендігі. Дәлелді қаулыда ішінде: қандай нақты қылмыс жасалды,ҚРҚК қай бабы бойынша сараланды,жазылуы керек. Тәжірибеде мынандай да жағдай болады,тергеуші айыпкердің әрекетін алдын ала жоғары түрде саралайды,яғни ҚРҚК жазасы жоғары бабымен саралайды бұл арқылы айыпкерге қатысты қамауға алу таңдайды.Бұл тәжірибе заңсыз деп танылады.Сонымен дәлелді қаулыға бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер:
Бұлтартпау шарасын қолдану заңда көздеген негіздер болғанда ғана.Жалпы негіздер бұлтартпау шарасын таңдауда барлығын бірдей әрекет етпейді. Мысалы:ешқайда кетпеу туралы кемесе кепіл.
Дәлелдіге қаулыда бұлтартпау шарасын таңдауда айыпкердің кінәлі екендігін, қарастыру қажет пе.Көптеген пікірлер айтылуда.Кінәлі екендігін танытатын дәлелдеме айыпкер ретінде танудағы қаулыда қарастыру керек.Бұған бөлек қаулы шығарылады.Бұл жағдайда айыпкер өзінің не үшін айыпталу және бұлтарпау шарасын қолданудағы негіздерді біледі.Егер барлық дәлелдеме жиналса оны қолданудың еш қателігі жоқ, бұл жағдайда айыпкер неге осындай бұлтартпау шарасы таңдалғандығын білуі керек.Заңға сәйкес бұлтартпау
шарасын қолданған кезде тұлғаның науқастығы, аяғы ауырлығы, туралы мән жайларды анықтайтын дәлелдемелер болған ретте айыпкерге бұлтартпау шарасы таңдауда ерекше түрін таңдамауын қамтамасыз етеді. Қаулының көшірмесін тергеуші айыпкердің қолына береді.Бұл бұлтартпау шарасын таңдауға шағым жасауға мүмкіндік береді.Айыпкерден оның кінәлігін дәлелдейтін дәлелдемені жасырудың қажеті жоқ, егер айып тағу кезінде адвокат – қорғаушы қатыса.Оның қатысуы барлық іс материалдарымен танысады, өзінің қорғаушысына іс материалы туралы хабарлама береді.Заң ерекше жағдайларда бұлтарпау шарасының түрін таңдауда 2 жылға дейінгі қамауға алғанда қаулыда бұл жағдайда ерекше жағдай ретінде негіздеп көрсетуі керек.Қазіргі кезде бұлтарпау шарасының түрлері кәмілетке толмағанды, қарауына беру сияқты бұлтарпау шарасын көптеген пікірлер бойынша ол– айыпкерге қатысты тәрбиелеу шараларының бірі ретінде қарастырады.Жеке ретерде тергеуші кәмлетке толмағанды тергеу изоляторынан басталады және ол түрме әкімшілігімен жалғасын табады деген пікірлер айтылады.Бұл айыпкердің кінәсін мойындап шын өкінуге өзінің істеген қылмысын еңбегімен кінәсін жуу. Бұндай көзқарастар көптеген даулы және қате қозғалыстарды туындатады. Үкім шыққанға дейін және ол орындалғанға дейін айыпталушы кінәсіз деп танылады (кінәсіздік презумпциясы).Тұлғаны ресми кінәсі анықталғанға дейін қалай кінәлі деп тауып, оған тәрбиелеу шарасын жүргізеді.Мынандай да жағдай болады, яғни кінәсіз айыпталушыларда «өкінеді».Тәрбиелеу шаралары, егер айыпкер өзінің кінәсін мойындаса мақсатына жетуі болады.Тергеу изоляторы әкімшілігі қамауға алынғанрдарды өздерінің кінәсін мойындауға, қылмысқа қатысқандарды әшкерлеуге мойындатуға ешқандай құқықтары жоқ. Бұл тергеу изоляторының қызметіне енбейді.Бұл жағдайда «кінәсін мойындап келуі» ерікті түрде қамаудағыларда ашылмаған қылмыстарды мойнына алу өзге де қатысушыларды қылмысына әшкерлеу үшін қамаудағы айыпталу-шыларды күштеуге құқықтары жоқ.Сонымен, тергеуші айыпкерлерді қайта тәрбиелеуді қайта тәрбиелеуге құқығы жоқ немесе бұндайды тергеу изолято-рының әкімшілігі өкілеттігіне беруге құқығы жоқ.Бірақ бұл айыпкерге қатысты
тәрбиелеу шарасын қолданбайды дегенді білдірмейді.Егер айыпта-лушы тұжырымға ешқандай негіз болмаса,прокурор,тергеуші жәбірленушінің сөзімен оған қатысты қамауға алынса бұл заңға қайшы әрекет ретінде, тек айыпкерге қатысты негіз болған кезде ҚРҚІЖК 150 б.Қарастырылған негіздер болмаса айыпталушыны сотқа дейін қамауға алмауға,егер ол ауыр науқас,кәрі болса, егер ол жасырынуға тырысады деген тұжырым болмаса және ақиқатқа жетуге, жаңа қылмыс жасайды деген мәліметтер болмаса, қамауға алуға қажеттілік төмендейді.Сонымен қатар сот үкіміне дейін адамды қылмыскер ретінде тануға болмайды. Жәбірленушінің сөзімен және бұқаралық ақпарат құралдарының алдында жақсы көріну үшін айыпкерді қамауға алу-бұл заңға сәйкес қоғамда болып жатқан мәселелерді шешпейді, тергеу,соттан жасырыну, ақиқатқа жетуге кедергі жасау,жаңа қылымыс жасау-заң бұдан артық бұлтартпау шарасын таңдау үшін мақсат қоймайды.Бұлтартпау шарасын таңдауға толық негіздер болған кезде тергеуші,сот,анықтама органдары бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы ғана емес,міндетті болып табылады.Бұлтартпау шарасын таңдауда негіздердің болуы тек мынандай төменгідей құқықтық шарттар болған кезде орындалады.Біріншіден-бұлтартп
Екіншіден,бұлтарпау шарасын таңдауға,айыпкерге қатысты қылмыстың жауапкершілік санкциясы қатал, жоғары болмау керек. Егер айыпкерге қатысты қылмыстық кодекстің бабында көрсетілген санкцияда екі жылдан аспаса ол адамға қатысты бұлтартпау шарасының түрі-қамауға алуды қолдана алмайды. Заң,бірақ ерекше жағдайларда мысалы тұрақты жері,жеке бас анықталмаған жағдайда ерекшелік жасайды.
Үшіншіден: қандай да болмасын бұлтартпау шарасының түрін таңдағандар ол тек айыпталушыға қатысты қолданылады.Бұл тәртіпке ерекше жағдай -10 күнге дейінгі прокурордың келісімімен сезіктіге қатысты бұлтартпау түрін таңдау. Қазіргі кезде көптеген авторлар заңға мынандай толықтырма жасау керектігін бұлтартпау шарасы тек айып тағылып және айыпкерден жауап алғаннан кейін ғана таңдалуы керек деген көзқарастар айтуда. Бұндай тұжырым, бұлтартпау шарасын таңдауға шешімде қате бұлтартпау шарасын таңдаудан қорғайды.Бұл көрсетілген тәртіптен тек мынандай жағдайда ғана ерекшелік жасау керек: Егер айыпкер тергеуден, жасырынса, оған қатысты іздеу жарияланса.Бұндай жағдайда бұлтартпау шарасын таңдау айыпкер ретінде тануға және одан жауап алғанға дейін қолданылады.
Төртіншіден: бұлтартпау шарасы тек қылмыстық жауапкершіліктің субъектісіне жеткен тұлғаға ғана қолданылады 16 жас ерекше реттерде 14 жас. Бұлтартпау шарасының ерекше түрлерін таңдау кәмелетке толмаған-дарға қатысты, әйелдерге және қарт адамдарға қатысты қамауға алу бөлімінде қарастырылады.Есі дұрыс еместерге қатысты бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу.Тергеу изоляторының ішінде құрылған арнайы емхана палатасында орналастырылады.Бұндай адамдарға қатысты бұлтарпау шарасы соттың мәжбүрлі медициналық шараны ұйымдастыру туралы шешімі шыққанға дейін. Осындай бұлтартпау шарасын қолдануға негіз медициналық құжат, науқастығын куәландандыратын сарапшы – психиатор-дың қорытындысы. Есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті әрекет жасауы, қоғамға қауіп төдіруі мүмкін болғандықтан тек 1 ғана бұлтартпау шарасы қамауға алу (ауруханалық ретте) қолданылады
1.2 Бірінші рет Кеңес заңнамасында бұлтартпау шараларының түрі және жүйесі «Әскери тергеушілердің ережесі»1919 жылыРеввоенсоветтің бұйрығымен анықталып, бекітілген. Бұндай бұлтартпау шаралары төменгідей болған:
1) Тергеушіге жазбаша түрде келіп тұруына жазбаша мендеттеме және тұрғын жері мен қызмет орнынан ешқайда кетпеуі
2) Жеке қолға беру
3) Кепіл болу
4) Жақын жердегі басқармаға беру қадағалау үшін
5) Қамау
Қандай бұлтартпау шарасын қолданғандығы туралы тергеуші басшылыққа айтып отыру қажет болған.Бірақ,бұл ережеде қандай жағдайда жеке қолға беру және қызметтік орнынан ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы дұрыс түсіндірмеген және кейінгі біздің заңнамамыз дамыған сәттерде заңда бұндай бұлтартпау шаралары көрініс таппаған.Жеке бұл дұрыс, өйткені, қызмет орны және тұрғылықты жер тәртіп бойынша бір жерде орналасқан.Егер де айыпкер өзінің кәсіпорынның, ұйымның жұмыс уақытты кезінде ешқайда шықпауы керек делінсе бұл өте қатал және түсініксіз жағдай болушы еді.Айыпкер өзінің жұмыс орнынан бәрібір өзінің үйіне қайтқанда ауысады.Сонымен қатар бұлтартпау шарасының түрі ретіндегі қамау-бұл тергеу изоляторындағы қамауға алу ма немесе үйде қамау ма Қылмыстық іс жүргізу Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар жүргізе келіп 1922 жылы: бұлтартпау шарасының 5 түрін көрсеткен олар:
1) Ешқайда кетпеу туралы
2) Кепіл болу жеке басына және мүлкіне
3) Кепіл
4) Үйде қамауда ұстау
5) Қамауға алу
Сонымен, тергеуге келуге жазбаша міндеттеме бұлтартпау шарасының түрінен алынып тасталды.Тұрғылықты жерінен кетпеу, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ауыстырылды.Қолға беру бұл заңда кепіл болу соның өзінің-жеке
басына және мүлкіне деп түсіндірілді.Жеке кепіл (2 адамнан кем болмау керек) тергеу мен соттан жасырынуға тырысқан кезде жеке кепіл болған адамның сот бұйрығымен ақшалай алым алынған. Мүліктік кепілдікте бір кепілдеуші болуға бұл мүліктік, материалы бар тұлға және ұйымдар бола алады.Бұдан шығаратын тұжырым, екі кепілдіктің-материалдық түрде екенін көреміз.Алғаш рет кеңестік заңда үйде қамауда ұстау айыпкердің бас бостандығын шектеу қоғамнан үйде ұстау арқылы бөлектеу бұл күзет қою арқылы немесе онсыз жүргізілді.1924 жылы анықтама органы қылмысқа қатысы бар сезіктіге анықтама органның лауазымды адамы жауап алғаннан кейін қандайда бір бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы.Бірақ бұл ҚК көзделген баптың санкциясы 1-жылдан кем емес бас бостандығынан айыру жазасы кезінде таңдалады.Тергеушіге анықтама органына таңдап алынған бұлтартпау шарасын жоюға немесе басқа түріне өзгертуге құқық берілген.1924 жылғы қылмыстың заң бұлтартпау шарасындағы «қамауға алу», «тұтқындау» бұл терминнің орнына«бостандықты шектеу-бас бостандығынан айыру»дегенмен өзгертілді.Бас бостандығын айыру бұлтартпау шарасы ретінде:егер айыпкер қоғамға қауіпті деп танылса және айыпкерді бостандығынан айыру айыпкерді қоғамға қауіпті деп өндірісті қозғаған жағдайда.Бас бостандығынан айыру кәсіби және еңбектік ұйымдардың жеке кепілдік болуына айырбасталды, яғни ауыстырылды.Бас бостандығынан айыру ақшалай және мүліктік кепілмен ауысты-рылған жоқ.Анықтама органына барлық бұлтартпау шарасының түрін таңдап алуға құқық берілген.Бас бостандығынан айырумен қатысты бұлтартпау шарасын таңдау үшін жақын жердегі тергеушінің,халық соты мен прокурордың келісімін қажет еткен. Анықтама органы қамауға алған адамдары туралы 24 сағаттың ішінде сотты немесе тергеу органдары тергеушіні немесе прокурорды хабарлама жасауы керек 48 сағаттың ішінде хабарлама алған орган не келісімін немесе келісім бермегендігі жөнінде хабарлама жібереді.Бұлтартпау шарасына жүйесі 1958 жылға дейін ешқандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген. 1958 жылғы қылмыстық заң мынандай бұлтарпау шараларын қарастырған:
1.ешқайда кетпеу туралы қолхат
Информация о работе Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары