Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:40, курсовая работа

Описание работы

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3
І ТАРАУ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТАМАСЫ.
1.1.Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері...............................................4-12
1.2.Бұлттартпау шараларының түрлер...............................................................13-27

ІІ-ТАРАУ.ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ
2.1.Іс жүргізулік мәжбірлеу шаралары ұғымы.......................................................28
2.2.Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының түрлері..........................................29-33
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................36-37

Работа содержит 1 файл

АСЕМА СРОЧНО.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

4.Соттың депозитына кепіл енгізгендігі туралы хаттама мен құжат істің материалдарына қосылады, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі тапсырылады.

5.Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп өзгертіледі.

6.Осы баптың 5- ші бөлігінде көрсетілген жағдайда прокурор сотқа кепілді мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ұсыныс жасайды. Сот кепіл беруші жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкін болатын тиісті шешім қабылдайды.

7.Қалған жағдайда сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді.

8.Қылмыстық істі алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепіл анықтау немесе алдын ала тергеу органдардың қаулысы бойынша кепіл берушіге қайтарылады.

Үйде қамауда ұстау 149 бап. ҚІЖК.

1.Үйде қамауда ұстау сезіктіге, айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік беретін шарттар болған, бірақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән жайлар ескеріле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде ҚІЖК 150 бабында көзделген тәртіппен прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша қолданылады.

2.Бұлтартпау шарасы аталған түрін таңдау туралы қаулыда қамауға алынған адамға қолданылатын бостандығын нақты шектеу және белгіленген шектеулердің сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетіледі. Қамап ұсталатын адамға белгілі бір адамдармен қарым-қатынас жасауға,хат-хабар алуға және жөнелтуге,кез-келген байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салуға,сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеу белгіленуі мүмкін,қамап ұсталатын адамның тұрғылықты жері күзетілуі мүмкін.Қажет болған кезде мінез-құлқы қадағалануы белгіленеді.

                                                                                                                                     23

3.Үйде қамауда ұстаудың мерзімі, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртібі ҚІЖК 110, 153 баптарында белгіленген ережелермен

айқындалады.

Қамауға алу. 150 б.

1.Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және тек заңмен екі жылдан артық мерзімге

бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасалғандығына айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады.Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жылдан артық көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты:

1) оның ҚР аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;

2) оның жеке басы анықталмаса;

3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;

4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса, қолдануы мүмкін.

Тергеуші, анықтаушы бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау қажет болған кезде осы бүлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарылады.

Қаулыда айыпталушыны (сезіктіні) күзетпен ұстау қажеттігі туындаған сенбептермен негіздер баяндалуы тиіс.Қаулымен бірге аталған бүлтартпау шарасын таңдаудың негіздігін растайтын материалдар қоса беріледі.Егер бүлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау арқылы қаулы сезіктіге, ұсталған адамға қатысты осы КІЖК 132,134 баптарына орай шығарылса,ол ұстау мерзімі аяқталғанға дейінгі алты сағаттан кешіктірілмей прокурорға ұсынылуы тиіс.

3.Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қауы материалдары прокурорға түскен кезден бастап, алты сағаттың ішінде прокурордың кідірісіз қарауына жатады.

4.Қамауға алуға санкция беру құқығы ҚР бас прокурорына,олардың орынбасарларына,облыстардың прокурорларына,олардың орынбасарлары-на, аудандық және қалалық прокурорға, сондай- ақ облыстардың, аудандық немесе

                                                                                                                                     25 қалалық прокурордың құқығына әрекет әскери,көліктік және басқа да прокурорларға және облыстар прокурорына әрекет ететін прокурордың орынбасарларна беріледі.

5.Прокурор заңмен берілген негіздер болған кезде және осы КІЖК 139 бабында көзделген зардаптарды болдырмау мүкіндігі болмаған жағдайда басқа неғұрлым жұмсақ бұлтартпау шарасын тандау жолымен айып-талушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді.Прокурор қамауға алуға санкция туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негізі бар барлық материалдармен мұқият танысуға және айыпталушыдан жеке жауап алуға міндетті.Жауап алу кезінде тергеуші,анықтаушы, қорғаушы,егер ол іске қатысатын болса, кәмілетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатыса алады және қаралатын мәселе бойынша өзіннің пікір айта алады.

6.Бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы мен қамауға алу үшін негіздері бар материалдарды қарап және айыпталушыдан жауап алып, прокурор айыпталушыға (сезіктіге) бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алуды қолдану туралы санкция береді немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) қолданады және жедел атқаруға жатады.

7.Прокурорың қамауға алуға санкция беруден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым берілуі мүмкін.Прокурор осы бұлтартпау шарасын қолдануға санция беруден бас тартқаннан кейін, сондай- ақ КІЖК 110-бабында көзделген тәртіппен судья бұл бұлтартпау шарасын бұзғаннан кейін нақ сол адамды, нақ сол іс бойынша қамауға алу жөніндегі санкция беруді сұрап, прокурорға қайталап өтініш жасау сол адамды қамауға алу қажеттігін көздейтін жаңа мән-жайлар пайда болған кезде ғана мүмкін болады.

8.Егер сезіктігі, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселе сотта туындаса ол туралы шешімді тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот қабылдап,ол туралы қаулы шығарылады.

 

                                                                                                                                     26

9.Еегер сезіктіге,айыпталушыға қамауға ұстау түріндей бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандыруға жеткілікті негіздер болмаса, прокурор мен сот неғұрлым жеңілірек бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы.     

    Прокурор мен сот айыпталушыға(сезіктіге)қолданылған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын немесе үйде қамап ұстауды кепілге алмастыруға құқылы. Бұл жағдайда айыпталушы (сезіктіге) келісілген сома іс жүзінде соттың депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамауда ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттық қаулысы атқарылуға береді.

10.Анықтаушы, терегеуші, прокурор немесе сот КІЖК 138 бабында белгіленген тәртіппен бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылатындығы туралы сезіктінің, айыпталушының туыстарына хабарлауға міндетті тергеудің алғашқы кезіндегі құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында істің ерекше сипаты мәжбүр ететін айрықша мән жайларда хабарлау прокурордың санкциясымен,аталған бұлтартпау шарасы кәмілетке толмағанға қолданылатын жағдайды қоспағанда, іс жүзінде ұсталған кезден бастап 10 тәуліктен аспайтын мерзімге кешіктірілмеуі мүмкін.

     Жоғарыда бұлтартпау шарасының жүйесін ашып, тізіп көрсеттім, енді осы шараларды былай екі жүйеге енгізуге болады.1

1.Жалпы шаралар: қамауға алу, үйде қамауда ұстау, кепіл, жеке кепілдік, ешқайда кетпеу туралы қолхат.

2.Арнайы шаралар: кәмілетке толмағанды қарауа беру, әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызыметшісінің байқауы.Бұлтартпау шаралары өзіміздің тәжірибемізде жүргендей, нақты тергеушілермен қолданылатын екі бұлтартпау шарасы бар олар: ешқайда кетпеу туралы қолхат және қамауға алу.     

Көп жағдайларда іс жүзінде қолхат пен қамауға алу дәрежесі жоғары деп айтуға болады.Кәзіргі кездегі қылмыстық саясаттағы адамгершілік нормалары көп

реттерде қамауда ұстауды төмендетіп жатыр. Бұған дәлел ретінде кәзіргі әрекет ететін КІЖК қамауға алу тек ҚК көзделген баптың екі жыл мерзімге бас

                                                                                                                                     27 бостандығынан айыру ал бұл норма бұрынғы КІЖК бір жылдан алатын жаза тағайындалатын бапқа көзделген: бірнеше авторлардың пікірінше, «барлық бұлтартпау шаралары азаматтардың бостандығын шектейді».Бұл жерде ерік бостандығы айыпкердің еркін білдіреді. Егер бостандықты бізқұқықтық категория ретінде алсақ, бұлтартпау шарасын бостандықты шектеу ретінде табылмауы керек. Кәмілетке толмағандар,ата- анасының қадағалануына беру жеке кепілдік бұлтартпау шарасын таңдау кезінде құқықтық мәлімде бостандықта болады,олардын азаматтық құқығы мен бостандығы шектелмейді.

Сонымен қатар тағы бір пікірлер«бұлтартпау шарасының өзі айыпкердің құқықтарын бірінші орында шектеумен байланысты.Сонымен бұтартпау шаралары мәжбүрлеуді(психикалық күштеу)жүзеге асырады,бұлар барлық ретте құқық шектеу шарасы ретінде жүзеге асырады. Бұлтартпау шарасы тұлғалардың құқықтық мәртебесін шектеу, сондықтан бұлар мәжбүрлеу шаралары.Көптеген бұлтартпау шаралары күштеу шаралары болып табылады. Бірақ бұлтартпау шарасы тұлғаны белгілі бір тәртіпке итермелейді. Жеке кепілдікке байланысты, ешқайда кетпеу туралы қолхат айыпкердің психикасын белгілі бір жасаудан тиым салады.Бұлтартпау шарасы айыпкердің өзінің бұлтартпау шарасын, міндетемесін орындамған кезде бұлтартпау шарасының қатал түрін яғни қамауға ұстауға таңдап алуға әкеледі.Бұл барлық міндеттеме айыпкерге белгілі бір теріс әрекеттер жасаудан қорғайды.Айыпкерді психикалық күштеуі тергеушінің айыпкерге қатысты қатал түрін таңдап аламын деп айтуы-міндеттеуі.Күштеу-тек өзіне берілген, тағайындалған міндетемені орындмаған ретте қолданылады.

 

 

 

                                                                                                                                

 

 

 

                                                                                                                                     28

IІ-тарау. ІС ЖҮРГІЗУЛІК МӘЖБІРЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ МЕН  ШАРТТАРЫ

2.1.Қылмыстық іс жұргізулік мәжбүрлеу шаралары-бұл қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген сот әділдігінің міндеттері мен тергеу жетістіктеріне жету мақсатында күдіктінің, айыпталушының  құқығын шектейтін іс бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның,әрекеттері мен шешімдер.

Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының шарттары-әділ сот мақсаттарының жетістігіне жету қажеттілігі, қылмыстық сот өндірісі мен үкімді орындауға қатысты тәртіптерді анықтаумен  қамтамасыз етілуі. Іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары тек кедергі болған жағдайда және іс қозғалысына қатысты кедергілердің пайда болу мүмкіндігі шыеайы туыған жағдайда қолданылады.

Іс жүргізулік мәжбірлеу шараларының негізіне:

1)     Қозғалғаан қылмыс істің болуы;

2)     Оған қатысты субъектілердің болуы (прокурор, анықтаушы, тергеуші, және

3)     өз өндірісінде істі қабылдаған және қарсылық білдірмеген сот);

4)     Оған қатысты объект ( қылмыстық іс жүргізу заңның әрекеттері тағылған

тұлғалар) жатады.

     Қозғалған қылмыстық іс заңды түрде іс жүргізушілік мәжбірлеу үшін қызмет етеді, себебі, онда қоғамға қауіпті әрекеттердің жүзеге асуы туралы қортындылар болуы мүмкін.Мәжбірлеу шаралары іс тоқтатылғанан кейін қолданылуға тиісті емес.

      Заңға сәйкес істі тоқтатубарысында бұлтартпау шаралары, мүлкін тіркеу, корреспонденция, қызметінен уақытша шеттету шаралары жойылды (ҚР ҚІЖК 159,161-баптары).

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                     29

2.2 Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының түрлері.

Қылмыстық іс жүргізу заңы мынадай іс жүргізушілік мәжбірлеу шараларын қарастырады: күдіктіні ұстау (17-тарау);бұлтартпау шаралары (18-тарау); басқа да іс жүргізушілік шаралары (19-тарау).

Ұстаудың мәні прокурор мен соттың алдын ала рұқсатынсыз адамды адамды күзетке алу.Осыған орай ұстау екі түрге бөлінеді: айыпталушыны ұстау және күдіктіні ұстау.

Айыпталушыны ұстау- бұл іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының тосын түрі.Оның мазмұны күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын тандап, қорытынды шығару туралы қылмыстық ізге түсу органдарының өтінішн қарау үшін тез орада айыпталушыны сотқа жеткізу мақсатында қысқа мерзімге күзетте ұстауға негізделеді. Бірақ айыпталушы ұстау күдіктіні ұстауға қатысты көзделген тәртіп  бойынша жүзеге асырылады.Айыпталушыны ұстаудың өзіндік ерекше негіздемесі,мақсаттары, уәжедері және шарттары бар.Оның негіздемесі прокурордың,тергеушінің күзетте ұстау сияқты бұлтартпау шараларын тандау туралы өтінішін соттың судьясы қарау қажеттілігіне тікелей байланысты.Ал мақсаты айыпталушыны аталған өтінішті қарау мақсатында сотқа тез арада жеткізу болып табылады.Уәжі ретінде айыпталушының тергеушіге тіпті сот отырысына келуден жалтыру қаупінен сақтану белгілерін атауға болады.Ұстау шарттары айыпталушы ретінде мәжбүрлеу туралы қаулының незізжі қабылдануына қызмет етеді.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары