Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79

Работа содержит 1 файл

Др.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

 

 

 
 
 

Анықтаушы.  Анықтаушы - өз  құзіретінің шегінде қылмыстық іс  бойынша сотқа дейінгі іс  жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттің    лауазымды адам.  Анықтаушы сотқа дейінгі іс  жүргізудің  басталуы  және  жүзеге  асырылуы   шешім қабылдауға,  заңда  оларды   анықтау органы  бастығының бекітуі, прокурордың  санкциясы немесе  соттың  шешімі  көзделген   жағдайларды  қоспағанда,  дербес  шешімдер  қабылдауға  және тергеу  мен  басқа  да іс   жүргізу  әрекеттерін  жүргізуге  құқылы.

      Анықтаушы  алдын  ала тергеу  жүргізілуі  міндетті  қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының  тапсырмасы  бойынша қылмыстық іс қозғауға,  сондай-ақ  шұғыл   тергеу   әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын   жүргізуге,  ол  туралы  жиырма  төрт сағаттан   кешіктірмей прокурор мен   алдын   ала тергеу   органын хабардар  етуі  міндетті.

      Анықтаушы  соттың,  прокурордың,  алдын  ала   тергеу  органының    және  анықтау  органының   жекеленген   тергеу   әрекеттерін  жүргізу    туралы,  қылмыстьық  процеске   қатынасушы  адамдардың   қауіпсіздігі  шараларын  қолдану   туралы   тапсырмаларын  орындауға  міндетті. Анықтау  органы    бастығының  нұсқаулары  орындауға  міндетті.  Анықтау  органы  бастығының   қылмыстық  істер  жөніндегі  нұсқауына   прокурорға  шағым   жасалуы мүмкін.   Нұсқауларға  шағым  жасалуы  қылмыстың  саралану  мен  айыптаудың  көлемі   айыпталушыны  сотқа  беру  үшін  істі  прокурорға  жолдау   туралы  немесе  қылмыстық   істі   қысқарту  туралы  нұсқауларды  қоспағанда,  олардың  атқарылуын  тоқтатпайды.   Анықтаушы  қызметінің  тергеуші  қызметінен  ерекшелігі  олардың  іс  жүргізу  дербестігінің  көлемінен  анық  көрінеді.  Осы  іс  жүргізудің  дербестік  деңгейі  мыналардан   көрінеді:

-анықтаушының  прокурордың  нұсқауларымен  келіспеуге  құқығы  жоқ, ол  барлық  нұсқауларды  орындауға  міндетті; -анықтау  органының  құзіреті  алдын  ала  тергеу  жүргізудің  міндетті  екендігі немесе  міндетті  емес  екендігіне  байланысты  шектеледі, осыған  сәйкес  анықтаушының  құзіреті  де  өзгешеленеді; -тергеуші  прокурордың  қадағалауында  болады  және  оның   басшылығымен  тергеу  жүргізеді,  ал  анықтау  жүргізетін  адамды  прокурордың  қадағалауында  болады,  анықтау  органының   бастығына   тікелей  бағынады; -анықтау  органдары  тергеуші мен анықтау  органдары  қызметінің ортақ  аумағында  жасалған  қылмыстар  туралы  істер  жөнінде  тергеушінің  талаптарын  орындауға  міндетті; -басқа  ауданның  органдары  тергеушінің жекеленген  таалаптарын   орындауға   міндетті; -анықтаушының  тергеушіге  тапсырма  беруге  құқығы  жоқ. -тергеу  мен  анықтау  қызметкерлерінен  тұратын  жедел- тергеу  тобында  ұйымдық  және  іс  жүргізушілік  басшылығы  тергеушіге  тиесілі.

Анықтаушының өкілеттігі

 

 
 
 

 

 

 
 

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 

3.1.Өз  құқықтары мен  мүдделерін  немесе  өздері білдіретін  құқықтар мен мүдделерді  қорғап процеске қатысушылардың түрлері

      Cезікті. Бұрынғы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сезікті деп тану үшін негізсіз кең ауқымды түсінік берген. Атап айтқанда, С.Бекешов, сезікті дегеніміз-"қылмыстың жасалауына ықтимал кінәлі, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен процеске тартылған немесе сезікті ретінде жауап беруге шақырылған адам” деп атап көрсетті.13 В.М. Савицкий және Л.Д.Кокорев бастаған бір топ ғалымдар сезікті ретінде қылмысытқ іс қозғалған кез келген адамды тануды ұсынады. Идея назар аударуға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына қабылдауға тұрады, өйткені:

      Айып  тағылғанға дейін қылмыстық іс қозғалған  адам бұрынғы  қылмыстық іс жүргізу  заңдарында ешбір белгіленбеген, яки  оның құқықтық мәртебесі айқындалмаған, басқаша айтқанда құқықтар мен міндеттері жоқ;  адам заң белгілеген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы нәтижесінде ғана құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алатын белгілі, ал олардың  болмауы тергеу мүдделі болып отырған адамға қатысты қылмыстық ізге түсуді бастау іс жүзінде мүмкін еместігін білдіреді;

-мұндай  адамның құқықтық мәртебесінің  белгісіздігі жағдайында Қазақстан  Республикасының Конституциясы  және өзге де белгілеген азаматтардың  заңды мүдделері мен құқықтарын  бұзуға жәрдемдесетін жағдай туындайды. Сонымен, қылмыс жасауы ықтимал адамнан іс жүзінде айыптау тағылғанға дейін куәгерден жауап алу ережелері бойынша жауап  алынады,14 мұның өзі ақиқат айғақ беру міндетін білдіреді, керісінше жағдайларда қасақана жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туындауы мүмкін.

      Қылмыстық іс қозғалған адамды терминологиялық  тұрғыдан өзгеше белгілеу ұсынысы әдебиетте  кездеседі. Мәселен,М.Шешуков мұндай адамды “күдік тағылған адам” деп  атауды ұсынды.Осы арқылы сотқа дейінгі  кезеңдерде процессуалдық мағынадағы белгілі бір жеке тұлға мынадай түрде өзгеріске түсуі мүмкін:  Қылмыстық  іс қозғалған сәттен бастап ол күдік тағылған болып саналады, айып тағылғаннан кейін айыпталушы болып табылады. Күдік тағылған адам сезіктіге айнала алмайды.М.Шешуков ұсынысының тартымдылығына қарамастан оның кемшілігі де бар.Терминдердің фонетикалық үндестігі әртүрлі процессуалдық тұлғалардың мәртебелерінің араласып кетуіне әкелуі мүмкін; оның үстіне сотқа дейінгі кезеңдерде орын алған күдік тағылғанның, сезіктінің және айыпталушының мәртебелерінің айырмашылықтарын белгілеуде елеулі қиындықтар туындайды. Осы айтылғандар, В.М.Савицкийдің және оның ізбасарларының көзқарасы.

      Сезіктінің  процессуалдық тұлғасы қылмыстық  сот ісін жүргізуде анағұрлым  күрделі болып табылыады. Қазіргі заң бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес сезікті дегеніміз-өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. 1)оған қатысты іс қозғалған,2)қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды;3)айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді.Сонымен бірге сезікті дегеніміз-қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден-бір қатысушысы, оның мәртебесі-адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шаралын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді. Сезіктінің процесте пайда болуынаң заң белгіленген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады.Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны сөз жоқ,сезіктінің жағдайына қояды.

      Сезіктінің  процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты.Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді.Сезікті-өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуалдық тұлғалардың бірі.Сезіктінің мүдделерін қорғаудың іс жүргізушілік нысандары әр қилы. Айыптау табыс етілгенге дейін сезікті ұстап жүзеге асырылған немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ол қорғаушымен қамтамасыз етілуге тиіс,әрі алғашқы жауап алу жүргізілгенге дейін қорғаушымен оңаша және құпия түрде кездесуге құқығы болуға тиіс.Қорғаушының болмауы ұсталған адамға айғақ бермеуге мүмкіндік береді.Қорғаушының болуы ұсталған адамға алғашқы жауап өткізілгенге дейін-ақ өзі үшін анағұрлым тиімді бағыт ұстануына мүмкіндік береді.

      Алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін сезікті мүмкін болатын тәсілмен (телефон арқылы, басқа да белгілі байланыс арналары бойынша)өзінің ұсталғандығы және тұрғылықты орны немесе жұмысы бойынша қамаудағы орны туралы хабарлауға құқылы.

      Сезіктіні ұстаудың шекті мерзімі жетпіс екі сағаттан аспауы керек. Аталған мерзім ішінде мына шешімдердің біреуі таңдалады: сезіктіні қамаудан босату; таңдап алынған бұлтартпау шараларын  жоққа шығару;адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Сезікті заңмен белгілеген барлық процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алады. Бұл туралы сезіктіге қылмыстық ізге түсу органдары түсіндіру қажет.

      Айыпталушы. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында айыпталушының мәні туралы мәселе даулы болды.Осындай көзқарасқа сәйкес айыпталушы бір мезгілде жазалауды, мәжбүрлеу шараларының және зерттеудің обьектісі және сонымен бірге іс жүргізушілік жағдайдың субьектісі болып табылады.Мысалы,А.Я.Вышинский осыған байланысты былай деп жазды:”айыпталушының процесте оның обьектісі ретінде ғана емес, сонымен бірге іс жүргізушілік құқықтардың субьектісі ретіндегі жағдайы-айыпталушының жауаптарын соттық дәлелдеудің мәні мен қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі”15 Айыпталушының іс жүргізушілік мәнін Р.Д.Рахунов, Л.М.Карнеева,М.С.Строгович басқаша түсінді. Олар іс жүргізушілік құқықтары бар дербес тұлға ретінде айыпталушы құқықтық қатынастардың субьектісі ғана болып табылады деп дәлелдеді.Осыған байланысты Р.Д.Рахунов былай деп атап өтті:”Айыпталушы құқық обьектісі бола алмайды.Ол осы терминнің қылмыстық-құқықтық мәні тұрғысынан обьекті бола алмайды.Айыпталушының іс-қимылы  қылмыс құрамының обьективті жағын қарауы мүмкін”(16.78.)

      Сонымен,айыпталушы деп, айыпталушы ретінде жауапқа  тарту туралы қаулы шығарылған адамды  не сотта жеке айыптаумен қылмыстық  іс қозғалған адамды,сондай-ақ анықтау  органының бастығы оған қатысты  айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді.Айыпталушының жағдайы сезіктінің жағдайымен көп жағдайда ұқсас.Олардың құқықтық мәртебесіндегі негізгі айырмашылықтар “сезік”   және ”айып” ұғымдары арасындағы айырмашылықтарға байланысты.

Қылымыстық  сот ісін жүргізуде айыпталушының  мынадай құқықтары бар:

-өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін амалдармен және тәсілдермен қорғауға;

-қорғануға  даярлану үшін жеткілікті уақыт  пен мүмкіндік алуға,

қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі  құқықтар туралы шұғыл түсінік алуға;

-не  себепті айыпталып отырғанын білу және өзін айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесін алуға;

-тағылған  айып бойынша түсінік пен жауап  беруге;

жауап беруден бас тартуға;

-қалау-тілектерін  мәлімдеуге;

-іс  аяқталғаннан кейін тергеудің  барлық материалдарымен танысуға;

-қорғаушы  қызметін пайдалануға,онымен оңаша  және құпия түрде кездесуге;

-алғашқы  сатыдағы сотта  соттық талқылауға  қатысуға;

-анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың  іс-қимылы мен шешімдеріне шағымдар  айтуға;

-соңғы  сөз құқығын пайдалануға;

-бетпе-бет  кездесу кезінде сұрақтар қоюға;

-қылмыстық  процесті жүргізуші органнан  өзінің құқықтары мен мүдделеріне  ықпал ететін іс жүргізушілік  шешімдердің қабылданғандығы туралы  хабар алуға;

-сарапшыға  сұрақтар қоюға, сараптама тағайындалғаны  туралы қаулымен танысуға, сондай-ақ сараптама қорытындыларымен танысуға;

-тергеу  аяқталғаннан кейін тергеудің  барлық материалдарымен танысуға  және ондағы кез келген мәліметті  кез келген көлемде көшіріп  алуға;

ақтамайтын  негіздермен істі тоқтатуға қарсылық білдіруге;

-жария  соттық талдауды талап етуге,  сондай-ақ заңмен белгіленген  басқа да құқықтар мен міндеттерге  ие болады.

      Айыпталушы  тергеу мен соттан жалтармауға міндетті. Тергеу мен соттан жалтару қылмыс үшін жаза белгілеу тұрғысынан жазалау  шарасына ешбір ықпал етпейді. Бірақ заң үкім шығарғанға дейін орын алуы мүмкін қылмыстық-процессуалдық санкцияларды  қарастырады. Мұндай санкцияларға: - бұлтартапу шараларын таңдау; - анағұрлым жұмсақ бұлтартпау шараларын анағұрлым қатал түрлеріне өзгерту; -айдап әкелуді жүзеге асыру. Бұдан басқа іс жүргізуге айыпталушы қатысатын тергеу және сот қимылдары уақыты белгіленген тәртіпті сақтау айыпталушының міндетіне кіреді. Бұл бөлікте де заң санкцияны қарастырған. Атап айтқанда, сотта тәртіп бұзатын адамдарға ескерту жасалады, содан кейін сот залынан шығарылады.

      Жәбірленуші. Жәбіршенуші деп, қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысымен оған қылмыспен тікелей моральдық,дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адамды атаймыз. Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиян,оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шығындар толық өтеледі. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда- онық құқықтық мұрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына  сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Бұл жағдай қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда,егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса,залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар. 
 

Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері