Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа
Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79
Қылмыстық сот ісі қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің тұлғасын түсіну үшін анағұрлым маңызды принциптер мыналар болып табылады: заңдылық,жариялылық, азаматтардың тегіне және әлеуметтік жағдайына, нәсілдік және ұлттық болмысына, діни сеніміне қарамастан зхаң алдында теңдігі; тергеудің ұлттық тілде өтуі, тұлғаға, тұрғын үйге, жеке өміріне, хат-хабар-алысуына, телефонмен болатын әңгімелердің және телеграфтық хабарлардың құпиясына қол сұқпаушылық, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтылығы, обьективтілігі; алдын ала тергеуге қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;кінәсіздік презумпциясы; алдын ала тергеу ісін жеделдетіп жүргізу; тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі және жауапкершілігі; қылмыстарды ашу мен тергеуге қатысуға жұртшылықты тарту.
Тергеушінің негізгі мақсаты-істі тергеу болып табылады. Заң әдебиеттерінде “істі тергеу” ұғымы “анықтау”, “қарау”, “зерттеу” ұғымдарымен үндес, бірақ тергеушіге қатысты «айыптау», “қорғау” ұғымы жоқ және болуы да мүмкін емес. Тергеуші өз жұмысын айыптауға немесе қорғауға емес, шындықты анықтауға бағыттайды.
Тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және обьективті зерттеуге ол үшін барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, қылмыстардың жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қортындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.Тергеуші алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері болған кезде анықтау органы қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың ізін анықтау мен бекіту жөніндегі кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін: қарауда, тінтуді, алуды, куәландыруды, сезіктілерді ұстау мен олардан жауап алуды,жәбірленушілер мен куәлерден жауап алуды жүргізуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.
Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерін орындағаннан кейін, бірақ іс қозғалған күннен бастап, бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы істі тергеушіге беруге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Істі тергеушіге бергенне кейін анықтау органы ол бойынша тергеу іс әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкін болман істі тергеушіге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізуге, тергеушіге нәтижелер туралы хабарлауға міндетті.
Тергеуші, заңда прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу іс әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімді дербес қабылдайды және олардың заңды және уақытылы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Егер, тергеуші, тергеуіндегі ісі бойынша прокурордың нұсқауларымен келіспесе, онда жоғары тұрған прокурорға шағымдану құқығына ие болады.
Тергеуші өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарының тергеліп жатқан іске қатысты жедел-іздестіру материалдарымен танысуға, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар.
Сонымен қорыта келгенде, қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің іс жүргізушілік қызметі туралы ғылымдағы негізгі дау тергеушінің сот ісін жүргізудегі функциялары туралы мәселенің төңірегінде өрбіді. Н.А.Якубовичтің пікірі бойынша тергеуші үш функцияны ғана жүзеге асырады,олар:қылмысты ашу,ізге түсу, алдын алу.10
Аталған
осы үш функцияға А.М.Ларин
тағы екеуін қосты, олар мыналар: іске
қатысушы адамдардың өз құқықтарын жүзеге
асру мүмкіндігін қамтамасыз ету;тергеуге
процесуалдық басшылық жүргізу. Мұндай
көзқарастың ішкі қайшылықтары да бар.
Мәселе мынада: іске қатысушы адамдардың
құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ
тергеуге іс жүргізушілік басышылық
жасау – принциптер болып табылады. Және
де біріншісі – жалпы іс жүргізушілік
принцип, ал екіншісі – тергеуші қызметі
принципінің құрамдас бөлігі, ол тергеушінің
іс жүргізушілік дербестігі мен жауапкершілігінен
көрінеді.
Тергеушінің өкілеттігі.(11.77)
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы.
Анықтау – анықтау органдарының заңмен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту, және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргіз нысаны болып табылады.
Заң шығару анықтау органдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілейді. Оларға мыналар жатады:
1.ішкі істер органдары;
2.ұлттық қауіпсіздік органдары;
3.қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша- әділет органдары;
4. қаржы полициясының органдары;
5.контрабанда
және кеден төлемдерін
6.Қазақстан
Республикасының қарулы
7.Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
8.Қазақстан
Республикасының Қарулы
9.Өздерінің
қызметкерлері болған
10.Өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша -мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері, сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да мемлекеттің ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, - көлік қатынастары жоқ болған кезеңде жүктеледі.
С.В. Болотиннің пікірі бойынша: «Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемдену үшін төмендегідей құқықтық алғышарттардың болуы қажет: -Заң белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органын құру; - адамды қызметке /оның ішінде осы органның басшысы қызметіне/ тағайындау; - аталған басқару органының анықтау жүргізуге арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі»12 Сонымен бірге қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық істер жүргізу кодексінің талдау қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушыға анықтау органының мәртебесін беретін тағы бірнеше белгілері бар екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады: - Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабының 2-тармағында аталған органдар анықтауды жүзеге асырған уақыттағы белгілі бір шектеулер /мәселен, кедендік органдар, контрабанда туралы істермен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару жөнінде ғана анықтау жүргізеді; әділет органдары – сотқа құрмет көрсету және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді/; - анықтау органы тек аталған органдардың барлық жүйесін емес, тікелей анықтау мақсаттары үшін қалыптасқан құрылымдық бөлімдерді ғана /департаменттер, басқармалар, бөлімдер, бөлімшелер/ түсіну, мәселен тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аппаратының, аумақтық органдардан /облыстық басқармалар, аудандық бөлімдерден/ тұрады, олар өз кезегінде /сондай-ақ анықтауды жүзеге асыру құқығы бәріне бірдей берілмеген жекелеген қызметтерден тұрады;/ - белгіленген өкілеттіктер шегінде қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана анықтауды жүзеге асыру құқығының пайда болуы /мәселен, шекара бөлімінің командирі қылмыстық іс қозғап, сотқа құрмет көрсетпеуге байланысты қылмыстар бойынша анықтау жүргізуге құқылы емес/; - анықтау органдарына жедел-іздестіру іс - қимылын орындау құқығын беру;-алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша толық көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау.
Қазақстан Республикасының
Анықтау органдарының қызметінің сипаты олар алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша жұмыс істеуіне байланысты ерекшеленеді.
Заң алдын ала тергеу жүргізуді міндеттейтін істердің тобы бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғаумен шектеледі, қылмыстың ізін анықтау және бекіту жөніндегі шұғыл тергеу іс қимылын жүзеге асырады, сосын істі кідіріссіз прокурор арқылы тергеушіге береді . Осы іс бойынша анықтау органының одан әрі қызметі тергеушінің тапсырмаларын орындау нысанында жүзеге асырылады.
Алдын ал тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау органының өкілеттіктері әлдеқайда ауқымды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285 – бабының 1-бөліміне сәйкес осы істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. Бұл анықтау нысанында іс жүзінде алдын ала тергеу жүргізілетіндігін білдіреді, бірақ бұған процеске жекелеген қатысушылардың құқықтарының көлемі және анықтау жүргізудің мерзімі бөлігіндегі кейбір ерекшеліктері қосылмайды. Қылмыстың белгілерін және оны жасау адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау міндеті жүктеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңына жедел-іздестіру шараларының мазмұнын ашып көрсетпейді Жедел-іздестіру қызметінің мәні, әдістері, құралдары Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңы реттейтін тақырып болып табыладлы. Мұның өзі өз кезеңінде қылмыстық іс жүргізу құқығының сондай-ақ, тиісті ведомствалық нормативтік актілердің көзі болып табылады.
Бұл
орайда мынаны атап өту керек,
жедел іздестіру шараларын қабылдау
міндетінің іріктеп алатындай
сипаты болады және барлық
анықтау органдарына қатысы
болмайды, ол тек арнайы әдістермен
құралдарды қолданбастан өзінің
өзгешелігі бар функцияларын
жүзеге асыра алмайтын органдарға
тән (мәселен, қылмыс жасаған адамдарды
іздестіру және табу жария
түрдегі қылмыстық іс жүргізу
тәсілдері мен мүмкін болмайтын
жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің жүйесі шегінде
жедел іздестіру шараларын жүргізу
құқығы осы шараларды функционалдық
тәртіппен орындайтын арнайы
бөлімшелер мен мекемелерге берілген
және де анықтау мен жедел-іздестіру
шараларын жүргізу анықтау органдары
атқаратын екі дербес функция.
Анықтау мақсаттарына қол
жеткізу Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
нұсқауларын қолдану жолымен
де, сондай-ақ жедел іздестіру
шараларын үйлестіру жолымен де
мүмкін болады. Жедел-іздестіру
ақпараты дәлелдемелерге қылмыстық
іс жүргізу талаптарын сақтаған
жағдайда дәлелдейтіндей ақпаратқа
айналуы мүмкін. Қарама-қарсы
жағдайда мұндай ақпараттың
қосымша бағдар беретіндей ғана
сипаты болады.
Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері