Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79

Работа содержит 1 файл

Др.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Сонымен қорытып келгенде, қылмыстық процеске  қатысушыларға прокурор, сот, тергеуші, анықтаушы, анықтау органының бастығы, жәбірленуші, айыпталушы, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, қорғаушы т.б. жатқыздық.  Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық іс жүргізу нормаларында әрбір іске қатысушыға процессуалдық құқықтар мен міндеттер белгіленген.  Қылмыстық сот ісін  жүргізу барысында барлық процеске қатысушылар тең құқықтарға ие болады, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қылмыстық іс жүргізу  заңдарымен өздерінің айқындамаларын  қорғауға бірдей  мүмкіндіктер берілген. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың  ешқайсысына күш қолдануға немесе адамның қадір-қасиетін  түсіретін әрекеттер жасауға болмайды. Сондай-ақ, қылмыстық процесті  жүргізуші орган  қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті. Іс жүргізу кезінде процеске қатысушылардың  құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтірілген зиян өтеледі.

      Қазіргі таңда елімізде құқық саласында  болып жатқан өзгерістер де аз емес. Құқықтың көптеген салаларында реформалар енгізіліп жатыр.  Мәселен алар болсақ, сот реформалары. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында сот инстанцияларында қылмыстық не азаматтық істерді қарағанда  сот ісіне қатыстыру үшін алқа билерін  құру керектігін баса айтып өтті. Алқа билерін құру келер жылдың еншісінде. Алқа билерін сайлаудың европалық континентальдық  моделі  немесе үлгісі  таңдап алынды. Бұл заңның жобасы Парламентте қаралып, өзінің оңды шешімін тауып жатса, онда процеске қатысушылардың тізіміне алқа билерін де  қосуға болады.

      Ал, енді  заң бойынша  қылмыстық  процеске  қатысушы деп тану үшін, яғни  осындай адамдарға қандай құқықтар берілген сол туралы айтып  өтейік.

      Қылмыстық  процестің  қатысушысы болып  табылмайтын  адамдардың ,  егер  оларға  қарсы  заңмен   тыйым  салынған  әрекеттер  жасалса  немесе   осындай  әрекеттерді  жасаса,  онда  олардың  жәбірленуші,  жеке  айыпталушы,  азаматтық   талапкер,  азаматтық  жауапкер,  олардың  заңды  өкілдері  және  өкілдер   деп   тануды  талап  етуге  құқықтары  болады. Бұл  үшін  аталған  адамдар  тобы  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органға  арыз  немесе  өтініштерін  жолдайды.  Арыздар  үш  тәліктен  кешіктірілмей  қаралып,   қабылданған  шешім  туралы  дереу  хабарландырылады,  және  оған  тиісті  қаулының  көшірмесі  жіберілуі  тиіс.   Өтініш   беруші  қаулының  көшірмесін  алғаннан  кейін,   егер  ол  шешімге  қарсы  болса,  бес  тәуліктің  ішінде  прокурорға  немесе  жоғары тұрған прокурорға  шағымдана  алады. Егер қаулының көшірмесі  шағым  берілген кезден  бастап  он  тәуліктің ішінде  алынбаса,  өтініш беруші  оны процеске  қатысушы  деп тану  туралы  өтініш  жазып прокурорға  немесе  сотқа жүгіне  алады.

      Қылмыстық сот ісіне  қатысушы  әрбір  адамның  өз  құқықтары мен  міндеттерін, іс  бойынша құқықтық салдарын,  сондай – ақ  оның  қатысуымен  өтіп жатқан  іс  жүргізу   әрекеттерінің маңызы  мен оған  танысу үшін  ұсынылған іс  материалдарының мазмұнын  ұғынуға құқығы  бар.

      Қылмыстық   процесті  жүргізуші  орган  процеске  қатысушыларға  өздеріне  тиесілі  құқықтары  мен   оларға  заңмен  жүктелген   міндеттерін   түсіндіруге  міндетті.  Адамның  өтініші  бойынша  қылмыстық  процесті   жүргізуші  орган  оның  құқықтары   мен  міндеттерін   қайталап  түсіндіруге   міндетті.

      Қылмыстық   процесті   жүргізуші  орган  процеске  қатысушыларға   қарсылық   білдіру  мүмкін  болатын  адамдардың  тегін  және  олар  туралы  басқа  да  керекті  деректерді  беруге  міндетті.

      Қылмыстық  процеске  қатысушы  жағдайына  ие  болған  адамға  оның  қатысуымен  іс  жүргізу  іс-әрекетін   жүргізу  басталғанға  дейін  және  ол  процеске  қатысушы   ретінде қандай  да  болмасын  позицияны  білдіргенге  дейін оның   құқықтары  мен  міндеттері  міндетті  түрде  түсіндірілуі  тиіс.  Сот,  олар  қылмыстық  іс   бойынша  сотқа  дейінгі  іс жүргізу  барысында түсіндірілген,түсіндірілмегеніне  қарамастан   соттың   отырысына келген  процеске  қатысушыға   оған  тиесілі құқықтар мен  оған  жүктелген  міндеттерді  түсіндіруге  міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы. Алматы. 1995ж. 30 тамы.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы. Юрист. 2004ж.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 1998ж.
  4. “Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары  туралы” ҚР  21 желтоқсандағы  №2709  Заңы. 2002 жыл. 9 тамызындағы №346-11, 2003ж. 10 шілдедегі №483-2 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
  5. Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября 1995г. №24. Вести Казахстана. 1996г.19января.
  6. Положение о Департаменте расследований Министерства Юстиций Республики Казахстан: Утв. Пост. Правительства РК. От 7 апреля 1998г. // САПП  . 1998 №10.
  7. Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября.1994 // Вед. ВС Республики Казахстан – 1994. № 13. Ст. 199.,  1995г. №24. Ст.167., Вести Казахстана 1996. 19 января.
  8. “Об адвокатской деятельности ”Закон Республики Казахстан от 5 декабря. Алматы 1998г.
  9. “О некоторых вопросах применения законадательства о судебной власти Республики Казахстан ” Пост.: Пл.Верховного суда Республики Казахстан от 14 мая. 1998г. // ЮГ. 1998. №24.

10. Уголовный процесс. / Под ред. Гуценко К.Ф.  Москва 1997.

11.Уголовный процесс. / Под ред. Н.А. Лупинский. М.1998г.

12.Курс советского уголовного процесса /ч.Общая/- под.ред. А.Д. Бойкова А.Д., И.А. Карпеца. М.1989.

13.Сов. Уголовный процесс. Под ред. Н.С.Алексеева., В.З. Лукашевича – М.1998.

14.Уголовный процесс Казахской ССР. Под ред. М.Мамутова  и Ю. Д. Левщица.  /ч.Общ./-Алматы 1989г.: /ч.Особенный/, Алматы 1990.

15.Ларин А.М., Мельников Э.В. Савицкий В.М., Уголовный процесс России . Москва 1998.

16..Комментарий к Уголовному Процессуальному кодексу. /ч.общая/. Жети-Жаргы. 2002г.

17.Функций уголовного  преследования и защиты в российском судопроизводстве. Тверь 1996г.

18.Басков В.И. Прокурорский надзор. М.1998.

19.Следственные действия. Свердловск. 1983.

20.Павлов В.Е. Общие условия предварительного расследования. М.1983.

21.Шейфер С.А. Предварительные следствие. Общие условия и основные этапы производства. Куйбышев.1986.

22.Шимановский В.В. Общие условия производства предварительного следствия. М.1983.

23.Белозеров Ю.Н.,Чугунов А.А. Проблема  обеспечения законности обоснованности возбуждения уголовного дела. М:1976.

24.Мотовиловкер Я.О. Обстоятельства, исключающие производства по уголовному  делу. // Государство и право,1994. № 12. С. 60-63

25.Вопросы расследования преступлений. Справочное пособия. Под ред. Кочанова А.Я. М.1996г.

26.Ларин А.М. Расследование по уголовному  делу:  процессуальные  функции. М.1991г.

27. Демидов И.Ф.Проблемы прав человека в Российском уголовном процессе. М.,1995г.

28.Щерба С.П. , Зайцев О.С. Охрана  прав  потерпевших и свидетелей по уголовным делам. М.1996.

29. Шетуков М.П. Участники процесса   на предварительном следствии. Проблемы процессуального положения – Рига 1988г.

30.Галкин Б.А. Советский уголовно  - процессуальный закон.М.1967.

31.Защита прав потерпевшего в уголовном процессе. М.1993.

32.Богословская Л.Л. Процессуальный статус участников уголовного  судопроизводства // Харьков, 1991.

33.Михаилова Т.А. Предание суду в советском уголовном процессе. М.1981.

34.Николаева Т.Н.  Деятельность проркурора при окончании предварительного  следствия. Саратов 1990.

35. Агафанов П.Н. Порядок судебного разбирательства по уголовному делу. М.1985. 
 
 
 
 
 

               


Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері