Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79

Работа содержит 1 файл

Др.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

      Қарсылық  білдіру  сот тергеуі басталғанға  дейін мәлімделуі керек. Сот тергеуі  басталып кеткеннен кейінгі мәлімдемеге  тек ол үшін негіз қарсылық білдіруді  мәлімдеген тарапқа  сот тергеуі басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі. Ал, бірнеше судьяға немесе соттың  бүкіл  құрамына қарсылық мәлімделсе, онда  көпшілік дауыспен сот шешеді. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып саналады.Қарсылық білдіру туралы мәлімдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс, шағым не өтінішті белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.   Қарсылық білдіруді қабылдамай  тастау  немесе  қанағаттандыру  туралы  қаулы шағымдалуға немесе наразылық білдірілуге жатпайды. Қаулыға келіспеушілік  туралы дәлелдемелер апелляциялық  немесе  қадағалау шағымына енгізіледі.

      Прокурорға  қарсылық білдіру туралы  мәселені жоғары тұрған прокурор  шешеді. Ал, қарсылық білдіру қылмыстық істі  сотта қарау кезінде білдірілсе, онда бұл мәселені сот шешеді.

      Ал, тергеушіге байланысты білдірілген  қарсылықты прокурор шешеді.

      Куәгерге  білдірілген  қарсылықты  іс тергеп жатқан  тергеушінің өзі шешеді.

      Сот отырысының хатшысы мен  соттың приставына қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық істі қараушы соттың  өзі шешеді.

      Аудармашы мен маманға, сарапшыға  байланысты білдірілген қарсылықты қылмыстық  процесті жүргізуші  органның  өзі  шешеді.

      Қорғаушыны, жәбірленушінің , азаматтық  талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілін  қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден  шеттету туралы мәселені  қылмыстық іс жүргізуді  жүргізуші орган шешеді.

      Қорғаушы, сондай-ақ, жәбірленушінің  не жеке айыптаушының, азаматтық  талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі  мына мән-жайлардың кез келгені болған ретте:

-егер  ол бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы,  сот отырысының          хатшысы,     куә,  сарапшы   ретінде іске қатысса;

-егер  ол осы істі тергеуге немесе  соттың қарауына  қатысқан немесе  қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;

-егер  ол қорғалушымен немесе сенім  білдірушімен қарама-қарсы мүдделері  бар адамға заңгерлік көмек  көрсеткен болса, сонымен қатар  бұл адаммен туыстық қатынаста  болса;

-егер, заңның күшімен немесе соттың  шешімімен қорғаушы немесе өкіл болуға  оның құқығы жоқ болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы болмайды.

      Қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық  ізге түсуді жүзеге асыратын органдарға қылмыстық іс бойынша  маңызы  бар мән-жайларды  анықтау үшін өтініш  жасай алады. Өтініш процестің  кез келген сатысында беріле алады. Өтініш білдірген адам қандай мән-жайды  анықтау үшін  іс - әрекет жасауды немесе шешім  қабылдауды сұрайтындығын көрсетуі керек. Өтініш жазбаша немесе  ауызша  беріледі. Өтініш  жазбаша  берілсе, онда өтініш қаралып отырған қылмыстық іске  тігіледі, ал,  ауызша  білдірілген өтінішті сот отырысының хаттамасына  немесе тергеушінің  хаттамасына  бұл туралы жазылуы тиіс. Тергеуші немесе сот өтінішті қанағаттандырмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда процеске  қатысушы өтінішті басқа органға немесе қылмыстық іс жүргізудің  басқа сатыларында білдіре алады. Өтініш қабылданған ретте ол тікелей шешуге жатады  және өтініш бойынша шешім үш тәуліктен  кешіктірілмей қаралады. Сот немесе тергеуші өтінішті қабылдау туралы дәлелді  қаулы  шығарады. Қаулының көшірмесі өтініш берушіге беріледі. Өтінішке шағым жасауға болады.

      Өтініш  мына  жағдайларда  қанағаттандырылады:

-егер, ол істің мән-жайын толық және  обьективті зерттеуге  жәрдемдессе;

-егер, өтініш басқа да адамдардың  құқықтары мен заңды мүдделерін  қамтамасыз етуге көмектессе.

      Егер  жүргізілген іс жүргізу әрекеті  өздерінің мүдделерін  қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың  немесе  судьяның  іс-әрекеттеріне  шағымдана алады. Шағым қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін жауапты органға немесе лауазымды адамға және заңмен уәкілдік берген адамға беріледі. Шағымға қосымша материалдар  қоса  тіркелуі  мүмкін.  Шағымданушы қылмыстық  іс  бойынша  іс  жүргізілетін  тілді  білмейтін  болса, өзі білетін тілде не ана тілінде  бере  алады. Берілген шағымды   оны берген  адам  қайтарып  ала алады.

      Ұсталған  немесе  тұтқында  отырған  адамдардың  шағымын алдын  ала  қамауға  алу  орындарының  әкімшілігі  арқылы  беріледі.  Әкімшілік  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органға қылмыс жасады деген сезік  бойынша ұсталған немесе бұлтартпау  шарасы  ретінде  тұтқында отырған  адамдардың  шағымын дереу беруге міндетті. Ұсталған немесе  тұтқында отырған    адамдар, егер  тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс әреттеріне шағым беретін болса, онда ол шағымды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі  арқылы  прокурорға  беріледі. Ал, прокурордың іс әрекеттері мен  шешімдеріне  шағымды  жоғары  тұрған   прокурорға  береді. Шағымдарды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі тиісті адамға немесе органға бір тәулікте кешіктірмей жеткізуі тиіс.

      Шағымдарды  беру мерзімі барлық  анықтау  ісі,  алдын ала  тергеу  және  сот  талқылауын  жүргізу  барысында  беріледі.

      Қылмыстық іс бойынша шағым берілсе, шағымдалған  шешімнің  орындалуы  тоқтатыла  тұрады.(6.77)

      Шағымдарды  қарау кезінде прокурор  немесе  судья  онда  жазылған дәлелдерді жан-жақты  тексеруге, қажет  болған  жағдайда қосымша  материалдарды  талап етуге, тиісті лауазымды адамдардан,  ұйымдардан  және азаматтардан шағымдалған  іс әрекеттер мен шешімдерге қатысты  түсініктеме алуға міндетті. Шағымды  қараушы прокурор немесе судья өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, немесе  өзге де  азаматтардың немесе  ұйымдардың  бұзылған құқықтары мен  заңды  мүдделерін қалпына келтіруге  дереу шаралар қолдануы тиіс. Іс жүргізу органдарының  заңсыз  іс  әрекеттері мен шешімдерінен  адамға   моральдық,  мүліктік зиян келтірілсе, онда  осы   зиян өтелуге немесе жойылуға тиіс.

      Жоғарыда  атап өткеніміздей, яғни анықтаушының, тергеушінің анықтау органының іс әрекеттері мен шешімдеріне келіп  түскен шағым бойынша, прокурор шағымды алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде қарауға міндетті. Ал , егер   шағымды  қарау  үшін  қосымша  материалдар  қажет болса, онда бұл туралы прокурор  шағым берушіге хабардар етеді. Мұндай  жағдайда шағымды қарау  мерзімі жеті тәулікке  дейін  созылады. Шағымды қараудың  нәтижесінде шағым жасалған  шешімді тоқтату немесе  өзгерту арқылы  шағымды толық  немесе ішінара  қанағаттандыру  туралы  не шағымды  қанағаттандырудан  бас  тарту туралы  шешім қабылданады.

      Прокурордың шешіміне қарсы болған  шағымданушы  ол туралы  хабарды алған күннен  бастап  бір айдың  ішінде  немесе оған жауап  алынбаса шағым берілгеннен  кейін  бір ай  мерзім  өткен  күннен  бастап прокуратураның  орналасқан  жері  бойынша сотқа қайтадан шағымдана алалы.    Судья келіп түскен шағымды  он тәуліктің ішінде соттың  жабық отырысында қарайды. Соттың отырысына шағымданушы мен прокурордың  келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Алайда сот олардың сот отырысына  міндетті  түрде  келуін  талап ете  алады. Шағым бойынша прокурор сотқа материалдарды табыс етеді және шағым беруші мен қоса сотқа түсініктеме береді.

        Шағымды қараудың нәтижесінде  судья мына іс әрекеттердің  бірін таңдайды және бұл туралы  дәлелді қаулы шығарады:

-заңсыз  деп танылған іс жүргізушінің  шешімін тоқтатады;

-прокурорға, азаматтың  немесе ұйымның  құқықтары мен заңды  мүдделерін  қалпына келтіруді міндеттейді;

-шағымды  қанағаттандыруға негіз жоқ деп,  оны қанағаттандырмау туралы  қаулы шығарады.

Судьяның шығарған бұндай қаулылары шағымдануға және қарсылық білдіруге жатпайды.

      Сондай-ақ,  сезікті, айыпталушы, олардың  қорғаушысы, заңды өкілдері прокурордың қамауға  және қамау мерзімін  ұзарту туралы берген санкциясына да сотқа шағымдана  алады. Шағым сезіктіге немесе айыпталушыға   бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу  туралы   прокурордың  қаулысын  өзгертпейді. Судья бұл жағдайда қылмыстық істі   қараушы органнан  осы іске қатысты барлық  материалдарды сұратып алып, жеке өзі прокурордың  сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға берген  санкциясының заңдылығы  мен  негізділігін  тексереді.

        Судьяның жіберген сұрауын қылмыстық  ізге түсу органы алғаннан  кейін үш тәуліктің ішінде  орындауы тиіс.  Судья материалдармен танысып болғаннан кейін, сот отырысының күнін қатысушыларға хабарландырады. Отырысқа қорғаушы, сезіктінің, айыпталушының  заңды өкілдері, сондай-ақ сот егер негізді деп тапса, отырысқа сезіктінің де, айыпталушының да қатысуы мүмкін.  Іске қатысушылардың дәлелсіз себептермен отырысқа келе алмаса, онда бұл жағдай соттың  қарауына кедергі бола алмайды.

      Судья тараптардың дәлелдерін тыңдап, қылмыстық ізге түсу органдарынан талап етілген қылмыстық іс материалдарын қарай келіп мынадай тоқтамға келеді: -шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;-бұлтартпау шараларын тоқтату немесе  қатаң еместеуіне  өзгерту және сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босату  туралы дәлелді шешім қабылдайды. Судьяның шығарған қаулысына үш тәуліктің ішінде аталған адамдар шағымдана алады. Шағым облыстық не оған теңестірілген сотқа жолданады. Шағым бойынша облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысы  одан әрі қарай сот инстанцияларына шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды. Бұл сот судьясының шешімі түпкілікті болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1.Сот-қылмыстық  сот ісін жүргізуші  мемлекеттік орган  ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі

      Қылмыстық  іс жүргізу  құқық  қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының  субьектісі ретінде онда ерекше орын  алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне  қатысуы қылмыстық іс жүргізу  қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын атап өтті.4  Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі – сот органы.

      Соттың  қылмыстық сот ісін жүргізуші  мемлекеттік  органдар  жүйесіндегі  орны сот билігі  органы деп белгіленген. “Сот, сот төрелігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік оргны ретінде,-деп атап көрсетті М.А.Чельцов,іс жүргізу қызметінің басты субьектісі болып табылады”5  Сот ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән-жайын зерттеу жөнінде тең құқықтар берілген).

      Соттың  процесті басшылық ролі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар  кіреді:

а)істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;

ә)істің  нақты жағын анықтау;

б)егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысына  баға беру және жазалау шарасын бекіту;

в)егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері  жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз  екені анықталса, сотталушыны ақтау;

г)заңды  негіздер бар болса,   істі қысқарту.

      Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзіреттілігі және бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің  сақталуымен қамтамасыз етіледі:

-қылмыстық  істердің соттылығын анықтау; - нақты  қылмыстық істерді қарау үшін  соттың құрамын жасақтау; - судьяларды бөлу;

-істі  шешу функциясын айыптау және  қорғау функциясына бөлектеу.

      Заңда қылмыстық істерді қараудың екі  түріне жол берілген:

1)судьяның  жеке өзі; 2)үш судьядан, соның  ішінде төрағалық етушіден тұратын  судьялар алқасы;

      Соттың  қылмыстық іс жүргізу қатынастарына  қатысушы ретіндегі қызметі мынадай  болып табылады:

-сот  қылмыстық істі қылмыстық және  қылмыстық іс жүргізушілік құқық  нормаларын қолдана отырып,  қарайды  және шешеді;

-алдын  ала тергеу органдарынан қылмыстық  істі қабылдай отырып, сот  іс жүргізу органының  прокуроры мен  тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау  тәртібі туралы  нұсқаулықтарын басшылыққа алады;  - жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады.

      Соттың  қылмыстық процесті жүзеге асырушы  органдар  жүйесіндегі орнының  маңыздылығын түсіну үшін  басқа  ешқандай органға емес, тек сотқа  ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескерту қажет. Сондықтан, адамды айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға,  төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар.

Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері