Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Қылмысқа қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………....3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………..................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22
2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ……………………………...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі…………………………………………..............................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………................51-57
3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері…………..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ……………...............................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………......77-79

Работа содержит 1 файл

Др.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

      Қылмыстық  іс  жүргізуге  байланысты  құқықтық  қатынастардың  қатысушысы  ретінде   тергеу  бөлімінің  бастығы:

- қылмыстық   іс  қозғау  туралы   және   өзге  де  қосымша  материалдар   туралы  қаулыны   бере  отырып,  нақты   тергеушігіе  тергеу  жүргізуді тапсыруға құқығы  бар.   Мұндай  тапсырма  кезекшілік  кезінде    келіп түсетін,  хабар-ошарларға   жауап беретін жедел-іздестіру тобының қылмыстық іс  қозғау  жағдайларында,   сондай-ақ   белгілі бір қылмыс  түрлерін   тергеуге  маманданып  жүрген  тергеушінің  тәжірибесі  мен   дағдысын  ескерту   қажеттігі  жағдайында  туындайды.

         Мұндай   тапсырыс  беру    қажеттігі   басқа   да   себептер  бойынша  туындауы   мүмкін, мысалы,  күдік  тудырушы     мен   /айыпталушымен/    жақын  қатынастарының  болуына  байланысты  тергеушінің  мүдделілігін,   сондай  -  ақ,  басқа  да  жағдайларға   байланысты  туындауы  мүмкін.

- тергеу  жүргізу  бөлімі  бастығының  қылмыстық  іс  жүргізу  бойынша   тергеуші  іс  -  қимылының   мезгілінде  болуын  бақылау   жасауда,   тергеушілердің,   алдын  ала  тергеу   мен  қамауда   ұстаудың  мерзімдерін  сақтауын    бақылауды  жүзеге  асыруға   құқығы  бар.   Қамау,   үйде   қамау   мерзімін    ұзартуға   арналған    санкцияларды  алуға     байланысты материалдарды   прокурорға     табыс   ету үшін  осындай   жағдайларда    көзделген    жиырма   төрт  сағат   ішінде   тергеушінің   қаулысының   көшірмесін    прокурорға   жолдау   үшін   іс-қимылдың   уақытылы    болуы   қылмыстар   туралы  хабарлар   мен    өтініштерді     қарау   үшін   заңда   белгіленген    мерзімдерді   сақтау   жолымен   қамтамасыз   етіледі.   Уақытылылығы    мазмұнына   аталған мерзімдерді   сақтаумен    қатар   белгілі   бір   процедуралардың   дәйектілігі   де   жатады,  іс   жүргізуді   орынсыз   созу   іске  қатысушының   құқықтары   мен   заңды   мүдделеріне   қысым жасау   ретінде   қаралуы мүмкін.  Мысалы,   ұсталған  адамға   ұсталған  сәттен  бастап,  қорғаушының араласуы   қамтамасыз  етіледі. Жалпы ереже бойынша    ұсталған   адамнан алғашқы жауап алынғанға дейін оның  қорғаушымен оңаша кездесуі  жүзеге  асырылады.  Қорғаушымен алдын ала кездеспей тұрып сезіктінің жауап бермеу  құқығына  ие болады.  Мұндай  дәйектілікті  сақтамау  ұстауды орынсыз деп тануға   соқтырады;

- тергеу  бөлімінің   бастығы  прокурордың   нұсқауларының  орындалуына   бақылау  жасауды  жүзеге  асырады.  Қылмыстық  іс жүргізу   кодексінің 197 – бабының 2-тармағына   сәйкес  прокурордың  тергеушіге,  тергеу  бөлімінің  бастығына   берген  нұсқаулары  міндетті  болып   табылады.  Прокурордың  берген   нұсқауларына  жоғары  тұрған  прокурорларға  шағым    жасай  алады.  Шағым  жасау  істің  ары  қарай  жалғасуына  кедергі  келтірмейді.  Мұның  өзі  тергеу   бөлімінің  бастығы  прокурор нұсқауларының   орындалуына,  осы   нұсқауларға   шағым   түсірілген   жағдайдың өзінде   бақылау жасайтын  болады  дегенді   білдіреді;

- Қылмыстық   іс  жүргізу  кодексінде   белгіленген   жағдайларда   басқа  да  тергеушілер  тапсырмаларының   орындалуы  үшін  бақылау   жасайды.  Сотқа дейінгі қызмет  процесінде   қылмыстық   ізге   түсудің өзге  де  органдарының  тергеушілері  тапсырмалар беруі мүмкін,  оларды  өз  күштерімен   орындау   барлық   уақытта   бірдей  мүмкін  бола  бермейді.  / мәселен, басқа облыста тұратын куәгерден   жауап алу қажеттігі/;

-оған  негіздер  болған  жағдайда тергеушіні  іс  жүргізуден  шеттету;

-алдын  ала  тергеуді жүзеге  асыратын  өзіне  бағынатын   органның  тергеу  бөлімшелерінің  бірінен   қылмыстық  істі  алып,  алдын ала тергеуді  жүзеге  асыратын  осы немесе  өзге де өзіне бағынышты органнан басқа тергеу  бөлімшесіне беру.  Мұндай  берудің қажеттілігі тергеушілерге тапсырмаларды бөлген  кезде қаралатын істерді біріктіру,  тергеушіден   бас тару  немесе  оны  шеттету  жағдайларына  байланысты  туындайды.

-белгіленген   тәртіппен  одан  әрі  шаралар   қабылдау  үшін  аяқталған    қылмыстық  істі  прокурорға    жібереді.

-қылмыстық   істерді  қозғау  және  оларды  өзінің  іс  жүргізуіне  қабылдау,   бұл  орайда  тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып,   алдын ала тергеуді  жеке  өзі жүзеге  асырады;

      Осы  аталған  тергеу  бөлімі  бастығының  өкілеттіктері  тергеушінің дербестігін  шектей  алмайды.  Тергеуші  тергеу  бөлімі  бастығының  нұсқауларымен  келіспеген  жағдайда  прокурорға  шағым  түсіре  алады,  осы  арқылы  тергеуші  өкілеттігінің   тұтастығына  және  оған  берілген    құқықтардың  толық  жүзеге  асуына  кепілдік  береді.

      Тергеу  бөлімінің  бастығы  қылмыстық  ізге  түсуді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  органдар  тобына  жататын  тергеушімен  тығыз  байланыста.

      Сонымен  бірге  кейбір  өзіне  тән  іс  жүргізудің   елеулі  сипаттары  сот  ісін  жүргізудегі   оның  жағдайын  біршама  оқшау   түрде  көрсетеді,  бірақ  дербес  орган  сипаты  деңгейіне  көтере  алмайды. Тергеу  бөлімі  бастығының  қызметін    реттеу   екі  деңгейдегі  сипатта  болады.   Алғашқы  деңгейі – заң  тұрғысында  сипатталады.   Екінші  деңгей – Ішкі  Істер  Министрлігінің,   Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің  тергеу  аппараттарының қызметін  реттейтін  ведомствалық  нормативтік  актілер.  Бұдан  басқа  заң  тұрғысындағы  деңгей – тергеушінің  маман  ретіндегі  қызметін  реттейтін  нормалардың  бүкіл  кешені,   өйткені  ол  тергеушінің  өкілеттіктерін  толық   күйінде көрсетеді.

            Тергеушінің  өкілеттіктерін  жүзеге  асырумен  қатар  тергеу  бөлімінің  бастығы  қылмысты   ашу  және  алдын    алу  жөнінде  өзіне  бағынышты  тергеушілердің   іс  қимылының  уақытылы  болуына  бақылау  жасауды  жүзеге   асыруға,  қылмыстық  істер   бойынша    алдын  ала  тергеуді  мейлінше  толық,   жан-жақты  және  обьективті  түрде   жүргізілуіне   шаралар  қабылдауға  міндетті.  Осы  функцияларды  орындау  үшін   заң  шығарушы  оны   арнайы  өкілеттіктермен   қамтамасыз   етті, ол  мынадан  көрінеді,   тергеу  бөлімінің    бастығы  қылмыстық    істерді  тексеруге  алдын   ала  тергеуді  жүргізу  туралы,   сондай-ақ,   жекелген   тергеу   істерін  жүргізу  туралы  тергеушіге  нұсқаулар  беруге,   істі  бір  тергеушіден  екінші  бір  тергеушіге  беруге,  қылмыстық  істі  тергеу  жұмысын  бір  емес  бірнеше  тергеушіге  тапсыруға  құқығы болады.  Сонымен  қатар,  өзі  де  алдын  ала  тергеу   ісіне  қатысуға   және  алдын   ала  тергеуді  жеке   жүргізуге  құқылы.

      Тергеушінің  іс  жүргізуіне   заң   тұрғысынан  дербестік  берілуі   және   іс  бойынша   ол  өзі   қабылдайтын   барлық    шешімдер   үшін   жауапкершілік  жүктелуі - өзіне  бағынышты  тергеушінің  қызметіне  бақылау  жасауды  жүзеге  асыру  жөніндегі  тергеу  бөлімі  бастығының   өкілеттіктерінің  шегі  туралы  мәселені  анық  ажыратып     бере   алмайды.  Бұл   мәселенің  екінші  жағы   тергеу  бөлімі   бастығының  өкілеттілігін  және  прокурордың  өкілеттілігін  саралауға  байланысты.  Бұл  жерде  негізгі   өлшем,   біздің  көзқарасымызша, прокурор  өкілеттіктерінің   мазмұны   болып    табылады,   өйткені   бұл – олардың   негізгі   функционалдық   бағытына  -  заңдылықтың  сақталуын    қадағалауды  жүзеге  асыруға   байланысты    жан-жақты  әрі   мазмұнды   болып  келеді.

Мәселен   прокурор  айыпталушыға  қатысты   заңда   көзделген    кез  келген    бұлтартпау   шараларын    таңдау  туралы   нұсқаулар   беруге  құқылы  болса,   ал  тергеу   бөлімі   бастығының  осы  тұрғыдағы  өкілеттіктері  прокурор  санкциясын  талап   етпейтін  бұлтартпау  шараларымен   ғана   шектеледі.    Заң   бұзушылықты   анықтаған   жағдайда  тергеу  бөлімінің  бастығы   тергеушіге    нұсқаулар   береді.  Ал,  мұндай   жағдайда  прокурор  өзінің   қаулысымен   тергеушінің де,  тергеу  бөлімінің бастығының  да   шешімдерін   жоққа шығаруға   құқылы. Қылмыстық іс  жүргізу кодексінің  197-бабының   негізінде   прокурор,  егер   тергеуші   іске  қатысушылардың  немесе   басқа да  азаматтардың  құқықтарын  бұзуға  елеулі  түрде  жол  берген,  тергеудің  заңсыз   әдістерін  қолданған   жағдайда   немесе   оның   іске   салақ   қарауы   немесе  біліксіздігі  себеп  болса,  немесе   тергеудің  нәтижелеріне  жеке  өзінің  мүдделілігі   байқалған    жағдайда  тергеушіні  алдын   ала  тергеу   жүргізуден  босатуға  құқылы.   Тергеу  бөлімі  бастығының  мұндай  құқығы  жоқ. Осы  орайда  тергеушіні  тергеуді   әрі  қарай  жүргізуден    босату  құқығын  Э.И.Воронин  әділетті  түрде    былай  деп  атап  өтеді: «прокурордың  ерекше  құқығын   білдіреді» және  тергеуді   одан   әрі   жүргізуден «босату»  ұғымы  және  «істі    бір  тергеушіден  екіншісіне   беру  ұғымы  терминологиялық  тұрғыдан   ғана    емес,   мазмұны  жағынан  да  ерекшеленеді,   заң   шығарушы  олардың  әрқайсысына  осындай  сипат берген”(8.77)

            Бұл   орайда  істі  бір    тергеушіден  екіншісіне   беру   деген  сөз  бұл  құқықты  кім  жүзеге  асыратынына  байланысты  әр  түрлі  мағынаны   білдіреді.    Егер  бұл  іс – қимылды  тергеу   бөлімінің  бастығы   жүзеге   асырса,   онда   мұның  өзі  біріңғай   ұйымдастыру -   басқару мақсаттарын көздейді:   бағынышты тергеушінің    тергеліп   жатқан  істердің  саны   мен   көлемі    тұрғысынан   жұмысы   көп   болса,   және    жұмысты біркелкі   бөлу   үшін   бөлім   бастығы    істердің   бір бөлігін  екінші  тергеушіге   береді. Прокурор  жүзеге  асыруға   тиіс   істі  бір  тергеушіден  екіншісіне  беруді  қадағалау  функциясын  орындауда  тергеуші  жол  берген  заң  бұзушылықты  дұрыс  жолға  қоюы  керек.

      Тергеу  бөлімі  бастығының  бағынышты  тергеушінің қызметіне процессуалдық   бақылауын былай деп   айқындауға  болады:  «…қылмыстарды   табысты   тергеу  мен алдын алу және   тергеушілер алдында тұрған  міндеттерді   орындауды жеңілдету   үшін  оңтайлы   жағдайларды жасауға бағытталған  шаралар  кешені».(8.77.)

      Тергеу  бөлімі  бастығының процессуалдық  бақылау  қызметіне  мыналар  жатады:

-қылмыстық  іс қозғаудың уақытында  болуын  әрі  негізділігін  тексеру; -алғашқы   тергеу  іс-қимылдарын  жүргізудің  нәтижелілігін және олардың қылмысты  ашу  мен       тергеудің  маңызын  анықтау; күдік  тудырушыны   ұстаудың  заңдылығы  мен   негізділігін   таңдап  алынған  бұлтартпау  шараларының  оларды  қолданудың   процессуалдық  шарттарына  сәйкестігін  анықтау;  айыпталушы  ретінде  адамды  жауапқа  тартудың  заңдылығы  мен      негізділігін  тексеру; алдын  ала  тергеуге  қатысушылардың   процессуалдық  құқықтарын  қамтамасыз  етуді  талдау;  заң  бұзушылықтарды  жою; қажет  болған  жағдайда істі  тергеудің  жан-жақтылық, толықтылық  және  обьективтілік  талаптарын  орындау  жөніндегі  шараларын   қолдану; келтірген  материалдық  зиянның  орнын  толтыруды  қамтамасыз  ету  мақсатында  тергеуші  қабылдаған  шаралардың  сәйкестігін  анықтау; іс  жүргізуді  тоқтата  тұру  немесе  қысқарту  туралы тергеуші  қаулысының  заңдылығы  мен  негізділігін  тексеру.

      Бірқатар  зерттеушілер  мәселен,  И.Гуткин, Ф.Лопушанский, А. Чувилев,Ю.Белозеров  тергеу  бөлімі  бастығының  өкілеттіктері  ретінде  көрсетілмесе  де,  оның  процессуалдық  жағдайының  мәнінен  туындайтындай  тергеушіні басқару жөніндегі бірқатар процессуалдық іс-әрекеттер орындайтындығын атап  өтеді. Олар,  осындай іс-әрекеттер қатарына, мәселен, тергеушінің анықтау органдарымен  өзара іс-қимылы  туралы,  қылмыстың жасалуына себепші болған себептер  мен   жағдайларды  зерттеу  туралы ,  қылмысты  ашуға  жұртшылықты  тарту  туралы  нұсқауларды беруін  жатқызады.

      Заң тергеу  бөлімі  бастығының  өз  өкілеттіктерін   жүзеге  асыру  нысанын  белгілейді. Қылмыстық  іс  бойынша  барлық  нұсқаулар  жазбаша  түрде  беріледі.

      Тергеу  бөлімі   бастығының процессуалды  өкілеттілігін  екі топқа  бөлуге болады. Бірінші  топты  нақты  қылмыстық  істі тергеудегі  процессуалдық  бақылау   тәсілдері  құрайды. Екінші  топқа  оған  бағынышты  тергеушілерді  процессуалды  басқаруға  бағытталған тәсілдері жатады. Э.И.Воронин   ұсынған осы саралау заңның  қаралып отырған бөлігіндегі ережелеріне анағұрлым толық жауап береді. 
 
 
 
 
 
 
 

Тергеу  бөлімінің бастығы.(9.77)

Тергеу  бөлімінің бастығы – алдын  ала тергеуді жүзеге асыратын  органның  тергеу  бөлімшесінің бастығы мен  өз құзіреті шегінде  іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.

 

 

 

 
 
 

      Тергеуші.  Тергеушінің өкілетіктері, оның  алдын ала тергеу  жүргізу   функцияларынан  ажыратылмайды, оның  үстіне олар,  тергеу  бөлімі  бастығының  процессуалдық жағдайымен    өзара байланыста  қаралуы тиіс.Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеуші - өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша  алдын ала  тергеуді  жүзеге асыруға өкілетті лауазымды адам. Ішкі істер органдарының  тергеушісі, ұлттық  қауіпсіздік органдарының  тергеушісі, қаржы полициясы органдарының тергеушісі болады. Тергеуші заңмен көзделген  жағдайларда әртүрлі өкілеттіктерге ие. Тергеушінің процессуалдық   жағдайын  қылмыстық ізге  түсу  органының ұғымымен  байланыстыру  керек. Өйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 14-бөлігінде көрсетілгендей  қылмыстық ізге  түсу  органдарын  тергеуші де жатқызылған.  Осы жағдай  алдын ала тергеу органын сипаттайтын, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу  құқықтық қатынастарының  қатысушысы ретінде  қаруға итермелейді.

Информация о работе Қылмыстық үдерістің қатысқандарының өзгешеліктері