Қылмыстың ұғымы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан айырмашылығы.......................................................5
1.2.Қылмыстың жиынтығы.................................................................10
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың заңға қайшылығы.....................................................16
2.2.Қоғамға қауіптілігі.........................................................................19
2.3.Кінәлінің жауапкершілігі..............................................................22
Қорытынды.........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31

Работа содержит 1 файл

айгуль.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

      Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі болып құқыққа  қайшылық – яғни қылмыстық заңмен  тыйым салынған  іс - әрекет немесе әрекетсіздік  болып табылады. Қылмыстың  формальды және материалды белгілері бір – бірімен тығыз байланыста болады. Адамның қылмыстық құқылық норма бойынша тыйым салған іс - әрекеттерді істеуін құқыққа қайшы деп табуға болады. Құқыққа қайшылық – қылмыстың формальды белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда  нақты нормада көрсетілген  қылмыстық құқықтық санкция белгіленген  жазаның белгілі түрінің тағайындалуы болып табылады.

      Қазақ КСР-нiң 1959 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997  жылы шілде айының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1 жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Аталған Қылмыстық Кодекстің  3-бабында қылмыстық жауаптылықтың негізін былай анықтайды: қылмыс жасау, яғни қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден -бір негізі болып табылады.

      Жасалған  әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет. Егер қылмысты жасау - қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы - оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.

      Сондықтан да,  Қылмыстық Кодекстің 3-бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, тәжірибе  де қылмыстық заңда  қарастырылған қылмыс құрамының  барлық  нышандары бар қоғамға  қауіпті әрекетті ғана бірден бір  қылмыстық жауаптылық деп қарастырады. Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мән-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды, мұндай негіздеме болмаса, қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс.

      Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының  бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi.

      Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз  қылмысқа қарсы күрес қылмыстық  жазаны қолдануда ең негiзгi басты  күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа  қарсы күресте шешушi мәселелер  жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.Қазақстан  Республикасы Конституциясы. Алматы: 1995.

2.Кудрявцев  В.Н. Общая теория квалификации  преступлений. М: Государственное издательство юридической литературы, 1972 . С.323.

3.Уголовное  право Республики Казахстан. Учебник:  Особенная часть. 1. Под ред.  Борчашвили  И.Ш. и  Рахметова С.М. Алматы:  Данекер, 2002. С.424.

4.Герцензон  А.А. Квалификация преступления. М: Государственное издательство юридической литературы,  1947.  С.144.

5.Куринов  Б.А. Научные основы квалификации  преступлений. М: Издательство Московского  университета, 1984 . С.180.

6.Малыхин  В.И. Квалификация преступления. Теоретические вопросы. К: Куйбышевский госуниверситет, 1987. С.97.

7.Тарарухин   С.А.  Теория   и  практика  квалификации    преступлений. К: Киевский госуниверситет,  1978. С.11.

8.Бурчак  В.А. Квалификация преступлений. М: Государственное издательство  юридической литературы,  1983.  С.115.   

9.Ағыбаев  А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы  бөлім. Алматы: Жеті жарғы, 1999. 317 б.

10.Трайнин  А.Н.  Общее учение о составе  преступления. М: 1957. С.106.

11. Карпушин  М.П., Курляндский  В.И.  Уголовная   ответственность  и состав  преступления. М:  1974. С.78.

12.Астемиров  З.А. Проблемы теории уголовной  ответственности и наказания.  Махачкала, 1987. С.15.

13.Звечаровский  И. Э. Уголовная ответственность.  Иркутск,1992. С.69.

14.Санталов  Н. А. Теоретические вопросы  уголовной ответственности. Л.,1986. С.98.

15.Козаченко   И. Я.  Уголовная  ответственность:  мера и форма выражения. Свердловск, 1987.  С.54.

Информация о работе Қылмыстың ұғымы мен міндеттері