Қылмыстың ұғымы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан айырмашылығы.......................................................5
1.2.Қылмыстың жиынтығы.................................................................10
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың заңға қайшылығы.....................................................16
2.2.Қоғамға қауіптілігі.........................................................................19
2.3.Кінәлінің жауапкершілігі..............................................................22
Қорытынды.........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31

Работа содержит 1 файл

айгуль.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

      Егер  жиынтыққа кіретін қылмыстардың бірін тек арнайы субъектінің жасауы, ал басқа қылмыстарды - өзге адамдардың жасауы мүмкін екендігі заңда көрсетілсе, онда мұндай қылмыстар осы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша жеке саралануы тиіс.

      Қылмыстардың  нақты жиынтығы кезінде олардың ұштасуы (яғни, қылмыс кінәлінің бірнеше әрекеттерімен жасалғанда), сондай-ақ олардың анық жиынтығы кезінде (бір әрекетте не әрекетсіздікте ҚК екі және одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері болғанда), ҚК 12-бабына сәйкес, әрбір қылмысты ҚК тиісті бабы бойынша бөлек саралауға әкеп соғады.

      Жиынтыққа кіретін біртектес емес қылмыстарды  кінәлі бірнеше сабақтас әрекеттер  арқылы жасаса және олардың біріншісінің жасалуы екінші қылмыстың бірінші  қылмыспен ұштасып жасалуы деген  саралаушы белгісі бойынша саралау үшін негіз болып табылса (мысалы, алдымен жәбірленушіге қатысты қарақшылық, қорқытып алушылық, бандитизм, зорлау, нәпсiқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау, содан кейін оны өлтіру), әрбір қылмыс ҚК тиісті бабы бойынша дербес саралауға жатады.

      Бірінші қылмыс (мысалы, адам өлтіру) одан кейін  екінші қылмысты (мысалы, ұрлау) жасауды  жеңілдету мақсатында жасалса не кінәлі бірінші қылмысты (мысалы, зорлау) жасағаннан кейін осы қылмысты жасыру мақсатында басқа қылмыс (мысалы, адам өлтіру) жасаса, жиынтықты құрайтын қылмыстар осылай саралауға жатады. Егер қылмыс субъектісі қылмыстардың бірін жасау кезінде орындаушы, ал басқа қылмыстарды жасау кезінде - ұйымдастырушы, арандатушы не көмектесуші болса, жиынтықты құрайтын қылмыстар да осылай саралауға жатады. Мұндай жағдайларда ұйымдастырушы, арандатушы немесе көмектесуші ретінде қылмысты жасауға қатысқан адамның әрекеттерін саралау кезінде ҚК 28-бабын және жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабын қолдану қажет, ал адамның орындаушы ретіндегі әрекетін ҚК тиісті бабы бойынша дербес саралаған жөн.

      Егер  жасалған қылмыстардың бірі басқа қылмысты жасаудың құралы немесе тәсілі болып  табылса және қылмыстардың екеуінің де белгілері қылмыстық заңның тиісті нормасының диспозициясында көрсетілсе, онда жасалған әрекет неғұрлым ауыр қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін ҚК бір бабы бойынша ғана саралауға жатады. Бұл орайда, қатаңдығы төменірек қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша қосымша саралау қажет емес. (Мысалы, контрабанда жасау кезінде қызмет бабын асыра пайдалану ҚК 250-бабының екінші бөлігінің б) тармағы бойынша ғана саралауға жатады). Бір қылмыстың басқа қылмыспен ұштасуы қылмыстардың өзара байланыстылығын, бір қылмыстың басқа қылмыстың жасалуымен ұласуын білдіреді. Мұндай жағдайларда кінәлі адам қылмыстардың әрқайсысын орындауға (арасында уақыт өткізіп немесе өткізбей) бағытталған әрекеттерді жасайды.         

Егер  іс бойынша қолдануға жататын  қылмыстық заңның нормасы, қылмыстар  жиынтығын көрсете келе, жасалған қылмыстардың әрқайсысының барлық белгілерін толық қамтыса және олардың әрқайсысынан қоғамдық қауіпті зардаптардың келтірілуін көздесе, онда жасалған әрекет тұтастай алғанда осы саралаушы белгілері бар неғұрлым ауыр қылмысты жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК тиісті бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, қарақшылық шабуыл жасау және бұл орайда денсаулыққа ауыр зиян келтіру).

      Адам  аяқталған қылмыстарды және қылмыс жасаудың белгілі бір сатысында  соңына дейін жеткізілмей тоқтатылған  қылмыстарды жасаған жағдайда бұл қылмыстар бір бап бойынша саралануы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда аяқталмаған қылмыс ҚК 24-бабының тиісті бөлігі және ҚК Ерекше бөлімінің бабы (бабының бөлігі) бойынша, ал аяқталған қылмыс - осы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады.       

 Соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 "Сот үкімі туралы" нормативтік қаулысының талаптарын қатаң сақтауы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиісті нормативтік қаулыларында берілген қылмыстық заңның нормалары мен түсіндірмелеріне сілтеме жасай отырып, талдау мен негіздерін келтіріп, сотталушылардың әрекеттерін саралау туралы тұжырымдарды үкімде жазулары қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері

2.1. Қылмыстың заңға  қайшылығы. 

      Әрбір мемлекетте,  әрбір  қоғамда әрбір  адамзат кезеңінде ,қылмыс мәселесі әрдайым  маңызды мәселелердің бірі бола берген.  Сондықтан  осыған орай қылмысты,  жауапкершіліктің орны да ерекше,. Жасалған Қылмысы үшін әрбір  кінәлі қылмыстық жауапкершілік тартуы тиіс. Бұл қоғамды қәділдік те,  бұл әрбір дамыған құқықтық мемлекетке де тән. Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамда тәртіп, қауіпсіздік орната қоймай,  қылмыс істеген кінәләнің жауапкершілікке тартуының кепілі де болып табылады.

          Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді,  оны орындамаған ретте  азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылы,  жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауапкершілік  болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелінген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.

      Мысалы: тонау,  ұрып-соғу,  денсаулыққа  қасақана орташа зиян келтіру,  бұзақылық  т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауапкершіліктің,  оның іс әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі турде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Кез келген құқық бұзушылық мінез құлық қоршаған ортаға,  қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Ал қылмыс дегеніміз – қоғам үшін ерекше құбылыс. Жасалған қылмыс нәтижесінде ең алдымен қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан : қарттар мен жастар, ер мен әйел,  сау мен ауру ,  кедей мен бай,  қазақтар,  орыстар тағы басқалар болуы мүмкін. Қылмыстық әрекеттерден әсіресе жас өспірімдер зардап шегеді,. Олар құрбандыққа тікелей де,  жанама түрде де тап болады. Егер елде адам қылмыс істесе,  оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленсе,  үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса,  ол балаларға өте зиянды,  жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.

      Сонымен қылмыс дегеніміз не ?

         Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық тың өрескел көрінісі, бұл заң тиым салған заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде  туындайтын өрескел қылықтар. Көптеген батыс еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальды анықтамаларында түсік беруі орын алса, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тиым салынған материалды - формальды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы бегілі.

      Егер  қылмыстың түсінігі формальды анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне  сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальды белгілерімен  міндетті түрде бірге материалды – қоғамға қауіптілік, әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

         Қылмыс міндетті белгілермен  сипатталады. Бұлар қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік  және жазалылық. Тек қана осы  көрсетілген  белгілердің жиынтығының  болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.

         Қылылмыстың бірінші белгісі  – оның қоғамға қауіптілігі.  Қоғамға қауіптілік – қылмыстың  заңмен қорғалған қоғамдық қарым  қатынасқа  нақты қауіптілікті  тудыратын немесе зиянын тигізетін  қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі).

         Қоғамға қауіптілік қылмыстың  нақты түрдегі сапалық белгісі  болып табылады, яғни заң атқарушы  тек осы қоғамға қауіптіліктің  белгілерін анықтаумен ғана байланысты  әрекет немесе әрекетсіздіктің  қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын  длелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік  іс - әрекеттің қоғамдық қатынастарға  зиян келтіруін немесе зиян келу қаупін  туғызуы белгілерімен  сипатталынады. Заң атқарушы , егер қол сұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде деп таба отырып, қауіп туғызған нақты әрекет  немесе әрекетсіздікті әрқашан да  қылмыс қатарына жатқыза бермейді.

         Қылмыстың міндетті белгілерінің  бірі болып құқыққа қайшылық  – яғни қылмыстық заңмен  тыйым  салынған  іс - әрекет немесе әрекетсіздік  болып табылады. Қылмыстың формальды және материалды белгілері бір – бірімен тығыз байланыста болады. Адамның қылмыстық құқылық норма бойынша  тыйым салған іс - әрекеттерді  істеуін  құқыққа қайшы деп табуға болады. Құқыққа қайшылық – қылмыстың формальды белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып  заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда  нақты нормада көрсетілген  қылмыстық құқықтық санкция белгіленген  жазаның белгілі түрінің тағайындалуы болып табылады.

         Құқыққа қайшылықпен қатар онымен  байланысты қылмыстың екі белгісі  кінәлілік және жазалылық болып табылады. ҚК 19-бабы 2- бөлігіне сәйкес, объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қаақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстың қаншалықты зардабы болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауаптылыққа, жазаға тартылмайды.

         Қылмыстың тағы бір міндетті белгісі – қылмыстық жазаланушылық болып табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі болады. Адам бір нақты бір қоғамға  қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.      

         Қылмыстық әрекеттердің себептері  жөнінде ғалымдар,  құқық қорғау  органының қызметкерлері әр алуан  пікірде. Марксистер мұндай қылмыстың  тегін қалаушы қоғамнан іздеп,  оны жеке меншіктікпен байланыстырды. 

      Олар  жеке меншік ылғида қылмыстың пайда болуының негізгі себебі болған және боладыда деген. Олардың ортақ пікірі бойынша ,  қанаушы тапты жойғаннан кейін байлардың кедейлерді қалағаны да жойылып,  социализм орнағаннан кейін қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан түбірімен жойылды деп есептеді. Біздің елімізде «кемелденген социалистік қоғам құрылды,  ұрлық,  бұзақылық,  тағы басқа қылмыстың алуан түрлері молайып,  жеке адамның қоғамның мемлекеттің мүддесіне қолсұғатын қауіпті қылмыстар кең етек алды».

      Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншіктікпен,  қалаушылық пен байланыстыру дұрыс болмайды.  Біз социализмнен,  социалистік идеядан, бас тарттық. Конституциямыз шынайы демократиялық,  бұрынғыдан гөрі шынайы адамргершілікті қоғам құру міндетін алға баса қойып отыр. Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті саяси құрылысқа қарағанда әлдеқайда демократиялық мемлекет деп саналуының өзі негізсіз емес. Бірақ,  өкінішке орай қылмыс азаймай отырып ,  тіпті көбейіп кету тенденсиясы бар. Кей біреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынын десе,  кейбіреулер керісінше  заң тым қатал деп есептейді4.

      Адамзат баласы басынан не кешпеді,  жеңіл,  жазалауда кескілеп өлтіруде,  отқа жағып жіберуде – бәрі де болды. Бұлардың барлығы да қылмыс жасауды  тоқтата алмады. Мүмкін,  әлі де қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын,  адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін құбылыс па?  Шынын айтқанда,  мұндай ғылыми түрде негізделген теория жоқ емес. Қылмыстың болашақ  тағдыры жөнінде дәл айта қоюы мүмкін бола қояр ма екен,  бірақ оның жалпы алғандығы немесе кейбір жеке нақты себептерін анықтау болса керек қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін себептер : жоқшылық,  кедейшілік,  жұмыссыздық,  мәдениеттің төмендеп кетуі,  адамгершілік азғындауы, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі,  маскүнемдіктің етек алуы наша қорлық,  порнографияның кері ықпалы,  милиция,  прокуратура,  сот жұмыстарының тиімді жүргізілмеуі тағы басқа себептер екені айқын.

      Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады,  сондықтан  сазайын тартпаған одан сайын  басынып,  басқа да қылмыстар жасайды .Жоғарыда айтылғандарға қарап,  біздің қоғамда қылмыс бой берместей етек алып кетті деуге болмайды.

      Азаматтарымыздың  басым көпшілігі дұрыс өмір сүреді,  балаларын жақсы тәрбиелейді  өзіне және қоғамға пайдасын тигізіп  еңбек етеді ,  білімдерін көтереді тағы басқа игі пайдаларын қоғамға тигізеді. Бірақ қылмыстың қауіпті екенін соншалық,  бір адам жасаған қылмыстың зардабы бір немесе бірнеше адамдар тобына қомақты  трагедия,  қайғы-қасірет әкелуі мүмкін.

      Сондықтан қылмысқа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп түсінбеу керек. Әрине,  Қылмыс істегендерге қарсы күрес бірінші кезекте ішкі істер органдары,  прокуратура,  соттың бірінші,  тікелей міндеті. Бұл органдардың қызметкерлері халық арасында заң тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын,  облыстағы,  қаладағы ауылдағы құқық тәртібінің жайын кеңірек хабарлап,  өздерінің осынау қауіпті де ауыр жұмыстары жөнінде әсерлі әңгімелеп отырса игі іс болар еді. Мемлекет ішкі істер органдарының қызметкерлері,  тергеушілер,  прокурорлар мен соттар санын үздіксіз көбейте  бере алмайды . Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ ,  мұның өзі адал ниетті,  заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.

                                    

2.2. Қоғамға қауіптілігі 

      Қылылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға  қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік –  қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым қатынасқа  нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін  қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі).

Информация о работе Қылмыстың ұғымы мен міндеттері