Қылмыстың ұғымы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан айырмашылығы.......................................................5
1.2.Қылмыстың жиынтығы.................................................................10
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың заңға қайшылығы.....................................................16
2.2.Қоғамға қауіптілігі.........................................................................19
2.3.Кінәлінің жауапкершілігі..............................................................22
Қорытынды.........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31

Работа содержит 1 файл

айгуль.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

      Қылмыскердің  жеке тұлғасын сипаттап, қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілер қылмыстың бар не жоқтығы туралы сұрақты шеше алмайды. Қылмысты саралауда қылмыстық заңмен белгіленген қылмыс құрамы жататын (оған субъектінің жеке тұлғасын сипаттайтын белгілер де қосылады) белгілерді ғана ескеру қажет6.

      Қылмыс  құрамына жатпайтын  барлық басқа  белгілер жазаның түрі мен мөлшерін анықтағанда ескертілуі тиіс. Аталған белгілер бүтіндей алғанда қылмыстылықтың бағасын өзгерте алмайды, өйткені белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызу немесе жатқызбау тек қана заң шығарушылықпен белгіленіп, қылмыстық құқық нормасында көрсетіледі.

      Сонымен, қылмыс белгілері қылмысты саралауда  маңызды орын алады. Мәселен, қылмыстың  объектісін, оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау және жаза мөлшерін  белгiлеу үшін аса маңызды болып табылады.

      Сол сияқты, қылмыс субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Қылмысты дұрыс саралауға байланысты факультативтік белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қана қылмыстық құқықтық жаза белгілегенде есепке алынады. Қылмысты дұрыс саралау үшін,  нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну қажет. Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады.

      Қылмыс  құрамының түрлеріне тоқталсақ, жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды  жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін. Әрине, жауаптылық субъектіге қойылатын әлеуметтік талаптар   болған кезде немесе субъекті  бұл талаптарды өзі ұғынған жағдайда пайда болады.

      Осыған  байланысты жауаптылықты жүзеге асыру екі нысанда көрінеді: бірі - әлеуметтік талаптарды субъект өз еркімен орындайды, екіншісі - әлеуметтік талаптарды субъект мәжбүрлеп орындайды. Осы екінші көрініс қылмыстық жауаптылыққа тән келеді. Қылмыстық жауаптылық  азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық жауаптылықтар сияқты құқықтық  жауаптылықтың бір түрі және ең қатал түрі болып табылады.

      Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық  жауаптылық мәселесінің зерттелуіне  көп көңіл бөлінгенімен, оның түсінігі, анықтамасы төңірегінде әлі де болса  пікірталастар жетерлік. Қылмыстық жауаптылыққа түсінік беруге ұмтылыс жасаушы авторлар, көбіне қылмыстық жауаптылықты белгілі бір категориямен теңдестіру арқылы, мысалы, “қылмыстық жауаптылық” және “қылмыстық жаза”, “қылмыстық жауаптылық” және “қылмыстық  кінә”, “қылмыстық жауаптылық” және “қылмыстық  құқықтық қатынас” терминдерімен байланыстырып зерттеген.

      “Қылмыстық  жауаптылық”  ұғымы қылмыстық  заңда берілмегенімен, оқу және ғылыми әдебиеттерде оған әр түрлі сипаттағы  анықтамалар берілген. Солардың ішінде негізгілерін қарастырып көрелік. Қылмыстық жауаптылық адамның жасаған қылмысы үшін қылмыстық заңның тиісті бабы  санкциясында көзделген белгілі бір жеке немесе мүліктік зардапты шегу міндеті болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - бір жағы, мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы қылмыс жасаған адамға қылмыстық жазалар түріндегі ауыртпалықтар мен мүмкіндіктерін айыруларды өтеу міндетін жүктеу құқығын жүзеге асыра отырып, ал екінші жағы, құқық бұзушы осы ауыртпалықтар мен мүмкіндіктерді айыруларды өтеу міндетін орындай отырып, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және еңбекпен түзеу  тәрізді құқықтық қатынастарға түсуі болып табылады.

      Қылмыстық жауаптылық қылмыстық заңның талаптарына  негізделген, қоғамға қауіпті әрекетке және оны жасаған адамға мемлекет атынан сотпен берілетін баға болып табылады. Қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамды соттаумен байланысты туындайтын жағымсыз құқықтық салдар  болып табылады.

      Кез  келген құқықтық жауаптылық сияқты қылмыстық  жауаптылықтың өзіне тән ерекшеліктері  бар: Мазмұны мен нысаны бойынша ол мемлекеттік -мәжбүрлеу сипатын иемденеді. Себебі, қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасаған адамға мемлекеттің жағымсыз реакциясы ретінде қарастыруға блады. Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнын – қоғам мен мемлекеттің қылмысты және қылмыскер тұлғасын соттау, оған теріс баға беру құраса, ал заңдық мазмұнын – қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары құрайды. Сондықтан,                  қылмыстық жауаптылық өзінің мазмұны бойынша әлеуметтік, нысаны бойынша нормативтілік реттеуші қызметтерді атқарады және қоғамдағы қатынастарды тәртіптеу мақсатында қолданылады.

      Сонымен, қылмыстық жауаптылық дегеніміз  – қылмыс құрамының барлық белгілері  бар әрекетті жасаған адамға арнайы өкілетті мемлекеттік органдар  қолданатын, қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды өтеу міндетін жүктеуді түсіну қажет.

     Бұл анықтамадан қылмыстық жауаптылықтың  негізгі белгілерін ашып көрсетуге  болады:

    1. Қылмыстық жауаптылықтың басталу сәті болып қылмыс құрамының белгілерін құрайтын әрекет жасалған уақыт танылады.

    2. Қылмыстық жауаптылық кінәлі адам үшін жағымсыз салдарды өтеу міндеті жүктелгендігін білдіреді. Яғни,         қылмыстық әрекет — себеп болса,  қылмыстық жауаптылық – салдар.

    3. Заңда көрсетілген жағымсыз салдар тек арнайы өкілетті мемлекеттік органдармен ғана қолданылады.

    4. Қылмыстық жауаптылық – жағымсыз салдарды іс - жүзінде нақты өтеу ғана емес, оны өтеу міндеті болып табылады.

    5. Жағымсыз салдардың сипаты тек қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық - атқару заңдарымен ғана анықталады.

Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, жүзеге асырылуы және тоқтатылуы туралы мәселелерді  шешу қылмыстық-құқықтық қатынас шеңберінде жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық өзінің бастауын қылмыстық-құқықтық қатынастан алып қана қоймайды, ол оның бір бөлігі ретінде танылып, бір-бірімен  тығыз байланыста тұрады. Сондықтан, қылмыстық-құқықтық қатынастарсыз  қылмыстық жауаптылықтың тууы мүмкін емес.

      Құрылымы  бойынша қылмыстық - құқықтық қатынас  объектіден, субъектіден және субъектілердің заңдық құқықтары мен міндеттерін құрайтын мазмұннан тұрады. Мұндай қатынастардың субъектілері ретінде бір жағынан, қылмыстық жауаптылықты   өтеуге міндетті, бірақ осы жауаптылықтың заңмен бекітілген шегін және белгіленген тәртібін сақтауды талап етуге құқылы қылмыс жасаған адам танылады. Екінші жағынан - өзінің арнайы өкілетті органдары арқылы қылмыс жасау фактісін анықтауға, оны жасаған нақты адамның кінәсін дәлелдеуге міндетті және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық заң нормалары негізінде аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет танылады. Қылмыстық-құқықтық қатынастардың объектісі болып адамның қылмыс жасауы нәтижесінде құқықтық шектеулерге түсетін жеке, мүліктік және өзге де игіліктер танылады.

      Қылмыстық-құқықтық қатынас қылмыс жасау сәтінен  бастап туындайды. Осы сәттен бастап қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі есептеледі. Қылмыстық-құқықтық қатынастың жүзеге асырылуы кінәліге айып таққан кезден басталады. Яғни, қылмыстық-құқықтық қатынастың жүзеге асырылуы, одан әрі дамуы барысында қылмыс жасаған адам айыпкер, сотталушы, сотталған адам ретінде танылады және жасаған қылмысы үшін жауап беруге және жазаны өтеуге міндетті болып табылады.  Жазаны  орындау барысында қылмыстық- құқықтық қатынастар қылмыстық атқару қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық қатынас соттылықтың өтелу немесе алыну сәтінен тоқтатылады.       Қылмысты саралауда қылмыстық жауаптылықтың маңызына тоқталайық. 

      Біріншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартуда  қылмыс жасаған адамның әрекетінде қылмыс құрамы бар екендігін анықтау қылмыстық істі қозғауға жеткілікті негіз болып табылады. Бұл арада қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес тергеу әрекеттері  жүргізіледі, қылмыс жасаған сезіктінің кінәлілігін  куәландыратын дәлелдемелер жинақталады. Бұл саты айыптау қорытындысын шығарып, сотқа жіберумен аяқталады.

      Екіншіден, істі сотта қарау және жаза тағайындау. Істі сотта қарауға жеткілікті негіздер  болған жағдайда сот отырысында сот адамның кінәлілігі туралы мәселені шешпес бұрын істі сот қарауына тағайындау туралы қаулы шығарады. Бұл саты үкімді заңды күшіне енгізу сәтімен аяқталады. Міне, осы сәттен бастап  қылмыстық жауаптылық та туындайды, өйткені   конституциялық қағидаға сәйкес  “ешкім соттың үкімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмайды”7.

      Үшіншіден, үкімді орындау. Айыптау үкімі заңды  күшіне енген кезден бастап қылмыстық  жауаптылық қылмыстық-атқару қатынастары  арқылы жүзеге асырыла бастайды. Жазаларды орындау тәртібі мен жағдайлары ҚР Қылмыстық-атқару кодексімен анықталады. Бұл саты жазаны іс жүзінде нақты өтеумен немесе  мерзімінен бұрын жазадан босатумен аяқталады.

      Төртіншіден, соттылық мерзімнің өтуіне тоқталатын болсақ, соттылықтың өту мерзімі  кезінде адамда қылмыс жасаумен байланысты туындаған белгілі бір жағымсыз салдар сақталады. Өйткені соттылықтың мерзімі басқа жағдайлармен бірге қылмыстық жауаптылықтың көлемі мен ауырлығын анықтайды. Соттылықтың өтелуі немесе алынуы соттылықпен байланысты барлық құқықтық жағымсыз салдарды жойып жібереді. Сондықтан осы сәттен бастап қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы да тоқтатылады. Сонда, қылмыстық жауаптылық сот үкімі заңды күшіне енген кезінен басталып, соттылықтың өтелуі немесе алынуымен аяқталады.

      Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады. Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.

      Мемлекеттiң  күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза  дегеніміз соттың үкімі бойынша  тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу  шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған. Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.  
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз - қылмыс істеген аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің  
 Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады8.

      Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады.  
 
 
 

Қорытынды 

      Қылмыс  – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық  тың өрескел көрінісі, бұл заң  тиым салған заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде  туындайтын өрескел қылықтар. Көптеген батыс еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальды анықтамаларында түсік беруі орын алса, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тиым салынған материалды - формальды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы бегілі.

Информация о работе Қылмыстың ұғымы мен міндеттері