Қылмыстың ұғымы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан айырмашылығы.......................................................5
1.2.Қылмыстың жиынтығы.................................................................10
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың заңға қайшылығы.....................................................16
2.2.Қоғамға қауіптілігі.........................................................................19
2.3.Кінәлінің жауапкершілігі..............................................................22
Қорытынды.........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31

Работа содержит 1 файл

айгуль.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

         Қоғамға қауіптілік қылмыстың  нақты түрдегі сапалық белгісі  болып табылады, яғни заң атқарушы  тек осы қоғамға қауіптіліктің  белгілерін анықтаумен ғана байланысты  әрекет немесе әрекетсіздіктің   қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын  длелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік  іс - әрекеттің қоғамдық қатынастарға  зиян келтіруін немесе зиян келу қаупін  туғызуы белгілерімен  сипатталынады. Заң атқарушы , егер қол сұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде деп таба отырып, қауіп туғызған нақты әрекет  немесе әрекетсіздікті әрқашан да  қылмыс қатарына жатқыза бермейді.

      Қоғамға зияндылығы, қауіптілігі – құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады; қоғамдық қауіптілігі – бұл мынадан көрінеді: құқық бұзушылық жасаған кезде тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдесіне зиян келтірілуінен;

      Қылмыс  құрамының негізгі белгілері:

1)қылмыстың  объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық  заң бойынша қорғалатын қоғамдық  қатынас; 

2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет;

3) қылмыстың  субъективтік жағын сипаттайтын  белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық;

4) қылмыстың  субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъекті.  Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді.

      Жоғарыда  аталған қылмыстың объектісін және объективтік жағын сипаттайтын белгілер қылмыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективтік белгілері деп аталады. Қылмыстың объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген: “Қылмыстың объектісі дегеніміз - сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз” деген көзқарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, “бағытталған” деген термин арқылы абайсызда жасалатын қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс-тұрысының бағытталуы нақтылы қол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез келген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақша), т.б. қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалуы қажет (ҚР ҚК 2-бабы).

      Қылмыскер  қауіп төндірген   қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға  қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам  үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз - кінәлі  қылмыстық қол сұғушылық жасаған, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

      Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады.

      Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстың заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор. Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер      қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен, қылмыс құрамының субъективтік белгілері деп аталады.

      Субъективтік  жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін  және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған  адамның ішкі дүниесінде, оның   еркімен санасында өтетін психологиялық  процестің көрінісі. Демек, қылмыстың  субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың    ниеті мен мақсаты жатады.

      Қылмыстың субъектісі дегеніміз - қоғамға қауіпті  іс-әрекетті жасаған және заңға сәйкес сол үшін мемлекеттің алдында  қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға, ақыл - есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14, 18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілермен қатар, арнаулы белгілерді қажет ететін адам  қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады5.

      Қылмыс  құрамының элементтерінің  әрбір  кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні “түрлік  белгі” деп атайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз - барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігі және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Қылмыс құрылымының арнаулы (факультативті) белгілері болады.Бұл белгілер бір құрылымдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады, яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданылатын белгілер. Оған: қылмыстың зардабы, уақыты, орны, қылмыс істеу тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі жатады.

      Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда олар сол құрамның қажетті белгілері  болып табылады. Қылмыс құрамында  көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралауда әсер етпейді, тек қана жаза тағайындалғанда есепке алынады.

      Қылмыстық құқық ғылымында мұндай  бөлінудің негіздері болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі,  үшіншіден қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.

      Іс-әрекеттің  қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен  мәніне қарай құрамдар негізгі жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді. Нақты қылмыстық жауаптылықтың  қылмысты саралаудағы маңызы ерекше.

      Мәселен,  қоғам өз мүшелеріне белгілі бір  әлеуметтік талаптарын қояды, мұндай талаптарды орындамау жауаптылыққа әкеп соғады. Орындалмаған талаптың сипатына қарай  бұл жауаптылық моральдық немесе құқықтық болуы мүмкін. Жалпы ғылымның түп бастауы философия саласында “жауаптылық” - деп жеке адамның қоғамға немесе жалпы адамзатқа деген өзінің адамгершілік міндеті мен құқықтық нормаларды орындауын сипаттайтын және оның ерекше әлеуметтік және моральдық қатынасын білдіретін санатты айтады. Қылмыстық жауаптылық-бір жағынан сезім, қоғамдық байланыс, ынта болса, екінші жағынан белгілі шара немесе санкция. Ол адамды белгілі бір әрекетке ынталандырады немесе белгілі бір әрекетті  жасаудан бас тартқызады. 

2.3. Кінәлінің жауапкершілігі 

      Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.

      Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның  жасаған қылмысы үшін жазалануы  немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы  басқа да шаралармен жазаланатын  қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.

Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:

  1. жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
  2. соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
  3. кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
  4. жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.  

Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте  пайда болады және адамға қылмыстық  мәжбүрлеу шарасын қолданған  сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық  жауапкершілік соттылық мерзімі  біткенде тоқтатылады.

      Кінә  деп субъектінің істеген құқық  бұзушылығына және оның зиянды зардаптарына қасақана, немесе абайсыз формасындағы психикалық қатынасын айтады. Кінә екі мағана, кезеңімен қамтылады.

      Біріншісі, интеллектуалдық (зияткерлік) кезең  кінәлінің іс-әрекетін қоғамға қауіпті  екенін, оның қоғамға қауіпті, немесе зиянды келтіретінін ұғынуы, немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.

      Екіншісі, ерік кезеңі (волевой момент) кінәлінің  қоғамдық қауіпті немесе зиянды зардаптың  болуын біледі, немесе оған парықсыздықпен, немесе менмендікпен, я болмаса немқұрайлықпен қарауы.

      Кінәнің екі негізгі нысаны бар: қасақана және абайсыздық.

Қасақана  – бұл кінәнің бір нысаны, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға  қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе (тікелей қасақана) немесе осындай зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса (жанама қасақана). Мысалы, тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау қасақана жасалған қылмыс деп танылады (ҚК-178 бап).

Қасақаналық тікелей және жанама атты екі түрге  бөлінеді.

      Тікелей ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптары болатынын  біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істейді. Мысалы, адам басқа адамның басын балтамен ұрғанда оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра, сол соққыдан адам өлімінің болатынын сезініп және өлуін тілеп істейді.

      Жанама (эвентуалдық) ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зиянды екенін білсе де, бірақ зардаптың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді, немесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, дәрігер 4 ай болған жүкті әйелге заңсыз аборт жасайды. Соның нәтижесінде әйел қаза табады. Бұл жерде дәрігер өзінің заңсыз әрекетінің қауіпті екенін біле тұра, оның өлуі мүмкін екенін болжай тұра сол әрекетке барады, бірақ әйелдің өлімін тілемейді, саналы түрде жол береді.

      Қылмыскер  қауіп төндірген   қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға  қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз - кінәлі  қылмыстық қол сұғушылық жасаған, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді.

      Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін  сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған  адамның субъективті ерекшелігін  көрсететіндіктен, қылмыс құрамының  субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды.

      Қылмыс  жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның   еркімен санасында өтетін психологиялық процестің көрінісі. Демек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың    ниеті мен мақсаты жатады.

      Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, зиянды екенін біле тұрып, нақтылы зардаптың болуына  өзінің әрекетін бағыттайды. Мысалы, пәтерден ұрлық жасағанда қылмыскер меншік иесінің мүлкіне қол сұғатынын жақсы біледі.

      Айқын емес ниеті бар субъект қоғамға  қауіпті зардаптардың болатынын  біле тұрса да, өзінің ойында қандай нәтиже болатынын көзіне елестете алмайды. Мысалы, екі құрылысшы ерегесіп қалып, біреуі төменде кетіп бара жатқанға кірпіш тастайды. Бұл әрекеттен кірпіш тастаған субъект оның не басына зақым келетінін, немесе өлетінін білген, ниеті айқын емес.

      Абайсыздық  – кінәнің екінші нысаны, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негізсіздерсіз, жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе (менмендік, жеңілтектік немесе адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, немқұрайлықпен жасалған деп танылады. Мысалы, егер жүргізуші машинаның тормозын қарамай жүріп кетіп, адамды басып кетсе, ол немқұрайлық деп есептелінеді. Ал егер жүргізуші машинаның ағаттығын біле тұра, зиянды

зардаптарды болғызбайтын деп сенсе, онда оны  жеңілтектік деп санайды.

      Егер  адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз

жеңілтектікпен  болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен  сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қаупті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Информация о работе Қылмыстың ұғымы мен міндеттері