Қылмыстың ұғымы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан айырмашылығы.......................................................5
1.2.Қылмыстың жиынтығы.................................................................10
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың заңға қайшылығы.....................................................16
2.2.Қоғамға қауіптілігі.........................................................................19
2.3.Кінәлінің жауапкершілігі..............................................................22
Қорытынды.........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31

Работа содержит 1 файл

айгуль.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

      Мысалы  жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103б.) адам өлтіру құрамынан  тек объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады. Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар құрлысындағы айырмашылықтар жекелеген белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың белгілі бір элементтерін сипаттайтын белгілердің тобымен анықталатындығы. Суреттей айтқанда егер қылмыс құрамы ірі типтік блоктарда тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Я.М. Брайниннің пікірінше «Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы құрайды».

      В.Н. Кудрявцевтің ойынша: мәнісі бойынша  дұрыс болып табылатын бұл  пікір термонологиялық жағынан  тиянақтауды қажет етеді. Ол жаңылысу болмау үшін «элемент» терминімен қылмыстың  тек төрт бөлігін білдіруді ұсынады, ал құрам мазмұнына қатысты «белгі»  немесе «белгілер тобы» сөзін пайдалануды ұсынады. Аталған көзқарас тұрғысынан құрам қылмыстың тиісті төрт элементін сипаттайтын белгілердің төрт тобына ие болады және бұл оның құрылымдық негізі болып табылады. Алайда тек аталғандармен шектелу жеткіліксіз болады. Құрамның конструкциясын оның белгілерінің барынша ұсақ топтары да құрайды. Осындай топтар барлық немесе көптеген қылмыстарға тән болатын құрамдардың жекелеген белгілерінің қортындыланған сипаттамасы болып табылады.

Мысалы, қылмыстың объективтік жағына әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды салдар және т.б. кірістіріледі «Әрекет» (немесе «әрекетсіздік») жүріс-тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін санат болып табылады. Субъектіні сипаттайтын белгілердің кейбір санаттары туралы біз осыған дейінде айтқан болатынбыз (ақыл-асі дұрыстық, жас мөлшері). Жоғарыда аталған белгілер санатының болуы құрамды толық сипаттама жасауға жеткіліксіз болады, себебі санаттар белгілердің тектік тиістілігін көрсетеді және қажетті нақтылыққа ие бола алмайды: әлдеқандай құрамды суреттеу үшін оған не кіретінін көсетіп ғана қоймай осы қортындыланған белгінің мазмұнында ашу қажет болады, яғни әңгіме мүлікті жасырын талан-таражға салу немесе эпидемиялармен күресу ережелерін бұзу туралы жөнінде болып отырғанын анықтау керек. Ендеше құрамға кіретін белгілердің санаттарын атап шығу оның мазмұнын ашпайды бірақ, оның конструкциясына сілтеме жасайды. Сонымен бірге құрам белгілерінің әлдеқандай ресми сыныптамасының жоқ екендігін және аталған мәселе бойынша ғалымдар пікірінің толық бірдей емес екендігін естен шығармаған дұрыс. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыс құрамы мен оның атқаратын қызметі және оның қылмысты саралаудағы маңызы туралы пікірталастарды осымен қоя тұрып, қазіргі кездегі оқулықтардағы бекітілген көзқарастарды талдап көрейік. 
           Қылмыс құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы жалпы сипатта болады. Онда іс-әрекет сипатталып жазылмайды, анықталған қол сұғушылықтың жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды. Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-әрекетке сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан түсінікпен сәйкеспейтін белгілі бір жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай қалыптасады яғни қылмыс құрамы әрқашан нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама қортындылаудың нәтижесі болып табылады. Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде, нақты құрамдардың барлық белгілерін негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан.

      Барлық  нақты қылмыстарға тиісті белгілер жалпы белгілер болып табылады. Осыған сәйкес әрбір құрамда нақты объект, іс-әрекет, кінә, есі дұрыстық және қылмыс субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа толуы анықталуы тиіс. Қосымша белгілер заң шығарушымен жеке қылмысты немесе қылмыс топтарын сипаттау барысында қолданылады. 
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективті жағы бойынша жүргізу қабылданған. Сондықтан жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың анықталуы бойынша, заңның тиісті нормасымен салыстыру және талдау үшін тиісінше топтастырылады2
 Тергеу және сот органдарының қылмысты саралаудағы қызметінің мәні мынада: жасалған іс-әрекет белгілері мен ҚК-тің Ерекше белгілерінде қарастырылған қылмыс белгілерін салыстыру және сәйкестігін табу сол арқылы жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықлық баға беру. Сонымен қылмысты саралау басқаларымен салыстырғанда тұрақты түрде әрекет ететін, дербес қылмыстық құқық институты ретінде негізінен қылмыс құрамы туралы теоретикалық ілімдерге сонымен қатар дәлелдеу теориясының жалпы негіздеріне негізделді. Дәлелдеу фактілерін, қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттемейінше жасалған іс-әрекетін саралауды оның жасалуының мәністерін есепке алу және талдау арқылы ҚК-тің ауырырақ немесе жеңілдеу жауапкершілік көзделген бабына ауыстыруы мүмкін.
 

1.2. Қылмыстың жиынтығы 

      Қылмыстардың  жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының сот практикасын, Заңшығарушы, қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен.

      Аталған бапта қылмыстардың жиынтығының  түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан, заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі) және идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді. 
Осы орайдағы, ҚК-нің 12-бабының тиісті қағидалары мыналарды қамтиды: 
а) қылмыстардың деректі және идеалды жиынтығында олардың әрқайсысы өз бетінше айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт береді; 
ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар қылмыстардың күрделі құрамдарын айқындау, яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы нормасының қатаңырақ жазаны қамтыған жағдайына қатысты. 
 Осыған байланысты "егер бір қылмыстың белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса" делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін дұрыс қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың құрамын құрайтын белгілерін анықтау керек, атап айтқанда: 
- құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай түрде жасағанын, яғни қылмыстың субъектісі кім болып табылатындығын; қылмыстың объективтік жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай әрекеттермен белгіленетінін; 
- осы әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын объектісін анықтау; 
- қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне деген субъективтік көзқарасын, яғни тікелей немесе жанама ниетпен немесе абайсызда жасағанын сипаттап, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау керек. 
 Одан бөлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым ауырырақ жаза үшін жауапкершілік көздейтін нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеп, табу керек. Қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК баптарының диспозициясынан неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеу қажет. Істерді, процессуалдық құжаттарды және өзге де материалдарды, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттардың анықтамаларын зерделеу, негізінен соттардың қылмыстардың жиынтығы туралы заңның қағидаларын дұрыс түсініп, кінәлі адамның жасаған әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға беретіні және заңға сәйкес жаза тағайындай алатындығын көрсетті.

      Нақты санаттағы істер бойынша Жоғарғы  Соттың нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелер осыған недәуір ықпал еткен. 
Осы кезде әрекеттерді саралау туралы түсіндірмелер жасайтын, оның ішінде жасалған әрекетті - бір бап бойынша немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қалай саралау керек екенін түсіндіретін, түрлі санаттағы істер бойынша 20-дан астам Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қолданылады. 
Демек, күрделі, көп құрамды қылмыстар бар кезінде заң шығарушымен түрлі қылмыстар соның ішіндегі біреуі барлық қылмыстың жасалуына кезең, әдіс, тәсіл қызметін атқарады. Одан басқа, ҚК-нің бір қатар баптарында қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы неғұрылым қатаңырақ жаза тағайындауға әкеп соғатын айқындаушы белгі ретінде көрсетілген.

      Қылмыстық заңның жекелеген нормаларында қылмыстың  айқындаушы белгісі ретінде сол  қылмысты басқа қылмыстырдың жиынтығында жасалғаны туралы да көрсетілген.

      Неғұрылым қатаңырақ жазаны тағайындауға әкеп соғатын, қылмыстың айқындаушы белгілерінің бірқатары осы қылмысты жасаудың себептерімен және мақсаттарымен байланысты. Соттар үкімдерінде әрекеттердің саралауын дәлелдемей, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне сілтеме жасайды және өздерінің қорытындыларын Жоғарғы Соттың қолданыстағы нормативтік қаулыларына сирек негіздейді.

      Қылмыстардың  жиынтығы бойынша әрекеттерді саралау  туралы қылмыстық заңды қолданудың мәселелері бойынша республика соттарының пікірін анықтап білу үшін оларға сұрақтар тізбесі жіберілген. 
Облыстық соттардың жасаған қорытуларын зерделеудің нәтижесі соттардың қылмыстардың жиынтығы және деректі мен идеалды қылмыстардың жиынтықтарын жіктеу жөніндегізаң қағидаларын дұрыс түсінетінін көрсетті. 
Мысалы, сот азаматтардың әрекеттерін үкімде мынадай жалпылама сөз тіркесімен негіздеген: "заң талаптарына сәйкес, сотталушының әрекеттері саралануы тиіс...". Осы орайда, қылмысты саралау кезінде соттың қандай заңды қолданғаны және оның мазмұны көрсетілмеген.

      Бірқатар  жекелеген үкімдер бойынша ғана соттардың неғұрылым қатаңырақ  жазаны көздейтін бір бап бойынша  әрекеттерді айқындауға қадам жасағанын  байқауға болады. Осындай жағдайларда  соттар өздерінің шешімдерін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысындағы тиісті түсіндірмеге жиі негіздеп, ҚК-нің 12-бабына сілтеме жасамайтындығын байқатты. 
Мысалы, 21 рет бөтен мүлікті ұрлаған әрекеттерін тергеу органдары әр эпизод бойынша 21 рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен жеке-жеке саралаған. Сотқа беру кезінде саралау өзгеріссіз қалдырылған.

      Сот барлық қылмыстық әрекеттерді бір  рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен саралап, сол бойынша жаза тағайындаған. Осындай жағдайларда қылмыстарды  айқындау туралы түсіндірме берілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына сот өз үкімінде сілтеме жасаған.

      Соттар  қылмыстың белгілері қылмыстық әрекеттің негізін сипаттайтынын, ал айқындаушы белгілері нақты жағдайда қылмыстың жасалу мән-жайларын сипаттайтынын дұрыс көрсеткен. Неғұрылым жеңілірек жазаны көздейтін қылмыстың белгілері басқа қылмыстар үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің баптарының диспозицияларында болуы, осы жағдайларда ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекет екі қылмыстың белгілерін қамтыса ол бір бап бойынша саралануы тиіс деген облыстық соттардың пікірлері бір-біріне ұқсас келеді. Егер ҚК-тің 96, 103, 104-баптарымен көзделген қылмыс жасау барысында, басында денсаулыққа жеңіл зиян келтіріліп, кейіннен кінәлінің ниеттенген нәтижесіне әкеп соқса, әрекет түпкілікті нәтиже бойынша адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және осыған сай негіздерде саралануы тиіс.

      Көп жағдайларда ауырлығы жеңілірек қылмыстың белгілері нақты заң нормаларының айқындаушы белгілері болып табылатынын соттар дұрыс анықтап, осыған байланысты артық айыптау деп айыптаудан алып тастауы негізді. 
 Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылықтарды және егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған соттылықтар ескерілмейді.

      Қылмыстардың  бірнеше рет жасалуын анықтау  кезінде адамның заңмен белгіленген  тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.

      Адамның қылмыстардың біріне қылмыстың бірнеше  рет жасалуын көздейтін бір баптың (баптың бөлігінің) күші қолданылатын, ал басқа қылмыстарға ҚК басқа баптарының күші қолданылатын бірнеше қылмыстарды жасауын да қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған жөн. Мұндай жағдайларда қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрайтын бірнеше әрекетті ҚК бабының бұл қылмыстардың осы саралаушы белгісін көздейтін бөлігі бойынша, ал жасалғаны үшін ҚК басқа баптарымен жауаптылық көзделген басқа әрекеттер - ҚК тиісті баптары бойынша саралануы қажет.

      Қылмыстардың  жиынтығы кезінде кінәлі адам ҚК 12-бабына сәйкес әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл сот дәлелденді деп таныған әрбір әрекеттің, әдетте, ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша дербес саралауға жататынын білдіреді. Барлық жасалған қылмыстардың белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК баптарының біреуінің диспозициясымен қамтылған жағдайларда ғана қылмыстар жиынтығы ҚК бір бабы бойынша саралануы мүмкін.

      Жиынтыққа кіретін әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір  нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын мұқият зерттеп, қылмыстардың жасалу ретін, себептерін, мақсатын, кінәнің нысанасын анықтап, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларының әрқайсысының диспозициясын талдап және салыстырып, ҚК бір бабында жауаптылық көзделген бір әрекеттің белгілерінің жиынтыққа кіретін басқа бір қылмыс үшін жауаптылық көздейтін басқа баптың диспозициясын қамтитын-қамтымайтынын анықтаған жөн. Бұл орайда, қылмыстың белгілері деп, объект объективтік жағын, субъект субъективтік жағын құрайтын белгілерді түсіну қажет.

      Қылмыс  құрамын құрайтын белгілердің қылмыстың саралаушы белгілерінен ерекшелігі қылмыс құрамы белгілерінің ең болмағанда бiреуiнiң болмауы әрекетті қылмыс деп тануға мүмкіндік бермейтіндігінде, ал қылмыстың саралаушы белгілерінің болмауы әрекетті осы қылмыстың жасалғаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылық көздейтін заң нормасы бойынша саралауға негіз болады (жай құрам).

      ҚК  бір бабы (бабының бөлігі) бойынша  саралауға жататын жалғаспалы қылмыстан  қылмыстардың анық жиынтығының ара-жігін  ашу кезінде қол сұғушылық  жасалған объектілердің бір немесе бірнеше қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделгенін және осы қылмыстың нәтижесінде келтірілген зардаптарды анықтау қажет, сондай-ақ жасалған әрекеттердің әркайсысының субъективтік жағының қалай сипатталатынын ескеру керек.

      Белгілі бір адам жасаған, жиынтыққа кіретін қылмыстардың біреуінің субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен, ал басқа қылмыстың субъективтік жағы абайсыздықпен сипатталса (мысалы, бір адамды қасақана өлтіру және басқа адамды абайсыздықтан өлтіріп алу), онда жасалған қылмыстар тіпті объектісі, объективтік жағы және келтірілген зардаптары бойынша бір-бірімен сәйкес келгеннің өзінде әрбір әрекет ҚК қасақана және абайсыздықпен жасалған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптары бойынша саралануы қажет3.

Информация о работе Қылмыстың ұғымы мен міндеттері