Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

         Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»./11/

         Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады»./12/

        «Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.

        Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»./13/

        Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.

        Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.

        Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.

        Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180 бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250 бабының орнына 209 бабын қолдану.

       Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады.

        Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан.                                          

        Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251 бабыда қолданылуы тиіс болатын.

Информация о работе Қылмыстық құқық