Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

    Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда керсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс кұрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет: Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың кұрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардын бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болсада қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс кұрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, коғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. 

2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағытыда әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және кұкыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

    Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылык сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі — барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

    Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы — бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол — нақты қылмыстың заңды сипаттамасы. Жеке нақты қылмыстың зандылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер — қоғамға Қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға Қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің Жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс кұрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылықүсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың кұрамы қылмыстық жауаптыдықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстык құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру кажеттілігінен туындайды.

    Қылмыстық кұқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың кұрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың кұрамына тән, жиынтығында кылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез-келген қылмыстар кұрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап керсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік, субъективтік жақтарын, және – субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының, мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Қылмыстың құрамының  жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс кұрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп аталады.

    Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық кұқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың коғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

    Қылмыстың сыртқы пішінің, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды.  Объективтік жағының белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі — адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жатады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалдыру, т. б.). Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген коғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: касақа-налық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдакорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда кылмыстың және қылмыскердің, қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып, қылмыстық жауаптылықка тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толған (14, 15-бап) жеке адамдар жатады.

Информация о работе Қылмыстық құқық