Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

       Қылмыстық-құқылық норманы дұрыс құрастыру құрам дерексіздігінің жағымсыз жақтарын жоюдың негізгі шарты болып табылады. Норма заңшығарушы қарастыруға және тиым салуға тырысатын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді ғана барынша дәлдік және толықтықпен көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде заңшығарушыдан өте жоғарғы деңгейдегі заң техникасын меңгеруді талап ететіндігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда біздің әліде болса кемшін соғып жатқан тұстарымыздың басым екендігі жасырын емес

       Алайда заңның барынша жетілдірілген мәтінінің барысында да норманың абстрактивті талабы мен өмірдегі ситуациялардың нақты ерекшеліктерінің арасында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда бұлар қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын ерекше мән-жайларды қарастыратын ҚК-тің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормалары арқылы шешіледі. Қылмыс құрамы белгілі бір құрылымға ие болғандықтан оған оны құрайтын белгілер арасындағы байланыстардың түрін, сипатын білдіретін белгілі бір конструкция тиісті болады. Құрамның белгілері әртүрлі болғандықтан және өзара комбинациялардан тұрады бұл өз кезегінде қылмыс құрамдарының әралуандығына алып келеді.

       Көптеген жағдайларда құрамдардың бірнеше белгілері бір негізде топтастырылады, басқаша айтқанда қылмыс құрамының жекелеген бөліктерін құрастырудың типтік үлгілері бар. Мысалы, ұрлықтың және тонаудың тиісінше адам өлтірудің және денсаулыққа жеңіл зардап келтірудің құрамдары бірдей конструкцияға ие.

       Екінші жағынан көптеген құрамдар өзара конструкциясы бойынша айырмашылыққа ие болады. Мысалы жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103б.) адам өлтіру құрамынан тек объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады.

      Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар құрлысындағы айырмашылықтар жекелеген белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың белгілі бір элементтерін сипаттайтын белгілердің тобымен анықталатындығы. Суреттей айтқанда егер қылмыс құрамы ірі типтік блоктарда тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Я.М. Брайниннің пікірінше «Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы құрайды». /23/

      В.Н.  Кудрявцевтің ойынша: мәнісі бойынша дұрыс болып табылатын бұл пікір термонологиялық жағынан тиянақтауды қажет етеді. Ол жаңылысу болмау үшін «элемент» терминімен қылмыстың тек төрт бөлігін білдіруді ұсынады, ал құрам мазмұнына қатысты «белгі» немесе «белгілер тобы» сөзін пайдалануды ұсынады. Аталған көзқарас тұрғысынан құрам қылмыстың тиісті төрт элементін сипаттайтын белгілердің төрт тобына ие болады және бұл оның құрылымдық негізі болып табылады.

       Алайда тек аталғандармен шектелу жеткіліксіз болады. Құрамның конструкциясын оның белгілерінің барынша ұсақ топтары да құрайды. Осындай топтар барлық немесе көптеген қылмыстарға тән болатын құрамдардың жекелеген белгілерінің қортындыланған сипаттамасы болып табылады. Бұлар мазмұндық белгілердің өзі емес олардың санаттары немесе сыныптары болып табылады. Мысалы, қылмыстың объективтік жағына әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды салдар және т.б. кірістіріледі «Әрекет» (немесе «әрекетсіздік») жүріс-тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін санат болып табылады. Субъектіні сипаттайтын белгілердің кейбір санаттары туралы біз осыған дейінде айтқан болатынбыз (ақыл-асі дұрыстық, жас мөлшері)

  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы ҚК-ін дұрыс қолдану аталған ілімсіз мүмкін болмайды. Мысалы құқық қорғау органдарына белгілі бір тұлғаның бұзақылық іс-әрекеттерді жасағаны туралы хабар келіп түсті. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға жататын ұсақ бұзақылық па немесе қылмыстық жауаптылықты туындататын бұзақылық іс-әрекеттер болып табылама дұрыс шешу үшін Қ.Р. ҚК-нің 257 бабында қарастырылған (бұзақылық) қылмыс құрамының белгілерін білу қажет. Одан кейін жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары мен сипатын, кінәліні сипаттайтын белгілерді анықтап оларды бұзақылық құрамымен салыстыру қажет. Егер жасалған іс-әрекетте қылмыстық тәртіппен жауапқа тартылатын бұзақылықтың белгілері бар болса, кінәлі адам ҚК-тің 15 бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толса онда бұл жағдайда ҚК-тің 257 бабында қарастырылған қылмыстың жасалғандағы туралы қортынды жасауға болады.

       Жасалған іс-әрекетті саралау негізделетін және ескерілетін қылмыс құрамы туралы мәселені қозғаудан бұрын құрам ұғымына не кіретіні және оның бөлшектеріне ненің жатқызылатынын дұрыс анықтап алу керек. Құқықтың әдебиетте тиісті терминология қолданылды. Бірақ кей кездерде «элемент», «белгі», «тарап», «жүйе бөлшегі», «жүйе» терминдері бір мәнде, бір мағынада білдіреді, қылмыс құрамы және қылмыс деген аталымдар біріктіріліп жіберіледі.

         Жалпы алғанда ғылыми терминология мәселесі оңай емес және ойлап табылған емес қылмысты саралауға тікелей қатысты болып табылады. Дегенмен біз осы мәселе төңірегіндегі ғылыми пікірталастарды өз жұмысымыздың мазмұнына кірістіруді қажет деп таппадық.

Информация о работе Қылмыстық құқық