Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

    Сонымен кез келген қылмыс құрамының субъектісінің жалпы белгілері болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Кайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардын субъектісі болып әскери кызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмысытың кұрамының жалпы тусінігі, қылмыс құрамының кажетті, міндетті белгілері және факультативті белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыстың құрамының кажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қылмыс құрамының мүлде болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай  белгілерге жататындар: әрекет немесе әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы және оның белгілі жасқа толуы.

    Қылмыс кұрамының факультативті нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс кұрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.

    Егер  факультативтік белгі сол немесе баска бір кұрамда атап көрсетілсе, онда ол өзінің мәні жағынан осы құрамның кажетті, негізгі белгісіне айналып кетеді. Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі — мүлікті ашықтан ашық алу, осы кылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады. Мысалы, қызметшінің құжаттарды қолдан жасау қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай кұралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап). Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі. Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы орасан зор.

    Қылмысты дұрыс саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну кажет. Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс кұрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса кажетті сатысы болып табылады.

2.2. Қылмыс құрамының түрлері

Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды женілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс кұрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.

    Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критеориясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс кұрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекеттің коғамға кауіптілігінің дәрежесі мен мәніне карай құрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс кұрамдары және жауаптылықты жеңілдететін кылмыс құрамдары болып бөлінеді. Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс кұрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы Қылмыстық кодекстің 96-бабының І-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.

    Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты женілдететін қылмыс құрамы деп айтамыз. Мұндай қылмыс кұрамына Қылмыстық кодекстің 98-бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру). Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс кұрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады. Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың III бөлігінде көрсетілтен адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 2-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т. б. жағдайлар жатады. Қылмыс кұрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді. Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125-баптың І-бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы, екі объектіге бірдей қол сұғуын (179-бап — карақшылық). Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап, 2-бөлігі және т.б.). Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше. Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды. Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсегілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап).

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық кылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (ЗІ4-бап). Пара беру, параны кез келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына қарамастан аяқталған қылмыс деп саналады. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп айтамыз. Келте қылмыс кұрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалдыру (116-бап, 1-бөлігі) жатады. Бұл кұрам бойынша заң шығарушы аяқтау уакытын оның зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген. Яғни, бұл қылмыс деп аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аякталған деп танылады. Келте қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады. Бұл қылмыс құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді. 
 

Информация о работе Қылмыстық құқық