Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

  1.3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының 
сот практикасын 
За
ңшығарушы қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініңұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен. Аталған бпта қылмыстардың жиынтығының түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан, заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі) және идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді. 
Осы орайда
ғы, ҚК-нің 12-бабының тиісті қағидалары мыналарды қамтиды: 
а)
қылмыстардың деректі және идеалды жиынтығында олардың әрқайсысы өз бетінше айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт береді; 
ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар қылмыстардың күрделі құрамдарын айқындау, яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы нормасының қатаңырақ жазаны қамтыған жағдайына қатысты. 
Осы
ған байланысты "егер бір қылмыстың белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса" делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін дұрыс қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың құрамын құрайтын белгілерін анықтау керек, атап айтқанда: 
-
құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай түрде жасағанын, яғни қылмыстың субъектісі кім болып табылатындығын; 
-
қылмыстың объективтік жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай әрекеттермен белгіленетінін; 
- осы
әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын объектісін анықтау; 
-
қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне деген субъективтік көзқарасын, яғни тікелей немесе жанама ниетпен немесе абайсызда жасағанын сипаттап, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау керек. 
Одан б
өлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым ауырырақ жаза үшін жауапкершілік көздейтін нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеп, табу керек. 
Қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК баптарының диспозициясынан неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеу қажет. 
Істерді, процессуалды
қ құжаттарды және өзге де материалдарды, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттардың анықтамаларын зерделеу, негізінен соттардың қылмыстардың жиынтығы туралы заңның қағидаларын дұрыс түсініп, кінәлі адамның жасаған әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға беретіні және заңға сәйкес жаза тағайындай алатындығын көрсетті. 
На
қты санаттағы істер бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелер осыған недәуір ықпал еткен. 
Осы кезде
әрекеттерді саралау туралы түсіндірмелер жасайтын, оның ішінде жасалған әрекетті - бір бап бойынша немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қалай саралау керек екенін түсіндіретін, түрлі санаттағы істер бойынша 20-дан астам Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қолданылады. 
Демек, к
үрделі, көп құрамды қылмыстар бар кезінде заң шығарушымен түрлі қылмыстар соның ішіндегі біреуі барлық қылмыстың жасалуына кезең, әдіс, тәсіл қызметін атқарады.  
Одан бас
қа, ҚК-нің бір қатар баптарында қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы неғұрылым қатаңырақ жаза тағайындауға әкеп соғатын айқындаушы белгі ретінде көрсетілген. 
Қылмыстық заңның жекелеген нормаларында қылмыстың айқындаушы белгісі ретінде сол қылмысты басқа қылмыстырдың жиынтығында жасалғаны туралы да көрсетілген.  
Не
ғұрылым қатаңырақ жазаны тағайындауға әкеп соғатын, қылмыстың айқындаушы белгілерінің бірқатары осы қылмысты жасаудың себептерімен және мақсаттарымен байланысты.  
Соттар
үкімдерінде әрекеттердің саралауын дәлелдемей, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне сілтеме жасайды және өздерінің қорытындыларын Жоғарғы Соттың қолданыстағы нормативтік қаулыларына сирек негіздейді. 
Қылмыстардың жиынтығы бойынша әрекеттерді саралау туралы қылмыстық заңды қолданудың мәселелері бойынша республика соттарының пікірін анықтап білу үшін оларға сұрақтар тізбесі жіберілген. 
Облысты
қ соттардың жасаған қорытуларын зерделеудің нәтижесі соттардың қылмыстардың жиынтығы және деректі мен идеалды қылмыстардың жиынтықтарын жіктеу жөніндегізаң қағидаларын дұрыс түсінетінін көрсетті. 
Мысалы, сот А-ны
ң әрекеттерін үкімде мынадай жалпылама сөз тіркесімен негіздеген: "заң талаптарына сәйкес, сотталушының әрекеттері саралануы тиіс...". Осы орайда, қылмысты саралау кезінде соттың қандай заңды қолданғаны және оның мазмұны көрсетілмеген. 
Бір
қатар жекелеген үкімдер бойынша ғана соттардың неғұрылым қатаңырақ жазаны көздейтін бір бап бойынша әрекеттерді айқындауға қадам жасағанын байқауға болады. Осындай жағдайларда соттар өздерінің шешімдерін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысындағы тиісті түсіндірмеге жиі негіздеп, ҚК-нің 12-бабына сілтеме жасамайтындығын байқатты. 
Мысалы, 21 рет б
өтен мүлікті ұрлаған Ж-ның әрекеттерін тергеу органдары әр эпизод бойынша 21 рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен жеке-жеке саралаған. Сотқа беру кезінде саралау өзгеріссіз қалдырылған. Сот барлық қылмыстық әрекеттерді бір рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен саралап, сол бойынша жаза тағайындаған. Осындай жағдайларда қылмыстарды айқындау туралы түсіндірме берілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына сот өз үкімінде сілтеме жасаған. 
ҚК-тің 177-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен әрекеттері 5 рет сараланған М-ның ісі бойынша да сот осындай сілтеме жасаған. Айыптаудың барлық эпизодтары бойынша М-ның әрекеттерін аталған баптың 3-бөлігінің «в» тармағымен 1 рет саралаған соттың ұстанымы дұрыс болып табылады. 
Д-
ға қатысты үкімде сот "ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "а,б"-тармақтары және 181-баптың 2-бөлігінің "а,б"-тармақтары бойынша айқындауды дұрыс деп санайтыны" көрсетілген. Осы орайда сот бөтеннің мүлкін иеленуге бағытталған екі қылмысты неге екі бап бойынша сараланғандығын көрсетпеген. Сонымен қатар, Д. екі рет тонау мен екі рет қорқытып алушылық жасағаны, тергеу органдары әр эпизодты жеке-жеке, 4 рет саралаған. Сот тонау мен қорқытып алушылық эпизодтарын біріктіріп, 4 эпизод бойынша әрекеттерді екі бап бойынша саралап, оған дәлелдер келтірмеген. 
Әрбір жасалған әрекетті жеке-жеке саралау турасында: сотталған С-ның, А-ның және К-ның істерін келтіруге болады. Аталған тұлғалар алдын-ала сөз байласып, адам ұрлап, Ертіс өзенінің жағасына алып барып, одан ұрлаған заттар мен құжаттарды қайтаруды және ұрлық жасағанын мойындауды талап еткен. Өздерінің ниетін іске асыру барысында, олар жәбірленушіні ұрып-соғып, оның денсаулығына қауіпті күш қолданып, З. суға батырып, оған нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданып - еркекпен еркектің жыныстық қатынасын жасаған. 
Сот жасал
ған әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚК-нің 125, 327, 121-баптарына сәйкес саралаған. 
Соттарды
ң бір бап бойынша айыптауды растайтын дәлелдерді таппай, үкімде осы бапты айыптаудан алып тастайтын жағдайлары анықталды. Заңға сәйкес, айыптау расталған жағдайда соттар айыптау үкімін, ал расталмаған жағдайда - ақтау үкімін шығаруы тиіс. 
ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігнің "д, з"-тармақтары бойынша С. кінәлі деп танылып сотталған, ал ҚК-тің 179-бабы 2-бөлігінің "б, г, д"-тармақтары бойынша оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған. 
Сотталушыны
ң қарақшылық емес, жол ақысын төлемегені үшін, К-ны қасақана өлтіргені сот үкімінің негізіне алған. 
Соттар
қылмыстың белгілері қылмыстық әрекеттің негізін сипаттайтынын, ал айқындаушы белгілері нақты жағдайда қылмыстың жасалу мән-жайларын сипаттайтынын дұрыс көрсеткен.  
Не
ғұрылым жеңілірек жазаны көздейтін қылмыстың белгілері басқа қылмыстар үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің баптарының диспозицияларында болуы, осы жағдайларда ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекет екі қылмыстың белгілерін қамтыса ол бір бап бойынша саралануы тиіс деген облыстық соттардың пікірлері бір-біріне ұқсас келеді. Егер ҚК-тің 96, 103, 104-баптарымен көзделген қылмыс жасау барысында, басында денсаулыққа жеңіл зиян келтіріліп, кейіннен кінәлінің ниеттенген нәтижесіне әкеп соқса, әрекет түпкілікті нәтиже бойынша адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және осыған сай негіздерде саралануы тиіс. 
К
өп жағдайларда ауырлығы жеңілірек қылмыстың белгілері нақты заң нормаларының айқындаушы белгілері болып табылатынын соттар дұрыс анықтап, осыған байланысты артық айыптау деп айыптаудан алып тастауы негізді. 
С-
ға қатысты қылмыстық іс бойынша, ол жәбірленушінің еркінен тыс пәтеріне кіріп, оны ұрып, темірдің кесіндісімен қорқытып, оның мүлкін алып кеткен, сот үкімінде айыптаудан ҚК-тің 257-бабының 1-бөлігін, 145-баптың 2-бөлігін алып тастап, оның барлық әрекеттері ҚК-тің 179-бабы 3-бөлігінің г)-тармағымен ұрлық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамның тұрғын үйге заңсыз кіруі арқылы жасалған қарақшылықпен қамтылған деп көрсеткен. 
 
 

    ІІ.Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері. 
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің, баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстық не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

    Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі — басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана керсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс кұрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын коғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудін мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, кұжат т. б.) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы — тонау болады. Қылмыс кұрамы бір ғана қылмыстық құқықтык нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап —кызмет жөніндегі жалғандық.

    Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың, бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екініші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

    Ерекше  бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа кылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге ақталғанда кылмыстың зардабы — адам өлімі жоқ.  Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық кағидасын сақтау, жүзеге асыру кұкык қорғау органнның қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың, негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң, нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.  

Информация о работе Қылмыстық құқық