Соттылық және рақымшылық ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 07:51, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе..................................................................... 3
1. Соттылықтың теориялық аспектілері
1.1 Соттылық институтының дамуының қазіргі және тарихи аспектілері...........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасындағы соттылық институтының түсінгі, құқықтық табиғаты және қылмыстық құқықтық мағынасы.......................................................11
2. Қазақстан Республикасында соттылық институтының өзекті мәселелері
2.1 Қылмыстардың қайталану жүйесіндегі соттылық институты.....................................................................17
2.2 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде соттылықтан арылудың өзекті мәселелері....................................................................20
Қорытынды..............................................................26
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі............................. 29
Косымша................................................................. 31

Работа содержит 1 файл

Искаова А Сотжәне рақымшылық (3).docx

— 63.33 Кб (Скачать)

Алайда, сот тəжiрибесi көрсетiп отырғандай, сiңiру принципiн  соттар көбiнесе жасалған қылмыстың  қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнде  едəуiр айырмашылық болған кезде  қолданылады. Ал орташа ауырлықтағы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың жиынтығында  жаза тағайындау мəселесi өзгеше тəртiппен шешiледi. Егер жасалған қылмыстардың iшiнде  ең болмағанда бiрi орташа ауырлықтағы, ауыр жəне аса ауыр қылмыс болса, онда түпкiлiктi жаза жазаларды толық не iшiнара қосу арқылы анықталады. Қылмысты санаттарға бөлудің маңызы өте зор. Қылмыс санаттары Қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелерін, қылмыстардың қайталнуы  қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатуды, жаза тағайындауды дұрыс шешуге септігін тигізеді. Айталық, істің нақты жағдайларын анықтау, қандай болмасын фактілерді жинақтау тәрізді, көп жағдайда индуктивтік жолмен реттеледі. Іс пен қылмыстық құқықтық шаманың нақты жағдайларын қатар қою үрдісі қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс жасап шығарған әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Бұл өзі көп жылдар бойғы сот тәжірбиесі, сондай ақ прокурлық тергеушілік органдар мен алдын ала анықтау органдарының тезі мен тексерісінен өтіп болған жағдай.

Оның мәнісі нақты  мағұлыматтарды қылмыстық құқықтық шамамен салыстыруда жатыр. Жалпы  ереже бойынша әдетте дрәрежелеу процесі обьектіні және қылмыстың  обьективтік жағын анықтаудан басталады  да, субьекті мен субьективтік жақты  анықтаумен аяқталады.

 Бұл бұл  қортындыларда қылмысты қайталап  қылмыс жасаған адам қылмыстық  жауаптылыққа тартылып, жазаланкға  тиісті қылмыстық –құқықтық шамаларды  қарастыратын қылмыстық заңның  барлық баптарын атап өтумен айғақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Рақымшылық  немесе кешірім жасау актісі  негізінде соттылықтан арылудың  өзекті мәселелері

Қылмыстық құқық  бойынша рақымшылық деп Қазақстан Парламентi актiсi негiзiнде қылмыс жасаған адамға, оларға сенiм бiлдiре отырып жек бастарына жағымды шараларды қолдануды түсiнуге болады.Рақымшылық актiсi, əдетте, елде болған елеулi оқиғаларға немесе мерейтойларға байланысты анықталмаған топқа қабылданады. Қылмыстық заңды тойтармай-ақ, басталған қылмыстық қудалауды тоқтатуды, қозғалған қылмыстық iстi жабуды көздейдi.

Рақымшылық акт  əрқашан жүйелi сипаттамаға ие болған: ол барлық қылмыс нысандарына тарайды  немесе субъектiлер тобын қамтиды. Бұл нысандар əр түрлi белгiлер бойынша  анықталады: қылмыстың түрлерi, яғни сипаты мен қоғамға қауiптi дəрежесi жəне қылмыс субъектiсiнi т.б. белгiлерi бойынша ҚР-ның Парламентi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде  рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жазадан босатылуы не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн.

Жазасын өтеген немесе оны одан əрi өтеуден босатылған адамдарды рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн. Рақымшылық актiсi нормативтiк  сипатқа ие бола отырып осыған тап  болған белгiлі адамдарға қолданылады: яғни қылмыстық iстi қозғауды қысқартуға қаулы шығаруды, қозғалған қылмыстық iстi тоқтатуды, кiнəлi адамды жазадан  босатудағы соттың айыптау үкiмiнiң  күшiн жоюды, жазаны одан əрi өтеуден  босату туралы қаулының шығарылуын қамтиды. Осы аталған құжаттар рақымшылық актiсiнiң шешiмiн орындаудағы заңды  негiздер болып табылады.

Рақымшылық актiсiнiң  күшi осы акт жарияланған күннен бастап енедi жəне қылмыс жасағандарға осы актiде арнайы көрсетiлген мерзiмдерге дейiн қолданылады.Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде  қылмыстық жазадан бостылуы мүмкін, не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы  немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен  ауыстырылуы мүмкін, не мұндай адамдар  жазаның қосымша түрінен босталылуы мүмкін.

Рақымшылық актісі нормативтік сипатқа ие бола отыырып, осыған тап болған белгілі адамдарға  қолданылады: яғни қылмыстық іс қозғауды қысқаратуға қаулы шығаруды, қозғалған  қылмыстық істі тоқтатуды, кінәлі адамды жазадан босатудағы соттың кінәлау  үкімінің күшін жоюды, қылмыстық  істі қысқартуға сот қаулысының, жазаны одан әрі өтеуден босату туралы қаулының шығарылуын қамтиды.

Рақымшылық актісінің  күші осы акт жарияланған күннен бастап енеді және қылмыс жасағандарға осы актіде  арнайы көрсетілген  мерзімдерге дейін қолданылады. Рақымшылық актісі ауыр қылмыс жасамағандарға, кәмелетке толмағандарға, әйелдерге  күші қолданылмайды.

Түбегейлі келгенде, рақымышлық жасау ауыр қылмыс жасамаған , әрі ондай қылмыс жасауға оңтайланбайтын айыпкерлерді қамтуы тиіс.

Рақымшылық актісі  қылмыстық құқық тұрғыда реттеліп, адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөніндегі бас басына атын жөнін  айтып айқындалмаған айыпкерлер турасында жарияланады.

Бұл актілер мынадай  сипаттағы нұсқамаларға негізделеді:

1) қылмыс жасаған  адамдарды қылмыстық ажуаптылықтан  босату туралы;

2) қылмыс жасағаны  үшін сотталған адамдарды жазадан  немесе оны өтеуден босату  туралы;

3) тағайындалған  жазаны қысқарту туралы;

4) тағайындалған  жазаның неғұрлым жеңіл жазамен  ауыстыру туралы;

5) жазаның қосымша  түрінен босату туралы;

6) сотталғандықтың  алынып тасталғандығы туралы.

Рақымлық актісі қандай да болмасын қылмыс үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық заңға өзгеріс  енгізбейді, яғни рақымшылық жасалған адамдар істелген тиісті әрекеттерді  қылмыс деп танымауға бармайды. Рақымшылық сот үкімінің заңдылығына да, негізділігіне  де күмән келтірмейді. Рақымшылық қылмыс жасаған, оның ішінде сотталған адамдардың да ахуалын жеңілдетеді және оларға заң шығаратын билік органдары  тарапынан ізгліп пен қайырымдылық көрсетілуін дәйектейді.

Алдында атап өткендей, рақымшылық актісінде қылмыстық  жауаптылықтан да, жазадан босату қосарлана жүреді. Рақымшлық жауадың  нақты мағынасы рақымшылық жайлы  актінің өзінде айқындалған.

Сондықтан Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексінің 76-бабында былай деп көрсетілген:

а). рақымшылық жасау  туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған  тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының  Парламентi шығарады.

б) қылмыс жасаған  адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан  босатылуы мүмкiн яғни қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан  босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған  жаза қысқартылуы немесе жазаның  неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы  мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның  қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн  және де жазасын өтеген немесе оны  одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен  соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.

в). белгiлi бiр  жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда кешiрiм  жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының  Президентi шығарады.

с) қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам кешiрiм жасау  кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы  мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн  және жазасын өтеген адамнан кешiрiм  жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.

д) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса  қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.

Рақымшылық актісіне қарағанда кешірім жасау белгілі  бір жеке адамға қатысты жүзеге асырылады.

Кешiрiм жасау  бұл мемлекет басшысы қабылдайтын акт. Белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда кешiрiм жасау туралы актiнi Президент шығарады. Кешірім жасау актісі ондай адам үшін мынадай қылымстық құқықтық нәтижелер әкелуі ғажап емес:

  1. Ол жазаны одан әрі өтеуден босталыуы мүмкін;
  2. Оған тағайындалған жаза қысқартылуы мүмкін;
  3. Оған тағайындалған жаза ауырылғы неғұрлым кішігірім жазамен ауыстырылуы мүмкін;
  4. Жазаны өтеген адамнан соттылығы алынып тасталуы мүмкін.

Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам кешiрiм жасау  кезiнде жазаны одан əрi өтеуден босатылуы  мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе неғұрлым жеңiл  жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Жазасын  өтеген адамнан кешiрiм жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн. Рақымшылық жасауға қарағанда, кешiрiм жасау актiсiн қолдану негiзiнде белгiлi бiр құжаттардың болуы қажет емес.

Кешiрiм жасау  актiсi заңды негiз ретiнде мемлекеттiк  органдарға актiде көрсетiлген шешiмдi орындауды жүктейтiн құжат болып  табылады. Жалпы кешiрiм беру сотталған  адамның немесе оның туыстарының  өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.

Кешiрiм жасау  актiсi сотталған адам қылмысының мəнi мен ауырлығына қарамастан қолданылады. Мысалы, өлiм жазасын өмiр бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Есi дұрыс емес күйде, қоғамға қауiптi əрекет жасаған адамдарға рақымшылықты қолдану актiсi қолданылады. Мұндай жағдайда сот рақымшылық актiсiнiң  негiзiнде қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығара алады. Есі дұрыс  емес күйде, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға рақымшылықты қолдану актісі қолданылады. Мұндай жағдайда сот рақымшылық актісінің  негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығара алады.

Рақымшлық және кешірім жасау, қылмыстық құқықтық қатынаста ғана орын алады, азаматтық  құқықтық жауаптылыққа қатынастылығы  болмайды. Рақымшылық немесе кешірім  жсалған адам қандай да болмасын қылмысымен келтірген зиянның есесін толтыруы керек.

Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігі кезеңінде рақымшылық актісі бойынша алты мың адам босталып, жеті рақымшылық актісі шығарылған. Соңғы  рақымшлық актісі (амнистия) Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігінің  жиырма жылдығына арналған. Бұл рақысшылық актісінің  бойынша 16 мың 187 адам, оның ішінде 11 мың сотталған адамдар, олардың 2142 бас бостандығынан айыру  орындарынан, ал 4191 тергеліп жатқан тергеу орындарынан босатылады.

Бұл рақымшылық актісі онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс түрлері үшін қолданылады. Рақымшылық актісі, сондай ақ 1-2 топқа жататыны мүгедек балалары бар әйелдерге  жасына қарамастан қолданылады. Сонымен  қатар рақымшылық актісінің күші Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне  және белгілі бір жеңілдіктері бар  тұлғаларға да тарайды.

Информация о работе Соттылық және рақымшылық ұғымы