Соттылық және рақымшылық ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 07:51, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.

Содержание

Кіріспе..................................................................... 3
1. Соттылықтың теориялық аспектілері
1.1 Соттылық институтының дамуының қазіргі және тарихи аспектілері...........................................................6
1.2 Қазақстан Республикасындағы соттылық институтының түсінгі, құқықтық табиғаты және қылмыстық құқықтық мағынасы.......................................................11
2. Қазақстан Республикасында соттылық институтының өзекті мәселелері
2.1 Қылмыстардың қайталану жүйесіндегі соттылық институты.....................................................................17
2.2 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде соттылықтан арылудың өзекті мәселелері....................................................................20
Қорытынды..............................................................26
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі............................. 29
Косымша................................................................. 31

Работа содержит 1 файл

Искаова А Сотжәне рақымшылық (3).docx

— 63.33 Кб (Скачать)

5–саты. Соттылық  мерзiмiнiң өтуi. Соттылықтың өту мерзiмi кезiнде адамда қылмыс жасаумен байланасты туындаған белгiлi бiр жағымсыз салдар сақталады. Өйткенi, соттылықтың мерзiмi басқа жағдайлармен бiрге қылмтылықтың көлемi мен ауырлығын анықтайды. Соттылықтың өтелуi немесе алынуы соттылықпен байланысты құқықтық құқықтық жағымсыз салдарды жойып жiбередi. Сондықтан осы сəттен бастап қылмыстық жауаптылық жүзеге е асырылуы да тоқтатылады. Соттылық адамға белгілі бір шектеуді көздейді.Соттылықтың болуы ең алдымен жаңа қылмыс жасағаны үшін, адамды қылмыстық жауаптылықтан боасатуға кедергі келтіреді, жасалған қылмысының дәрежелеудің белгілері қызметін атақарады, сотпен белгіленген жазаны күшейтеді, тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға, режимнің түрін анықтауға әсері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстан  Республикасында соттылық институтының  құқықтық табыиғаты мен қылмыстық  құқықтық мәні.

Сотталғандық  кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай да бір жазаға сотталып, соған  байланысты белгілі бір шектеуге душар болуы.

Кінәлі тұлғаның соттылығы заңда белгілері бар  сот актісі яғни үкім арқылы белгіленеді. Сот үкімі ақтау немесе айыптау  үкімі түрінде болуы мүмкін.

Соттылық бұл  айыптау үкімінің салдары, яғни ол сот  процесінде сотталушының кінәсі дәлелденген  жағдайда ғана белгіленеді. Егер, сотта  белгіленген істің мән жайы, сотталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы пайымдау негізделген дәлелдерді сот  дұрыс емес, немесе жеткіліксіз деп  тапса, кінәлінің жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса сот ақтау  үкімін шығарады. Ақтау үкімінің қанадй негіз бойынша шығарылғанына  қарамастан, ол айыпталуышының толық  ақталғандығын білдіреді.[29].

Соттылық қылмыс жасаған адам соттың айыптау үкімі  бойынша жаза тағайындау негізін  білдіреді.

Кінәлі сотталған  болып саналады, мына жағдайларда, егер жаза өтеу көзделген түрі бойынша  немесе шартты түрде сотталғандар сынақ  мерзімі өткенше белгіленеді.

Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау  үкімі күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп  есептеледі. Ол мына жағдайлардың болуымен ғана аяқталады: жазаны одан әрі өтеуден  босатылғаннан кейін,  шартты түрде  сотталғандардың сынақ мерзімінің өтуінен кейін, ал көп жағдайларда  соттылық заңмен белгіленген мерзімдердің өтуіне дейін сақталады.

Соттылық адамға белгілі бір шектеуді көздейді.Соттылықтың  болуы ең алдымен жаңа қылмыс жасағаны үшін, адамды қылмыстық жауаптылықтан  боасатуға кедергі келтіреді, жасалған қылмысының дәрежелеудің белгілері  қызметін атақарады, сотпен белгіленген  жазаны күшейтеді, тағайындалған бас  бостандығынан айыру түріндегі  жазаға, режимнің түрін анықтауға  әсерін тигізеді.

Соттылықтың құқықтық табиғаты В:Г.Смирновтың пікірінше: қылмыс жасаған тұлғаны мемлекет атынан айыптау, қылмыстық құқықтық ықпал  ету шарасы бола отырып жаза мазмұнын құрамайды. Заңдар мен оны қолдану  практикасына талдау жасау көрсеткендей қылмыс жасаған кәнілі адамды жазалау жазаның құрамдас бөлігі болып табылады, егер ол қандай да бір қылмыс үшін жазаланған адамға қатысты соттылық фактісінің болуымен белгіленеді.[30].

Бұл көзқарасты одан әрі талдай келе мынадай тұжырым  жасауға болады, яғни кінәліні жазалау  соттылықтың белгіленуімен қарастырылады, және ол қылмыс жасаған адамды моральдық  саяси және құқықтық теріс баға беруімен сақталады.

Сонымен қатар  жазалау бұл соттылық мақсаты  болып табылмайды. Ол тек жаза мақсатын жүзеге асыру құралы, яғни соттылық сотталған адамды түзеу, жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру,сотталған адамды тәрбиелеу және қылмыстың алдын  алу негіздерін көрсетеді. Осы аталған  мақсаттарды жүзеге асыру үшін бас  бостандығынан айыру орындарынан  босаған сотталған тұлғалар үшін әкімшілік бақылау белгіленеді.[31].

Соттылыққа қарама қарсы түсінік бұл сотталғандықтың  болмауы, жазадан босталыған тұлға , сотталған болып табылмайды. Сонымен  бірге  соттылықтың ұзақтығы және одан арылу және оны жою тәртібі  өзгеріске ұшыраған.[32].

Соттылықтың заңдық табиғатын анықтау мәселесіне қатысты  қылмыстық құқықтық ғылымында көп  еңбектер арналған, бірақ соған қарамастан ол әлі де болса ашық қалып отыр. Осыған қатысты қылмыстық құқықта  бұл қылмыстық құқықтық ықпал  ету құралына қатысты түрлі көзқарастар  баршылық.[33].

Сотталғандықтың мазмұнына мемлекет және қоғам атынан сотталған адамды айыптау және жазалау  кіреді.Соталған кінәлі адам белгілі  уақыт аралығында қылмыс істегені үшін қандай да бір жазаға сотталып, шектеуге душар болуы және өзінің жақсы  тәртібімен қоғамана кешірім сұрауы мен мемлкет тарпынан сенімге  ие болуға және қайтадан қоғамның толыққанды мүшесі болуға тиісті белгілі бір  уақыт аралығын көздейді.

Соттылық институтының қажеттілігі мәселесі әлі күнге  дейін талас туғызуда және оған қатысты  түрлі көзқарастар бар. Мысалы, XX ғасырыдың 50 жылдары заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықта соттылық институтын алып тастау мәселесі қызу талқыланды, оған сәйкес заң шығарушы сотталғандардың  құқықтық жағдайын реттейтін нормалар енгізді. [34].

Соттылыққа байланысты құқықтық шектеулерді қолдану заңда  белгіленген негізде болу керек. Басқа заңда белгіленбеген , сотталған адамнның  құқықтарын шектейтін шектеулер, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу ннгізі болып табылады. Азаматтар, өздеріне қатысты заңсыз шетеулер боған ажғдайда, өздерінің құққытары мен мүдделерін қорғау үшін сот, прокуратура, ішкі істер органдарына жолдана алады.

Соттылық жағдайы  және соттылықпен байланысты бостандықтар мен құқықтарды шектеу уақытша сипатқа  ие.[35].

Соттылық институтының болуы ең алдымен сотталған адамдардың белгілі бір тобының тәртібін есепке алу мен бақылыау қажеттелігімен байланысты. Соттылық құқықтық белгіленген  айыптаушылықтың заңды фактісінің қалыптасуын білдіреді. Соттылықғы жойылғаннан кейін, сотталған адам сотталғандықтан арылады. Осыған байланысты, сотталғандықты жою, тағылғана айыптың  құқықтық салдарын жоюды.

Сонымен, соттылық бұл қылмыс жасаған адам соттың айыптау  үкімі бойынша жаза тағайындау негізін  білдіретін әлеуметтік және құқықтық сипатқа ие салдар болып табылады.

Әдебиеттерде  соттылықты қылмыстық жауаптылықтың  жүзеге асыру нысаны ретінде қарастырады. Соттылықтың қылмыстық жауаптылықпен  байлынстылығы барлығымен келіспеуге болмайды.  «Айыпталу кезінен  басталып деп жазады Н.М.Кропачев және В.С.Прохоров, қылмыстық жауаптылық соттылықтың өту уақытымен аяқталады, ал онымен бірге жасалған әрекер үшін жауап беру де жойылады».[37].

Соттылық инситуты қылмыстық құқық ілімінде аса  маңызды орында. Бірақ, атап көрсету  қажет, қылмыстық құқықта соттылықтың  құқықтық табиғаты, орны, ролі күрделі  мәселелерге байланысты және заңда  болып жататын өзгерістерге байланысты толық анықталмаған.

Қолданыстағы  қылмыстық заң соттылық институтының пайда болу мақсатына анықтама бермедйді, бұл оның белгілерін түсіндіруге  жол ашады.

Заң әдебиеттерінде соттылыққа қатысты түрлі түсініктер бар. Мәселен, Г.В.Витттенбергтің пікірінше, соттылық бұл қылмыс жасаған адамға жаза шарасы арқылы, айыптау тағу негізін  көрсететін қылмыстық құқықтық жағдай. Осындай пікірді В.М.Лебедевте  ұстанады.[38].

В.И.Радченконың  түсінгі бойынша, бұл жағдай сот  үкімінің шығарылуымен байланысты: «Соттылық  қылмыс жасап, сотталған, жазасын өтеген немесе жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның құқықтық жағдайы».[39].

А.В.Наумовтың  айтуы бойынша: «Соттылық қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тауып және қылмыстық жазалауға сотталған  адамның айырықша құқықтық жағадйын білдіреді.[40].

Бұл пікірге келесі бір заңгер С.Г.Келиннің пікрі жақын, оның ойынша: «Соттылық  кінәлі адамның  қылмыстық әрекеті үшін жазаға тартылып, соған байланысты белгілі бір  салдарға душар болуы».[41].

Соттылық қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тауып және қылмыстық жазалауға сотталған  адамның айырықша құқықтық жағдайын белгілейді.

Бұл екі құқықтық категорияның бөліп қарастыру мүмкін емес, себебі олар бір бірімен тығыз  байланысты.

В.В.Голина соттылыққа мынадай анықтама береді, яғни соттылық бұрын қылмыс жасаған адам әрекетін қауіпті деп тануға мүмкіндік  береді. Аталғн анықтамада соттылық, автордың паікірінше айыптау сипатына ие. Бірақ  бұл анықтама соттылықтың толық  мазмұнын ашпайды. Сонымен қатар, соттылықты өткенге бағалауға болмайды. Соттылық жазаны орындау және жазаны өтеуге де таралады.[42].

Сонымен, соттылық бұл қылмыс жасаған адамға жаза шарасы арқылы, айыптау тағу негізін көрсететін қылмыстық құқықтық жағдай,және кінәлі адамның қылмыстық әрекеті үшін жазаға тартылып, соған байланысты белгілі бір салдарға душар болуы, соттылық бұрын қылмыс жасаған адам әрекетін қауіпті деп тануға мүмкіндік  береді деген пікірлер айтылды.

Бұл аталған пікірлермен  келісу қиын, себебі олар аталған құбылысқа  анықтаманы толық бермейді немесе қате пікірге жатады.

Соттылықты қылмыс жасаған адамға жаза шарасы арқылы, айыптау тағу негізін көрсететін қылмыстық құқықтық жағдай деп қарастыруға  болмайды. Соттылықты қазіргі есепке алмай, өткенмен бағалауға болмайды. Ақырында, соттылықты және кінәлі адамның  қылмыстық әрекеті үшін жазаға тартылып, соған байланысты белгілі бір  салдарға душар болуы деп қарастырған  жағдайда, зерттелетін құбылыстың басқа  маңызды белгілері қалып қояды.

Сондықтан да, соттылықтың  түсінігін анықтауда, оның келесі белгілері  көрінуі қажет:

1.тағайындалған  жазаның құқықтық салдары;

2.жасалған қылмыспен  байланыстылығы;

3. заңмен реттелген  құқықтық жағдайдың сипаты;

Информация о работе Соттылық және рақымшылық ұғымы