Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 06:39, дипломная работа

Описание работы

Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………...................................................................................7
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері....…..................................................………………………………31
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50
3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54
3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................
3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................
Қорытынды……………....…………………………………………………........60
Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……

Работа содержит 1 файл

Копия Угол отв несов каз фин.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

     Мұндай  жағдайдағы жазаның әлеуметгік әділеттілікке кінәлі адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу арқылы қол жеткізіледі (мысалы, ұзақ мерзімге оны бостандығынан айыру және жазаға сәйкес мазмұнмен анықталатын қатаң шартқа қоюға мәжбүрлеу). Сөйтіп, жазаның жазалаушы мазмұны, бұдан бұрын атап өткеніміздей, осы жағдайда да әлеуметгік әділеттілікті қалпына келтірудің өзіндік бір қылмыстық-құқықтық әдісі болып табылады.

     Сонымен бірге, қылмыстық жазаға және оның жазалаушы мазмұнына байланысты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жаза қылмыскерге қатысты жазалауды ғана мақсат етеді деген ой келмесе керек. Тіпті ең қатал деген жазаның өзі сотталушыға жан азабы мен тән азабын келтіру үшін қолданылмайды. Аталып отырған жазаны атқаруға байланысты құқықтық шектеулер мен мәжбүрлеп айырудың басқа да мақсаттары бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы әлеуметгік әділеттілікті қалпына келтіру болып саналады.

     Қылмыстық жазаның енді бір мақсаты ретінде  зандарда айтылған жай, сотталған адамды түзеу болып табылады. Түзелу қылмыскердің заңға бағыныңқы адамға айналуымен көрінеді. Бұл жерде, әрине, адамның жазасын өтеп шыққаннан кейін адамгершілігі жоғары инабатты адамға айнылып кетуі жөнінде сөз болып отырған жоқ. Түзеу барысында шешуге болатын айқын міндет — ол сотталған адамды жазаның қатерімен болса да енді қылмыстық занды бұзуға, яғни жаңадан қылмыс істеуге жол бермеуге көндіру немесе мәжбүр ету.

     Түзеудің  бастамасы кінәлінің қылмыстық  жауаптылыққа тартылған сәтінен  басталады және сот мәжілісі, кім  шығару мен жаза тағайындау барысымен жалғасады, сөйтседе оның қарқынды сәті жазаны өтеу кезінде байқалады. Осыған орай, жазаны атқару органдарының тікелей міндеті сотталғандарды түзеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 7-бабының 1 -бөлігінде сотталған адамның түзелуі оның мінезінде құқықты сақтаушылық, тұлғаға, қоғамға, еңбекке, адамзат өмірінің нормаларына, тәртібі мен дәстүріне деген дұрыс кезқарасынын қалыптысуымен анықталатындығы айтылған. Заң осы мақсаттарға кол жеткізетін негізгі құралдарды анықтайды. Олар: жазаны атқару мен өтеудің тәртібі (режим), тәрбие жұмыстары, қоғамдық пайдалы еңбек, орта білім алу, кәсіби дайындық пен коғамдық ықпал ету болып табылады (ҚР ҚАК 7-бабының 2-бөлігі).

     Ғалымдардың көзқарастарына сәйкес, қылмыстык-атқару құқығында жаза сотталғандардың құқықтық шектеу кешендері — жазалаумен теңестіріледі. Сондықтан жазаны атқару қылмыстық-аткару құқығының нормаларымен реттелген жазалуды атқарудың тәртібі сияқты көрінеді.

     Қ. Ж. Балтабаевтың атап өткеніндей, жазаның жазалаушы қасиетгері режим арқылы іске асырылады. «Жазаның мәні мен мазмұны көрінетін жазалауды атқару режимі өзінің бағытына қарай көпсалалы. Ол сотталғандарға жазалушы ыкпал етуді қамтамасыз етіп, соталғандарды түзеудің негізгі құралдарының бірі ретінде көрінеді. және бірмезгілде езге де тәрбиелік ықпал ету құралдарының нәтижелі қолданылуы үшін құқықтық алғашарттар қалыптастырады».

     Жазаның түрлі шаралары түзеудң түрлі  құралдарын, әдістері мен жолдарьш талап етеді. Жаза шаралары да түзеу  құралдары сияқты істелген қылмыстың ауырлығын, қоғамдық қауіптілігін, сотталған адамның тұлғасын ескере отырып қолданылуы тиіб. Бас бостандығынан айыруды жазасын өтеу кезінде түзеудің негізгі құралдары мыналар болып саналады: бостандықтан айыруды өтеу режимі, қоғамға пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары. Түзеуге ықпал ететін құралдардың мынадай түрлері де қолданылады: сотталғандардың көркемөнерпаздар ұйымдары, мәдени-ағарту және өзге де қызметгер.

     Жазаның өзге шараларын колдану кезінде  түзеу құралдары бостандықтан айыру кезіндегі осындай шаралармен салыстырғанда өзіндік езгешеліктерге ие болады. Бұл жерде түзелудің өлшемі адамның мінез-қүлқының өзгеруі, сана-сезімі оянуы, қоғамның заңға бағынышты мүшесіне айналуы болады.

     Ақырында, жазаның мақсаты қылмыстың алдын алу болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында ол жеке (арнайы) және жалпы болып бөлінеді. Арнайы алдын алу сотталушының өзін жаңа қылмыс істеуден сақтандырумен көрінеді. Бұған, біріншіден, қылмыскерге моральдық ықпал етумен, яғни оны түзеу жолымен; екіншіден, сотталушылардың жазасын өтеп жүрген кезінде қылмыс істеуіне немесе жаңадан қылмыс істеуіна мүмкіндік туғызбайтындай жағдай жасаумен кол жеткізіледі. Шындығына келгенде, қылмыстың көптеген түрлерін (мысалы, зорлау, қалтаға түсу, жалған ақша істеу және басқалар) түзеу мекемелерінде істеуге мүмкіндік те болмайды. Дегенмен, кейбір қылмыстар бостандығынан айыру жазасын өтеп жүргеннің өзінде де істеліп жатады (мысалы, күш көрсету, адам өлтіру, денсаулыкка зиян келтіру, еркекпен жыныстық қатынасқа түсу және басқалары). Үшіншіден, арнайы алдын алудың мақсатына жалпы алдын алу сияқты жаза қатерімен қол жеткізіледі. Қатер төндіру ең алдымен жазаның болмай

     қоймайтындығымен  көрінеді. Адам жазадан қашып құтыла алмайтындығын, оның ауырлық дәрежесін санасында електен өткізіп, ұғынып, өзін қылмыс істеуден тежейді. Қатер жөніндегі ой қылмыс істер алдында да, қылмыс істеу кезінде де санада ұялауы мүмкін.

     Әрине, жазаның әлеуметтік әсерлілігінің  жалпы айыптау тұрғысынан алғандағы бағалануы жоғары емеб. Дегенмен, әр жылдардағы әр елдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің деректері азаматтардың белгілі бір бөлігі нақ жазадан қорыққандығынан қылмыс істемейтіндіктерін айғақтады.

     Қылмыстық алдын алу мақсаты туралы айтқанда, қылмыстылықпен күрестің басты құралы жаза екендігі ең бірінші ауызға түсу керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстылықпен күресте басты маңызға мемлекеттің жүргізіп жатқан экономикалық, саяси, ұйымдастыру-басқару шаралары ие болады. Бұл тұрғыдан алғанда жаза негізгі болмаса да маңызды ғана емес қылмыстылықпен күрестің ең қажетті, ал қылмыстық-құқықтық тұрғыдан ең маңызды құрал болып табылады. Нақ осы жаза ғана қылмыс істеп жүрген адамның қылмыстық қызметін үзе алады. Ол адамгершілік жағынан тұрақсыз адамдардың белгілі бір тобына жаза қатерімен қылмыс істемейтіндей ықпал жасай алады. Осыған байланысты қылмыстық заң мемлекеттік мөжбүрлеудегі ең қатаң шарасы-жазаны жүзеге асыруға ыждаһаттылықпен қарайды. Ол (заң) ең кәнігі қылмыскердің ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін ең қатаң жазаны қолдануды қарастырады. Сонымен бірге заң қылмыс істегеннен кейін шын көңілімен өкінген, келтірген зияндарын қалпына келтірген, қылмыстың ашылуына көмек көрсеткен адамдарға кешірімділікпен қарайды.

     ҚазКСР-нің 1959 жылғы ҚК-нде жаза мақсатының тағы бір түрі — сотталғанды еңбекке  адалдық, заңдарды дәл сақтау, социалистік тұрмыс ережелерін сыйлау рухында қайта тәрбиелеу мақсаты кезделген болатын.

     1997 жылғы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексі бұл мақсаттан бас тартты. Әрине, жоғарыда аталған заңнамалық ереже жазаға тәрбие жолымен ықпал етудің талаптары шамадан тыс жоғары сияқты. Сірә де, қазіргі қолданыстағы еңбекпен түзеу арқылы ықпал ету шараларын қолданумен іс жүзінде мұндай нәтижеге жету мүмкін емеб.

     Жазаның аталған өзге де мақсаттарының катарына тағы да тұлғаларды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау (күзету) кіреді. Жазаның мақсаты мен қылмыстық құкық міндеттері араласып кеткеніне қарамастан, оның соңғысы экономикалық, ұйымдық, жалпықұқықтық және өзге де шаралардың, соның ішінде қылмыстық-құкықтық тыйым салу мен, жаза қатермен және өзге де ықпал ету құралдарымен шешіледі.

     Атап  өту керек, қылмыстық заңда белгіленген  жаза мақсаттары, өздерінің әртүрлі мазмұндарына қарамастан өзара байланысты және өзара негізделген болып табылады. Бір мақсат бір мақсатты толықтырып отырады, олардың әркайсысының колжеткен нәтижесі екіншісінің жүзеге асуына жағдай туғызып отырады.

     Сөйтіп, жеткілікті түрде теориялык және тәжірибелік жағынан шешілмей отырған проблемалар қатарына жазаның мақсаттары туралы мәселелер де жатады. Мәселен қылмыстық құқық теоретиктері жаза мақсатын реттейтін құқықтық нормаларға әралуан түсіндірме беруде. Біреулері, жазаның мақсаты жазалау десе, басқалары — түзеу мен қайта тәрбиелеу, үшіншілері қылмыстың алдын алу деп санайды. Қылмыстық жазаның мақсатын дұрыс ұғына білудің айтарлықтай теориялық және тәжірибелік мәні бар. Қашаннан белгілісі, коғамда ештеңе де сапалы түрдегі ниетсіз, қалаған мақсатсыз жүзеге асырылмайды. Осыдан келіп қылмыстық жазаның мақсаты туралы түсініктің маңызы түсінікті. Заңнамалармен анықталатын мақсаттар бір жағынан құралдарды таңдауға әсер етсе, екінші жағынан, осы таңдап алынған құралдардың осы мақсатты жүзеге асыру әдістеріне әсер етеді. Осы сияқты күрделі байланыстарда білу заңнамаларды жетілдіру үшін де, оларды тәжірибеде қолдану үшін де өте кажет.

     Жазаның мақсаты әлеуметтік қоғамда кешенді  сипатқа ие болады, ол мемлекетгі нығайту  мен дамытуға мүдделі қоғамдық қатынастарды коғамдық қауіпті қолсұғушылықтан қорғаумен көрінеді. Демек, кылмыстық жаза құқықтық тәртіпті нығайту, істелген қылмыспен нұқсан келтірілген әділеттілікті қалпына келтіру үшін қызмет етеді. Жаза -әлеуметтік ықпал етудің өткір де қатал құралы, ол қылмысқа қарсы қажетті әсер болып табылады.

     Жаза  мен қылмыс бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Егер қоғамдық қауіпті әрекет жазаны қамтымайтын болса, онда ол қылмыс деп санала алмайды. Қылмыссыз жаза болмайды, онсыз ол заңсыздыққа айналған болар еді. Сондықтан, қылмыстык жаза қылмыс үғымымен байланыстырыла зерттелуі тиіб. Алайда, кейбір ғалымдар қылмыс пен жазаның диалектикалық байланыстарын жоққа шығарып, қылмыс туралы ілімді дамытуда қылмыстық жазаны жоғарырақ көтереді.

     Қылмыс  пен жазаға қатысты басқа да көзқарастар  бар. Мәселен, жекелеген зерттеушілер, қылмыс ұғымымен қатар, жазаны белсене қолдану процесі де бірге жүреді деп санайды. Бірақ, олар, бізге көрінгендей, кенеттен пайда болған құқықтық нормалардың мемлекеттік билікпен реттеліп отыратын құқықты нормаға айналатын процесін ескермейтін сияқты. Бұл орайда, «іс жүзіндегі де және қисыны бойынша да қылмыстар жазаның алдында тұрады: жаза туралы мәселе көтерілмес бұрын, алдымен қылмыстық әрекет істелуі керек. Шын мәнінде, бүкіл жаза жүйесі істелген қылмыстармен күрес шаралары жүйесі ретінде қызметтік рөл атқарады, егер бұл орайда басымдылық жөнінде сөз қозғайтын болсақ, онда басымдылық жазаның емес қылмыстық үлесіне тиеді. Бірақ бұл, қылмыс пен жазаның өзара бағыныштылығын жоққа шығару болып табылмайды. «Жазасыз қылмыс ұғымы және сол сияқты қылмыссыз қылмыстық жаза болуы мүмкін емес», деген ғылыми көзқараспен толығымен келісуге болады.

     Тәжірбиелік қызметкерлердің пікірі бойынша  заңнаманың адамгершіліктенуі (гуманизациялануы) жас өспірімдер арасында қылмыстылықтың өсуінің негізгі факторларының  бірі болды. Бүгінгі жас өспірімдер олардың күнделікті өміріндегі болып  жатқан фактілерге сүйеніп өздері үшін келесі қортындылар жасады:

  • «мен кәмелетке толмағанмын, бұл мені қамауға алмайды дегенді білдіреді»;
  • «жәбірленушімен ақша арқылы келісуге болады»;
  • «шартты мерзім» -бұл оңай, мен үйде боламын, көп болса бір рет «белгіленуге» барып келермін;
  • «мен кәмелетке толмағанмын», маған ескерту мен алдан алу әңгімелерінен басқа ештеңе қолданбайды.
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қортынды 

      Қорыта  келгенде, атап кеткім келетіні, халықаралық  нарықта Қазақстан Республикасының  маңызын күшейту бойынша саясатты жүргізу және осыған байланысты заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес гуманизация жағына қарай өзгерту, менің көзқарасым бойынша қылмыстылықтың өсуіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ортасында криминалдық жағдайдың нашарлауына алып келді.

      Нарық қатынастарыніың пайда болуы өмірдің барлық саласында көрініс тапты, бұл құндылықтардың, дүниетанымның, адамгершіліктің өзгеруіне алып келді. Тәжірбие көрсеткендей, қазіргі уақытта азаматтар құқық қорғау органдарына көбінесе жүгіну себебі болып, кінәліні заңға тарту үшін емес, онымен келтірілген залалдың орнын толтыру болып табылады. Нәтижесінде, жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабы) кінәлі кәмелетке толмаған тұлғаның  жауапкершілігі (кішігірім немеме ауырлығы қылмыстыр орташа үшін) аяқталады, бұл өз кезегінде соңғымен құқықа қарсы қызметті жалғастыруға түрткі болады.

      Тікелей заңды фактілердің өздерін ескермей, тәжірбиеге негізделетін болсақ, пайда  болған жағдайдағы ең қолайлы шешім  кінәлі тұлғамен қылмыстық жауаптылықты тартпау жағдайларын кішірейту  және идеалында болдырмау мақсатымен, кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамадағы қатаңдықты күшейту.

      Жазаның болмай қоймайтындығы құқықбұзушылармен  күрес үшін ғана емес, тұтасымен  заңдылықты күшейту, заңға деген  құрметін тәрбиелеу, адамдардың барлығында құқықтық бұйрықтың орындау әдетін тәрбиелеу үшін қажет.

      Осылай бұл құбылыстың табиғатын талдағанша, жасалған фактіні қарастыру оңай. Бұл ерекше интеллектуалдық күш салуды талап етпейді, яғни тәжірбиелік қызметкерлердің көбіне (кәмелетке толмағандар істері бойынша бөлімшелер, құқыққорғаушы және сот органдары) ыңғайлы. Біздің пікірімізше, бұл жас өспірімдермен, яғни  кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс барысында мұндай әдіс қандай нақты салдарларды әкелетіндігін бағалай алматын жартылай кәсіби немесе кездейсоқ адамдардың жұмыс істеуі нәтижесінде болады. Жеке тұлға қалыптасатын алғашқы кезеңдерде түзетуді жүргізбесе, яғни оның санасын, дүниетанымын, өмірге қатынасын түзетуді жүргізбесе, бұл тек қана кәмелетке толмағандар арасында ғана емес, тұтасымен қылмыстылықтың өсуіне алып келеді (өйткені балалар өсіп ересектерге айналады).

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі