Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 06:39, дипломная работа
Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.
Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………...................................................................................7
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері....…..................................................………………………………31
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50
3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54
3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................
3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................
Қорытынды……………....…………………………………………………........60
Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……
ҚР ҚК 83-бабының 1-тармағына сәйкес, ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Кодексте көзделген қылмыстарды қайталап істеудің зардаптарын түсіндіруден тұрады. Ескертудің маңызды тәрбиелік және құқықтық мәні бар. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
Заң бұл бақылауды жүктеуге мүмкін екі субъектіні қарастырады:
1 ата-аналар (олардың орнындағы адамдар);
2
мамандырылған мемлекеттік
Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеттері отбасы құқығынан туындайды. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге міндетті, олар өздерінің қабілеттері шегінде балалардың дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікті болады. Бұл мәжбүрлеу шарасын қолдануда ата-аналар осы міндеттерді орындаудың әдістерімен шектеледі: ата-ананың міндеттері нақтыланады, оларға, мысалы, баланың бос уақытын бақылау, баланың белгілі уақыттан кейін үйден шығармау тапсырылады. Бұл шар өз кезегінде ата-аналар мен өзге адамдарды олардың балаларын жауаптылыққа тарту мүмкіндігі жөніндегі ескерту болып саналады да, олардың бала тәрбиесі алдындағы жауапкершіліктерін күшейте түседі. Ата-аналар мен олардың орнындағы адамдардың балаларын қадағалау қолынан келмейтін не мұндай міндеттерді орындай алмайтындықтарын білдірген жағдайда олардың балаларын қадағалауды мамандырылған мемлекеттік орган мойнына алады.
Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепк ала отырып жүктеледі. Заң шығарушы зиянды жою мақсатын қоймайды, қалпына келтіру – дегеніміз жасалған қылмыспен жәбірленушіге келтірілген зиянды кішірейту. Заңмен оның түрлері де белгіленбеген, қылмыстарда ол материалдық та, моральдік та болуы мүмкін. Дегенмен ҚР ҚК 83-бабының 3-тармағына назар аударсақ, кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы мен оның тиісті еңбек дағдысы көрсетілгендігі, заң шығарушының бірінші кезекте мүліктік нұқсан туралы айтып тұрғандығын куәландырады. Оның орнын толтыру келесі жағдайларда ғана мүмкін: жасөспірімнің жеке табыстары бар (еңбек ақы, стипендия, зейнетақы, басқа заңды қайнар көздер) әлде сәйкес мүлік; өз қолымен келтірілген нұқсанды жоюға тиісті еңбек дағдысы болуы (зақымдалған затты жөндей, үй-жайды тиісті күйге келтіру және т.б.). Келтірілген залал орнын қандай тәсілмен толтырады, оның ешқандай маңызы жоқ. Залал ақша беру, зақымдалған заттың орнына сапалы зат беру, бөлектелген жабдықты орнатуды жүзеге асыру және т.б. арқылы өндіріле алады. Ақша өтемақысы түрінде залалдың орнын толтыруды өте абайлап кәмелетке толмағанның материалдық қиыншылықтарымен тудырылған, жаңа қылмысты болдырмай жүргізу қажет. Заладың орнын толтыру сот орындаушысы арқылы ерікті түрде жүзеге асырылады.
Он төрт пен он сегіз жас аралығындағы кәмелетке толмағанның залалдың орнын толтыруға жеткілікті табыстары немесе жеке мүлкі болмаған жағдайда, ол залады толығымен не жетпеген бөлігінде ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар толтырады, егер залал олар кінәсі емес екендігін дәләдемесе.
Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақытың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құрамын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салудығ, тәуліктің белгілі уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Бұл шектеулердің барлығы позитиытік мақсатты көздейді – жасөспірімді зиянды микро ортаның ықпалынан қорғау, сондай-ақ бақылау арқылы оның тәртібін түзеу.
Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау, не мамандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға қатысты оның түзелуі үшін орынды болып табылатын басқа да талаптар қойылуы мүмкін. Заңда кәмелетке толмағанға қолданылатын шаралардың үлгілі тізімі берілген және толық болып табылмайды. Мұндай талаптар орынды болуға тиіс, кәмелетке толмаған адамның өміріне дақ салатындай қатаң болмауы, оның ар-намысына тиетіндей мақсат болмауы тиіб. Кәмелетке толмаған адамға қолданылатын шаралар жасалған қылмыстың нақты мән-жайын, жасөспірімнің ортасын, оның бейресми қоғамға қарсы бағытталған бірлестіктерде қатысын, оқу немесе жұмысының сипатынмен шарттарын, қызметтік, материалдық және басқа да тәуелділігін, жәбірленушімен өзара қатынасын және т.б. ескеріп таңдалады.
ҚР ҚК 83-бабының 5-тармағы алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкiндігін қарастырады. Оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері – бұл қылмыстық белгісі қоғамдық қауіпті әрекет істеген, қылмыстық жауаптылықтан босатылған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі аралықтағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік ақтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған ерекше режимде ұстап білім беретін ұйым. Аталған мекемелерде болу мынадай жағдайларда мерзімнен бұрын тоқтатылуы мүмкін:
1 адамның кәмелетке толуына байланысты;
2 түзетудi қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде сот кәмелетке толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан әрi бұл шараны қолдануды қажет етпейдi деген тұжырымға келгенде.
Кәмелетке
толмаған адамға қатысты тәрбиелік
әсері бар мәжбүрлеу шараларын
қолдану ҚазКСР қылмыстық кодексіне
де мәлім болды. Бірақ жаңа ҚК кейбір
бұл шаралардың атауындағы терминологиялық
өзгеліктен басқа маңызды айырмашылықтар
бар. Ең біріншіден тәрбиелік әсері бар
мәжбүрлеу шараларын енді тек қана ауыр
емес қылмыстыр жасағанада ғана емес,
(бұрын, үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыстар)
ауырлығы орташа қылмыстарда жасалғанда
да қолданылады. Бұдан басқа жаңа ҚК кәмелетке
толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу
шараларын қолдануына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатуды кім (қай орган)
жүзеге асыратыны және оны кім (қай орган)
тағайындайтыны көрсетілмеген. Кәмелетке
толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу
шараларын қолдану қылмыстық жауаптылықтың
баламасы болып табылады, жазалауды қолдануды
болдырмайды. Кәмелетке толмаған адамға
бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше
тәрбиелеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Бұл негізді болады, өйткені өзінің мазмұны
мен әсер ету бағыты жағынан олар әртүрлі
және іс жүзінеде үйлесуі мүмкін. Осылай,
мысалы , бір мезгілде ескерту мен ата-аналардың
қадағалауына беру, келтірілген зиянды
қалпына келтіру міндетін жүктеу мен бос
уақытын шектеу бір мезгілде тағайындалуы
мүмкін.
2.
Кәмелетке толмағандарды
жазалаудың ерекшеліктері
2.1
Кәмелетке толмағандарға
тағайындалатын жазаның
түрлері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы қылмыстылықпен күрестің жалпы қағидалары: заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, әділеттілік және адамгершілік қағидаларына негізделген. Қалай дегенмен, кәмелетке толмағандарға қатысты бұл қағидаттардың өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды жауапқа тарту оларды түзеуді, тәрбиелеуді және олардың қайталап қылмыс істемеуінің алдын алуды мақсат тұтады.
ҚР ҚК 38-бабы 1-тармағына сәйкес, «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған аламға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады».
Жаза
түрлерінің барлық көлемінің арасынан
кәмелетке толмағандарға
ҚР ҚК 79-бабының 1-тармағына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері мыналар болып табылады:
а) айыппұл (ҚР ҚК 40-бабы) ;
ә) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру (ҚР ҚК 41-бабы);
б) қоғамдық жұмыстарға тарту (ҚР ҚК 42-бабы);
в) түзеу жұмыстары (ҚР ҚК 43-бабы);
г) бас бостандығын шектеу (ҚР ҚК 45-бабы);
ғ) бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 48-бабы).
Жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, өлім жазасы сияқты жаза түрлері әлі де қоғамдағы өз орнын анықтай қоймаған әлеуметтік жағдайына не жекелеген жазалардың тым қаталдығына байланысты кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Бұл олардың істеген қылмыстардың ерекшеліктерімен де, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жаза алдында тұрған мақматтарының ерекшеліктеріне де байланысты түсіндіріледі. ҚР ҚК 39-бабында көзделген негізгі он жаза түрінің алтауын ғана кәмелетке толмағандаға қолдануға болады. Ал 1959 жылғы ҚазКСР ҚК 21-бабындағы ересектерді соттау үшін көзделген сегіз жазаның ішінен алтауы кәмелетке толмағандар үшін қолданылатын.
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері тек қана жаза түрлерінің қысқартылуымен ғана емес ересектерге қолданылатын сол жаза түрлерімен салыстырғанда мерзімдердің шектелуі болып табылады.
ҚР
ҚК 79-бабында көрсетілген
ҚР ҚК 40-бабына сәйкес, айыппұл ҚР заңымен белгіленгенжәне жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс істеген сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алуды көрсетеді. Айыппұл мөлшері істеген қылмысының ауырлығы мен келтірілген шығынның көлеміне байланысты әрбір нақты жағдайда заңмен белгіленген ақшалай түрінде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, ҚР ҚК 79 бабының 2-тармағына сәйкес, айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерденемесе кәмелетке толмаған адамның жалақысынң не өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады. 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінде айыппұлдың сандық шеңбердегі мөлшері белгіленбеді, сондықтан айыппұл мөлшері кінәлінің мүліктік жағдайына қарай істеген қылмысының ауырлығына байланысты белгіленеді. (ҚазКСР ҚК 28-бабы).
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру кінәлінің белгілі бір кәсіби немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салуды білдіреді. Белгілі бір кәсіби немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салуды соттың үкімінде көрсетілген адамды кәсіби шеберлігі мен дайындығына қарамастан кәсібіне, арнайы дайындығына байланысты немесе нақты жұмыспен айналысу құқығынан айыру деп түсінуге болады. Бұл жағдайда сотпен белгіленген тыйым салу мемлекеттік ұйымдарда кәсіби қызметпен айналысуда ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге жеке меншік ұйымдарында ақылы жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Кәмелетке
толмағандарға белгілі бір
ҚР ҚК 42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Заңшығарушы кәмелетке толмағандарды қоғамдық жұмыстарға тарту тәртібін нақты белгілеген, сәйкесінше, қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі.
Кәмелетке толмағандарды қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек (ҚР ҚК 79-бабының 4-бөлігі). Бұл жерде кәмелетке толмағандар күші келетін, денсаулығы мен денесінің дамуына зақым келтірмейтін қоғамдық жұмыстарға тартылады.
Кәмелетке толмағандар қоғамдық жұмыстарды оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқаруы тиіб.
Қолданыстағы кылмыстык заң бойынша түзеу жұмыстары — бұл сотталушының тапқан табысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына асыру. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ҚР ҚК 79-бабынын 5-бөлігі). Салыстырма үшін айта кетейік, ересектер үшін түзеу жұмыстары екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі