Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 06:39, дипломная работа

Описание работы

Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………...................................................................................7
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері....…..................................................………………………………31
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50
3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54
3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................
3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................
Қорытынды……………....…………………………………………………........60
Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……

Работа содержит 1 файл

Копия Угол отв несов каз фин.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

     1959 жылғы ҚазКСР ҚК 25-бабы бойынша  түзеу жұмыстары бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалатын. Ал 1959 жылғьг ҚазКСР ҚК 25-бабының 4-бөлігінде бас бостандығынан айырмай-ақ түзеу жұмыстарын тағайындау үкім шығарылатын кезде жасы он алтыға толмағандар үшін қолданылмайтындығы және оларға айыппұл немесе коғамдық бетке басу жазасы тағайындалатындығы айтылған.

     Бас бостандығын шектеу кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылатын қылмыстық жазаның жаңа түрі болып табылады. Бас бостандығын шектеу соттың сотгалған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас  бостандығын шектеуге  ауыстырылған  жағдайда,  ол  бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпей, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ыкпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уыткұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу жазасы екі жылдан бір жылға дейінгі, ал ерексектер үшін бір жылдан бес жылға дейінге мерзімге тағайындалуы мүмкін.

     ҚР  Қылмыстық-атқару кодексінің 46-бабының 2-бөлігінде, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталған  адамдарға жазаны өтеу орны бойынша  облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің келісімімен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы оку орындарында оқи алады.

     ҚР  ҚК 48-бабыньщ 1-бөліғіне сәйкес, бас  бостандығьшан айыру сотталушыны  колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады

     ҚР  ҚК 79-бабының 7-бөлігіне сәйкес, кәмелетке  толмағандарға бас бостандығынан  айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру болып табылатын қылмыстардың жиынтығы бойынша — он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет істеген адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

     Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 19-қазандағы «Бас бостандығынан  айыру түріндегі жазаны тағайындаудын  кейбір мәселелері туралы» №15 Нормативтік қаулысының 4-тармағында, қылмыстық жазаның ең қатаң түрі бас бостандағынан айыру кәмелетке толмағандарға ҚР ҚК 79-бабында белғіленген мерзім шегінде тағайындалатындығы айтылған. Бұл жерде бір қылмыс үшін де қылмыстардың жиынтығы үшін де және үкімдердің жиынтығы бойынша да қылмыстық жаза мерзімі 10 жылдан аспауы керек.

     Кәмелетке толмағандарды 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тек қана ауырлататын мән-жайлармен кісі өлтіргені үшін тағайындалуы мүмкін.

     Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау кезінде ең бастысы тәрбиелеу мақсатына қол жеткізуді көздей отырып, сот ҚР ҚК 79-бабының 10-тармағына сәйкес, жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай соталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру  туралы нұсқау беруі мүмкін. Бұл кәмелетке толмағанның психикалық ерекшелігі, күшінің әлсіздігі мен денсаулығының нашарлығы, белгілі бір әрекет түрлеріне әрекет қабілеттілігімен бой алғыштығы.  

     2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері 

     Жазаны  қолданудың қылмыстық-құқықтық мағынада екі жағы бар: жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау және жазаны өтеу барысында қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізушілік заңнамамен қарастырылған тәртіпте мерзімінен бұрын босату.

           ҚР ҚК 80-бабының 1-тармағына  сәйкес, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде ҚР ҚК 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.

     ҚР  ҚК 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы бастамасы кәмелетке толмағандарға де сай келеді, бірақ, кәмелетке толмағанның жеке тұлғасына да және оның қылмыс істеу кезіндегі мінез-құлқын заң жүзінде бағалауда да бірқатар ерекшеліктерге ие болады.

     ҚР  ҚК 80-бабында көрсетілген мән-жайлар осы санаттағы адамдардың жас ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Кәмелетке толмағандардың үлкенге еліктеу, жастық албырттық, жақсы мен жаманнды айыра алмаушылық, жалған достық сезім, өзін-өзі тежеуден гөрі қоздырудың басымдылығы сияқты және басқа жас өспірімнің дамып келе жатқан ағзасына психофизиологиялық күйде негізделген жас шамасына қатысты қасиеттерді жатқызуға болады. Он сегізге толмаған адам, өзінің құқыққа қайшы әрекеттерінің әлеуметтік мәнін толық ұғына білетіндей әлі де сондай әлеуметтене қоймаған. Мұндай жаста оның мінез құлқына отбасы, тәрбие жағдайы, қоршаған орта басымдылықпен әсер ететіні сөзсіз

     кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындағанда соттар ҚР ҚК 52-бабында көрсетілген мән-жайлардан басқа олардың өмірі мен тәрбие жағдайын (отбасындағы қолайсыз жағдайлар, ата-аналар, жақын туыстары тарапынан кей кезде қаталдықпен қарау және т. б.), психикалық даму деңгейі, тұлғалық ерекшеліктерін (психикалық ауытқуда болуы, жеңілтектік, қызбалық және т. б.), қылмыс істеу себептерін (балалық тентектік, топқа ілігу, кызғаншақтық, кекшілдік және т. б.), өзінен үлкен жас өспірімге ықпал етуін міндетті түрде ескеруі тиіб.

     Атап  өту керек, ҚР ҚК 53-бабына байланысты кәмелетке толмағандықтың өзі кінәлінің  қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар болып табылады.

     Кәмелетке толмаған адам қылмыс істеген кезде  объектінің құндылығын қаншалықты ұғынғанын  анықтау қажет. Кәмелетке толмағандар  заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың  әрқилы және күрделі жақтары мен  элементтерін әрқашан толық әрі дұрыс ұғына алмауы мүмкін, олар өз ұғынулары бойынша құндылығы төмендеу деп шындығында маңызды объектілерге қол сұғады.

     Соттар  кәмелетке толмағандарға қатысты  негізсіз қатаң жазалар тағайындаумен  бірге, істелген қылмыстың ауырлығы мен кінәлінің тұлғасына сай келмейтін шамадан тыс жеңіл жаза да қолданатын кездер де болады, соның салдарынан кәмелетке толмағанның санасыда істеген қылмысы үшін ешқандай шара жоқ деген сезім пайда болады.

     Кәмелетке толмағандар үшін ең әділетті жаза — оларды түзелу жолына түсіретін жаза. Бүл жерде жаза тым қатал болмауы тиіб.

     Кәмелетке толмаған қылмыскерді нәтижелі түрде  дұрыс жолға түсіріп, қоғамға  ойдағыдай сіңісу үшін олардың әлеуметтік және экономикалық жағдайлары да ойдағыдай  болуы керек. Осы сияқты жағдайлардың ішінен ең маңыздысы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік хал-ахуалы жақсы ортамен араласуы, зиянды еліктеушілігі болмау, кәсіби білім алу мен заңды қызметпен айналысу, олардың материалдық және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын мүмкіндіктері болуы керек,

     Жазаны  өтеуден шартты түрде мерзімінен бүрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға қатысты:

     а) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;

     е) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен бірін;

     б) адам өміріне қол сұғумен жанаспаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде жартысын;

     в) адам өміріне қол сұғумен жанасқан аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін

     қолданылуы  мүмкін.

     Кәмелетке толмағандар үшін (ересектер үшін де) сотпен тағайындалған жазаны өтеуден  шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін бірыңғай негіз бас бостандығынан  айыру немесе түзету жүмыстарын толығымен етеудің қажет еместігі және жазасын өтеп шыққан адамның түзу жолға сөзсіз түсуі болып табылады.

     Соттылық  қылымыскер түлғасының қылмыстық-құқықтық мінездемесі сияқты. Кәмелетке толмағандар  түлғасының ерекшеліктері амалсыздан осы институтты ескеруге итермелейді. 14-тен 21-ге дейінгі жас аралығы — бұл кәмелетке толмағандарға елеулі күш салуды талап ететін адамның әлеуметтік қалыптасу кезеңі. Бір жағынан кәмелетке толмағандардың табиғи жасының сұраныстары өте зор, кейбір жағдайларда ересектерден де тым жоғары тұрады (өзінің дегенінде тұру қажеттігі, ақылы толысқан және әділетті қоғамда өмір сүргісі келетіндігі), кәмелетке толмағандардың өз мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мүмкіндігі тарлау, сондықтан олар қоғамға және оның тәртіптері мен нормаларына қарсы дау айтқысы, бүлік шығарғысы келеді, арты қылмыс істеуге әкеп соқтырады. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар өздерінің психикалық жағынан әлі пісіп-жетіле қоймағандықтарынан өздерінің істеген қылықтарына ересектер сияқты жауап  бере алмайды. Адамды әлеуметтендіру (кәсіп пен материалдық тәуелсіздікке ие болу, отау тігіп, отбасын құру) жас адамның қоғамға көзқарасын өте тез өзгертеді, азды-көпті болса да, әлеуметтік нормаларды игеруге тырысады. Кәмелетке толмағандар тұлғасы өзгеруінің жоғары қозғалысы мен қылмысқа қатысты әділетті талаптары олар үшін соттылықты реттейтін нормаларды қарастыруды талап етеді.

     Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2002 жылғы 11-сәуірдегі «Кәмелетке толмағандары қылмысы және оларды қылмыстық және өзге де қоғамға жат әрекеттерге тарту туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының 22-тармағында, ҚР ҚК 13-бабының 4-тармағына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған адамның істеген қылмысы үшін соттылығы кылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді, деп айтылған.

     Сонымен бірге алып тасталмаған және жойылмаған соттылық ҚР ҚК 11 -бабына сәйкес, қылмыстардың бірнеше рет істелуі немесе бұрын  екі немесе одан да көп сотталған  адаммен істелген қылмыс деген саралаушы белгілерді қалыптастырады.

     ҚР  КК 86-бабы он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс істеген адамдар  үшін соттылықты жоюдың келесідей қысқартылған мерзімдерін қарастырады:

     а) бас бостандығынан айыруға қарағанда  жазаның неғүрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

     ә) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыруды өтегеннен кейін бір  жылға;

     б) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды етегеннен  кейін үш жылға тең болады.

     Кәмелетке толмағандарға ҚР ҚК 77-бабында қарастырылған сотгылық туралы жалпы ережелер қолданылады (ҚР ҚК 77-бп. 1 және 6-тар.), жазадан босатылған адамнын соттылығы жоқ деп танылуы туралы ереже (ҚР ҚК 77-бп. 2-тар.), шартты түрде сотталған адамдар жөнінде — сынақ мерзімінің өтуі туралы ереже (ҚР ҚК 77-бп. 3-тарм. «а» т-ша.), және соттылықты алып тастау туралы ереже (ҚР ҚК 77-бп. 5-тар.) қолданылады. Бірақ бүл нормалар кәмелетке толмағандар үлгілі тәртібімен және еңбекке адал қарауымен көрінгенде ғана қолданылуы мүмкін.

     Осымен, ұсынылған талдаулардан жалпы қорытынды шығара отырып, біздің ойымызша, мынадай көріністі көруге болады:

          - кәмелетке толмағандарға қатысты  жаза қолдану өзінің тарихи  дамуының барлық кезеңдері мен  шетел тәжірибесінде ересек қылмыскерлерге  жаза қолдануға қарағанда едәуір  ерекшеліктерге ие болды;

          - кәмелетке толмағандарға қатысты  жаза ең бірінші кезекте әлеуметтік-тәрбиелік  мақсатта қолданылады;

            - кемелетке толмағандарға   қатысты жаза қолдану, әдетте  сондай  сазайын тартыру құралы ретінде көрінбейді. бас  бостандығынан   айыру жазасын  атқару тәжірибесінде қылмыс істеген кәмелетке  толмағандарға қатысты жаза қолдануды теңестіру мен даралауға  маңызды көңіл аударылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3. Кәмелетке толмағандардың  қылмыстық жауаптылығының  мәселелі сұрақтары 

     3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ. 

     Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын  алдын-алу бойынша бірқатар тұжырымдамалар әзірленгене, заңнама гуманизацияланғанына, осыған байланысты нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруіне қарамастан жасалған құқықбұзушылықтар санының өсуі қолданылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін куәландырады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі