Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 06:39, дипломная работа

Описание работы

Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………...................................................................................7
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері....…..................................................………………………………31
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50
3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54
3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................
3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................
Қорытынды……………....…………………………………………………........60
Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……

Работа содержит 1 файл

Копия Угол отв несов каз фин.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

     Біздің  көзқарасымыз бойынша ең маңызды  мәселелердің бірі, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстанда қылмыстылықтың өсуімен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының төмендеуі байқалады. Егер Павлодар облысында 2001 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған 7021 қылмыс тіркелсе, онда 2007 жылы - 5137. Жалпы қылмыстылықтың құрамында кәмелетке толмағандар қылмыстылығының үлесі сәйкесінше 2001 жылы -12,2 % және 2007 жылы -11, 5%.

      Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке  толмағандардың үлес салмағы қылмыс жасаған тұлғалардың жалпы санының 15,8% құрайды, бұл 2004 жылғы 18,7% қарсы. Сондай-ақ абсолюттік көріністе де тенденция төмендеу жағына қарай байқалады (2004 жылы - 926, 2005 жылы – 694, 2006 жылы – 551).

     2005 жылдың қортындысы бойынша қасақана  кісі өлтірудің саны - 27,3% (11-8), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 40% (10-6), бұзақылық - 17,1% (41-34) төмендеді /1/.

      Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық  жауаптылықты жеңілдету нәтижесінде, көрсетілген санаттағы тұлғалардың  негізгі бөлігі, қылмыс жасағанына қарамастан (әдетінше, ауырлығы орташа және онша ауыр емес), іс жүзінде жазасыз қалады да, бұл өз кезегінде қылмыстық әрекеттердің екінші жасалуына, яғни қылмыстың қайталануына алып келеді.

     Жекелеп алғанда, жасөспірімдер қылмыстылығының  динамикасын Павлодар қаласы Солтүстік  аумағы бойынша бақылауға болады. (Қосымша А)

     Көрсетілгендей қосымшада көрсетілгендей соңғы 5 ай ішінде Павлодар қаласы ІІБ аумағында кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалған қылмыстар санының өсу үрдісі байқалады. 

     Павлодар  қаласы Солтүстік ІІБ бойынша  қылмыстар санаттары бойынша  қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандарды қарастырсақ, бір тұлғаға алғанда мүліктік қылмыстар басым. Олардың құрамында тонаулар, басқа біреудің мүлкін ұрлау, қарақшылық шабуылдар көбейді.

     Сондай-ақ соңғы уақытта, кісі өлтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар түрлерін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар саны көбейді.

     Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпегендіктен, ақтау емес негіздері бойынша  қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған  кәмелетке толмағандар саны көбейді.

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңы өз ролін ойнады. Кәмелетке толмағандардың басым саны жасаған қылмыстары үшін міндетті жазаларын алған жоқ және осыған байланысты өздеріне қажетті қортындылар жасаған жоқ. Көп қиыншылықтармен тәрбиелеу колониясына орналастырылған және онда болған тұлғалардың белгілі пайызы бостандыққа шығып да қылмыстар жасауды жалғастыруда. Жақында Павлодар қаласының Прокуратурасы тапсырмасымен кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшемен, онда есепте тұрған және қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат дайындалды. Бізге жұмыс істеуге тура келетін құрамның, міне қандай қызықты, әрі қорқынышты детальдарын біз өзімізге белгіледік. Әрбір екіншісі толық емес отбасынан, әрбір алтыншысы табысы аз отбасынан отбасынан. 5%  жуығының ата-анасы жоқ, оларға қорғаншылар немесе қамқоршылар тағайындалған, 30% спирт ішімдіктерін қолдануда байқалған. 40% бір және одан көп рет үйлерінен кетіп қалған (тәжірбие көрсеткендей, жақсы әрі комфортты жерлерден жасөспірімдер ешқашан кетпейді).

     Кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшеде есепте тұрған сотталған кәмелетке толмағандар мен құқықбұзушы кәмелетке толмағандар саны жұртшылық пен мемлекеттік органдардың уайымын туғызуда. Ол уайымдар құқықтық, заңдық әсер ету шараларын жүзеге асырғанда он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың құқықтары бұзыла ма, жоқ па осыған байланысты. Баланы бостандығынан айырып қылмыстық-атқарушы, пенитенциарды мекемеде ұстау қаншалықты заңға сыйымды екен? Осы сияқты шаралар баланың түзелуіне әсер ете ме және бұл жағдайда альтернативті әсер ету шаралары қолданымды ма?

     Дегенмен  тұтасымен Қазақстан Республикасы бойынша жасөспірімдер қылмыстылығы төмендегені байқалғанмен, қазақстандық пенитенциарды жүйені Алматы, Ақтөбе, Өскемен; Петропавл қалаларындағы төрт  сотталған кәмелетке толмағандар үшін тәрбиелеу колниялары құрайды. Бұдан басқа Алматы облысындағы әйелдер колниясының жанында кәмелетке толмаған сотталған қыздарға арналған локальды уческе бар.

     Ерекше  уайымды тудыратын факт, бүгінгі күнге қылмыстылық «жасарды», құқыққа қарсы әрекеттер жасаған 14 жасқа дейінгі тұлғалар саны өсті.

     Біздің  оқу орнымыздардағы, қораларымыздағы  бүгінгі күнге бар криминогендік  жағдай кезекті рет біздің жұртшылықты  оны шешу жолдарытуралы, мұндай құбылысқа әсер ететін факторларды жоятын әдістемені табу туралы ойлануға мәжбүрлейді.

      Осылай, егер статистикалық мәліметтерді қарстырмай, негізге қоғамымыздағы іс жүзіндегі  жағдайды алсақ, кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғауды жетілдіру және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, өздерін, қылмыс жасауда айыпталған кәмелетке толмаған  сот алдында болғанда ғана танытады.

      Тап осы кезеңде проблемалар туындайды: әлде кәмелетке толмағанды бар заңның қаталдығымен жазалау ма, әлде негізінен біздің қоғамымыздың сапалы субъектісі ретінде, кейініректе өзінің қызметін игілікке жүзеге асырауға қабілетті жас өспірімнің сақталуына жағдай жасайтын бұл проблеманы шешудің басқа ең ұтымды жолын іздеу ма.Пайда болған жолдан шығудың бірінші жолы аса қиындықтарды талап етпейді, әдетті, қолдануда басымырақ: “қылмыс жасадың ба – жазалан, жауаптылықты өте!”. Тек қана құқыққорғаушы органдар мен сот төрелігін атқарушы органдардың қызметкерлері үшін ғана емес,  көптеген мемлекеттік мекеме шенеуліктері де үшін. Қоғам өзін “қылмысты элементтерден” қорғағысы келеді және оларды оқшаулауды талап етеді.

       Мұндай пікірлердің  дәйектілігі  қоғам мен сот төрелігін атқарушы  органдардың кәмелетке толмағанға  көмек көрсетуден, және оның қалыпты  өмірге “қайтуына” бас тартқанынан көрінеді, бұл өз орнында  болашақта қоғамның өзін толық деградация мен кризиске әкеледі, өйткені қазіргі жасөспірім тұтасымен болашақтағы қоғам мен мемлекттің бет-бейнесін айқындайды.  Бұл аспектіде мәселеден шығудың екінші жолы аксиологиялық басымды болып табылады. Ол қазіргі ғылыми, халықаралық құқықтық доктринада және “Бала құқықтары туралы Конвенцияда”, «БҰҰ кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізудің ең төменгі қалыпты ережелерінде» сияқты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тәртібін регламенттейтін, ресми құжаттарда көрініс тапқан. /21/.

     Көрсетілген ресми құжаттардың Қазақстан үшін маңыздылығы келесіде, қылмыс жасаушы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау саясаты келесі қалыпты ережелерден құралуы міндетті және келесі шараларды жүргізуден көрініс табуы керек:

  • алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру;
  • әлеуметтік реинтеграция;
  • кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға қатысты адам құқытарынң кепілдіктерін қамтамасыз ету;
  • босатындықтан айыруға баламалы шараларды қолдану;
  • қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа амалдары қалмаған жағдайда ғана кәмелетке толмағандарды түрмеге қамау жолдарын жүзеге асыру:
  • кәмелетке толмағандарға өлім жазасы немесе өмір бойы бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаудан бас тарту.

     Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын алдын-алу бойынша бірқатар тұжырымдамалар әзірленгене, қарамастан жасалған құқықбұзушылықтар санының өсуі қолданылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін және ресурстік қамтамасыздандырутөмен екенін куәландырады.

     Пайда болған мәселелерді шешудің бір жолы ретінде ювеналды әділет органдарын құру болар еді.

     Біздің  көзқарасымыз бойынша кәмелетке  толмағандарға қатысты сот төрелігі туралы түсінік ол қандай органдармен жүзеге асырылады (полициямен, сотпен,әлеуметтік қамсыздандыру мекемесімен, әлеуметтік мектеппен) соған байланысты. Көбіне жас өспірімнің және оның отбасының проблемасын  кәмелетке толмаған бекітілген оқу орнына және кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшеге «жүктейді».

     Бірақ жас өспірім әрқашанда құқыққа қайшы тәртіпте болмайды ғой, және де кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерге жеткізілген олардың көпшілігімен әлеуметтік-психологиялық қызметтердің алдын-алу жұмыстары толық көлемде жүргізілмейді. Жұмыс істеу процессінде мына тұжырымға келесің, егер бала отбасына керек болмаса, ол мемлекетке де керегі жоқ.

     Әрине бізде кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін көптеген ұйымдар, мекемелер  бар деп қарсылық айтуға болады. Бірақ тәжірбие көрсеткендей олар да өз кезегінде проблемды балалардан «құтылуға тырысады». Бұл контингентке мұндай қатынастың себебі келесіде, жас өспірім белгілі бір құқықбұзушылық жасағанда, тәртіп бойынша, жас өспірімнің өзін емес ол бекітілген мекеменің әкімшілігін жазалайды.

     Мектеп  директорлары қиын, криминалды жас өспірімдерді өздерінің мектептерінен қудалайды, себебі олар бірдеңе жасаса ертең жауаптылық тартатын директорлардың өздері. Адамдық тұрғысынан мектеп директорын түсінуге болады. Ол кез-келген басшы сияқты өзіне бекітілген учаскенің жақсы болуын қалайды және оңды сөздер мен пікірлер естігісі келеді. Бірақ, басқа жағынан алып қарасақ, егер әрбір оқу орнының жетекшісі проблемді балалардан құтыла берсе, проблеманың себебін анықтап, оны шешпесе, олар ары қарай бұзыла береді.

     Бір мысал келтірейік, өмірді бастамастан қоғам одан бас тартқан, ресми құжаттардың артында тұрған адам тағдыры туралы. Жедел ақпараттан: «28.04.06 ж. жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалды полиция қызметкерлерімен бөтен мүлікті жасырын ұрлағаны үшін 1988 жылы туған мойындау айғақтарын берген кәмелетке толмаған Н. ұсталды.

     Н. толық отбасында дүниеге келді. Ата-анасы бірге тұрды, әкесі ішіп келгенде үйлерінде ұрыс болып тұратын. Оған он жас болғанда, шешесі қайтыс болды. Әкесі жүйелі түрде спирт ішімдіктеріне салынып кетті, баласына бақылауды жасамады. Нәтижесінде ата-ана құқықтарынан айырылды. Жас бала Н. қамқоршылық жасау құқығын анасы жағынан әжесіне берді. Н. есейгеннен кейін,  әжесі бұрынғыдай оған бақылау жасай алмады. Ақша әр уақытта жетпейтін, әжесінің зейнетақысы мен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы көлемі 4800 тенге негізінен тамақ пен коммуналды төлемдерге кететін. Н. киінгісі келетін, достарымен қыдырғысы келетін. Оны кәмелетке толмаған ретінде ешқайда жұмысқа алмады. Бірақ, ол қайда барса да оған ақша керек болды. Әкесі алимент төлемеді. Сонда Н., қорадағы балалардың айтуына еліктеп өзіне ақша табудың жолын тапты. Автокөліктерден магнитафондар ұрлай бастады. Н. үшін бәрі жаман емес болатын, бірақ бір күні қала прокуратурасының жанында тұрған машинаның магнитафоны ұнап қалды, ол құлыптарды бұза алмады. Көп ойланбастан жанында жатқан кірпішпен терезесін сындырды. Ол терезенің 200 мыңға жуық тұратынын білмеді. Павлодар қалалық соттың үкімімен тәрбиелеу колониясына 2 жыл мерзімге жіберілді. Рақымшылық туралы заң шықан соң Н. Павлодар қаласына оралды. Бұл кезеңде әжесі қайтыс болды. Әкесі тұратын пәтер ғана қалды. Әкесі екінші әйелімен тұрып жатқан пәтерге оны жібермеді. Бірнеше күн Н. подъезде қонып жүрді. Осы кезде бір сәтте ол колониясын сағынды, онда қалыпты тамақ пен ұйықтауға орын болып еді. Соңында қамқоршылық және қоғаншылық органдары арқылы алыс туыс болып келетін әпкесінің қолына барды.

     Ол  әпкесінің Н. асрыуға көңліл де, қаражаты да болмады өйткені оның өз балалары болды. Осыдан бір тәулік өтпестен Н. дүкенінде азық-түлікті ақша төлеместен алып шығу әрекетінде ұсталды. Одан қолхат алынып жіберілген болатын. Бір аптадан соң Н. бөтен мүлікті ашық ұрлағаны үшін ұсталды. Қайтадан қолхат туралы қаулы шығарылып Н. қайтадан жіберілді.

     Үш  күнен кейін қалалық прокуратурада терезе арқылы ену жолымен белгіленбеген тұлғамен «ноутбук»ұрланды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ол Н. екені анықталды. Ол бұл прокуратура екенін білмеген де, ашық терезені, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп кірген. Қазіргі уақытта ол қамауда.

     Оны не күтіп тұр? Оны сот шешеді. Қылмыс жасадың ба, жазасын өте. Егер бұл  баланың өмірін қарастырсақ, түсінесің, егер алғашында оның құқықтарына  қысым жасалмаса, егер өз уақытында  оның өмір сүру жағдайлары жасалса, мүмкін қазіргі сәтте қоғам алдында тағы бір қылмыскер тұрмас еді. 

     3.2. Кәмелетке толмаған  құқықбұзушылармен  жұмыс істеу тәсілдерін  өзгерту бойынша  шаралар 

     Қарапайым санамен нәрленетін, үстіртін пікірлер ереже, бойынша, жас өспірімді дараламайды, дербестемейді және осы сияқты әрекеттердің себептерін түсіндіруге түрткілемейді, қайта оған тыю шарасын немесе жазалауды іздейді.Әрине бұл құбылыстың табиғатын талдағанша, жасалған фактіні қарастыру оңай. Бұл ерекше интеллектуалдық күш салуды талап етпейді, яғни тәжірбиелік қызметкерлердің көбіне (кәмелетке толмағандар істері бойынша бөлімшелер, құқыққорғаушы және сот органдары) ыңғайлы. Біздің пікірімізше, бұл жас өспірімдермен, яғни кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс барысында мұндай әдіс қандай нақты салдарларды әкелетіндігін бағалай алматын жартылай кәсіби немесе кездейсоқ адамдардың жұмыс істеуі нәтижесінде болады. Жеке тұлға қалыптасатын алғашқы кезеңдерде түзетуді жүргізбесе, яғни оның санасын, дүниетанымын, өмірге қатынасын түзетуді жүргізбесе, бұл тек қана кәмелетке толмағандар арасында ғана емес, тұтасымен қылмыстылықтың өсуіне алып келеді (өйткені балалар өсіп ересектерге айналады).

     Жазалау шаралары болу керек, бірақ оларды қолдану, біздің пікірімізше баспалдақты  сипатта болуы қажет. Бір мектептің  директоры өз жұмысын алғаш бастағанда айтқан еді бас салып ақырғы шараларды қолдануға болмайды, әйтпесе «ертең сен оны немен қорқытасың?». Жазаламастан бұрын, жас өспірімге педагогикалық және психологиялық әсер етудің барлық мүмкін  әдістемесін қолданып көру қажет, содан кейін ғана жазалауға болады.Егер біз бірден жазаласақ, біздің өсіп келе жатқан ұрпақ жағымсыз тәжірбиені, оның адамгаршілік қағидалары қалыптасқаннан бұрын жинақтайды.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі